Оқу жылына «Жалпы медицина» факультетінің 5 курс студенттеріне «Жалпы дәрігерлік тәжірибе негіздері» пәні бойынша аралық бақылаудың емтихан сұрақтары



бет73/110
Дата20.12.2022
өлшемі2,54 Mb.
#163491
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   110
Байланысты:
Емтихан билеттері Аралық бақылау 2021-2022 оқу жылы

Қынапты саусақпен тексеру. Ол үшін сол қолдың ІІ және І саусақтарымен жыныстың үлкен және кіші еріндерін ашып, қынапқа біртіндеп оң қолдың әуелі ІІІ саусағын, содан кейін ІІ саусағын енгізеді. Бас бармақ шат сүйегіне қарап, IV және V саусақтар алақанға бүгіліп, ал қолдың сыртқы бұтаралыққа тіреледі. Содан кейін саусақтарды қынаптың алдыңғы күмбезіне жеткізіп, жатыр мойнын шамалы төмен басады. Сол қол құрсақтың сыртынан жамбас қуысына қарай біртіндеп жылжып, қынаптың алдыңғы күмбезінде орналасқан оң қол саусақтарымен түйіседі. Бұл әдіспен жатырдың пішінін, орнын, өлшемін, тығыздығын анықтайды. Осыдан кейін жатырдың қосалқы бөліктерін және кіші жамбас қуысынан тексеріп, сегізкөз мүйісін анықтайды.

Жүктіліктің 5-6 жұмалық мерзімінде (шамамен бір жарым айлық мезгілде) жатыр көлемі ұлғаяды. Екі айлық мезгілде оның көлемін үйрек жұмыртқасымен, ал үш айлық мезгілде әйел жұдырығымен салыстыруға болады.



Гегар белгісі – жүктіліктің ерте мезгіліне тән. Жатыр өте жұмсақ (әсіресе мойны мен жатыр қуысының жалғасқан жері).

Снегирев белгісі – саусақпен тексергенде жатырдың жұмсаруы, қатаюы.

Пискачек белгісі – жатыр пішінінің өзгеруі, ұрықтың орналасу орнына байланысты жатыр бір жағына қарай үлкейеді.

Жоғарыдағы белгілерді қолдана отырып, жүктілікті анықтайды, УДТ аппаратына жібереді және де әйелдің зәрінде, плазмасында хориондыгонодотропинді (ХГТ) құрамын анықтайды.

Жүктілік мерзімі анықталғаннан кейін (12 жұмалық мерзімге дейін), жүкті әйел диспансерлік бақылауға алынады. Мысалы, жасы 30-дан асқан, көп босанған, жүрек-қан тамыр ауруымен ауыратын әйелдер және де жүктілік гестозы т.б. Мұндай әйелдерді босанардан екі жұма бұрын перзентханаға жатқызады.

Психо-профилактикалық дайындық. Әйелдер кеңес орнының негізгі мақсаттарының бірі – жүкті әйелдер арасында, бірінші есепке алынған күннен бастап психо-профилактикалық дайындық жүргізу. Бұл дайындықтың негізгі мақсаты – босану алдындағы қорқынышты азайту, босану кезеңіндегі ауру сезімін жеңілдету. Ол үшін 32-35 жұма аралығында дәрігер жүктілермен кеңес ретінде 5-6 сабақ жүргізеді.

І сабақтың мақсаты – босанар алдындағы қорқыныштың алдын алу. Ол үшін жүктілік пен босанудың физиологиялық құбылыс екенін, жүктілік мезгілінде әйел организміндегі өзгерістерге тоқтай отырып, босану кезеңінің өзгешеліктерін жете түсіндіру керек.

ІІ сабақта - әйелдің сыртқы және ішкі жыныс мүшелерінің анатомиясын таныстыру.

ІІІ сабақта – толғақ басталысымен босанудың бірінші кезеңінің тәртібіне үйретеді. Ол үшін: 1) тыныш жату; 2) толғақ кезінде бірқалыпты және терең дем алу; 3) дем алу және дем шығару әрекеттерін жатырдың төменгі жағын сипалаумен сәйкестендіру; 4) сегізкөз-бел саусақтардың ұшымен мықын сүйектің алдынғы жоғарғы өсінділерін басады, ал сегізкөз ромбасына екі жұдырықты қояды; 5) толғақты бақылау қажет.

IV сабақта – босанудың екінші және үшінші кезендеріндегі ерекшеліктерімен таныстырады. Екінші кезеңде босанып жатқан әйелді күшену ережелерімен толғақ арасында дұрыс дем алу тәртібіне үйретеді.

V сабақ – «Ана қуанышына» арналады, аналарға көмек туралы заңдармен таныстырады.

VI сабақта – толғақтың алғашқы белгілерімен, перзентханаға алдын ала жату жағдайларымен және тазалық ережесімен таныстырады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   110




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет