Оқу жылына «Жалпы медицина» факультетінің 5 курс студенттеріне «Жалпы дәрігерлік тәжірибе негіздері» пәні бойынша аралық бақылаудың емтихан сұрақтары



бет76/110
Дата20.12.2022
өлшемі2,54 Mb.
#163491
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   110
Байланысты:
Емтихан билеттері Аралық бақылау 2021-2022 оқу жылы

Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1.** Бір компонентті темір тұздары жəне құрамында 30сг. кем емес темірі бар құрама (күрделі-комбинацияланған) препараттар, капсулалар, драже, таблеткалар.
2.* Калий иодид 100мг.,200мг.табл.


  1. Босанудан кейінгі кезеңдегі сүт бездеріндегі физиологиялық өзгерістер. Босанған әйелдің жатырының инволюциясы. Маститтің алдын алу.

Босанғаннан кейінгі кезең немесе пуэрперальды кезең босанудың үшінші кезеңінің соңынан бастап 6-8 аптаға созылады. Босанудан кейінгі кезеңде жүктілік және босану кезеңдерінде өзгерістерге ұшыраған мүшелер мен жүйелердің инволюциясы дамиды. Тек сүт бездерінің және гормональды жүйенің қызметі арта бастайды және әсері бір жылға немесе одан да көп уақытқа созылуы мүмкін. Кейбір анатомиялық өзгерістер өмір бойы сақталады: сүт бездерінің пішіні мен көлемі, жатыр мойнының сыртқы ернеуінің саңылау тәрізді пішіні,қынаптың қыртыстылығы. Босанудан кейінгі өзгерістер негізінен ОЖЖ және гормоналды жүйедегі өзгерістерге байланысты.
Жыныс мүшелері мен сүт бездері.Босану аяқталысымен жатыр денесі тез жиырылады. Босанудан кейінгі 14 тәулік бойы жатыр пішіні шар тәрізді болады, оның түбі шаттан 15-18 см жоғары тұрады. Жатырдың қалыңдығы түбінде айқын болып, жатыр мойнына қарай аздап жұқарады. Жатыр қуысында аздаған қан болады. жатыр мойны қолдың 2-3 саусағын өткізеді. Жатыр қабырғасы іш жағыгаг қыртысты, плацентарлық аймақ тамырлар облысындағы тромбтарымен бірге бұдырлы жарақаттық беткей түрінде болады. Жатырдың басқа аймақтарында децидуальды қабықша мен бездердің қалдықтары болады, олар кейіннен эндометрийдің жазылуына әсер етеді. Жатырдың жалғамалық аппараты босанудан кейін созылған болады, сондықтан ол оңай ығысады. Қалған қанды сығып шығаруға тырысу кезінде жатырды кіші жамбас қуысына оңай ығыстыруға болады, ол кезде жатыр мойны қынап кіреберісіне жетуі мүмкін. 2 апта бойы жатыр салмағы тез азаяды: босанудан кейін оның салмағы -1000г құрайды, бірінші аптаның соңында жатыр салмағы 500 г, екінші аптаның соңында -325 г, үшінші аптаның соңында -250 г, босанудан кейінгі кезеңнің соңында 50г га тең, яғни алғашқы жүкті емес кезеңдегі қалпына келеді. Жатырдың салмағы оның бұлшықет талшықтарының босанудан кейінгі кезеңде тұрақты түрде тоникалық жиырылуына байланысты. Тамырлардың көбісі облитирацияға ұшырайды. Жатыр мойны инволюциясы денесіне қарағанда баяулау жүреді. Босанғаннан кейін 10-12 сағаттан соң ішкі ернеу жиырылып бастайды, диаметрі 5-6 см дейін кішірейеді. Сыртқы ернеу бұлшықет қабырғасы жұқа болғандықтан өзгермейді. Осыған байланысты жатыр мойны каналы құйғыш тәрізді болады. бір тәуліктен кейін канал тарылады. 10-тәулікте ішкі ернеу жабылады. Сыртқы ернеудің түзілуі баяуырақ жүреді. Сондықтан жатыр мойны босанудан кейінгі кезеңнің 13-аптасының соңында өз қалпына келеді. Сыртқы ернеудің алғашқы пішіні босану кезіндегі созылу мен бүйір бөліктерінің жыртылуына байланысты қалыптаспайды. Жатыр ернеуі көлденең саңылау түрінде болады, жатыр мойны цилиндр пішініне ие болады. Жатырдың ішкі эпителизациясы 10-12 тәуліктің соңында аяқталады, ал плацентаның орны тек үшінші аптаның соңында жазылады. Жатыр қуысындағы децидуальды қабықшалардың қалдығы және қан ұйындылары протеолитикалық ферменттердің әсерінен босанғаннан кейінгі 4-10 тәулікте сылынып ериді.Жатырдан бөлінетін бөліністерді лохиялар деп атайды. Босанудан кейінгі 2-3 күн – қанды бөлініс 3-4 күннен 1-аптаның соңына дейін – серозды бөлініс 10-күннен 3 аптаға дейін – құрамында лейкоциттер басым ақшыл-сары түсті бөліністер 3- аптада жатыр мойны каналының кілегейі араласады, сілтілі реакциялы және арнамалы иісті болады. 5-6 аптада жатырлық бөліністер тоқтайды. Алғашқы екі аптада қанайналым азаяды, ісіктері қайтады, бұрынғы қалпына келеді .Жүктілік кезінде аздап ұлғайған аналық бездері кішірейеді.. Алғаш босанушыларда қынап бұрынғы қалпына келмейді, ол кеңдеу күйінде қалады. Босанудан кейінгі кезеңнің алғашқы аптасында қынаптың көлемі қысқарады. Оның қабырғаларының ісінуі, қызаруы, сызаттары жойылады. Қыздық пердеден емізікше тәрізді түзілістер қалады. Босанғаннан кейінгі үшінші аптаның соңында жатыр байламдары өз қалпына келеді. Аралықтың бұлшықеттері жарақаттанбаған болса, алғашқы күннен кейін бастап өз қызметін қалыптастыра бастайды да, босануданкейінгі кезеңнің 10-12 күндері өзінің қалыпты тонусына келеді.
Іш қабырғасы алдыңғы іш қабырғасының бұлшықеттерінің шамадан тыс созылуынан ұзақ уақыт бойы әлсіреген күйде болуы мүмкін. Бұлшықеттердің ажырауы, әсіресе, қайталап босануларда өмір бойы сақталуы мүмкін.
Босанғаннан кейінгі сүт безінің альвеолярлы жасушалары пролактинннің әсерінен алдымен уыз, содан кейін сүт өңдіріледі. 2-3 күн бойы сүт безінің секреті уыз болып табылады. Уыз – емшек ұшын қысқан кезде пайда болатын қою сұйықтық. Құрамы: уыз денешіктері, сүт дөңгелектері мен лейкоциттер кіреді. Сондай-ақ нәруыздар, май және қажетті май қышқылдары, фосфолипидтер, холестерин, дәрумендер, гормондар, минералды заттар т.б. бар. Босанғаннан кейін 2-3-күндері сүт пайда бола бастайды, сәби үшін ең қажетті қоректік тамақ сүт-ақ сұйықтық, реакциясы сілтілік.
Маститтің алдын алу: Мастит бұл сүт безінің инфекция ену нәтижесінде қабыну ауруы.Көбінесе бұл ауру баланы емізетін әйелдерде дамиды.Бұндай жағдай лактационды немесе боаснудан кейінгі мастит деп аталады.Бұл аурудың профилактикасы жүктілік кезінде басталып,босанудан кейін жалғасу керек. Жүктілік кезіндегі маститтің алдын алу шаралары:

Бұл кезеңдегі алдын алу шаралары болып гигиеаны сақтау болып табылады.Жүкті әйел күнделікті таңертең емшегін сабындап жуу керек,сосын жұмсақ сүлгімен сүрту керек.Емізектің терісі құрғақ болса жуған соң вазелин майымен майлау керек.Бұл жағдайдың бәрі болашақта бала емізген кездегі емізектің зақымдануының алдын алады.Жүктіліктің 5ші айынан бастап ауа ваннасын қабылдау керек,яғни әйел күніне 15 мин төсін ашық ұстауы керек.Жазда күн астында ,ал қыста ультрафиолет сәулесімен сәулелендіру.Бұндай процедура жүкті әйелдің иммунитетін жақсартады.


Іш киім таңдағанда емшекті көтеріп туруы керек,ол сүттің жиналып қалуынан сақтайды және кең болғаны дұрыс .Босану мерзіміне 3 апта қалғанда емізікті арнайы емізу үшін дайндау керек.Ол үшін арнайы жаттығу жасау керек,яғни емізікті негізін қысады,бұл күніне 2 мин сосын жарты сағатқа дейін созамыз.


Босанудан кейінгі маститтің алдын алу шаралары:


Баланы емшекке дұрыс қою ,емізіктің зақымдалуының ,лактостаз мен маститтің алдын алады.Бастапқы кезде әйел емшекті баланың сұрағанын күтпей өзі балаға беру керек.Баланы дұрыс емізу керек.


Күнделікті гигиена шаралары емізікті инфекциядан сақтайды.Ол қолдарын стерильді щеткамен жуып және сүт бездерін әрбір емізгеннен кейін жылы ағын сумен жуу керек .Содан кейін емшекті арнайы матамен сүртіп, әр жуған сайын ауыстырып тұру керек.Содан кейін әйел сүт бездерін 20 минут ашық ұстау керек.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   110




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет