Оқу жылына «Жалпы медицина» факультетінің 5 курс студенттеріне «Жалпы дәрігерлік тәжірибе негіздері» пәні бойынша аралық бақылаудың емтихан сұрақтары



бет40/127
Дата19.12.2022
өлшемі1,14 Mb.
#163382
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   127
Байланысты:
Емтихан билеттері терапия толық қалғандарын өздерін оқып алындар

Диспансерлеу. Стенокардиямен ауыратындар диспансерлік есепте тұрулары керек. Дәрігердің қарау жиілігі – жылына 4-6 рет.
Санаторийлы-курорттық ем. ЖИА, тұрақты стенокрадияның І-ІІ ФК-да науқас адамдарды бальнеологиялық, климаттық курорттарға жіберуге болады. Жергілікті санаторийлар мен профилакторийларға ауыр жүрек әлсіздігі және өмірге қауіпті аритмиялар жоқ стенокардияның ІІІ ФК жататын науқастар жіберіледі.
Прогноз. Тұрақсыз стенокардияда, жоғарғы кластағы тұрақты стенокардияда, сол жақ коронарлық артерия бағанасының стенозында, қосымша аурулар (жүрек әлсіздігі, аритмия, артериялық гипертензия, қант диабеті) болғанда болжам көңіл қоюды талап етеді.
Профилактикасы. Бірінші ретті профилактика атеросклероздың профилактикасы болып табылады. Екінші ретті профилактика шараларының құрамына атеросклероздық және ЖИА қауіпті факторларына белсенді әсер ету (шылым шегу мен ішімдіктен бас тарту, артериялық гипертония мен қант диабетін емдеу, дене қызметін көбейту), миокардтың оттегімен қамтамасыздығын жақсартуға, жүрекке түсетін күшті азайтуға және миокардтың гипоксияға толеранттығын арттыруға бағытталған комплексті ем кіреді.


Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы
Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы-бастан өткізген ревматикалық қызбадан кейін пайда болған, жүрек ақауымен сипатталатын ауру.
Митральді қақпақша стенозы-жиі кездесетін жүре пайда болған жүрек ақауы.Сол жақ қарыншаға сол жақ жүрекшеден диастолалық қанның келуінің бұзылысына әкелетін,жүркше –қарыншалық тесіктің тарылуымен сиппатталады.Стеноз жеке өзі немесе басқа клапандардың зақымдануымен,және митральдіқақпақша жеткіліксіздігімен қосарлануы мүмкін.
Патогенезі және гемодинамика бұзылысы.
Сол жақ жүрекшеде қысымның өсуі нәтижесінде,оң жақ қарыншада содан соң өкпе артериясында және бүкіл кіші қан айналым шеңберінде қысым өседі.Жоғарғы қысымның нәтижесінде сол жақ жүрекше миокарды гипертрофияланады.Жүрекше қызметі жоғарылайды,одан әрі процесс өрши берсе,оң жақ қарынша да гипертрофияланады.Оның нәтижесінде өкпе артерияларында және өкпе де қысым көтеріледі.
(40мм.с.б дейін )бұл өкпе тамырларында және оң жақ қарыншада қысымды көтереді.Егер өкпе тамырларында капиллярлық қысым жоғарыласа және оң жақ қарыншада онкотикалық қысым өссе,өкпе ісінуі дамиды.Өкпе артериялар жүйесінде,артериоллалардың спазмы,капаиллярларды артық қысымнан сақтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   127




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет