Оқу жылына «Жалпы медицина» факультетінің 5 курс студенттеріне «Жалпы дәрігерлік тәжірибе негіздері» пәні бойынша аралық бақылаудың емтихан сұрақтары



бет38/127
Дата19.12.2022
өлшемі1,14 Mb.
#163382
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   127
Байланысты:
Емтихан билеттері терапия толық қалғандарын өздерін оқып алындар

Диагностикасы және емі
Электрокардиография. Ишемияға ең тән белгі – ST сегментінің изоэлектрлік сызықтан төмен немесе жоғары кем дегенде 1 мм-ге ығысуы. Миокардтың субэндокардиальдық ишемиясында көбіне ST сегменті изоэлектрлік сызықтан төмен 1 мм және одан да көп ығысады. Субэпикардиальдық ишемияда ST сегменті жоғары ығысады. Интрамуральдық ишемияда ST сегменті изоэлектрлік болып қалады немесе жоғары не төмен болмашы ғана ығысады, ал Т тісшесі инверсияға ұшырайды. Спонтандық стенокардияда ST сегменті тез көтеріліп, биіктеген Т тісшесімен күмбез тәрізді қосылады. Миокард ишемиясындағы ST сегментінің ЭКГ-ң қарсы тіркемелерінде ығысуы дискор-дантты болып келеді.
Эхокардиография тыныш күйде, денеге күш түскен күйде немесе күш түсу мен фармакологиялық сынаманы қоса қолданған күйде сол жақ қарыншаның жергілікті жиырылғыштығын анықтау үшін қолданылады. Тәсіл миокардтың жергілікті жиырылғыштығын анықтап қана қоймай, айдау фракциясын, қабырғаға жабысқан тромбты анықтауға, ЖИА-ң емізікше бұлшық етінің үзілуі, қос жармалы қақпақ кемістігі сияқты асқынуларының диагнозын қоюға мүмкіндік береді.
Жүктемелі эхокардиография (стресс – эхокардиография)екі өлшемді эхокардиография көмегімен күш түсіру (жүктеме) жағдайында сол жақ қарыншаның жергілікті жиырылғыштығын анықтау үшін қолданылады. Әдіс жүректің кейбір аймақтарындағы коронарлық қан айналысын бағалаумен қатар миокард ишемиясының жасырын ауырсынусыз түрлерін анықтауға мүмкіндік береді.
Жүректің ишемия ауруын емдеу әдістері:
1. Дәрімен емдеу:
антиангинальдық препараттар (нитраттар, бета-адреноблокаторлар, кальций антагонистері);
антикоагулянттар: тура әсерлі және жанама әсерлі;
антиагреганттар (ацетилсалицил қышқылы, курантил, трентал т.б.);
гиполипидемиялық препараттар (никотин қышқылы, ловастатин, лепримал, синестатин т.б.).
2. Хирургиялық ем:
тәж артерияларын тері арқылы транслюминальды баллонды кеңіту;
аорто-коронарлық шунт қою және стент қою.
3. Экстракорпоральдық әдіс: қанда холестериннің, ТТЛП мен триглицеридтерді азайту әдістері (гемосорбция, плазмаферез және иммунды электрофорез, энтеросорбция).
Стенокардияны емдеу шаралары: 1) қауіп факторларын және ангинозды ұстама тудыратын факторларды жою;
2) ангинозды ұстаманы тоқтату;
3) дәрі қолданып, ұстаманың алдын алу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   127




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет