Клиникасы: шағымы: ентігу, жүрек соғу, тез шаршағыштық, бұлшықет әлсіздігі.
Диагностика: Анамнезінде:фарингит, тонзилит, іріңді отит;
Перкуссияда: жүрек шектерінің солға және жоғарыға кеңуі;
Аускультацияда:Жүрек ұшында І тонның әлсіреуі немесе жойылып кетуі; өкпе артериясындағы гипертензияға байланысты өкпе артериясы үстінде ІІ тонның акценті және оның жарықшақтануы; жүрек ұшында ІІІ тонның пайда болуы;
Қосымша зерттеу әдістері: ЖҚА: ЭТЖ жоғарлауы; СРБ анықталуы; гиперфиброгенемия; S және O- стрептолизин титрінің өсуі;
ЭКГ:сол жақ жүрекшенің, сол жақ қарыншаның және оң жақ қарыншаның гипертрофиясының белгілері анықталады.
ЭхоКГ: І топ белгілеріне алдыңғы және артқы жармалардың қозғалысында дискорданттылық болу, алдыңғы жарма қозғалысының жылдамдығының артуы (қалыпты күймен салыс-тырғанда), алдыңғы жарманың фиброз белгілері (кейде кальциноз да болады) жатады.
Сол жақ жүрекше мөлшерінің және сол жақ қарыншаның диастолалық мөлшерлерінің өсуі, қарыншааралық перденің жиырылу амплитудасының ұлғаюы.
Емі: Антибактериальды терапия, стероиды емес қабынуға қарсы препараттар, бициллинотерапия, хирургиялық ем;
Диспансеризация: Ревматолог бақылауында болады. Жылына 2 рет (күз және көктем мезгілінде) рецедивке қарсы ем жүргізіледі.
Дәрігерлік еңбек сараптамасы:ревматизм қызбасының активтігіне (активті процесс кезінде науқас адам еңбектен босатылады), қан айналысы жетіспеушілігінің дәрежесіне қарай шешіледі. Қан айналысы жетіспеушілігінің ауыр түрінде науқас адамға МӘСК жолдама береді.
Профилактика:Біріншілік: инфекция ошағының санациясы. Екіншілік: күз және көктем мезгіліндегі бициллинотерапия.
Болжамы:Ревматизмдік қызбаны ерте анықтаса және жүрек ақауына мерзімінде коррекция жасалса болжамы жағымды.