Оқу жылына «Жалпы медицина» факультетінің 5 курс студенттеріне «Жалпы дәрігерлік тәжірибе негіздері» пәні бойынша аралық бақылаудың емтихан сұрақтары


Классификациясы (В.П. Сельвестров 1987жыл)



бет24/127
Дата19.12.2022
өлшемі1,14 Mb.
#163382
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   127
Байланысты:
Емтихан билеттері терапия толық қалғандарын өздерін оқып алындар

Классификациясы (В.П. Сельвестров 1987жыл)

  1. Этиологиясына байланысты: бактериялық, микоплазмалық, вирустық, саңырауқұлақтық, аралас.

  2. Клинико-морофологиялық белгілеріне байланысты: Паренхиматозды (бөліктік, крупозды); ошақты; интерстициальды (аралық).

  3. Ағымына қарай: жедел, созылыңқы.

  4. Таларуына қарай: оң жақ өкпе; сол жақ өкпе; екі жақты; бөліктік, сегменттік.

  5. Функциональдық бұзылысына байланысты: Функциональдық бұзылыс бар, функциональдық бұзылыс жоқ.

  6. Асқынуына байланысты: Экссудатты плеврит, абсцесс, инфекция-токсикалық шок, миокардит. т.б.

  7. Пневмония дамуна және иммунологиялық статусына байланысты: Ауруханадан тыс; нозокомиалық; аспирациялық; иммунитет жетіспеушілігіндегі пневмония.

Клиника:

  • Инфильрация синдромы: дауыс дірілінің күшеюі, перкуторлы дыбыстың қысқаруы, қатқыл тыныс, крепитация;

  • Тыныс жетіспеушілік синдромы: еңтігу;

  • Бейспецификалық қабыну синдромы: лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлауы, дене қызуының көтерілуі.

  • Интоксикацилық синдром: Бас ауру, әлсіздік, тахипноэ.

Диагностика:

  • Лабораторлық зерттеулер: лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлауы, таяқшаядроның ығысуы;

  • Қоздырғышты және антибиотик сезімталдығын анықтауға қақырық тапсыру.

  • Функциональдық зерттеу: креатинин 176,7мкмоль/л жоғары, мочевина 7,0ммоль/л жоғары.

  • Рентгенография: Өкпе тінінде ошақты инфильтрация.

Дифференциальды диагностика:

  • Өкпе артериясының тромбоэмболиясы.

  • Инфильтративті туберкулез.

  • Өкпе обыры (рак).

  • Экссудативті плеврит

Өкпе артериясының тромбоэмболиясы: жедел басталады, ұстама тәрізді ентігу, кеудесінің бірден ауырсынуы, қан қақыру, ЭКГ: жүректің оң жақ бөлігіне күш түсу белгілері.
Инфильтративті туберкулез: ауру бастапқыда симптомсыз өтеді, антибиотикотерапияға әсері жоғалған. Қақырықты туберкулез микобактериясы анықталады.
R-гр: инфильтрат өкпенің жоғарғы бөлігінде анықталады, ошақ себінді түрінде және өкпе негізіне қарай жол ашады.
Өкпе обыры (рак):құрғақ жөтел, кеуденің ауруы кезінде болатын қан қақыру,
ауыр ентікпенің өкпеде табылған инфильтрат көлеміне сәйкес болмауы, қапталдан түсірген рентгенограммада өкпе түбірінің үстіне барып түсетін қарайғандықтың болуы.
Экссудативті плеврит:дауыс дірілінің азаюы немесе мүлдем болмауы, перкуторлы: тұйық дыбыс. Аускультативті: тыныс әлсіреген немесе естілмейді.
R-гр емесе өкпе УДЗ: сұйықтыққа тән жоғары деңгейі бар гомогенді қарайғандық көрінеді.
Емі:
1 Антибактериальды терапия: Пенициллин тәулігіне 3млн. дейін 7/10 күн.
Амоксициллин тәулігіне 2-3гр.
Азитромицин 0,5гр 1-ші тәулікте 1рет, әрі қарай 0,25гр тәулігіне 1рет
4күн бойы.
Рокситромицин 0,15гр тәулігіне 2рет 7/10күн.
2 Дезинтоксикациялық терапия: орташа ауыр және ауыр ағымды пневмонияда: сұйықтық беру,
Гемодез, реополиглюкин.
3 Бронх өткізгіштігін қалпына келтіру үшін: Қақырық түсіргіштер, муколитиктер, бронхолитиктер.
4 Тыныс және қан айналымды қалпына келтіру: Оксигенотерапия, емдік дене шынықтыру.
5 Қабыну инфильтратын жою үшін: кеуде клеткасының массажы.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   127




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет