Еңбекке уақытша жарамсыздықтың орташа мерзімдері. Жеңіл даму барысының қайталауында 10-14 күн, орта ауыртпалықты түрінің қайталауында – 18-30 күн (стационарда 3 аптаға жуық), ауыр даму барысының қайталауында – 6-8 апта. Ремиссия кезінде науқас адамдарды сәйкес жұмысқа орналастыру керек. Ауыр дене қызметімен, вибрациямен байланысты қызметпен және гастротропты улармен байланысты қызметтермен шұғылдануға болмайды.
Диспансерлеу. СП ауыратын науқастарда диспансерлік есепке алу керек. Тексеріп қарау жиілігі: аурудың жеңіл дәрежесінде жылына 2 рет, орташа ауыртпалықты дәрежеде 3 рет, аурудың ауыр дәрежесінде – жылына 4-6 рет.
Семіздік. Метаболикалық синдром, анықтамасы. Қауіп факторлары. Диагностикасы. Амбулаторлық жағдайдағы медикаментозды емес және медикаментозды коррекция принциптері. Алдын алуы.
Жауап: Метаболикалық синдром- висцеральдық май массасының артуы, перифериялық тіндердің инсулинге сезімталдығының төмендеуі және компенсаторлы гиперинсулинемия, бұл өзгерістер көмірсу, май, пурин алмасуының бұзылысын, сонымен қатар артериальды гипертензияны тудырады.
Метаболикалық синдромды анықтауда қауіпті топтарға-аурудың бастапқы белгілері мен асқынуы бар науқастар жатады:
Артериальды гипертония
Қант диабеті, 2тип (немесе диабет алды,предиабет)
ЖИА, атеросклерозбен байланысты перифериялық қантамырларының аурулары, цереброваскулярық аурулар
Гиперлипедемиясы, семіздігі, қант диабеті немесе ЖИА-ы бар жақын тумаластар
Аз қозғалысты өмір салты
Поликистозды анабезі синдромы
Эректильді дисфункция
Зәр қышқылы алмасуының бұзылысы(гиперурикемия немесе подагра)
Әйелдердегі менопаузалық кезең
Диагностикалық критерийлер
Негізгі белгісі: орталық(абдоминальды) типті семіздік – әйелдердегі бел айналымы 80 см-ден жоғары, ерлерде 94 см-ден жоғары (европеоидтар үшін). Сонымен қатар, семіздік дәрежесін және жүрек-қантамыр асқынуларының дәрежесін анықтау үшін дене массасының индексін өлшейді.
Достарыңызбен бөлісу: |