Оқу жылына «Жалпы медицина» факультетінің 5 курс студенттеріне «Жалпы дәрігерлік тәжірибе негіздері» пәні бойынша аралық бақылаудың емтихан сұрақтары



бет30/127
Дата19.12.2022
өлшемі1,14 Mb.
#163382
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   127
Байланысты:
Емтихан билеттері терапия толық қалғандарын өздерін оқып алындар

Жауап: Бауыр циррозы- бауырда дәнекер тінінің өрбіп өсуімен, бауыр тінінің патологиялық регенерациясымен және органның құрылысының өзгеруімен сипатталатын, бауырдың функциональді жетіспеушілігімен және портальдық гипертензияның белгілерімен көрініс беретін созылмалы ауру.
Этиологиясы: Вирусты гепатит В,С. Алкогольмен созылмалы интоксикация. Генетикалық фактор.
Патогенез:1.Бауыр циррозының патогенезінде орталық буынды бауыр клеткаларының некрозы алады. 2. Регенерация түйіндері түзіледі (псевдобөліктер), олар өздерін қоршап тұрған тіндерді, ең алдымен дәнекер тінімен аз қорғанып тұрған бауыр веналарын қысып тастап, қан ағынына кедергі тудырады және портальдық қысымды көтереді. 3. бауыр бөлігінде лимфо – плазмоцитарлық және нейтрофильдік инфильтраттар түзілген қабыну реакциясы бой көрсетіп, постсинусоидалық бөгет пайда болуын тудырады. 4. бауыр артериясының арасында анастомоз – шунттар түзіледі.
КЛАССИФИКАЦИЯСЫ:
1. Морфологиялық мәліметтерге қарап ажыратады:
Ұсақ түйінді (микронодулярлы) цирроз
Ірі түйінді (макронодулярлы) цирроз
Аралас (макромикронодулярлы) цирроз
Толық емес септальды цирроз (аралас макро- және микронодулярлы)
2. Этиологиялық факторларға қарай:
Вирустықцирроздар (В, С, Д гепатиттерінің вирусы)
Алкогольдік цирроз
Билиарлық цирроз (бауырішіжәнебауырдантысөтжолдарыныңаурулары)
Токсикалық және дәрілік цирроз
Туаболғанзаталмасубұзылыстарындаболатын цирроз
Аутоиммундықцирроздар
Алиментарлықцирроздар
Кардиальдықцирроздар
3. Клиникалықбелгілерінеқарай:
Активті
Активтіемес
Компенсациялы, субкомпенсациялы
Декомпенсациялы


Клиникасы:портальды гипертензия синдромы; патологиялық процесстің активті синдромы; бауыр жетіспеушілік синдромы;
Диагностикасы:негізгі қосымша зерттеулер: ЖҚА, ЖЗА, БҚА (АЛТ,АСТ, сілтілі фосфатаза, ГГТП, жалпы билирубин, тіке билирубин, альбумин, сарысудағы темір, жалпы холестерин), коагулограмма, МНО, альфа-фетопротеин, гепатит В,С, маркерлері, АИВ маркерлері, қан тобы және резус факторды анықтау, ЭКГ, УДЗ, ФГДС.
Емі: медикаментозды емес: төсектік режим, тұзды шектеу, сұйықтықты азайту, қауіп факторын жою.
Медикаментозды: Этиопатогенетикалық: мысалы- вирусты этиологияда вирусқа қарсы терапия; патогенетикалық – предизологи 30-120мг тәулігіне, диуретиктер, альбумин және белок препараттарын құю; микробты инфекцияда: антибиотикотерапия - цефтриаксон, ципрофлоксацин; бауыр энцефалопатия терапиясы- лактулоза; бауыр клеткалық метаболизм күшейтуге – гепатопротекторлар, В,С тобындағы дәрумендер, фолий қышқылы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   127




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет