Оқу жылына «Жалпы медицина» факультетінің 5 курс студенттеріне «Жалпы дәрігерлік тәжірибе негіздері» пәні бойынша аралық бақылаудың емтихан сұрақтары



бет28/127
Дата19.12.2022
өлшемі1,14 Mb.
#163382
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   127
Байланысты:
Емтихан билеттері терапия толық қалғандарын өздерін оқып алындар

Диагностикасы: асқазан сөлін зерттеу, ФГДС, рН-метрия.


Диспансеризация: «Д» есепке алынады. Жылына 2рет науқас тексеруден өтеді.


Еңбекке жарамсыздық: өршу процесінде 10-16күн.


Болжамы:Қауіп факторын азайтқанда, эррадикация терапиясын толық қабылдаса болжамы жағымды. Егер ережелер сақталмаса асқынулар болу мүмкін.


Профилактикасы. Созылмалы гастритпен ауыратын науқас адам диспенсерлік бақылауда болуы керек, ол жылына 2 рет қаралып, рецидивке қарсы ем алады.



  1. Созылмалы обструктивті бронхит және Тыныс демікпесі. Этиопатогенезі. Халықаралық бағдарламалардың негізгі ережелері (GOLD, GINA). Клиникасы. Клиникалық хаттамаға сәйкес диагностикасы және емі. Динамикалық бақылау. Дәрігерлік-еңбек сараптамасының сұрақтары. Алдын алуы. Болжамы.

Жауап: Бронх демікпесі (БД) – оның негізгі патогенетикалық механизмдері қабынулармен шартталған бронхтардың гипербелсенділігі, ал негізгі клиникалық көріністері бронхтарылу салдарынан тұншығу ұстамасы (көбінесе эспираторлық мінездегі), бронх сілемейлі қабатының гиперсекрециясы мен ісінулері болып табылатын, тыныс жолдарының созылмалы ауруы. Тұншығу ұстамалары, сонымен қатар бронх демікпесіне тəн жөтел, кеудедегі «бітелу» сезімі, ысқырмалы шалғайлық сырылдар, көп жағдайда түнгі немесе таңертеңгі уақыттарда пайда болады жəне жартылай немесе толық қайтымды (аяқ астынан немесе ем салдарынан) бронхиалдық обструкциямен бірге жүреді.
Этиологиясы:
1. Экзогенді факторлар:
Инфекциялық аллергендер – бактерия, вирус,
саңырауқұлақтар,т.б.
Инфекциялық емес аллергендер-өсімдік -тозаңдары, шаң,
микроскопиялық кенелер, өндірістік аллергендер, тағамдар,
дәрмектер,т.б.
Механикалық және химиялық тітіркендіргіштер, металл,
мақта, ағаш, силикаттың шаңдары; қышқыл, сілтінің булары;
өндіріс түтіні; марганец, хром, формальдегид
қосындылары,т.б.
Стрестік, психикалық ықпалдар, физикалық күш түсу;
2. Эндогенді факторлар – иммундық, эндокриндік,
вегетативтік нерв жүйесінің, бронхтар реактивтілігінің және
сезімталдығының, мукоциллиарлық аппараттың, өкпе
тамырларының, жедел әсер етуші жүйенің(мес
жасушаларының, т.б.) туа кемістіктері; арахидон қышқылы
метаболизмінің бұзылыстары
БД П атогенезі: БД патогенезінің негізі созылмалы қабыну болып табылады : • - демікпеге бронхтар қабынуының ерекше түрі тән, қабыну бронхтардың жоғары сезімталдығына алып келеді. Қабыну процесінде жетекші рольге жататындар: эозинофилдер, лимфоциттер. • - қабынған жоғарғы сезімталды бронхтар триггерлердің әсер етуінен тыныс жолдарының тегіс бұлшық еттерінің спазмы, шырыштың гиперсекрециясы, тыныс жолдарының ісінуі және шырышты қабатының жасушалық инфильтрациялық қабынуы обструкциялық синдром тудырады, клиникада ентікпе немесе тұншығу ұстамасы ретінде көрінеді.
GINA1 бойынша бронх демікпесінің анықтамасы:
Бронх демікпесі - тыныс жолдарының
персистеуші қабынуы ауруы, бронхоспазм,
тұншығу ұстамасымен, гиперреактивтілігімен
көрінетін ауру.
GINA3 бойынша жіктелу:
1.Бақыланатын астма;
2.Аз бақыланатын астма;
3.Бақыланбайтын астма.
19. GINA1 бойынша бронх демікпесі емінің құрылымы:
1. Науқастарды оқытып
үйрету;
2. Бір деңгейде ұстап тұру.
Пикфлоуметрия;
3. Аллергеннен сақтандыру;
4. Өршу кезіндегі емді науқаспен бірге ұйымдастырып
емдеу жоспарын құрастыру;
5. Емнің нәтижесін
бақылау,катанамнез.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   127




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет