81. Адамның естуін аудиометр аспаппен өлшейді.
82. «Қызыл-қара таблица», «Сандарды қойып шық» әдістемелері зейін процесін бағалауға арналған
83. Сәбет Бап-Баба бойынша түйсік дегеніміз адамға қоршаған орта мен өз тәнінің сигналдарын қабылдап, олардың қасиеттері мен белгілерін бейнелеуге мүмкіндік беретін процесс.
84. Психолог К.С.Жұмасова бойынша қабылдау дегеніміз адамға тікелей әсер ететін заттардың не құбылыстардың сезгіш анализаторларында тұтастай бейнелену процесі.
85. Апперцепция- грек сөзі, қазақша қабылдауға қосымша мағынаны білдіреді.
86. Тұтастық, мағыналылық, константтылық, иллюзия , апперцепция қабылдау процесінің негізгі ерекшеліктері болып табылады.
87. Адаптация –латынша adapto (адаптатио), қазақша икемделу, бейімделу деген мағынаны білдіреді.
88. «Сандарды есте сақтау», «Сөздерді есте сақтау» диагностикалық әдістемелері мектеп оқушыларының ес процесін зерттеуге арналған.
89. Отандық психолог Ә.Алдамұратов бойынша ойлау дегеніміз әлеуметтік жағдаймен ұштасқан тілмен тығыз байланысты психикалық процесс, сол болмыстың дүниедегі нәрселердің жалпы және жанама түрдегі бейнеленуі.
90. Анализ дегеніміз ой арқылы түрлі заттар мен құбылыстардың мәнді жақтарын жеке бөліктерге бөлу. Ал синтез дегеніміз ой арқылы заттың құбылыстың барлық элементтері біріктіріледі.
91. Сөйлеу процесінің физиологиялық негізі физиолог И.П.Павлов іліміндегі жоғары жүйке әрекеті екінші сигнал жүйесіне негізделеді
92. Отандық психолог Қ.Жарықбаев бойынша монологтық сөйлеу дегеніміз бір адамның сөзі, яғни баяндамашының, лектордың сөздері.
93. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі-қазақ тілі» деп Қазақстан Республикасының Тіл туралы заңында құжатта көрсетілген.
94. Қазақстан Республикасы «Тіл туралы» заңында «ҚР-ның азаматының ана тілін қолдануына қарым-қатынас,тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдауына құқығы бар» деп көрсетілген.
95. Отандық психолог Ә.Алдамұратов бойынша ерік дегеніміз адамның өз мінез-құлқын меңгере алу қабілеті.
Достарыңызбен бөлісу: |