«Қазақ тiлi» оқу пәні (Т2) (оқыту қазақ тілінде емес)
«Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты – қоғамдық ортада қазақ тілінде қарым-қатынас жасау мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін коммуникативтік дағдылардың негізін қалыптастыру және тілдік нормаларды қолдануға, сауатты жазуға үйрету.
Қазақ тілі пәнін оқыту процесі тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым әрекеттері арқылы ұйымдастырылады. Оқу процесінде жүйелі түрде жүргізілетін сөздік жұмысы, әңгіме тыңдау, оқу, мәтінмен жұмыс жасау, жағдаяттық тапсырмалар орындау, постерлермен жұмыс істеу, сахналық қойылым дайындау оқушылардың сөздік қорын жетілдіреді.
Оқыту қазақ тілінде емес сыныптардағы «Қазақ тілі» пәнінен оқу жүктемесінің көлемі:
1. Оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектептерде:
1) 1-сыныпта – аптасына 2 сағат, барлығы – 66 сағат;
2) 2-сыныпта – аптасына 3 сағат, барлығы – 102 сағат;
3) 3-сыныпта – аптасына 3 сағат, барлығы – 102 сағат;
4) 4-сыныпта – аптасына 4 сағат, барлығы – 136 сағатты құрайды.
2. Оқыту өзбек, ұйғыр, тәжік тілдерінде жүргізілетін мектептерде:
1) 1-сыныпта – аптасына 2 сағат, барлығы – 66 сағат;
2) 2-сыныпта – аптасына 2 сағат, барлығы – 66 сағат;
3) 3-сыныпта – аптасына 3 сағат, барлығы – 102 сағат;
4) 4-сыныпта – аптасына 3 сағат, барлығы – 102 сағатты құрайды.
«Қазақ тілі» пәні (оқыту қазақ тілінде емес) бойынша оқушылардың білім, білік, дағдыларына қойылатын талаптар «Тілдерді меңгерудің жалпыеуропалық құзыреті» (CEFR) деңгейлерін (А1, А2, В1, В2, С1) ескере отырып құрастырылды; білім алушылар бастауыш сыныпты аяқтағанда, қазақ тілін қарапайым А1, А2 (бастапқы) деңгейінде меңгереді.
Мұғалім сабақ барысында оқушылардың сөйлеу құзыреттілігін қалыптастыруға аса назар аударады. Сонымен қатар, бастауыш сыныптарда сабақ сайын сөздік диктант, көшіріп жазуды өткізуге болады. Бұл жазба жұмыстары оқушылардың сауатты жазу дағдысын қалыптастырады. Төменде жазба жұмыстары келтірілген (19-кесте).
19-кесте. Жазба жұмыстарының нормалары
Жазба жұмыстарының түрлері
|
Сыныптар
|
1-сынып
|
2-сынып
|
3-сынып
|
4-сынып
|
Сөздік диктант
|
3-5 сөз
|
5-7 сөз
|
7-9 сөз
|
9-10 сөз
|
Диктант
|
-
|
15-20 сөз
|
20-30 сөз
|
30-40 сөз
|
Көшіріп жазу
|
9-12 сөз
|
12-16 сөз
|
16-20 сөз
|
20-25 сөз
|
Бастауыш сыныптарда оқу бағдарламасының мазмұнын толық меңгерту үшін жазба жұмыстарын өткізуді мұғалім қолданыстағы нормативтік және нұсқаулық құжаттарға сәйкес өздігінен жоспарлай алады.
Жазбаша жұмыстарды жүргізу үшін мұғалім критерийлер мен дескрипторлар құрастырады (23-кесте). Дескрипторлар анық және нақты болуы керек. Бұл білім алушы және ата-аналармен кері байланыс жүргізуді жеңілдетеді.
Бағалау критерийі:
Жазба жұмыстарын орындау барысында каллиграфиялық, пунктуациялық, орфографиялық заңдылықтарды қолданады.
Мәтіннің құрылымын сақтайды (басы, оқиғаның дамуы, шарықтау шегі, соңы).
Грамматикалық нормаларды сақтайды.
Материалдың құрылу логикасын сақтайды (мазмұндама, шығарма).
20-кесте. Жазба жұмыстарының дескрипторлары
Жұмыс түрлері
|
Дескрипторлар
|
Сөздік диктант
|
- естіген сөздерді қатесіз жазады
|
- әріптерді дұрыс жазады
|
- сөздерді орфографиялық ережелерге сәйкес жазады
|
Көшіріп жазу
|
- сөздерді дұрыс көшіріп жазады
|
- сөйлемдегі сөздердің орнын ауыстырмай және сөздерді орынды
көшіріп жазады
|
Шығарма, мазмұндама
|
- берілген мәтіннің негізгі ойын анықтайды
|
- мәтін бойынша қарапайым жоспар құрайды
|
- мәтіннің мазмұнын жоспарға сәйкес жазады
|
- тақырыптың мазмұнын ашып жазады
|
- мәтіннің бастапқы стилін сақтайды (мазмұндама үшін)
|
- сөздерді мағынасына сәйкес қолданады
|
Бастауыш сыныпта оқылымға үлкен назар аудару қажет. Төменгі кестеде оқылым бойынша нормалар берілген (21-кесте).
21-кесте. Оқылым дағдыларының нормалары
Сыныптар
|
1-сынып
|
2-сынып
|
3-сынып
|
4-сынып
|
Сөз саны
|
20-25 сөз
|
30-40 сөз
|
45-55 сөз
|
55-60 сөз
|
Төменде бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) процедураларының нақты саны көрсетілген (22-кесте).
22-кесте. «Қазақ тілі» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Сынып
|
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың саны
|
ТЖБ балдары
|
1-тоқсан
|
2-тоқсан
|
3-тоқсан
|
4-тоқсан
|
әр тоқсанда
|
2-сынып
|
2*
|
2*
|
2*
|
2*
|
14 балл
|
3-сынып
|
2*
|
2*
|
2*
|
2*
|
16 балл
|
4-сынып
|
2*
|
2*
|
2*
|
2*
|
18 балл
|
* Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауда сөйлеу әрекетінің екі түрі біріктіріледі (мысалы, тыңдалым және айтылым; оқылым және жазылым).
Мұғалім пән аясында білім алушының сөздік қорын кеңейту үшін үлгілік оқу бағдарламасында берілген лексикалық-грамматикалық минимумды негізге алады. Әр сабақта 2 лексикалық минимумды меңгерту ұсынылады. Лексикалық минимумда ортақ тақырыптар бойынша сонымен қатар күнделікті тұрмыс-тіршілікте, әлеуметтік ортада жиі қолданылатын сөздер, қазақ тілін меңгерудің әрбір деңгейіне сәйкес келетін (1-4-сыныптар үшін А 1 қарапайым деңгей) шектеулі сөздер мен сөз тіркестері қамтылған. 1-4-сынып білім алушылары үшін лексикалық минимумдар саны: 752 сөз, оның ішінде:1-сыныпта – 120 сөз, 2-сыныпта – 188 сөз, 3-сыныпта – 188 сөз, 4-сыныпта – 256 сөз.
Пән бойынша оқу бағдарламасын жүзеге асыру үшін «НЗМ» ДББҰ әзірлеген «КазLinguа» электронды қосымшасын сабақтан тыс уақытта қолдану ұсынылады. Бұл қосымша кез келген Android ұялы телефондарына және компьютерге ақысыз жүктеліп, offline режімде қолданылады.
Оқушы ойын түрінде берілген тапсырмаларды орындау арқылы қазақ тілінде қарым-қатынас жасауға, суретті сөздіктер арқылы сөздік қорларын көбейте отырып, синтаксистік конструкциялар құруға дағдыланады.
Сонымен қатар оқушы өзінің тілді меңгеру деңгейін әр тақырыптың соңында берілген тест сұрақтары арқылы үнемі қадағалап, бағалап отырады. Бір сабақта 10 ұпай жинауға болады.
Мұғалімдер сабақ жоспарлауда төмендегілерге назар аударулары тиіс:
1. Дифференциация (саралап оқыту) – оқушылардың жеке қабілет ерекшеліктерін ескере отырып оқыту. Қабілеті жоғары немесе төмен оқушылардың мүмкіндіктерін ескере отырып, сабақ мақсаттары, бағалау нәтижелері, тапсырмалар деңгейі қарапайымнан күрделіге қарай құрастырылуы қажет. Сонымен қатар, жұптық және топтық жұмыстарды ұйымдастыруда оқушыларды қабілеттеріне қарай араластырып отыру ескеріледі. Орта мерзімді жоспардың «Мұғалімге арналған ескертпелер» бағанында нақты түрлерін практикада жүзеге асыру жолдары көрсетілген.
2. Сабақ барысында оқушыларға жеке «ойлан», жұппен «талқыла» және топпен «бөліс» әдісін кеңінен қолдану ұсынылады. Бұл өз кезегінде оқушыларға білім, ақпарат, идея, тәжірибе алмасуға, сыни ойлауға мүмкіндік береді.
3. Орта мерзімді жоспарларда әр сынып бойынша әртүрлі лексикалық тақырыптар берілген. Лексикалық тақырыптар белгілі бір салаға байланысты сөздік қорды меңгеруге, ақпараттармен танысуға, танымын кеңейтуге бағыттайды. Сыныптан-сыныпқа өткен кезде лексикалық тақырыптар арасында байланыс болу үшін бір тақырыпты әртүрлі мақсатта қарастыру ұсынылған. Бұл байланыс сол тақырыпта қарастырылатын мәселеге, деректерге әртүрлі қырынан келуге мүмкіндік береді.
4. Орта мерзімді жоспарларда әр бөлімге арналған сағат сандары ұсынылған. Пән мұғалімі оқушылар мен сыныптардың ерекшеліктеріне қарай сағат сандарына өзгеріс енгізе алады. Дегенмен, бір тоқсанға берілген лексикалық тақырыптар мен оқу мақсаттары толық қамтылуы тиіс.
5. Орта мерзімді жоспарда көрсетілген оқыту ресурстары үлгі болып табылады. Мұғалімдер қажет деп тапқан жағдайда қосымша ресурстар қолдана алады.
6. Бір сабақта оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым бойынша нақты нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін бір немесе екі оқу мақсаты (дағды) ғана алынғаны дұрыс. Үш немесе одан да көп дағдыны алу сабақтың мақсатына жетуге, қажетті дағдыларды терең қалыптастыруға мүмкіндік бермей, оқушыларда тұрақсыз білім қалыптастыруы мүмкін.
23-кесте. Қазақ тілін меңгерудің лексикалық деңгейі (Т2)
Достарыңызбен бөлісу: |