Оқу жылында қазақстан республикасының білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы



бет91/234
Дата08.02.2022
өлшемі6,84 Mb.
#130969
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   234
Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде)
«Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» оқу пәндерін оқытуда оқу процесін ұйымдастырудағы ерекшеліктер
Жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы ұлттық және халықаралық тәжірибелердің ең үздік үлгілерін басшылыққа алып жасалған.
Дәл бүгінгі таңда жаһандану дәуірінің ұлттық құндылықтарға төндіріп тұрған қаупі үнемі қаперде болуы ескеріліп, бүкіл ұлттық құндылықтардың ұйытқысы қазақ тілін оқытуда басшылыққа алынған тенденциялар, оларды жүзеге асыру жолдары мен тірек қағидалары мыналар:

  1. қазақ тілін оқытуды мемлекеттің даму стратегиясымен бірлікте қарау;

  2. тілді оқытуды белгілі бір пәндік дағдыларға емес, білім алушының тұлғалық қабілеттерін дамытуға бағыттау;

  3. тілдік білім мен біліктерді ХХІ ғасыр адамының бойында сөйлеу мәдениетін, ойлау мәдениетін және адамгершілік мәдениетті қатар дамытуға, қарым-қатынас мәдениетін бейімдеп, құзіреттіліктер қалыптастыруға бұру;

  4. тілді ұлт болашағының мәдени иммунитетін қалыптастырудың тетігі ретінде оқыту. Тілге деген жауапкершілік пен патриотизмді тәрбиелеуге жаңа прагматикалық көзқарас тұрғысынан келу, тілді оқытудың құндылықтық бағдарын сабақ барысында күшейту.

«Қазақ тілі» пәнінің оқу бағдарламасы функционалдық-коммуникативтік бағытқа негізделіп құрастырылды. Ол оқушылардың тіл туралы түсініктерін тереңдетіп, ұлттық мәдениет пен әлемдік мәдениеттің маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейтеді.
Негізгі орта білім беру деңгейінің жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламалары Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының (https://www.nao.kz/Білім беруді оқу-әдістемелік қамтамасыз ету/ Оқу бағдарламалары/ сайтынан алуға болады. Негізгі орта білім беру деңгейінің жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламалары).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   234




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет