Оқу жылында қазақстан республикасының білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы


Негізгі орта білім берудің мазмұны



бет90/234
Дата08.02.2022
өлшемі6,84 Mb.
#130969
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   234
Негізгі орта білім берудің мазмұны мынадай бағдарларды ескере отырып айқындалады:

  1. қазіргі қоғамның динамикалық сұраныстарына сәйкестігі;

  2. сыни, шығармашылық және позитивті ойлауды дамыту қажеттілігі;

  3. оқу пәндерінің мазмұнын интеграциялауды күшейтудің орындылығы;

  4. бастауыш білім беру мен негізгі орта білім беру деңгейлері арасында білім беру мазмұнының үздіксіздігі мен сабақтастығы қағидатының сақталуын қамтамасыз ету;

  5. білім беру мазмұнының академиялық және практикалық бағыты арасындағы теңгерімді сақтау;

  6. оқыту, тәрбиелеу және дамыту бірлігін қамтамасыз ету.


Негізгі орта білім беру деңгейінде оқу процесін ұйымдастыру оқыту мен тәрбиелеудің біртұтастығы қағидатын іске асыруға, оның ішінде білім алушылардың ерекше білім алу қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып бағытталған. Оқытуды ұйымдастыру кезінде білім алушылардың жетекші қызметі ретінде білім алуға басым рөл беріледі.

Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар:


Негізгі орта білім беру деңгейінде білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі: 5 – сыныпта – 32 сағаттан, 6 – сыныпта – 33 сағаттан, 7-сыныпта-34 сағаттан, 8-сыныпта-36 сағаттан аспайды.
Инвариантты және вариативті компоненттерді құрайтын білім алушылардың оқу жүктемесінің жалпы көлемі, сондай-ақ сыныптар бойынша апталық және жылдық оқу жүктемесі ҮОЖ-мен белгіленеді.

Білу маңызды!



  • Негізгі орта білім берудің типтік оқу бағдарламалары білім алушылардың ғылым жүйесінің базистік негіздерін меңгеруіне, оларда тұлғааралық және этносаралық қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға, тұлғаның өзін-өзі анықтауы мен кәсіби бағдарлануына бағытталған.

  • Негізгі орта білім беру білім алушылардың ғылымның базистік негіздерін меңгеруін, олардың бойында жоғары рухани-адамгершілік мәдениет пен тұлғааралық және этносаралық қарым-қатынас мәдениетін дарытуды, жеке тұлғаның өзін-өзі анықтауы мен өзін-өзі тануын, функционалдық сауаттылықты қалыптастыруды, бейіналды дайындықты іске асыруды қамтамасыз етеді.

  • 5-8-сыныптарда «Жол жүру ережелері» оқу курсы сынып сағаттарының есебінен және сыныптан тыс уақытта сынып журналының жеке бетінде сабақ тақырыбы мен күні көрсетіле отырып, әр сыныпта 10 сағаттан жүргізіледі.

«ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ» БІЛІМ САЛАСЫ АЯСЫНДА КЕЛЕСІ ПӘНДЕР ОҚЫТЫЛАДЫ:


«Қазақ тілі», «Русский язык», «Қазақ әдебиеті», «Русская литература», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Русский язык и литература», «Родной язык», «Ұйғыр/Өзбек/Тәжік әдебиеті», «Шетел тілі ».




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   234




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет