Оқу жылында қазақстан республикасының білім беру ҧйымдарында



Pdf көрінісі
бет243/325
Дата06.02.2022
өлшемі4,42 Mb.
#81968
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   325
Байланысты:
ӘДН 2020-2021 оку жылына

 
«
Химия» оқу пәні
Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық 
бағыттағы 10-11-сыныптарға арналған "Химия" пәнінен жаңартылған 
мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және 
ғылым министрінің 2019 жылғы 7 наурыздағы № 105 бұйрығымен бекітілген. 
Ал қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарға арналған 
«Химия» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы «27»
шілдедегі № 352 бұйрығымен бекітілген. 
«Химия» пәнін оқытудың мақсаты - білім алушыларға зат және олардың 
айналымы, заттар қасиеттерінің олардың құрамы мен құрылысына тәуелділігін 
түсіндіретін заңдар мен теориялар туралы білім жүйесін ұсыну, білім 
алушыларға химиялық үдерістердің мағынасын, негізгі заңдар мен 
заңдылықтарды түсініп, оларды шынайы ӛмірде қауіпсіз қолдана алуға, 
ақпаратты сыни бағалауға және шешім қабылдауға мүмкiндiк беру. 
Негізгі міндеттері: 
1) заттар және олардың бір-бірімен әрекеттесу заңдылығы туралы білім 
жүйесін қалыптастыру ( фактілер, түсініктер, заңдар және теориялар); 
2) зияткерлік және экспериментальдық және зерттеушілік біліктер мен 
дағдылар түрінде іс-әрекеттердің танымал әдістерін жүзеге асыру 
тәжірибелерін қалыптастыру; 
3) жаңа проблемаларды шешуде жаңа бір жағдайда бұрын меңгерілген 
білім және білікті ӛз бетімен жаңғыртуды талап ететін шығармашылық, ізденіс 
іс-әрекеттер тәжірибесін қалыптастыру, танымал іс-әрекеттер негізінде жаңа 
әдісін қалыптастыру; 
4) қоғамның әрбір мүшесінің ӛмірлік проблемасын шешуге әсер ететін, 
"Химия" пәнінің жиынтық үлесі болып табылатын ӛзекті және пәндік 
құзіреттіліктің қалыптасуында кӛрінетін, қоршаған ортаға қарым-қатынасын 


245 
кӛрсететін адам әрекетінің объектіге немесе қаражатқа құнды және сындарлы 
қарым-қатынас тәжірибесін қалыптастыру.
«Химия» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру 
«Химия» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің кӛлемі: 
Жаратылыстану-математикалық бағытта: 
10-сыныпта – аптасына 4 сағат, оқу жылында 136 сағат;
11-сыныпта – аптасына 4 сағат, оқу жылында 136 сағат. 
Қоғамдық-гуманитарлық бағытта: 
10-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;
11-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат. 
Оқу пәнінің мазмұны 5 бӛлімнен тұрады: 

заттардың бӛлшектері; 

химиялық реакциялардың жҥру заңдылықтары; 

химиялық реакциялардың энергетикасы; 

химия және қоршаған орта; 

химия және ӛмір. 
«Заттардың бӛлшектері» бӛлімі келесі бӛлімшелерден тұрады: атомдар, 
иондар және молекулалар; атом құрамы мен құрылысы, атомда электрондардың 
қозғалысы мен таралуы; химиялық байланыстың түрлері. 
«Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары» бӛлімі келесі 
бӛлімшелерден тұрады: периодтық заң мен периодтық жүйе; заттар 
массасының сақталу заңы; стандартты электрондық потенциалдар.
«Химиялық реакциялардың энергетикасы» бӛлімі келесі бӛлімшелерден 
тұрады: экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар; химиялық 
реакцияның жылдамдығы; химиялық тепе-теңдік; қышқылдар мен негіздер 
теориялары. Электролиттер ерітінділеріндегі иондық тепе-теңдіктер. 
«Химия және қоршаған орта» бӛлімі келесі бӛлімшелерден тұрады: Жер 
химиясы; кӛміртек және оның қосылыстары. 
«Химия және ӛмір» бӛлімі «Биохимия» бӛлімшесінен тұрады. 
«Химия» оқу пәнінің жаңартылған бағдарламасына келесідей жаңа 
бӛлімдер енгізілді: 
Аналитикалық әдістер 
Қышқыл және негіздер теориясы 
Кешенді қосылыстар 
Жаңа заттарды және материалдарды ӛндіру 
Сонымен қатар тӛмендегі тақырыптар тереңірек оқытылады: 

Атом қҧрылысы 

Периодтық заң 

Химиялық байланыс 

Кинетика 

Термодинамика 

Химиялық тепе-теңдік 

Тотығу-тотықсыздану реакциялары
Жаңартылған мазмұндағы бағдарлама ерекшеліктерінің бірі – теориядан 
гӛрі тәжірибеге қарай бағытталуы болып табылады. Білім алушыға 


246 
биологиялық білім беріп қана қоймай, алған білімдерін болашақта ӛмірінде 
қолдана алатындай жағдай жасау. Оны жүзеге асыру үшін жаттанды білім 
бермей, ӛз қолдарымен тәжірибе жасауға баулу. Жаңартылған бағдарламада
қауіпсіз зертханалық сынақтар, тәжірибелік жұмыстар, кӛрсетілімдер, үйдегі 
химиялық ғылыми тәжірибелерді ұйымдастыру және жүргізу арқылы зерттеу 
дағдыларын 
және 
функционалдық 
сауаттылықты 
қалыптастыру
қарастырылған. 
Тӛменде 86-кестеде химия бойынша практикалық, зертханалық жұмыстар 
мен демонстрациялар тізімі берілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   325




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет