Оқу жылында қазақстан республикасының білім беру ҧйымдарында


-4. Оқу жҥктемесі аптасына 1 сағат болған жағдайда БЖБ



Pdf көрінісі
бет239/325
Дата06.02.2022
өлшемі4,42 Mb.
#81968
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   325
Байланысты:
ӘДН 2020-2021 оку жылына

14-4. Оқу жҥктемесі аптасына 1 сағат болған жағдайда БЖБ
бӛлімдерді біріктіре отырып, бір тоқсанда екі реттен артық ӛткізілмейді, 
қорытынды баға жарты жылда қойылады. 
Осылайша, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы "Геометрия" және 
"Информатика" оқу пәндері бойынша 10-11-сыныптарда тек бӛлім бойынша 
жиынтық бағалау жүргізіледі және олардың қорытындысы бойынша жарты 
жылдық баға қойылады, ал тоқсан бойынша жиынтық бағалау жүргізілмейді. 


237 
«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» БІЛІМ САЛАСЫ 
 
«Жаратылыстану» 
білім 
саласы 
бойынша 
жаңартылған 
оқу 
бағдарламаларымен келесі пәндер оқытылады: «Физика», «География», 
«Биология», «Химия».
 
 
«Физика» оқу пәні 
Физика курсын оқу мақсаты - білім алушылардың ғылыми дүиетанымдық 
негіздерін, 
әлемнің 
жаратылыстанымдық-ғылыми 
бейнесін 
тұтастай 
қабылдауын, ӛмірде маңызды практикалық мәселелерді шешуде табиғат 
құбылыстарын бақылау, жазу, талдау қабілеттерін қалыптастыру. 
Мақсатқа сәйкес оқу пәнін оқытудың
 
негізгі міндеттері: 
1)
білім алушылардың әлемнің заманауи физикалық бейнесінің негізінде 
жатқан заңдылықтар мен принциптер туралы іргелі білімді, табиғатты танудың
ғылыми әдістерді меңгеруіне ықпал ету; 
2)
білім алушылардың интеллектуалдық, ақпараттық, коммуникативтік 
және рефлективтік мәдениетін дамытуға, физикалық экспериментті және 
зерттеу жұмыстарын орындау дағдыларын қалыптастыру;
3)
оқу және зерттеу қызметіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу; 
4)
меңгерген дағдыларды табиғат ресурстарын пайдалану мен қоршаған 
ортаны қорғауда, қоғам мен адам ӛмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде 
қолдану. 
«Физика» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің кӛлемі:
 
1)
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-сыныпта – аптасына
4 сағатты, оқу жылында 136 сағатты;
2)
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-сыныпта – аптасына 2 сағатты, 
оқу жылында 68 сағатты құрайды. 
10-11 сыныпқа арналған жаңартылған мазмұндағы бағдарлама
10 бӛлімнен тұрады: 

механика;

жылу физикасы; 

электр және магнетизм;

электромагниттік тербелістер; 

электромагниттік толқындар; 

оптика; 

салыстырмалы теорияның элементтері; 

кванттық физика; 

нанотехнология және наноматериалдар;

космология 
10-сыныпта Кинематика, Теңүдемелі қозғалыс кинематикасының негізгі 
теңдеулері мен ұғымдары, Динамика, Статика, Сақталу заңдары, Сұйықтар мен 
газдардың механикасы, «Газдардың молекулалық- кинетикалық теория 
негiздерi», «Газ заңдары», «Термодинамика негiздерi», Сұйық және қатты 


238 
денелер, Электростатика, Тұрақты ток, Әртүрлі ортадағы электр тогы, Магнит 
ӛрісі, Электромагниттiк индукция тақырыптары оқытылады.
Жаңартылған мазмұндағы бағдарламаның тиімді ерекшеліктерінің бірі 
білім алушыларды теориядан тәжірибеге бағыттау болып табылады. Осы 
орайда, тәжірибелік дағдыларды дамыту мақсатында жаратылыстану-
математикалық бағыттағы 10-сыныпта 9 Зертханалық жұмыс, 15 практикалық 
жұмыстар жұмыс қамтылды. 
Зертханалық жұмыстар тоқсан бойынша тӛмендегідей реттілікпен 
жүргізіледі. 
1-тоқсанда:

«Кӛлбеу жазықтық бойымен қозғалатын дененің ҥдеуін анықтау»; 

«Ҧшу қашықтығының лақтыру бҧрышына тәуелділігін зерттеу»; 

«Кӛлбеу науамен сырғанайтын дененің қозғалысын оқып ҥйрену»; 

«Бір-біріне бҧрыш жасай бағытталған кҥштерді қосу»; 

«Тҧтқыр сҧйықта қозғалатын кішкентай шардың жылдамдығының 
оның радиусынан тәуелділігін зерттеу»; 
3-тоқсанда: 

«Ӛткізгіштерді аралас жалғауды оқып ҥйрену»; 

«Ток кӛзінің элерктр қозғаушы кҥші мен ішкі кедергісін анықтау»; 

«Шамның қыл сымының, резистордың және жартылай ӛткізгіш 
диодтың вольт-амперлік сипаттамасы»; 

«Бір валетті ионның электр зарядын ӛлшеу». 
Электр зарядын ӛлшеу бірқалентті ион; 
11-сынып «Физика» оқу пәнінің базалық мазмұны: механикалық 
тербелістер; гармоникалық тербелістердің теңдеулері мен графиктері; 
электромагниттік тербелістер; еркін және мәжбүрлі электромагниттік 
тербелістер; механикалық және электромагниттік тербелістер арасындағы 
ұқсастықтар; 
айнымалы 
ток; 
электромагниттік 
толқындар, 
оптика; 
салыстырмалылық теориясының элементтері; Атомдық және кванттық физика; 
нанотехнологиялар мен наноматериалдар; космология. 
Зертханалық жұмыс № 1. Трансформатор орамаларындағы орамдардың 
санын анықтау. 
Зертханалық жұмыс № 2. Ауадағы дыбыс жылдамдығын анықтау. 
Зертханалық жұмыс № 3. Дифракциялық тордың кӛмегімен жарық 
толқынының ұзындығын анықтау. 
Зертханалық жұмыс № 4. Жарық интерференциясын, дифракциясын және 
поляризациясын бақылау. 
Зертханалық жұмыс № 5. Шынының сыну кӛрсеткішін анықтау. 
Зертханалық жұмыс № 6. Сәуле шығарудың тұтас және сызықты 
спектрлерін бақылау. 
Зертханалық жұмыс № 7. Зарядталған бӛлшектердің тректерін дайын 
фотосуреттер бойынша зерттеу. 
11-сыныпта ЕМН 7 зертханалық және 6 практикалық жұмыс жүргізу 
қарастырылған. Физика бойынша 10-11-сыныптарда зертханалық және 
практикалық жұмыстардың саны Оқу мақсаты мен 2 сағаттық апталық жүктеме 


239 
аясында оқылатын тақырыптарға байланысты азаяды. 
ҚГБ оқу пәнінің мазмұны 9 бӛлімнен тұрады:
1) Механика;
2) молекулалық физика; 
3) Электр және магнетизм; 
4) тербелістер; 
5) толқындар; 
6) Оптика; 
7) кванттық физика; 
8) Нанотехнология және наноматериалдар; 
9) Космология. 
Келесі зертханалық және практикалық жұмыстар жүргізіледі.
10-сыныпта: 
Зертханалық жұмыс № 1. Түрлі тұтқырлықтағы сұйықтықтардағы 
шариктің қозғалысын зерттеу 
Зертханалық жұмыс № 2. Электролиттерде токтың пайда болу 
жағдайларын зерттеу.
Практикалық жұмыс. Тұрмыстық аспаптардың жұмыс құны мен қуатын 
есептеу. 
11-сыныпта: 
Зертханалық жұмыс № 1. Трансформатор орамаларындағы орамдардың 
санын анықтау. 
Зертханалық жұмыс № 2. Дифракциялық тордың кӛмегімен жарық 
толқынының ұзындығын анықтау. 
Зертханалық жұмыс № 3.Жарықтың поляризациясын бақылау. 
Зертханалық жұмыс № 4. Шынының сыну кӛрсеткішін анықтау. 
Зертханалық жұмыс № 5. Жартылай ыдырау кезеңін анықтау". 
Тӛменде кестеде бӛлім ҥшін жиынтық бағалау саны, БЖБ ҥшін балл 
саны келтірілген. 
Кесте 82. 10-11 сыныптардағы «Физика» оқу пәні бойынша жиынтық 
бағалау саны 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   325




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет