Оқу жылында қазақстан республикасының білім беру ҧйымдарында



Pdf көрінісі
бет241/325
Дата06.02.2022
өлшемі4,42 Mb.
#81968
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   325
Байланысты:
ӘДН 2020-2021 оку жылына

«Биология» оқу пәні
«Биология» оқу пәнінің мақсаты – білім алушылардың заман талаптарына 
сай білімдері мен біліктерін дамыту; ӛмірдің мәнін, дамуын, оның түрлі 
ұйымдасу деңгейлерінде кӛрініс табуын түсіну; ӛмірдің ең басты құндылық 
ретіндегі маңызын түсінетін жан-жақты дамыған тұлғаны дайындау. 
Оқу пәнінің міндеттері: 


242 
1) табиғаттың даму заңдарын түсінуге негізделе отырып, адамның 
табиғаттағы рӛлін анықтайтын маңызды биологиялық білімдер мен біліктер 
ауқымын кеңейту;
2) табиғаттың даму және тіршілігін жалғастыру заңдарын жаңа білімдерді 
алу, оларды ары қарай дамыту және тереңдету негізі және құралы ретінде 
пайдалану; 
3) жүйені меңгеру барысында ғылым білім мен дүниетаным негіздерін; 
шығармашылық дербестік пен сын тұрғысынан ойлау қабілетін; зерттеушілік 
дағдыларын қалыптастыру; 
4) әдеп мәселелерімен және қоғамның әлеуметтік ӛмірі мен еңбек 
әрекетіне тікелей қатысумен байланысты қоршаған шынайылықта еркін 
бағдарлануға мүмкіндік беретін, бастамашыл тұлғаның қасиеттерін дамыту; 
5) білім алушылардың білім алуды және ӛздігінен білім алуды 
жалғастыруы үшін қажетті зияткерлік біліктерді дамыту. 
 
«Биология» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру 
«Биология» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің кӛлемі: 
Жаратылыстану-математикалық бағытта: 
10-сыныпта – аптасына 4 сағат, оқу жылында 136 сағат;
11-сыныпта – аптасына 4 сағат, оқу жылында 136 сағат. 
Қоғамдық-гуманитарлық бағытта: 
10-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;
11-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат. 
Биологиялық 
ғылымдар 
тірі 
организмдердің 
құрылымы 
мен 
функцияларын, олардың дамуы мен тіршілік ортасымен ӛзара қарым-
қатынасын зерттейді. Қазіргі заманғы кӛзқарастар бойынша ӛмір - бұл ірі 
органикалық молекулалардан тұратын және энергия мен қоршаған ортамен 
заттармен алмасу нәтижесінде ӛз ӛмірін сақтап қалуға және ӛзін-ӛзі қалпына 
келтіруге қабілетті күрделі биологиялық жүйелердің ӛмір сүру процесі.
Оқу пәнінің мазмұны мынадай тӛрт бӛлімнен тұрады: 

тірі ағзалардың кӛптҥрлілігі, қҧрылымы мен қызметтері; 

кӛбею, тҧқым қуалаушылық, ӛзгергіштік. Эволюциялық даму; 

ағза мен қоршаған орта; 

қолданбалы кіріктірілген ғылымдар. 
1.«Тірі ағзалардың кӛптҥрлілігі, қҧрылымы мен қызметтері» бӛлімі 
келесі бӛлімшелерден 
тҧрады:
 т
ірі ағзалардың кӛптҥрлілігі; қоректену; заттардың тасымалдануы; 
тыныс алу; бӛліп шығару; қозғалыс; координация және реттелу.
2. «Кӛбею, тұқым қуалаушылық, ӛзгергіштік. Эволюциялық даму» бӛлімі 
келесі бӛлімшелерден 
тұрады: 
кӛбею;
жасушалық айналым;
ӛсу және даму;
тұқым қуалаушылық пен ӛзгергіштік заңдылықтары;
селекция негіздері; 
эволюциялық даму. 
3. «Ағза мен қоршаған орта» бӛлімі келесі бӛлімшелерден 
тұрады: 
биосфера, экожүйе, популяция; экология және адам қызметінің қоршаған 
ортаға әсері.


243 
4. «Қолданбалы кіріктірілген ғылымдар» бӛлімі келесі бӛлімшелерден 
тұрады: м
олекулалық биология мен биохимия;
жасушалық биология;
микробиология және биотехнология;
биомедицина және биоинформатика.
«Биология» оқу пәнінің жаңартылған бағдарламасына келесідей жаңа 
тақырыптар енгізілді: 

Полимеразды тізбекті реакцияны қолдану 

Биомеханиканы робототехникада қолдану

Адам денесіндегі қан мен басқа сұйықтықтарды жасанды тазарту. 
Диализ әдісі 

Грамм оң және грамм теріс бактериялар және олардың құрылыс 
ерекшеліктері

Биомедицина және биоинформатика

Миелинденген және миелинденбеген нейрондар 

Қартаю үрдісі
Негізгі бӛлімдер жылдан жылға қайталанып, әрбір бӛлім бойынша оқу 
мақсаттары білім алушылардың жас ерекшеліктері ескеріле отырып 
күрделенетініне назар аудару керек. 
Әрбір бӛлімдегі оқу мақсаттары білім алушылардың жас ерекшеліктерін 
ескере отырып, оқудың әр кезеңінде маңызды түсініктер жүйелі түрде 
қайталанып отырады.
Жалпы 10-11 сыныптарда екі бағытта да бағдарлама мазмұны бірдей. 
Айырмашылық 
оқу 
мақсаттарының 
санында, 
мысалы 
10-сыныпта 
жаратылыстану-математикалық бағыттағы бағдарламада 62 оқу мақсаты, ал 
қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы бағдарламада 47 оқу мақсаты бар. Ал 11-
сыныпта жаратылыстану-математикалық бағыттағы бағдарламада 45 оқу 
мақсаты, ал қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы бағдарламада 38 оқу мақсаты 
бар.
Бағдарламаның ерекшеліктерінің бірі – теориядан гӛрі тәжірибеге қарай 
бағытталуы болып табылады. Білім алушыға биологиялық білім беріп қана 
қоймай, алған білімдерін болашақта ӛмірінде қолдана алатындай жағдай жасау. 
Оны жүзеге асыру үшін жаттанды білім бермей, ӛз қолдарымен тәжірибе 
жасауға баулу. 
Тӛмендегі кестеде зертханалық жұмыстардың саны ұсынылады. 
84-кесте. «Биология» пәні бойынша зертханалық жұмыс саны 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   325




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет