ОҚу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында



бет8/29
Дата08.09.2017
өлшемі10,81 Mb.
#30920
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   29

1. Бәсекелік қабілет

Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады.



2. Прагматизм

Нақты мақсатқа жетуге, білім алуға, салауатты өмір салтын ұстануға, кәсіби тұрғыдан жетілуге басымдық бере отырып, осы жолда әр нәрсені ұтымды пайдалану – мінез-құлықтың прагматизмі деген осы.

Бүгінде радикалды идеологиялар ғасыры келмеске кетті. Реализм мен прагматизм ғана таяу онжылдықтардың ұраны болуға жарайды.

3. Ұлттық бірегейлікті сақтау

Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді.



4. Білімнің салтанат құруы

Мақалада құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жететіндігі баса айтылады.



5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы

Мемлекет Басшысы ХХ ғасыр халқымыз үшін қасіретке толы, зобалаң да зұлмат ғасыр болғандығын атап өтті.

Біріншіден, ұлттық дамудың көнеден жалғасып келе жатқан өзімізге ғана тән жолы біржола күйретіліп, қоғамдық құрылымның бізге жат үлгісі еріксіз таңылды.

Екіншіден, ұлтымызға адам айтқысыз демографиялық соққы жасалды. Оның жарасы бір ғасырдан бері әлі жазылмай келеді.

Үшіншіден, қазақтың тілі мен мәдениеті құрдымға кете жаздады.

Төртіншіден, еліміздің көптеген өңірлері экологиялық апат аймақтарына айналды. Мұндай жағдайда білім алушылармен апат қауіп-қатерінің азаюы мен қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мәселелерін талқылау маңызды.

Сонымен қатар, Президент ХХ ғасыр Қазақстанға бірқатар игіліктерін де бергеніне назар аударды.

Бүгінде революциялар өңін өзгертіп, ұлттық, діни, мәдени, сепаратистік перде жамылды. Бірақ, бәрі де, түптеп келгенде, қантөгіспен, экономикалық күйреумен аяқталатынын көріп отырмыз.

«Сондықтан, – деп жазады Н.Ә. Назарбаев – әлемдегі оқиғаларды ой елегінен өткізіп, қорытынды жасау – қоғамның да, саяси партиялар мен қозғалыстардың да, білім беру жүйесінің де ауқымды дүниетанымдық, рухани жұмысының бір бөлігі».

6. Сананың ашықтығы

Сананың ашықтығы зерденің үш ерекшелігін білдіреді.

Біріншіден, ол дүйім дүниеде, Жер шарының өзіңе қатысты аумағында және өз еліңнің айналасында не болып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді.

Екіншіден, ол жаңа технологияның ағыны алып келетін өзгерістердің бәріне дайын болу деген сөз. Таяудағы он жылда біздің өмір салтымыз түбегейлі өзгереді. Біз бұған да дайын болуымыз керек.

Үшіншіден, бұл – өзгелердің тәжірибесін алып, ең озық жетістіктерін бойға сіңіру мүмкіндігі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің іргелі еңбегінің «Таяу жылдардағы міндеттер» тарауында алдағы жылдарда мықтап қолға алу қажет болатын бірнеше жобаны ұсынады.

Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастау қажет.

Екінші, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы.

Ең алдымен, жүз мыңдаған студентке жаңа сапалық деңгейде білім беруге мүмкіндік береді. Жаңа мамандар ашықтық, прагматизм мен бәсекелік қабілет сияқты сананы жаңғыртудың негізгі қағидаларын қоғамда орнықтыратын басты күшке айналады. Осылайша, болашақтың негізі білім ордаларының аудиторияларында қаланады.

Үшіншіден, Президент «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынады. Оның ауқымы ізінше оп-оңай кеңейіп, «Туған елге» ұласады.

Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі. Бұл кез келген халықты әншейін біріге салған қауым емес, шын мәніндегі ұлт ететін мәдени- генетикалық кодының негізі.

Патриотизмнің ең жақсы үлгісі орта мектепте туған жердің тарихын оқудан көрініс тапса игі.

Төртіншіден, Елбасы жергілікті нысандар мен елді мекендерге бағытталған «Туған жер» бағдарламасынан бөлек, біз халықтың санасына одан да маңыздырақ – жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіруіміз қажет деп санайды. Ол үшін «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы керек.

Бағдарламалық құжат авторы Ұлытау төріндегі жәдігерлер кешенін, Қожа Ахмет Ясауи кесенесін, Тараздың ежелгі ескерткіштерін, Бекет ата кесенесін, Алтайдағы көне қорымдар мен Жетісудың киелі мекендерін және басқа да жерлерді өзара сабақтастыра отырып, ұлт жадында біртұтас кешен ретінде орнықтыруды ұсынады.

Бесіншіден, «Мемлекет басшысы ұсынып отырған тағы бір жоба Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыруға тиіспіз.

Әлем бізді қара алтынмен немесе сыртқы саясаттағы ірі бастамаларымызбен ғана емес, мәдени жетістіктерімізбен де тануы керек.

Алтыншыдан, Н.Ә. Назарбаев ақылымен, қолымен, дарынымен заманауи Қазақстанды жасап жатқан нақты адамдарды қоғамға таныту үшін «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасын іске асыруды ұсынды.

Мемлекет Басшысы, қорытындылай келе, екі дәуір түйіскен шақта Қазақстанға түбегейлі жаңғыру және жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің теңдессіз тарихи мүмкіндігі беріліп отырғандығына сенім білдіреді.



ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты еңбегін жалпы білім беретін оқу мекемелерінде оқытуда білім алушылардың психологиялық және жас ерекшеліктерін ескеру, тұлғаны оның рухани мәдениеті, танымдық қызығушылығы, әлеуметтік ақпаратты объективті қабылдауға мүмкіндік беретін сын тұрғысынан ойлау және әлеуметтік рөлдердегі практикалық қызмет көзқарас жағынан дамытуға назар аудару қажет.

2017 жылы Қазақстан Республикасы ЭКСПО халықаралық көрмесін қабылдаған барлық кеңестен кейінгі елдер арасында бірінші мемлекет болып отыр. Адамгершілік және көшбасшылық қасиеттері бар азамат пен патриотты қалыптастыру мақсатында білім беру ұйымдарында шын мәнінде ғаламшарлық ауқымдағы оқиғаға арналған іс-шараларды кеңінен өткізу керек.

Тәрбие жұмысында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 227 бұйрығымен бекітілген Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін басшылыққа алу керек.

Сынып сағаттарын өткізу кезінде тәрбиенің жаңа технологиялары мен белсенді формаларын өнімді пайдалану ұсынылады. Ресурс ретінде отандық әдебиеттерді, кинематографты, публицистиканы, поэзияны, өзінің өмірлік жағдаяты туралы шығармаларды қолдану ұсынылады.

Мұғалімдерге, сынып жетекшілеріне, тәрбиешілер мен ата-аналарға көмек ретінде білім беру ұйымдарындағы тәрбие процесіне әдіснамалық қолдау көрсету бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленіп, Академияның сайтында орналастырылды (www.nao.kz).

2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының

жалпы орта білім беру ұйымдарында «Мен - өз елімнің патриотымын» тақырыбы бойынша Білім сабағын өткізуге

әдістемелік ұсынымдама
Мазмұны

1. Сабақтың тұжырымдамалық идеясы. Таңдау негіздемесі.

2. Сабақтың мақсаты және кешенді міндеттері.

3. Сабақтың ресурстық картасы.

4. Сабақ өткізу бойынша ұсынымдамалар:

- 1- концентрі: 1-4-сыныптар,

- 2- концентрі: 5-7-сыныптар,

- 3-концентрі: 8-9-сыныптар.

5. Қосымша.

5.1. Сабақта жұмыс істеу үшін инновациялық тәсілдердің «қоржыны»

5.2. Глоссарий.
1. Сабақтың тұжырымдамалық идеясы. Таңдау негіздемесі.
«Мен-өз елімнің патриотымын» тақырыбы бойынша білім сабағының тұжырымдамалық идеясы қоғам мүддесінде азаматтық, әлеуметтік әрекеттерге дайындықты қамтамасыз ететін өскелең ұрпақты патриотизмге тәрбиелеудің қажеттілігі идеясы болып табылады.

Таңдау негіздемесі.

- МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ жеті берік негізі ретінде Жаңа Қазақстандық Патриотизмді түсінуге арналған мемлекет орнатудың белгілері:

1) Тәуелсіздік және Астана, Жалпыұлттық бірлік;

2) Бейбітшілік пен келісім;

3) Зайырлы Мемлекет және Жоғары Руханият;

4) Инновация негізіндегі тұрақты Экономикалық Өсім;

5) Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамы;

6) Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы;

7) Ұлттық қауіпсіздік және Қазақстанның жалпы әлемдік және өңірлік проблемаларды шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.

- Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев «БОЛАШАҚҚА КӨЗҚАРАС: ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫ ЖАҢҒЫРТУ» мақаласында «Туған жерден» ауқымдырақ «Туған елге» көшетін ұлттық сана-сезімді жаңарту бағдарламасын ұсынды.

«Туған жер» бағдарламасы:

- біріншіден, туған өлкенің тарихын зерттеуге, тарихи-мәдени ескерткіштер мен жергілікті ауқымдағы мәдени объектілерді қалпына келтіруге;

- екіншіден, елдің басқа өңірлеріне қоныстанған бизнесмендер, шенеуніктер, зиялы қауым өкілдері және жастардың жәрдемдесуімен кіші отанын қолдауға (аймақты жасылдандыру, мектептерді компьютерлендіруге көмек көрсету, жергілікті мұражайлар мен галереялардың көркемөнер қорларын қолдау және т. б.);

үшіншіден, демеушілік көмекті қоса алғанда кіші отанына көмектесетін түрлі қолдау және әлеуметтік құрмет нысандарын іздеуге;

төртіншіден, «Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы арқылы халықтың жалпыұлттық киелілік санасын нығайтуға, киелі жерлердің мәдени және рухани мұрасы «бірыңғай өріс, бір тізбек» құрылған кезде;

бесіншіден, «отандық мәдениет БҰҰ-ның алты тілінде: ағылшын, орыс, қытай, испан, араб, француз тілдерінде естілсін деп «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыруға бағытталған. «... Бұл үлкен аудармашылық жұмыс және біздің мәдени жетістіктерімізді жетілдірудің арнайы әдістері - кітаптар, пьесалар, мүсіндер, суреттер, музыкалық шығармалар, ғылыми жаңалықтар және т. б.»;

алтыншыдан, «Қазақстанның 100 жаңа адамы» жобасын іске асыру арқылы қоғамның назары біздің замандастарымыздың тарихына бағытталатын болады - «бұл осы қарқынды жылдары табысқа қол жеткізген түрлі аймақтардағы, әртүрлі жастағы және түрлі ұлттағы 100 нақты адамның тарихы болып табылады.



2. Сабақтың мақсаты және кешендік міндеттері.

Мақсаты – қоғамда өздерін көрсете және өз еліне пайдалы бола алатын, Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін білім алушы-патриот тәрбиелеу.

Кешенді міндеттері:

- білім алушылардың жаңа білімді, ақпараттық ресурстарға сүйене отырып зияткерлік қажеттіліктерін меңгеруін қамтамасыз ету;

- білім алушылардың ұлттық рәміздер, негізгі құндылықтар, жаңа қазақстандық патриотизм, мәдени-генетикалық код, «Мәңгілік Ел», жаңғырту, ұлттық сана, бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлік, меритократикалық қоғам», «білімнің салтанат құруы» ұғымдарын меңгеруге көмектесу;

- білім алушылардың зерттеу, шығармашылық, коммуникативтік құзыреттіліктерін дамыту;

- білім алушыларды зияткерлік және шығармашылық дамыту;

- жастардың бойында жоғары патриоттық сананы қалыптастыру;

– Қазақстандық патриотизмді және белсенді азаматтық ұстанымды ынталандыру.
8-кесте – Сабақтың ресурстық картасы.


Ресімдеу

Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Ту бейнеленген плакаттар

Қазақстан Республикасының картасы (физикалық, саяси)

Қазақстан экономикасының әртүрлі саласына үлес қосқан атақты адамдардың суреттері және т.б.



Музыкалық және бейне көркемдеу

Мемлекеттік Әнұранның, «Атамекен», «Менің Қазақстаным» әндерінің аудиожазбасы, «Менің Қазақстаным» бейнеоролигі, «5 ғимарат - Astana EXPO – 2017» бейнесі

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Интерактивті тақта

Бейнепроектор

Компьютер


Үлестірмелі материалдар

Патриотизм, Отан туралы өлеңдер мен нақыл сөздер, тіл туралы, еңбек туралы мақал-мәтелдер және т.б.

Эпиграфтар

«Өз Отанының патриоты болу – бұл Қазақстанды өз жүрегінде ұстау!»

Н.Ә. Назарбаев



«Патриот болу нені білдіреді?

Сүю –иә, бірақ тек өз жерін ғана емес, бірақ оған міндетті түрде нақты бір нәрсе істеу".

Ш. Уәлиханов


Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

«Мен – Қазақстанның патриотымын».

«Қазақстан әлемдік қоғамдастық жолында»

«Қазақстанның болашағы - менің болашағым»,

«Материалдық мәдениет - ұлттың қазынасы» және т.б.



Дайындыққа арналған әдебиет


1. Назарбаев Н.Ә. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы. 2017 жылғы 12 сәуір. http://www.akorda.kz/kz/events/akorda_news/press_conferences/memleket-basshysynyn-bolashakka-bagdar-ruhani-zhangyru-atty-makalasy

2. 2016 жылы 26 сәуірдегі Қазақстан халықтары Ассамблеясының XXIV сессиясында қабылданған «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі.

3. http://www.metod-kopilka.ru/klassnyy_chas_po_kazahstanskomu_patriotizmu_quotya_-_patriot_rkquot-22113.htm

4. http://collegy.ucoz.ru/publ/65-1-0-15615

5. http://collegy.ucoz.ru/publ/41-1-0-22272

6. Мыңбаев А.К., Садвакасова З.М. Инновационные методы обучения, или КАК ИНТЕРЕСНО ПРЕПОДАВАТЬ. – Алматы, 2007.

7. Карты ума – правила составления http://rumapping.ru/mind-maps/creation/mindmaps-pravila

8. Двуличанская Н.Н. Интерактивные методы обучения как средство формирования ключевых компетенций // Наука и образование: электронное научно-техническое издание. – 2011.

9.http://flatik.ru/patrioticheskoe-vospitanie-shkolenikov-celi-i-zadachi

10.http://festival.1september.ru/articles/565945/




4. Сабақ өткізу бойынша ұсынымдамалар

Білім сабағын ұйымдастыру кезінде:

● білім алушылардың жас ерекшеліктерін;

● пәнаралық байланысты және білім алушылардың әдебиет, тарих, география және т.б. сабақтарда алған білімдерін;

● жеке педагогикалық іс-тәжірибені;

● патриоттық тәрбиенің бағыттарын ескеру керек.

Білім беру ұйымдарында патриоттық тәрбие жүйесіндегі негізгі бағыттар:

Рухани-адамгершілік. Білім алушылардың патриоттық тәрбие процесінде жоғары құндылықтарды, әлеуметтік маңызды процестердің және нақты өмір құбылыстарының идеалдары мен бағдарларын, оларды анықтайтын принциптер ретінде басшылыққа алу қабілетін, тәжірибелік қызмет ұстанымдарын ұғынуы. Мәдениет пен білімділікті арттыру; Отанға лайықты қызмет көрсетуге дайын екендіктерін көрсететін идеяны түсіну; жоғары адамгершілік мінез-құлық нормаларын, жауапкершілік және ұжымшылдық, маңызды рухани-адамгершілік және мәдени-тарихи құндылықтарды дарыту.

Тарихи-өлкетану. Білім алушыларды оқыту мен патриоттық тәрбие процесінде өткенге қатысты сезімтал тәжірибенің деңгейінде тарихи-мәдени негіздерді тануы; Отанның қайталанбайтындығын, оның тағдырын, тұтастықты, ата-бабалардың және замандастарының істеріне қатысты мақтанышты, сондай-ақ қоғамда және мемлекетте болып жатқан тарихи жауапкершілікті ұғыну.

Азаматтық-патриоттық. Білім алушы тұлғасында қоғамдық өмірдің толыққанды қатысушысы болуға мүмкіндік беретін қасиеттерді қалыптастыру. Құқықтық мәдениетке және заңды орындауға, жоғары адамгершілік пен жалпы мәдениетке, мемлекет пен қоғамдағы саяси және құқықтық оқиғалар мен процестерді бағалау дағдыларына, азаматтық ұстанымға, өз халқына саналы, жанқиярлық, ерікті қызмет көрсетуге үнемі дайын болуға және өзінің конституциялық міндетін орындауға тәрбиелеу.

Әлеуметтік-патриоттық. Ұрпақаралық рухани-адамгершілік және мәдени-тарихи сабақтастықты жандандыру, өмірлік белсенді ұстанымды, аяушылық сезімдерін және егде жастағы адамдарға қатысты қамқорлықты қалыптастыру.

Әскери-патриоттық. Жастардың бойында жоғары патриоттық сана, Отанға қызмет идеясын, оның қарулы қорғаныс қабілетін; отандық армияның әскери дәстүрлерін, әскери қызметті, әскери киімді құрметтеуді қалыптастыруға тәрбиелеу процесін бағдарлау.

Ерлік-патриоттық. Ерлік кәсіптерді, отан тарихындағы көрнекті қайраткерлер және кең танылған батырлық күндерді насихаттауға тәрбиелеу процесін бағдарлау.

Спорттық-патриоттық. Тәрбиелеу процесінде жұмысқа қабілетті адамды қалыптастыру; білім алушының тұлғалық моральдық-жігерлік қасиеттерін дамыту (күш, ептілік, төзімділік, бәсекеге қабілеттілік және т.б.); дене шынықтыру сабағында және спортпен айналысу арқылы Отанға қызмет ету және отанды қорғауға дайындық тәжірибесін қалыптастыру. Осы бағыт бойынша тәрбие жұмысының жүйесі - аурулардың алдын алу құралдарының бірі, денсаулықты нығайту және жағымсыз және зиянды әдеттерді болдырмау.

Бірінші сабақтан бастап, ПАТРИОТ - өз мемлекетінің жерінде, елінде, тарихына ат салысатын адам екенін атап өту маңызды.



ПАТРИОТИЗМ ген арқылы қаланбайды, бұл - жеке тұлға, азамат, патриот ретінде өзін-өзі білдіру, мемлекет өміріне белсене қатысу арқылы барлық қоршаған ортамен қалыптасатын әлеуметтік сапа.

Мұғалімге сабаққа дайындық кезінде патриотизмге үш негізгі құрылымды қамтитын тұлғалық қасиеттер жүйесі ретінде назар аудару қажет:

1. Сезімдерді қамтитын сезімдік-эмоционалдық қасиеттер:

- кіші отанына деген сүйіспеншілік;

- өз халқының мүмкіндіктері мен күштеріне сену;

- өз ұлтына тиесілі болғанына мақтаныш;

- Отанның тарихтағы рөлі мен ұлылығын түсіну;

- ұлттық мәдениетке деген махаббат;

- Отанын қорғауға дайын болу;

- мемлекет пен халықтың мәселелеріне қатыстылық;

-этностың, әлеуметтік топ ішінде жеке тұлғалардың өзара жақын болуы және т.б.

2. Тұлғалық құндылықтар жүйесінің көрсеткіштерін қамтитын рухани-құндылықтық қасиеттері:

- Отан игілігі үшін өзін-өзі құрбан ету;

- Отан мүддесін жекеден жоғары қою қабілеті;

- ұлттың рухани-адамгершілік мұрасын өте құрметтеу;

- құндылық бағытында мемлекеттік деңгейдегі құндылықтардың басым болуы;

- ұлттық-конфессиялық рухани құндылықтар, адалдық.



3. Тұлғаның патриоттық санасын көрсететін, практикалық қызметін қамтитын практикалық-қызметтік:

- өз өміріне қауіппен Отан мүддесін қорғауға шынымен дайындығы;

- сайлау, сауалнамалар, референдум кезінде патриоттық ұстанымын нақты білдіру;

- қоғамның, әлеуметтік топ, жеке тұлғаның құндылық бағдары жүйесінде мемлекеттік деңгейдегі құндылықтардың басым болуы;

- практикалық іс-әрекеттердің декларацияланған құндылықтары мен сезімдеріне сәйкес келуі;

- белгілі бір этникалық топпен және ішкі ұлттық бірлігін жоғары дәрежесімен өзін-өзі сәйкестендіру;

- ұлттық-мемлекеттік мүдделерін ұғынуы және оларға қоғамда бұқаралық әлеуметтік іс-әрекеттер сәйкестігі.

Сабақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен ашылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хаттамасына сәйкес рәміздерге - Елтаңба, Туға ресімдеуге қойылатын талаптар орындалады.

Сабақ практикаға бағытталған құрылымға сәйкес болуы тиіс: білу – түсіну – қолдану. Инновациялық технологиялар, әдістер, интерактивті тәсілдерді пайдалану ұсынылады: «Идеялар себеті», «Блумның алты сатысы» «Ыстық орындық» әдісі, «Кластер», «Синквейн жазу», «Ақыл картасы», «Түрлендірілген дебаттар», «Жобалау пікірталасы».

Рефлексия әрбір білім алушымен «Тегтер бұлты» инновациялық тәсіл көмегімен жүргізіледі, онда мыналар толтырылуы қажет:

Мен ...............................................таныстым.

Маған ................................................оңай болған жоқ.

Мен .........................................................қол жеткіздім.

Мен ...........................................................істей алдым.

..................................................болса жақсы болар еді.

Менің .......................................................есімде қалды.

Мен ...........................................................істеп көремін.

4.1 1-4-сыныптар концентрі

Сабақтың тақырыбы: «Мен - патриотпын».

Сабақ арқауы: МЕН –КІШІ ОТАНЫМНЫҢ ПАТРИОТЫМЫН.
I-блок. Уәждемелік

Білім алушылар өз бетінше синквейн құрайды, шамамен мынадай мазмұндағы:

Патриот

Аса өнегелі, жауапты



Еңбектенеді, жасайды, күреседі,

Өз Отанын сүйеді,

Азамат.
ІІ-блок. Практикаға бағдарланған

Осы сыныптар концентрі білім алушылары үшін белсенді әуестік, эмоционалды әсершілдік тән, осыдан Білім сабағын өткізудің келесі түрлері арқылы патриотизм құндылықтарын бағдарлану ұсынылады:

ᴥ Өзінің туған қаласы, ауылына арналған «Менің қалам (менің ауылым) кеше-бүгін-болашақта» атты суреттердің көрме конкурсы, қорғалынуы керек;

ᴥҰжымдық шығармашылық іс: «Менің қаламның, ауылымның тарихын жазамыз» ( «Қала, ауыл тарихы» (таныс оқиғалар, қызықты адамдар, мақтануға тұрарлық «кіші Отан» патриоттары ұжымдық кітабын шығару) және басқа да ұжымдық шығармашылық істер;

ᴥ «Менің жерлестерім және олардың біздің қала, ауыл үшін еңбектері», «Қала, ауылды түрлендіруге менің отбасымның үлесі» (әркім өз суреттерін қорғайды) фото-көрмесі

ᴥ «Мен - қала құрлысшысымын» рөлдік ойыны («Лего» конструкторынан қала, ауылдың жаңа бөлігінің макетін жасау) және т.б.


ІІІ блок. Рефлексия. «Тегтер бұлты» инновациялық тәсілі.

Сабақ өткізу нәтижесінде білім алушылар:

- патриотизмге өз анықтамасын бере;

- тарихи оқиғаларды атау және патриотизмге байланысты кіші Отанының тарихымен байланысты тұлғалармен мысалдар келтіре;

- патриотизм мен оның көріністеріне өз ұстанымын ұстана алады.
Зерттеу әдістері: «Ойлану». «Басқа адамнан сұрау». «Қадағалау (Фото, сурет)», «Ақпаратты кітаптардан, газет-журналдардан алу», ата-аналармен бірлесіп бейнефильмдер түсіру.
4. 2 5-7-сыныптар концентрі

Сабақтың тақырыбы: «Мен - патриотпын».

Сабақтың арқауы: МЕН – МӘДЕНИ ҰЛТТЫҚ ИГІЛІКТЕР ПАТРИОТЫМЫН.
I-блок. Мотивациялық

«Ассоцация» тәсілі

Әр білім алушыға «Патриот» ұғымы кіммен немесе немен байланыстырылатынын ойлану және сөйлемдерді жалғастыру ұсынылады:

Патриот – бұл...........

Болжамды жауаптар:

1. Өз елін жақсы көретін, құрметтейтін және қорғауға дайын адам.

2. Өз үйін, қаласын, дүниеге келген және өскен жерін жақсы көретін адам.

3. Ұлттық рәміздерді - Әнұраны, Туы, Елтаңбасын және өз елінің Президентін мақтан тұтатын адам.

4. Әлемдегі спорттық және басқа да біздің жеңістермен мақтанатын адам.

5. Туған жері үшін ерлік жасауға дайын адам.

6. Қай жерде жүрсе де Отанын есінде сақтайтын адам.

7. Елі үшін өз еңбегімен көп нәрсе жасай алады.

8. Мемлекеттік және ана тілдерін, өз мәдениетін жақсы көретін және білетін адам.

9. Заңдарға бағынады және Отанымыздың игілігі үшін бәрін жасайды.

10. Өз Отанына берілген, елі үшін құрметті және қажет адам.

11. Елі әлемдегі ең үздік ел болуын және барлығы лайықты өмір сүрсе деп армандайтын және сол үшін бәрін жасайтын адам.

12. Ұлы Отан соғысының батырлары сияқты Отанға жанын арнайды.

13. Өз елінің тарихын, салт-дәстүрін, ұлттық мерекелерін біледі, ата- бабаларын мақтан тұтады.

14. Жақсы оқиды, себебі алған білімдері қоғамға пайда әкелуі мүмкін.
II-блок. Практикаға бағдарланған

Осы жас аралығындағы білім алушылардың бойында мінез-құлық қалыптасады, қарым-қатынас, диалог арқылы практикалық іске деген мотивация пайда болады.

Осы сыныптар концентрі үшін мынадай сабақ түрлері ұсынылады:

ᴥ «Жібек жолы» іскерлік ойыны: сауда керуені жолымен білім алушылар қалаларға біздің ұлттық бірегейліктің базасын құрайтын ежелгі ескерткіштер орналасқан қалаларға аялдама жасайды. Шағын топтарда жұмыс істей отырып осы ескерткіштер туралы постер дайындайды және қорғайды. Ұлытау төріндегі жәдігерлер кешенін, Қожа Ахмет Яссауи кесенесін, Тараздың ежелгі ескерткіштерін, Бекет ата кесенесін, Алтайдағы көне қорымдар мен Жетісудың киелі мекендерін және ежелгі Отырар қаласы, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік Мұралар тізіміне енгізілген Тамғалы археологиялық кешені айналасындағы ескерткіштерді сипаттау ұсынылады;

ᴥ «Шығыс шеберлері» жәрмеңкесі. Қазақ халқының жарқын тарихы бар сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары, олардың арасында ежелгі шеберлердің бұйымдары да болуы мүмкін, мысалы, «Қарғалылық олжа», қазіргі заманғы белгілі шеберлердің жұмыстары. Білім алушылар бұйымдардың шығу тарихын, оларды шеберлер қалай жасағанын айтады. Мүмкіндігіне қарай шеберлік сыныптарын көрсетеді, мысалы, қыш заттары қалай дайындалатындығы туралы;

ᴥ «Мұражай алаңы». Қазақстан мұражай залдарында тарихи реконструкциялау элементтері бар театрландырылған экскурсия ұсынылады Мұражай экспонаттарымен таныстыратын білім алушы-экскурссия жетекшісін даярлауды қарастыру; сабаққа музыкалық шығармалар, суреттер, слайд-шоу, мультимедиялық презентациялар енгізіп экспозиция ресімдеу. Білім алушылардың тақырыпты және экскурссия материалдарын толық «тереңірек меңгеруі» үшін театрландырылған сценарий және әртүрлі есте қалатын костюмдердегі білім алушы топтарын дайындау.


ІІІ блок. Рефлексия. «Тегтер бұлты» инновациялық тәсілі.

Сабақ өткізу нәтижесінде білім алушылар:

- «патриотизм» ұғымымен тығыз байланысты ассоциативті қатар құруды;

- сәндік-қолданбалы өнер заттарын сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын тарихи оқиғаларды қайта жаңартуды;

- мұражай сайты материалдарын пайдалануды орындай алады.
Зерттеу әдістері: «Тарихи қайта қалпына келтіру», материалды «тереңірек меңгеру», сайттар, мұражай әдебиеті материалдарын зерделеу.

4. 3. 8-9-сыныптар концентрі

Сабақтың тақырыбы: «Мен-патриотпын».

Сабақтың арқауы: «МЕН – ПАТРИОТ – АЗАМАТ

I-блок. Уәждемелік

Білім алушыларға адамның азаматтық-патриоттық ұстанымын сипаттайтын адамның қасиетін анықтау және 9-кестені толтыру ұсынылады:


9-кесте – Білім алушыларға адамның азаматтық-патриоттық ұстанымын сипаттайтын адамның қасиетін анықтау


Патриотқа тән қасиет


Патриот емес адамның қасиеті

Маған тән қасиеттер (алдыңғы бағандардан)

Болжамды жауаптар:

• жауапкершілік;

• әділеттілік;

• төзімділік;

• адалдық;

• батылдылық;

• шыдамдылық;

• ризашылдық;

• зейінділік.


Болжамды жауаптар:

• өзі өмір сүріп жатқан қоғамды құрметтемеу;

• жауапсыздық;

• отбасы алдындағы борыштың болмауы;

• берекесіздік;

• бағдарсыздық (өз елі туралы дұрыс пікірде болмау және оны жақсарту үшін ештеңе жасамайды);

• арамтамақтық, жұмыс істегісі келмеу;

• Отанға деген сүйіспеншіліктің болмауы.





Кестені толтырып болғаннан кейін білім алушыларға «Сіз қандай қасиетті ең басты деп ойлайсыз және неге?» деген сұраққа жауап беру ұсынылады.


II-блок. Практикаға бағдарланған

Жастық кезең белсенді өмірлік ұстанымның, өзін-өзі анықтау, өз маңыздылығы түсінудің қалыптасуымен байланысты. Осы жас категориясы үшін болашақ кәсібін таңдау және оның еліміздің бүгінгі өмірімен байланысы маңызды болып табылады.

Аталған сыныптар концентрі үшін мынадай сабақ түрлері ұсынылады:

ᴥ «Жастардың азаматтық бастамаларға құқығы бар» пікірталасы.

ᴥ «Белсенді азаматтық ұстаным керек пе?» подиум-пікірсайысы. Пікірсайыс үшін білім алушылар азаматтық қоғамдастықтар бойынша бірігеді. Мынадай қоғамдастықтар ұсынылады: «Таза қала» экологиялық қозғалысы, жануарларды қорғау жөніндегі бастамашыл топ, «АРГО» азаматтық қоғамды дамыту қауымдастығы, Оff-line қоғамдастығы, «Азаматтық құқық» қоғамдастығы. Әрбір қоғамдастық өз спикерлерін ұсынады.

ᴥ Ұсынылған мысалдар азаматтық мінез-құлықтың көрсеткіші болып табылатындығы туралы қысқаша пікірсайыс:

1) егер ол азамат болса, ол туған өлкесінің табиғаты құрып бара жатқанына немқұрайлы қарай алмайды, ол экологиялық отрядта жұмыс істейді және ағаштар егеді. Ол өз ауласын тәртіпте ұстауға көмектеседі және ешқашан қағазды жерге тастамайды. Кешке саябақта ол орындыққа аяғымен шығып отырмайды және кетерде оны сындырып кетпейді.

2) азамат елінің өткен тарихын сақтайды, көне ескерткіштерді қалпына келтіруге қатысады;

3) азамат адамдар ешқашан тең болмағанын, сондықтан бай адамдарды қызғанудың дұрыс еместігін түсінеді. Ол табандылық, мақсаткерлік, жұмыс қабілеттілігі және кәсібилік көрсету арқылы материалдық әл-ауқатқа және тәуелсіздікке жете алады;

ᴥ Келесі әрекеттерді азаматтық әрекеттер деп айтуға болатындығы туралы қысқаша пікірталас:

1) білім алушылар тоғайларды тазалау бойынша сенбілік өткізді және тұрғындарға өз қаласының жасыл желектерін аялап ұстуға үндеу дайындады;

2) жастар ғибадатхананы қалпына келтіруге қатысады;

3) білім алушылар соғыс ардагерлеріне арналған госпиталдерді қамқорлыққа алады;

ᴥ Жобалық пікірталас. Елестетіп көріңізші, сіз мұндай жағдайда не істер едіңіз:

1) Көршілерде өрт болды...

2) Науқасқа шұғыл қан тапсыру қажет болды...

3) Бөтен адам үшін дәрі-дәрмекке барып келу қажеттігі туындады...

ᴥ Отанға қызмет жасауда менің болашақ мамандығым. Шағын топтарда кластермен жұмыс істеу және оны қорғау.


ІІІ блок. Рефлексия. «Тегтер бұлты» инновациялық тәсілі.

Сабақтың нәтижесінде білім алушылар:

- құндылықтарды декларациялау (мысалы, «Патриот болу - бұл азаматтық ұстанымының болуы»);

- құндылықты оған қол сұғушылықтан қорғауды;

- іс-әрекеттерді білдіретін құндылық қарым-қатынасты (мысалы, көмекке келу немесе адамға көмектесуді сұрау);

- құндылықтарға деген нақты көзқарасты іс жүзінде іске асыруды ұйымдастыруды (мысалы, ұсыныс: «Іс-шаралар өткізетін жер болуы үшін мектеп айналасын тәртіпке келтіру») меңгереді.


Зерттеу әдістері: жобаны, кластерді қорғау мен дайындау әдісі.

5. Қосымша
5.1 Сабақта жұмыс істеу үшін «Қоржын» инновациялық әдісін қолдану

«Идеялар қоржыны» – «қызығушылықтар өрісін» анықтайтын әдіс.

«Идеялар қоржынымен» жұмыс жасау алгоритмі:

Сабақтың тақырыбы жарияланады.

Жеке жұмыс. Әр білім алушы тақырып бойынша өзінің білгенін дәптеріне қысқаша жазады. Бұл кезең – 2-3 минутқа созылады.

Топпен немесе жұппен жұмыс жасау. Қатысушылар қай жерде ойларының сәйкес келгенін және сәйкес келмегенін түсіндіре отырып ақпарат алмасады. Жүргізілу уақыты – 3 минут.

Сыныппен жұмыс. Бұл кезеңде әрбір топ тақырып бойынша өз білімдерін көрсетіп, пікірлерін білдіреді, берілген сұрақтар бойынша идеяларын айтады. Оның үстіне жауаптар қайталанбауы тиіс. Барлық айтылғандарды мұғалім тақтаға қысқаша жазып тұрады.

«Қоржынға» тақырыпқа қатысты: идеялар, есімдер, күндер, фактілер, жорамалдар, терминдер және тағы басқалары салынады.



«Блумның алты қадамы» әдісі. Әрбір қадамға сұрақтар беріледі:

1. Неге? - Why?

2. Түсіндір - Explain

3. Ата - Tell

4. Ұсын - Offer

5. Ойлан тап - Invent

6. Бөліс – Share

«Ыстық орындық» әдісі. Берілген әдіс проблемаларды талдау дағдыларын дамытуға, өз ұстанымын негіздеуге көмектеседі. Жүргізілу реті: бір білім алушы барлық білім алушылардың алдында орындықта отырады, қалғандары жарты шеңбер құрып отырады. Жүргізілу алгоритмі: Бір оқушы алға шығып, өз ойын айтып, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Өзіндік көзқарасы бар білім алушыларға немесе сұраққа қосымша қосатын ойы бар оқушыларға шығып жауап беруіне болады. Білім алушылар белгілі бір адамның рөліне кіріп ойнай алады.

Кластер – белгілі өз сипаттары бар, дербес бірлік болып саналатын, бірнеше біртектес даналарды бір топқа графикалық түрде біріктіру. Ол оқу материалдарын жүйелеп, қорытуға ықпал ететін бейнені білдіреді.

«Синквейн жазу» әдісі. «Синквейн» француз тілінен аударғанда белгілі бір ережемен жазылатын бес жолдан тұратын өлең дегенді білдіреді. Синквейн жазылу тәртібі:

Бірінші жолға бір сөзден тұратын - зат есім. Бұл синквейннің тақырыбы.

Екінші жолға синквейннің тақырыбын ашатын – екі сын есім.

Үшінші жолға синквейннің тақырыбына қатысты іс-әрекетті сипаттайтын үш етістік.

Төртінші жолға білім алушы тақырыпқа қатысты білдіретін бірнеше сөздерден құралған сөйлем. Ол қанатты сөздер, дәйексөз немесе білім алушы тұрғысынан айтылатын мәнмәтіндегі сөйлем болуы мүмкін.

Соңғы жол – бұл түйіндеме-сөз, тақырыпқа жаңа интерпретация беріп және оған өзінің жеке қатынасын білдіруге мүмкіндік береді. Мүмкіндігінше синквейннің тақырыбы эмоционалды болуы тиіс.



«Ақыл картасы» әдісі. Ақыл картасымен жұмыс істеу технологиясын Тони Бьюзен қатысушылардың визуалды ойлау қабілетін дамыту үшін құрастырған.

Ережелер орындалуы керек. Қағаз көлденең жатуы тиіс. Ең негізгі элементі ең ортасында орналасады. Осы карта туралы адамның аты, кітаптың атауы, жоспардың атауы. Орталық міндетті түрде түрлі-түсті болуы тиіс, кем дегенде үш түсті! Ал қалғандары осы орталықтың айналасында орналасады. Карта – бұл ағаш. Тұтастық – ол дөңгелек. Дөңгелек – тұтастықтың белгісі.

Барлық тақырыпшалар міндетті түрде бір-бірімен байланысты болуы керек. Әйтпесе ол карта емес, тағы мәтін болып кетеді. Әсіресе центрдегі тақырыпты басқа тақырыпшалармен байланыстыратын сызықтар маңызды. Бұл сызықтар әрқайсысының өзіндік түсі, формасы болады және бұл сызықтарда сөздер (тек сөйлем емес) жазылуы мүмкін. Мысалы, тақырыпшаларды гүл түрінде құрастыруға болады. Жасыл түсте – аса маңызды емес шаруалар, көк түсте - міндетті шаруалар, қызыл түсте – шұғыл шаруалар. Суреттер ақыл картасындағы ең маңызды элементтер, осының арқасында картаны оқу және түсіну біршама жылдам болады.

Әрбір маңызды желі немесе тораптан келесі топиктердің желі сызықтары тарайды (бұл, мысалы, шеңбер, немесе сопақша, немесе ромб).



Өзгертілген Дебаттар.

Бұл Дебат нысанының белгілі бір элементтерін пайдалану немесе ережелеріне біраз өзгерістер енгізілген Дебат түрі.

- сөйлеу регламентінің қысқаруы,

- командадағы ойыншылар санының көбеюі,

- аудиториядан сұрақ қою мүмкіндігі бар,

- тайм-аут кезінде аудиториямен сөйлесуге мүмкіндік болуы,

- ойынның соңында ымырашыл, дұрыс шешім қабылдайтын топтың құрылуы,

- ойынның жүргізушісі мұғалім болады.



Жобалық дискуссия. Бұл белгілі бір тақырыпта жоба дайындау және қорғау әдісіне негізделген. Топтық талқылаудың тиімділігін асыру үшін қажет әдістерді дискуссия жасау арқылы білуіміз керек:

1. Ойды дәлелдеуге және рәсімдеуге арналған нақтылайтын сұрақтар («Сіз мұнымен нені айтқыңыз келіп тұр...?», «Сіз мұның дұрыс екенін қалай дәлелдейсіз?»).

2. Парафраз – айтылғандарды түсініп, нақтылау және қайта ойластыруға ынтылындыру үшін кейбір сөздерді қайталау («Сіз былай деп айттыңыз...сонда?», «Мен сізді былай түсіндім...?»)

3. Түсініспеушілік таныту – қатысушылардың пікірлерді нақтылап түсінуге, қайталауға итермелеу («Мен сізді түсінбедім, сіз не дегіңіз келіп тұр, өтінемін, түсіндіріңізші...?»).

4. «Күмәндану» – әлсіз және мұқият ойластырылмай айтылған ойларды сиретеді («Солай ма еді?», «Сіз осы айтқаныңызға сенімдісіз бе?»).

5. «Баламалы» – жүргізуші қарама-қарсы жағдайға назар аударып басқа көзқарасты ұсынады.



6. «Ешбір қисынға сыймайтын жағдайға дейін жеткізу» – жүргізуші айтылған бекітумен келіседі де, бірақ содан кейін одан қисынға сыймайтын қорытындылар шығарады.

«Тарихи қайта қалпына келтіру» - қазіргі немесе ежелгі тарихи дәуірді жаңадан жасау және ғылыми талдау мен зерттеу мақсатында археологиялық, суретті, жазбаша көздерді пайдалана отырып аймақты жаңадан жасау арқылы материалдық және рухани мәдениет объектілерін терең зерттеу үшін арналған рөлдік ойындар әдісі. Келесі ережелерді орындау керек. Біріншіден, экспозицияларда тұрмыс-тіршілік қана емес, сонымен қатар әртүрлі заттардың қызметтерін, сондай-ақ халық мәдениетін сипаттайтын үдерістер мен құбылыстарды көрсетуге тырысамыз. Екіншіден, мәдени ландшафты модельдеу, үй жануарларын асырау, мұражайлық экспозицияларды «тірілту» мақсатында дәстүрлі қолөнердің қайта тууы және ұлттық қолданбалы өнер маңызды және перспективалық міндет болып табылады.
5.2 Глоссарий
Мемлекеттік рәміздер (ұлттық) (греч. sym-bolon - белгі) – конституциямен немесе арнайы заңмен бекітілген белгілі бір мемлекеттің өзіндік өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, айрықша арман-аңсарын, басқалармен байланыс мұратын, белгілі бір идеологиялық мағынаны білдіретін белгілер. Ең негізгі рәміздерге мемлекеттік ту, мемлекеттік елтаңба, мемлекеттік әнұран, мемлекеттік түстер, мемлекет басшысының байрағы, мемлекеттік мөр, мемлекеттік ұраны жатады.

Негізгі ұлттық құндылықтар - бұл белгілі бір ұлтқа тән халық ғасырлар бойы жинақтаған, ұрпақтан-ұрпаққа берілетін адами қадір-қасиет, әлеуметтік- тарихи, мәдени отбасылық дәстүрлер жүйесі.

Өркениеттік (әлеуметтік-мәдени, мәдени-генетикалық) код – белгілі бір өркениетке тән тұрақты мәдени-генетикалық белгілердің жиынтығы.

Азамат - белгілі бір мемлекетке заңды түрде тиесілі тұлға.

Азаматтық патриотизм – Отанға деген мемлекеттік ауқымындағы сүйіспеншілік, ұлттық және құқықтық сана-сезім, азаматтық мораль: өз отбасымен, үйімен, өз халқымен, ауласымен, спорт клубымен, қаласымен, аймағымен, елімен мақтануы.

Азаматтық қоғам - өзін барлық деңгейде - жергілікті ұйымдардан жалпы халықтық (мемлекеттік) деңгейге дейін қалыптастыра алатын, өзінің сұраныстары мен қызығушылықтарын таңдаулы демократиялық билік органдары, өзін-өзі басқару органдары, сондай-ақ азаматтық қоғам институттары арқылы ашық көрсете алатын қоғам. Тәрбие білім берудің басты мақсаты болып табылатын, азаматтық қоғам онда жауапты азаматтың міндетті түрде болуын болжайды.

Жаңа қазақстандық патриотизм «Қазақстан-2050» стратегиясындағы қазақстандық даму үлгісі негізінде көпұлтты қоғамның, идеологиялық, мәдени және рухани шоғырландыру идеологиясы мен стратегиясы болып табылады.

Патриотизм өзінің жеке мүдделерінен мемлекеттің мүдделерін жоғары қоятын, оған адал қызмет ететін, өз мемлекетінің жоғары дәрежелі бірегей азаматы.

Ұлттық таным – өзінің ұлттық қызығушылықтарын қоғамның танып білуі. Ұлтты, өмір сүретін территориясын, экономикалық ресурстарын, рухани құндылықтарын қорғау.

Меритокра́тия («лайықтылар билігі», от лат. meritus — лайықты және басқа. -греч. κράτος — билік, басқару) — әлеуметтік шығу тегі мен қаржылық жағдайына қарамастан, билік басында қабілетті адамдар отыруы тиіс деген ұстанымдағы басқару түрі. Көбінесе екі түрлі мағынада қолданылады. Терминнің бірінші мағынасы аристократия мен демократияға қарама-қайшы келетін, басшылар арнайы әзірленген таланттар ішінен алынатын жүйеге сәйкес келеді. Екіншісі, неғұрлым кең таралған - дарынды және еңбекқор адамдарға болашақта бәсекеге қабілетті, қоғамда жоғары лауазымға ие болуға мүмкіндік беру үшін бастапқы шарттарды қоя білу.

Меритократикалық қоғам — бұл істеген еңбегі, демек, адал еңбегі, әскери немесе азаматтық ерлігі, қайырымдылығы үшін марапатталатын қоғам.

Мәңгілік Ел – Болашағы Біртұтас Ұлт.

Лейтмотив – жетекші мотив (адам әрекетіндегі, оқиғалар тізбегіндегі үстем бастама деген кеңірек мағынаға ие).


3 2012 ЖЫЛҒЫ МЖМБС ЖӘНЕ 2013 ЖЫЛЫ ЕНГІЗІЛГЕН ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ БОЙЫНША ОҚИТЫН МЕКТЕПТЕРДЕ БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2017-2018 оқу жылында 1-ші және 2-ші сынып оқушылары жаңартылған білім мазмұны бойынша оқитын болады.
3, 4-сыныптардың білім алушылары 2012 жылғы МЖМБС бойынша оқуды жалғастырады.

Бастауыш сынып мұғалімдерінің негізгі міндеті – оқу, шығармашылық, көркемдік, еңбек, спорттық іс-әрекеттерде дербестікті қалыптастыру, алдына мақсат қойған, еңбексүйгіш, салауатты өмір сүруге ұмтылатын, өз жұмысын жоспарлай алатын және өздігінен білім ала алатын, негізгі мектепте оқуға (білім алуға) дайын оқушыны тәрбиелеу.

4-сыныптың білім алушыларын оқытуда білім беру процесіне оқытудың белсенді түрлерін (дәлелдерді құру, жалпы сыныптық, топтық, жұптық жұмыстарды ұйымдастыру, диалог әдісі, бір сабақ аясында әртүрлі тапсырмаларды қолдану) енгізуге ерекше назар аудару қажет. Әсіресе оқу, жазу, математика және жаратылыстану бойынша функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға ерекше назар аудару қажет, өйткені 4-сынып оқушылары бастауыш сыныпты аяқтаған соң, 5-сыныпта жаңартылған бағдарлама бойынша оқитын болады.

Білім алушының сабақтағы іс-әрекеті мұғалімнің іс-әрекетінен басым болуын қамтамасыз ету өте маңызды. Бұл міндетті шешуде оқуға ынтасы жоғары және оқуда қиындықтары бар балалар үшін сабаққа арналған тапсырмаларды дайындауда оқытудың қосымша ресурстарын тарту, оқыту түрлерінің көптүрлілігі, бақылау және өзіндік бақылау жұмыстарының түрлері көмектеседі. Сын тұрғысынан ойлау стратегиясын қолдану әр оқушының жұмыс істеуіне және сол арқылы оқытудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Бастауыш білім берудің мазмұны жеті білім саласын құрайды:

- «Тіл және әдебиет»;

- «Математика»;

- «Жаратылыстану»;

- «Адам және қоғам»;

- «Өнер»;

- «Технология»;

- «Дене шынықтыру».



«ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ» БІЛІМ САЛАСЫ
Қазақ тілі

«Қазақ тілі» пәні  бастауыш сынып оқушыларын алғашқы тілдік білім негіздерімен қаруландыратын, тіл арқылы қарым-қатынас жасау қызметінің барлық дағдысын (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) меңгертетін және олардың ақыл-ойын дамытатын пән.

3,4-сыныптарда «Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты – алғашқы тілдік мағлұматтарды меңгерту, сауатты жазу, оқу дағдыларын жетілдіру, ақыл-ойы мен шығармашылық қабілеттерін, ауызекі және жазба тілде қарым-қатынас жасау дағдыларын жетілдіру, жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау.

Оқу бағдарламасындағы материалдар жүйелi-шоғырланған ұстанымға негiзделiп, кешендi сипатта берілген. Пән мазмұны «Тіл және сөйлеу», «Дыбыс және әріп», «Мәтін», «Сөйлем», «Күрделі сөздер», «Сөз және оның мағынасы», «Сөз құрамы», «Сөз таптары», «Сөйлеу мәдениеті» бөлімдерінен тұрады.

«Қазақ тілі» пәні 3, 4-сыныптарда аптасына 4 сағаттан оқытылып, жылдық жүктемесі 136 сағатты құрайды.

«Қазақ тілі» пәні бойынша оқушылардың жетістік деңгейін бағалау жазбаша жұмыс түрлері арқылы жүргізіледі:



  • диктант;

  • грамматикалық тапсырмалар;

  • бақылау ретіндегі көшіру;

  • бақылау мазмұндамасы;

  • бақылау шығармасы;

  • тест тапсырмалары.

Диктантты ұйымдастыру және өткізу

Диктантқа арналған мәтіндер орфографиялық тұрғыдан оқушыларға таныс болуы керек, яғни өтілген сабақтардың материалдары негізінде алынады.

Егер мәтін құрамында өтілмеген емле, тыныс белгілері немесе айтылуы мен жазылуы қиын сөздер кездессе, олар түсіндіріліп, тақтаға жазылады;


  • мұғалім диктант мәтінін орфоэпиялық нормаларға сүйеніп, кідіріс жасап, оқиды;

  • оқушыларға оқылған дыбыс, буын, сөз және сөйлемнің мән-мағынасын түсініп, іштей қайталап, қалай жазылатынын еске түсірген соң жазуға кірісу ұсынылады;

  • жазу барысында 6-8 сөзден құралған сөйлемдер қайталанады;

  • мәтінді түгел жазып болған соң мұғалім диктант мәтінін әр сөйлемнен кейін кідіріс жасай отырып, қайта толық оқиды.

Оқушылардың грамматикалық талдау дағдыларын тексеру мақсатында алынған бақылау жұмыстарында 2-3 грамматикалық талдау тапсырмалары болады.

3, 4-сыныптарда грамматикалық тапсырмалары бар бақылау жұмыстары 35-40 минут өткізіледі.



Бағаның төмендеуіне әсер ететін қателер мен кемшіліктердің жіктелуі:

Қателер:

  • сөздегі әріптердің орнын ауыстыру, алмастыру, артық әріптерді қосып жазу, сөздердің жазылу ережесін бұзу сияқты өрескел қателер;

  • емле ережесі бойынша қате жазылған сөздер;

  • мәтінде өтілген тыныс белгілерінің болмауы (сөйлемнің соңында) және бас әріптің сөйлем басында жазылмауы;

  • орфографиялық ережелер бойынша жіберілген қателер; бір ережеге сәйкес келетін сөздердің әртүрлі сөзде кездесуі екі қате болып саналады;

  • бірдей әріптен жіберілген қате үш рет қайталанса, екі қатеге есептелінеді, екі рет жіберілсе, бір қатеге есептелінеді;

  • мазмұндама жазу кезінде шығарманың мәнін, мазмұнын өзгертетіндей, алшақтайтындай авторлық мәтіннен айтарлықтай ауытқулардың болуы;

  • бөлімдердің арасында байланыстың болмауы, сөздік қоры жұтаң, мазмұнының негізгі бөлімінің болмауы, автор мәтінінде көрсетілген маңызды оқиғалардың қалдырылуы;

  • мазмұндамада сөздердің сәйкес мағынада қолданылмауы.

Диктантта мына қателер бір қате ретінде саналады: екі түзету; екі пунктуациялық қате; бір сөзден жіберілген қатенің қайталануы; екі өрескел емес қате.

Өрескел емес қателер: сөзде бір әріптің қайталануы; сөздің қате тасымалдануы; сөйлемде бір сөздің екі рет қайталанып жазылуы, аяқталмаған сөз.

Кемшіліктер: келесі сөйлем бас әріппен жазылған жағдайда сөйлем соңында тыныс белгісінің қойылмауы; азат жолдың болмауы; мазмұндама жазу кезінде авторлық мәтіндегі оқиға қисынының шамалы бұзылуы.

Диктант үшін ұсынылатын мәтіндер орфографиялық тұрғыдан таныс болмаған жағдайда, яғни жіберілген қателер өтілген сабақтардың материалдарында қарастырылмаған жағдайда жіберілген қателер диктантта қате деп саналмайды.

«5» бағасы оқушы барлық тапсырмаларды қатесіз орындаған, түсініктерді, анықтамаларды, ережелерді саналы түрде меңгеруін анықтаған және жұмысты орындау барысында білімін өз бетінше қолдана алған жағдайда қойылады;

«4» бағасы оқушы ережелер мен анықтамаларды саналы түрде меңгерсе; сөз, сөйлем талдау барысында білімдерін қолдана білсе, кемінде тапсырмалардың 3/4 бөлігін дұрыс орындаса (1-2 қате жіберілсе), қойылады;

«3» бағасы оқушы оқылған тақырыптардың белгілі бір бөліктерін меңгерген, тапсырмалардың жартысынан артығын дұрыс орындаған жағдайда (3-5 қате жіберілсе) қойылады;

«2» бағасы оқушының оқу материалын нашар білетіні анықталса, көптеген грамматикалық тапсырмаларды орындай алмаса (5-тен артық қате жіберілсе), қойылады.



Мазмұндаманы, шығарманы ұйымдастыру және өткізу.

3, 4-сыныптарда оқушылардың өз ойын жазба тілде тиянақты түрде жеткізу білігін тексеру мақсатында мазмұндама, шығарма жазуға үйрететін жұмыс жүргізіледі. Осы жұмыстарға 1 сағаттан кем емес уақыт бөлу ұсынылады. Үйрету сипатындағы шығармашылық жұмысты жүргізудің кезеңділігі – шамамен 15 күнде бір рет.

Мазмұндама тақырыптарының көлемі диктант мәтіндерінің көлеміне қарағанда шамамен 15-20 сөзге артық болуы тиіс.

Шығарма тақырыбын таңдауда оның өмірмен байланыстылығы, балалар тәжірибесі мен қызығушылығына жақындығы, мазмұнының, мәтін құрылысы мен оның тілдік безендірілуінің қолжетімділігі ескерілуі қажет.

Бастауыш сыныптарда мазмұндама мен шығарма үйретушілік сипатта болатынын ескере отырып, үйретушілік сипаттағы шығарма мен мазмұндама үшін қанағаттанарлықсыз баға қойылмайды, қанағаттанарлықсыз баға тек 4-сыныптың бірінші жартыжылдығы соңында бақылау мақсатындағы шығарма үшін және оқу жылының соңында бақылау мақсатындағы мазмұндама үшін қойылады.

3-cыныпта мазмұндама, шығарманы тексергенде,. 1 баға қойылады; 4-сыныпта мазмұндама және шығарма үшін 2 баға қойылады: 1 баға – мазмұны үшін, 1 баға сауаттылығы үшін.

«5» деген баға автордың мәтіні (мазмұндама) жүйелі әрі дұрыс баяндалса; тақырып толығымен ашылған болса, сөздік қоры бай және сөздерді қолдануда, сөз тіркестері мен сөйлемдерді құруда кемшіліктер жоқ болса; сондай-ақ орфографиялық қате (1-2 түзету рұқсат етіледі) жіберілмесе, қойылады.

«4» деген баға жұмыста автор мәтіні (мазмұндама) дұрыс, барынша толық берілген, мәтін мазмұны ашылған (шығарма), бірақ ойды баяндаудың бірізділігі шамалы ауытқыған, аздаған (1-2) фактілік және сөз қателері, сондай-ақ 1-2 емле қате, 1-2 түзету болған жағдайда қойылады.

«3» деген баға мәтін мазмұнында ауытқушылықтар бар (мазмұндама), тақырыптан біршама алшақтаған (шығарма), ойдың баяндау бірізділігі бұзылған жағдайда, 2-3 сөйлем құрылысында кейбір кемшіліктер болғанда, сөздік қоры аз, 3- 6 қате және 1-2 түзету болғанда қойылады;

«2» деген баға қорытынды мазмұндама мен шығармалар мазмұнынан айтарлықтай алшақтаған, қателері көп, ой жүйесі сақталмаған, бөлімдер арасында байланыс жоқ, сөздік қоры жұтаң, 6-дан артық қате және 3-5 түзету болған жағдайда қойылады.

Үйрету мақсатындағы мазмұндама мен шығарма сыныпта мұғалімнің басшылығымен орындалады. Оқушыларға (3, 4-сыныптар) мазмұндама жазғызу оқулық мәтіні және таныс емес мәтіндер негізінде кезектестіріп жүргізілуі керек.

Сөздік диктанттар ағымдағы тексеру жұмысы және бақылау (тоқсанына 1 рет) ретінде өткізіледі. Сөздік диктанттардың мазмұны жазылуы ережемен реттелмейтін сөздерден құралады.



Сөздік диктантқа берілетін сөздер саны:

  • 3-сыныпта – 8-10 сөз;

  • 4-сыныпта – 10-12 сөз.

Сөздік диктантты бағалау:

«5» – қатесіз;

«4» – 1 қате, 1 түзету жіберілсе;

«3» – 2 қате бар, 1 түзету жіберілсе;

«2» – 3-5 қате жіберілсе.

Тест тапсырмаларын бағалау

Оқушыларды тапсырманы орындауға алдын ала дайындау қажет. Ол үшін алдыңғы сабақтардың бірінің соңындағы 10-15 минутты бөлу керек. Тестілеудің тапсырмаларына ұқсас 1-2 тапсырманы тақтаға жазып қойып, оларды оқушылармен бірге орындау ұсынылады.


10-кесте – Тест тапсырмаларын бағалау нормасы


Базалық деңгей

0 - 60%

60 - 77%

77 - 90%

90 - 100%

бағасы «2»

бағасы «3»

бағасы «4»

бағасы «5»

Төмендегі 11-кестеде тоқсандар бойынша қазақ тілінен ұсынылатын қорытынды бақылау жұмыстарының саны көрсетілген.


11-кесте – Қорытынды бақылау жұмыстарының саны (грамматикалық тапсырмалары бар диктанттар)


Тоқсан

3-сынып

4-сынып

Тақырыптық

Бақылау

Тақырыптық

Бақылау

I

2

2

2

2

ІІ

2

1

2

1

III

2

1

2

1

IV

2

1

2

1

Барлығы

8

5

8

5

12-кесте – Қорытынды бақылау жұмыстарының түрлері



Жұмыс түрлері



Сыныптар

III

IV

I жартыжылдық

II жартыжылд.

I жартыжылдық

II жартыжылд.

Мәтінді бақылау ретінде көшіру

1

2

1

1

Бақылау шығармасы

-

-

1

-

Бақылау мазмұндамасы

-

-

-

1

Бақылау сөздік диктанты

2

2

1

1

Төмендегі 13-кестеде 3, 4-сынып оқушылары үшін ұсынылатын диктант мәтінінің көлемі көрсетілген.


13-кесте – Диктант мәтінінің көлемі


Сыныптар

Тоқсандар/сөздер саны

I

II

III

IV

3-сынып

32-35

35-40

40-55

55-60

4-сынып

63-65

65-68

68-70

70-75


Грамматикалық тапсырманы орындағандағы бағалау нормасы

«5» бағасы барлық тапсырмалар қатесіз орындалса, қойылады.

«4» бағасы оқушы кемінде тапсырмалардың 3/4 бөлігін дұрыс орындаса, қойылады.

«3» бағасы егер оқушы тапсырмалардың 1/2 бөлігінен артығын дұрыс орындаса, қойылады;

«2» бағасы егер оқушы кемінде тапсырмалардың 1/2 бөлігін дұрыс орындаса, қойылады.

Мәтінді көшіріп жазудан (оқулықтан, тақтадан және т.б.) тұратын оқушылардың жазбаша ағымдық және қорытынды тексеру жұмыстарын жүргізуде төмендегі нормалар қолданылады:


14-кесте – Мәтінді көшірудің көлемі


Сыныптар

Тоқсандар

I

II

III

IV

3-сынып

40-45

45-50

50-55

55-60

4-сынып

63-65

65-68

68-70

70-75

15-кесте – Мәтінді көшірудің бағалау нормалары




Бағалар

3-сынып

4-сынып

«5»

қатесі жоқ

қатесі жоқ

«4»

1 қате, 1 түзету

1 қате, 1 түзету

«3»

2 қате, 1 түзету

2 қате, 1 түзету

«2»

3 қате, 1-2 түзету

3 қате, 1-2 түзету



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет