ОҚу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы



бет12/14
Дата08.06.2018
өлшемі1,42 Mb.
#41138
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Ауыл мектептерінде

Қала мектептерінде

1.

Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау.



1.

Қауіпсіздік техникасы және еңбекті

2.

Ауылшаруашылық өндірісіндегі техника



қорғау.

және технология.

2.

Ағашты және ағаш материалдарды



3.

Ағашты және ағаш материалдарды қолмен

қолмен және механикалық өңдеу

және механикалық өңдеу технологиясы.

технологиясы.

4.

Металды қолмен және механикалық өңдеу



3.

Металды қолмен және механикалық

технологиясы.

өңдеу технологиясы.

5.

Сәндік қолданбалы өнерінің



4.

Сәндік қолданбалы өнерінің

элементтерімен көркем материалдарды өңдеу

элементтерімен көркем материалдарды

технологиясы.

өңдеу технологиясы.

6.

Электротехника және электроника



5.

Электротехника және электроника

негіздері.

негіздері.

7.

Үй мәдениеті. Үй шаруашылығындағы



6.

Үй мәдениеті. Үй шаруашылығындағы

жөндеу жұмыстар.

жөндеу жұмыстар.

8.

Шығармашылық жобалау саласы.



7.

Шығармашылық жобалау саласы.

9.

Қазіргі заман өндірісі және техникалық



8.

Қазіргі заман өндірісі және техникалық

кәсіби білім.

кәсіби білім.

Технологиялық дайындықты ұйымдастырудың әдістері мен түрлерін қолдану оқушылардың дайындық деңгейіне, олардың оқу-еңбек, қызмет көрсету іс-әрекеттеріне араласуға дайындығының деңгейіне байланысты анықталады.

Сабақ өткізу барысында қазіргі заманғы оқыту технологияларын қолданады, пішіндер, ұйымдастыру әдістері және оқу процестерін қадағалау және оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары, «Технология» пәнін оқыту барысында ерекше сапалыларын іске асыруға арналған дидактикалық талаптар.

Басым әдістер – жаттығу, практикалық-оқу жұмыстары, жобалау әдістері болып келеді. Жыл қортындысы бойынша ұсынылған, жобаларын жасауы және қорғау. Жобалар жеке, сондай-ақ, топ оқушыларының орындауымен де болуы мүмкін.

10-11-сынып оқушыларымен кәсіби бағытты апталық өткізу барысында мақсатқа лайықтылық, қалыптастыруға дайындық кәсіби шешім қабылдау, тренинг сабақтар өткізу, сонымен қатар, сана-сезімімен қажетті негізгі және қосымша (ықтималды) варианттарды таңдау үшін жұмысқа тұру немесе білім беру саласының траекториясы, әмбебап қабілеттерінің дамуы, керекті кәсіптік ұтқырлық үшін және бәсекелестік қабілеттілік.

Сабақтарда тұлғаның жеке қасиеттерін және зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталған мақсаттар жүзеге асырылады, бұл мақсаттар оқылатын тақырыптар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында орындалады.

Қоғам және адамның іс-әрекеті негізінде еңбек ең басты құндылық болып саналады, жалпыадамзаттық және ұлттық мәдени құндылықтарды қалыптастыру үшін «Технология» пәнінің мәдениеттің бастапқы қағидаларға сәйкес болу мүмкіндігі қарастырылған.

Соған байланысты 10-11-сынып материалдарында қыз балаларға келесі бөлімдер бойынша тақырыптар беріледі (13-кесте).


179

Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

13-кесте. Қыз балаларға арналған бөлімдердің тақырыптары



Ауыл мектептерінде

Қала мектептерінде

1.

Тағам әзірлеу технологиясы.



1.

Тағам әзірлеу технологиясы.

2.

Құрастыру, моделдеу және иық киім



2.

Құрастыру, моделдеу және иық киім

өнімдерін жасау. Қазақтың ұлттық киімін

өнімдерін жасау. Қазақтың ұлттық киімін

тігіп дайындау.

тігіп дацйындау.

3.

Жобаны қорғау.



3.

Жобаны қорғау.

Қолөнер кәсібі әрбір халықтың мәдениетінің материалдық тасымалдаушысы болып табылады. Сондықтан оқушылардың еңбек пен технологиялық мәдениетін қалыптастыру, оның тұлға ретіндегі еңбекқорлық, азаматтық және патриоттық қасиеттеріне тәрбиелеу және мектеп бітірушілердің еңбек нарығы жағдайында кәсіби өзін-өзі анықтауы мақсатында технология сабағында көпғасырлық халықтық және ұлттық қолөнерлерді міндетті түрде оқыту мен қолдануға назар аударуды ұсынамыз.

Қаладағы, ауылдағы және шағын жинақты мектептерде сыныптардың толымдылығына қарамастан ұл мен қыз топтарына бөлінуі іске асырылады.

Оқушылардың технология бойынша үй тапсырмасын орындаулары оқу процесінің қажетті элементтерінің бірі болып саналады. Дұрыс ұйымдастырылған жағдайда, үй тапсырмасы сабақта алынған білімді бекітуге және тереңдетуге, сабақта қарастырылған тақырыптарға қызығушылықтарын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

10-11-сыныптарда « Технология» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі әрбір сыныпта аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты құрайды.

«ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ

Дене шынықтыру

Оқу пәні ретінде дене шынықтыру жалпы білім беретін мектепте маңызды рөль атқарады, жалпыадамзаттық мәдениет саласында белсенді шығармашылық түрде өзін-өзі жүзеге асыруға дайын тұлға қалыптастыруға мүмкіндік береді.



Оқыту мақсаты:

қимыл-қозғалыс негіздерін игеру арқылы оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру;

физикалық және психикалық қасиеттерінің толық дамуын;

салауатты өмір салтын ұйымдастыруда дене тәрбиесі құралдарын шығармашылық жолмен қолдану.



Оқыту міндеттері:

денсаулықты нығайту, ағзаның қызметтік мүмкіндіктерін арттыру және негізгі физикалық (дене) қасиеттерін дамыту;

базалық спорт түрлерінің техникалық-тактикалық іс-қимыл әдістерін жетілдіру;

өз денсаулықтарына ықтиярлықпен қарау, денсаулықты сақтау мен нығайту қажеттілігін қалыптастырып тәрбиелеу;



180

Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

дене шынықтыру және спорт туралы, олардың тарихы, қазіргі дамуы және салауатты өмір салтын қалыптастырудағы рөлі туралы білімдерін шыңдау;

тұлғаны оң қасиеттерге тәрбиелеу, оқу және жарыс әрекеттерінде ұжымдық әрекеттестік пен ынтымақтастықтың межелерін сақтау.

Оқу бағдарламасы екі бөлімнен тұрады: «Дене шынықтыру туралы білім» (ақпараттық компонент), «Денені жетілдіру және шеберлік» (әрекеттік компонент).

Вариативті компонент дене шынықтыру мұғалімі оқу процесінің сан-алуан түрлерін қолдануға және оқытудың заманауи әдістері мен педагогикалық технологияларын енгізуге бағдарлайды. Вариативті компонент мектептің тұрған орны, материалдық базасы мен аймақтың орналасу ерекшеліктерін, мұғалімнің мүмкіндіктері мен оқушының қызығушылықтарын ескеру қажеттілігіне негізделгендіктен, оқу материалдарын жергілікті білім беру мекемелері ұсынады және оны дене шынықтыру мұғалімі әзірлейді.

Бағдарламалық талаптарды ескеріп, әрбір оқушының жеке мүмкіндіктері мен жыныстық даму ерекшеліктерін бағамдай отырып, мұғалім өздігінен жеке талаптар қойып (қорытынды тапсырмалар), талаптардың өзіндік шкаласын құруына және сол бойынша оқушылардың жылдық үлгерімдерін бағалауына болады. Осындай өзіндік жол дене шынықтыру мұғаліміне оқыту-үйретудің барлық кезеңдерінде оқушылардың даму деңгейлерінің жеке жас ерекшеліктерін ескере отырып, сабақ үлгерімдерін шынайы бағалауға мүмкіндік береді.

Сабақтарда тұлғаның жеке қасиеттерін және зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталған мақсаттар жүзеге асырылады, бұл мақсаттар оқылатын тақырыптар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында орындалады.

Бағдарламаның ұйымдастыру-әдістемелік талаптары:

мұғалім өз тәжірибесіне сүйеніп, балалармен нақты жағдайдағы жұмыс дағдысына байланысты ұсынылып отырылған бағдарламаның қай бөлімін болмасын өзінің материалдарымен толықтыруға (немесе түзетулер енгізуге) құқылы. Оқушыларға қойылатын негізгі талаптар жүзеге асыру барысында;

мұғалім апта кестесіндегі сабақ санына сәйкес оқушылардың даярлығы мен сабақтың нақты жағдайына қарай өз жұмысын ұйымдастырады;

оқушылардың қозғалыс ойындарын игеруін тексеру мақсатында бақылау-сынақ алу сабақтары өткізілуі тиіс;

дене тәрбиесі сабақтарының тиімділігі екі параметр бойынша бағаланады: а) жекелеген бақылау нормативтерінің нәтижелері; ә) мұғалімнің таңдауы бойынша (Президент сынамалары нормативтерін орындау нәтижелері).

«Шаңғы дайындығы» және «Жүзу» тараулары бойынша сабақтарды толық мәнінде жүргізуге мүмкіндігі жоқ республиканың аймақтарында оларды алмастыру ұсынылады. Мектеп ұжымының педагогикалық кеңесінің шешімі бойынша бұл сабақтар тиісінше дала жарысымен (кросс дайындығымен) және гимнастикамен (ырғақты, атлетикалық, кәсіби-қолданбалы) алмастырылуы мүмкін.


181

Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

«Дене шынықтыру» пәнін оқыту барысында оқушыларды топқа бөлу барлық қажетті медициналық құжаттардың ұсынуымен, медициналық тексерістің нәтижесі көрсетілген анықтаманың негізінде іске асырылады.

«Дене шынықтыру» пәні сабақтарын ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы әдістемелік құралдар әзірлеп, орталықтың сайтына орналастырылған (www.nnpcfk.kz).

Типтік оқу жоспарына (ҚР БҒМ 2013 жылғы 25 шілдедегі № 296 бұйрығына) сәйкес дене шынықтыру пәнінің оқу жүктемесі:

10-сынып – аптасына 3 сағат, жылына барлығы – 102 сағатты ; 11-сынып – аптасына 3 сағат, жылына барлығы – 102 сағатты құрайды.

Алғашқы әскери дайындық

«Алғашқы әскери дайындық» (бұдан әрі – АӘД) меншік түрі мен ведомствалық бағыныстылығына қарамастан, барлық типтегі жалпы білім беретін мектептерде, орта арнаулы оқу орындарында (колледждерде), кәсіптік-техникалық мектептерде әскерге шақырылуға дейінгі және әскерге шақырылу жасындағы білім алушы жастардың міндетті оқытылатын пәні болып табылады.

Жалпы білім беретін мектептің 10-11-сыныптарында «Алғашқы әскери дайындық» пәні бойынша оқыту ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының білім беру мекемелерінде жастарды алғашқы әскери қызметке даярлау, өткізу және ұйымдастыру үшін негіз болып табылған құжаттар мыналар:

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңы.

«Азаматтарды әскери қызметке даярлау, ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ, алғашқы әскери дайындық бойынша оқу-материал базасын құру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Ре спубликасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 ақпандағы №118 қаулысының күші жойылды, оны «Бастапқы әскери

даярлықты ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ оның оқу-материалдық базасын қалыптастыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 609 бұйрығымен

ауыстыру қажет.

Алғашқы әскери даярлау теориялық және практикалық сабақтарда іске асырылады. Теориялық сабақтар оқытудың дидактикалық материалдарын, техникалық құралдар мен инновациялық әдістерді қолдана отырып әңгімелеу және сұхбаттасу түрінде өткізіледі. Практикалық сабақтар қарулану және әскери-техникалық мүлікті, құралдарды және өзге де жабдықтарды қолдана отырып оқу материалын игеруге бағытталған.



Оқу пәнінің мақсаттары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет ету туралы түсінігін және әскери іс негіздері бойынша оқушылардың

182

Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

білімдерін қалыптастыру, оқушылардың өмірлік қабілеттері мен дағдыларының дамуын қалыптастыруға ықпал ету.



Оқу пәнінің міндеттері:

оқушыларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет ету үшін алғашқы әскери дайындықтың теориялық тиянақты білімдері негізінде, практикалық дағдыларды меңгере алатындай жағдайда даярлау;

оқушыларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметі туралы біртұтас түсінігінің өзара үйлесімді жүйесін қалыптастыру.

Сабақтарда тұлғаның жеке қасиеттерін және зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталған мақсаттар жүзеге асырылады, бұл мақсаттар оқылатын тақырыптар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында орындалады.

Оқу пәнінің мазмұны мен құрылымы кіріспе сабақ, әскери істің негіздері бойынша тараулар, азаматтық қорғаныс және медициналық білім негіздерінен тұрады. Оқу орындарын қару және өзге де әскери-техникалық құралдармен, оқу құралдарымен қамтамасыз ету оқу орнының есебінен іске асырылады.

Оқушылардың практикалық дағдылары мен біліктіліктерін шыңдау және жетілдіру, сонымен қатар әскери істі оқу-үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында оқу жылының соңында спорттық-қорғаныс сауықтыру лагерлерінде, әскери бөлім (ӘБ) базаларында (ӘБ басшылығымен келісе отырып) 10-сынып ұлдарымен 30 сағат көлеміндегі бескүндік далалық оқу жиыны (ДОЖ) өткізіледі. Далалық оқу жиындары алғашқы әскери дайындық курсын өту бағдарламасының міндетті кезеңі болып табылады. Ол жергілікті атқару органдарымен ұйымдастырылады және білім беру мекемелерінде қарастырылған вариативті (өзгермелі) сағат есебінен қамтамасыз етіледі.

11-сынып оқушыларының АӘД пәні бойынша нормативтер мен практикалық жаттығуларды орындауларын бағалау мақсатында, оқу жылының соңында 4 сағат көлеміндегі қорытынды тексеру сабақтары (сынақ) қарастырылған.

10-сыныпта өткізілетін әскери топография сабақтарында оқушыларға басқа (бөтен) жерлерде картасыз бағдарлау, сол ауданда өзінің орналасқан орнын анықтау және азимут бойынша жүру бағытын компастың көмегімен және компассыз табуды үйренеді. Ал, 11-сыныпта оқушылар азаматтық қорғаныс және медициналық білім негіздері сабақтарында бейбіт уақытта және соғыс кездерінде, табиғи апаттар, ірі көлемдегі зілзалалар және жаудың қазіргі заманғы қырып-жою қаруларын қолданған кезде Қазақстан Республикасының халқын қорғау бойынша іске асырылатын іс-шаралар үйретіледі. Сонымен қатар төтенше жағдайлар пайда болған аудандарда және зақымдану ошақтарында қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ жарақаттанған адамдарға алғашқы дәрігерлік көмек көрсету ережелерімен танысады.

Әрбір оқу орнында меншіктік түрі мен формасына қарамастан АӘД бойынша келесі оқу-материал базасы құрылады және жетілдіріліп отырады:

қамтамасыз ету табеліне сәйкес көрнекі құралдар, АӘД оқытудың көрнекілік, техникалық құралдарымен, стендтермен жабдықталған оқу бөлмесі;

алғашқы әскери дайындық, тіршілік қауіпсіздігінің негіздері және азаматтық қорғаныс, медициналық білім бойынша арнайы жабдықтарды


183

Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

сақтауға арналған бөлме;

саптық дайындық бойынша сабақ өткізу алаңы;

рота бойынша күндізгі кезекшінің міндеттерін іс жүзінде үйрететін

орын;

сақшының міндеттерін үйретуге арналған орын;



тактикалық алаң;

кедергілерден өту жолының кешені;

жабдықталған ату тирі;

әскери және еңбек даңқының бұрышы.

Оқу орындарын қару және өзге де әскери-техникалық құралдар макеттерімен, оқу құралдарымен қамтамасыз ету оқу орнының есебінен іске асырылады.

«Алғашқы әскери дайындық» пәні бойынша оқу жүктемесі:

10-сыныпта – аптасына 1 сағат, жылына барлығы 34 сағат, қосымша далалық оқу жиынына 30 және сынаққа 4 сағат вариативті бөлімнен қарастырылған;

11-сыныпта – аптасына 1 сағат, жылына барлығы 34 сағатты құрайды.

184


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

6 ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТЕРДЕ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2016-2017 оқу жылында шағын жинақты мектептерде білім беру қызметін ұйымдастыруда Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңы», Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Жалпыға міндетті білім беру стандарты, «Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі №375 бұйрығы (3-қосымша) (бұдан әрі – Типтік ереже) басшылыққа алынады.

Шағын жинақты мектептің өзіндік ерекшеліктері және қиындықтары бар, оларды оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда ескеру қажет: материалдық-техникалық базасының әлсіздігі және инфраструктураның дамымағандығы, әртүрлі жастағы біріктірілген сыныптарда оқыту қиындығы, педагогикалық кадрлардың, оқу-әдістемелік және ақпараттық ресурстардың жеткіліксіздігі. Оқушылар санының аздығы бәсекелестікті және коммуникативті іскерліктердің дамуын төмендетеді. Шағын жинақты мектептің жағдайлары оқушыларды бейінді пәндермен және олардың кәсіби бағытын ескеретін таңдау бойынша курстармен толық қамтамасыз ете алмайды.

Шағын жинақты мектеп (бұдан әрі ШЖМ) өзінің білім беру әрекетінде келесі ұстанымдар мен тәсілдерді басшылыққа алады:

білім алушылардың әртүрлі жаста екендігін ескеру;

бір пәндік және бір тақырыптық ұстанымдарға негізделген кіріктіре оқыту сабақтарын ұйымдастыру;

біріктірілген сыныптар үшін сабақ кестесін икемді етіп құрастыру;

даралап және саралап оқыту;

оқу процесінің технологиясы мен мазмұнының икемділігін және вариативтілігін жүзеге асыру;

білім алушылардың өздігінен білім алу қабілетін дамыту;

тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда мәдени орталықтардан шалғай орналасқандығын ескеру;

оқушылардың оқу барысындағы бір–біріне өзара көмектесуі және ынтымақтастығы.

Типтік ережеге сәйкес шағын жинақты мектептерде жекелеген пәндерді оқыту кезінде және сыныпта 10-16 білім алушы болған жағдайда сынып кіші топтарға бөлінеді.

Сыныптарды басқа бір сынып-кешенге біріктіргенде әртүрлі жастағы білім алушылардың саны 10-нан аспауы тиіс. ШЖМ-дегі сыныптардың толымдығы 3-10 адам және одан көп адамға дейін рұқсат етіледі.

Мектептiң бастауыш білім беру деңгейінде оқушыларды сыныптық-құрамдарға бiрiктiрудiң мынадай нұсқалары болуы мүмкiн: 2+3, 3+4; 2+4,

2+3+4.

1-сынып оқушылары жеке оқытылуы тиіс, себебі мектепке енді қадам басқан оқушылардың оқу әрекетiне бейiмделуі, талаптануы, зейіннің



185

Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

тұрақтануы мен ынтасының артуы үшiн оларды сынып-кешеніне қоспай, жеке оқыту керек.

Екі немесе үш сыныпты бiрiктiру қажет болған жағдайда (мысалы, 2+3+4), әрбiр сыныппен сабақтың белгiлi бiр бөлiгiн жеке өткiзу үшiн жағдай жасау мақсатында сабақтың жылжымалы кестесiн қолданған дұрыс.

Бастауыш шағын жинақты мектеп жағдайында балалардың бағдарламалық материалдармен ұйымдастырылатын өзiндiк жұмысына кететiн уақыт мөлшерi сақталуы керек:

- жазу сабағы бойынша: 2-сыныпта 20 минуттан, 3 -сыныпта 25 минуттан; - математика сабағы бойынша: 2-сыныпта 15 минуттан, 3-сыныпта

20 минуттан аспауы тиiс.

Мектептiң негiзгi орта және жалпы орта білім деңгейлерінде сыныптарды бiрiктiру әр сыныптағы оқушылар санына байланысты.

Оқушылар санының аз болуы жағдайында сыныптарды мынадай тәртiпте біріктірген дұрыс: 5+6; 6+7; 7+8. Мұндай бiрiктiруде бір пәндік ұстанымға негізделген пән ішіндегі мазмұны ұқсас тақырыптарды кіріктіре оқытуға болады.

Пәнішілік байланысты жүзеге асыруға болмайтын жағдайда пәнаралақ кіріктіре оқыту мүмкіндігін қолдануға болады. Сабақтас пәндерді кіріктіре оқытуды ұйымдастырғанда пәндерді келесідей кіріктіре оқыту: тіл - әдебиет, тарих-әдебиет, химия-биология, тарих-география, география-биология, математика-информатика, физика-химия және т.б. ұсынылады.

Кіріктірілген сабақтардың негізіне білім беру мазмұнының басты элементтерін бөлуге мүмкіндік беретін, жүйені құрайтын идеяларды, түсініктерді, оқу әрекетінің тәсілдерін дамытуды қарастыратын пәнаралық байланыстар салыну керек. Кіріктіру, бір жағынан «әлемді біртұтас» көрсетуге мүмкіндік береді, басқа жағынан бейінді саралау үшін қолдануға болатын оқу уақытын босатады.

Біріктірілген сыныптарда пәнішілік кіріктіре оқытудың мұғалімдер мен оқушылар үшін төмендегідей артықшылықтары бар:

білім беру саласындағы пәндердің мазмұнын әртүрлі деңгейде тұтастай

игеру;

оқушылар әртүрлі сыныпта оқығанымен, олардың назарын бір пәннің мазмұнындағы ұқсас тақырыптарды білім, білік дағдылар негізінде кешенді игеруге бағыттау;



ұжымдық оқыту әдісін тиімді қолдану және білім алушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту;

жоғарғы сынып білім алушылары өзінің білімін кіші жастағы сынып оқушыларын оқыту және бағалау кезінде қолдану.

9, 11-сыныптар мектепті бiтiрушiлер болғандығын ескере отырып, олардағы бала саны аз болған жағдайдың өзінде де өзге сыныптармен қосып оқытылмайды.

Шағын жинақты мектептегі қызметті ұйымдастыру дамытатын педагогикалық ортаны құруды талап етеді. Оның негізінде әртүрлі жастағы оқушылардың өзара нәтижелі әрекеттестігі мен өздігінен білім алу идеяларын



186

Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

жүзеге асыруға болады. Әртүрлі деңгейдегі бір сыныптың аясында оқытуды саралау мақсатында жеке және топтық кеңестер, оқушылармен үйірмелік және факультативтік жұмысты қолдану ұсынылады.

Шағын жинақты мектепте оқу процесін ұйымдастыруда тиімді педагогикалық технологиялар: деңгейлеп оқыту, саралап оқыту, ұжымдық оқыту, дидактикалық бірлікті ірілендіру, ақпараттық -коммуникативтік технологияларды қолдану, дамыта оқыту, модульдік оқыту, сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазу және т.б. қолданылады.

Деңгейлеп оқыту оқушылардың жас және білім деңгейі ерекшеліктерін ескере отырып, деңгейлік тапсырмалар беру арқылы олардың танымдық белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Ұжымдық оқыту әдісі динамикалық жұптар құра отырып, оқушылардың арасында олардың танымдық өзара қарым-қатынасын, бірін-бірі оқытуын ұйымдастыру болып табылады. Ұжымдық оқыту әдісі ауылдық жерлерде оқушылардың аздығы жағдайында балалардың қарым -қатынасының тапшылығын азайтуға, монологтік және диалогтік сөйлеу қабілеттерін дамытуға жағдай жасап, мұғалімнің жалпы сыныппен жұмысын азайтып, жекелей оқыту уақытын көбейтуге мүмкіндік береді.

Дидактикалық бірлікті ірілендіру (ДБІ) - ақпараттардың біртұтас игерілуін қамтамасыз ететін, мағыналық қисынды байланыстар негізінде білімдік ұғымдарды біріктіру жүйесі. Бұл технология оқу пәндері және салалас пәндер блоктарының ішіндегі материалдардың дидактикалық құрылымын құру арқылы аралас сынып сабақтарын ұтымды өткізуге мүмкіндік жасайды.

ШЖМ-ке электронды оқытуды енгізу жеке және өздігінен оқытуды кеңінен қолдану арқылы әртүрлі жастағы ұжымдарда педагогикалық әрекеттегі қиындықтарды еңсеруге мүмкіндік береді. Қашықтықтық технологияларды қолданатын электронды оқыту бейіналды дайындық пен бейінді оқытудың бірыңғай ақпараттық-білім беру ортасын құру үшін қосымша мүмкіндіктер береді. Физика, химия және биология бойынша виртуалды зертханалар болса, мұғалімдер аталған пәндерді меңгеруге қажетті оқу жабдығының жеткіліксіздігі мәселесін шеше алады. Сондай-ақ, педагог әрекеті ақпаратты жаңғырту емес, оқушыны оқу-танымдық процесте психологиялық-педагогикалық қолдайтын тьютор, сессиялық және сессияаралық кезеңдерде магниттік мектеп оқушыларының проблемалық аймақтарының орнын толтыру бойынша түзету жұмысын ұйымдастырушы рөлінде болады. Мұғалім-тьютордың көмекшісі рөлінде оқу материалын өздігінен игеру дағдылары мен іскерліктерін меңгерген оқушы да бола алады.

Ұлттық жобаны жүзеге асыру аясында электрондық оқытудың ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - ЭОАЖ) құрылды: білім беру ұйымдарының порталы, Ұлттық білім беру деректер қоры (бұдан әрі - ҰБДҚ), ішкі корпоративтік қор, электрондық кітапхана, білім беру ұйымын басқару жүйесі және электрондық оқытудың басқа да құрауыштары. Берілген электрондық оқытудың ақпараттық жүйесі https://e.edu.kz сайтында қолжетімді. ЭОАЖ-нің маңызды құрауышы 7511 цифрлық білім беру ресурстары (бұдан әрі - ЦБР) орналасқан электрондық кітапхана болып табылады.



187

Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

Цифрлық білім беру ресурстары – бұл оқу пәнінің нақты тақырыбына әзірленген, ЭОЖ-ге қосылған мектептерге онлайн қолжетімді цифрлық форматтағы дидактикалық материалдар. Әрбір ЦБР интегративті кешен және оқу пәнінің белгілі бір тақырыбы бойынша мультимедиялық түсіндіру, интерактивті тапсырмалар мен тестілеу сұрақтар элементтерінен тұрады. ЦБР-дің бұл құрылымы электрондық оқыту жүйесінде оқушылардың белсенді өзіндік жұмысын қамтамасыз етеді, ал мұғалімге сабақтың әрбір түрі немесе кезеңінің, яғни жаңа материалды түсіндіру, материалды бекіту немесе оны меңгеру деңгейін тексерудің нақты дидактикалық міндеттеріне байланысты оқытуды ұйымдастырғанда берілген ресурстарды қолдануға мүмкіндік береді.

Мұғалімдерге көмек ретінде цифрлық білім беру ресурстарын қолдану бойынша оқу-әдістемелік құралдар әзірленген. Олар ҚР БҒМ порталының (https://e.edu.kz/98) «Педагогтерге арналған басшылық» бөлімінде, сондай-ақ Ұлттық ақпараттандыру орталығының сайтында: http://nci.kz орналасқан және ашық қолжетімді.

Шағын жинақты мектеп жағдайында ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану арқылы ғылым мен мәдениет және т.б . салаларда ақпараттардың дереккөздерін, электрондық оқу материалдарын пайдалану, қашықтан оқыту, тірек мектебімен (ресурстық орталықпен) сессияаралық кезеңде байланыс орната отырып, олардың білім қорларын пайдалану жүзеге асырылады.

Әр оқушының жан-жақты дамуына жағдай жасау арқылы белсенді тұлға тәрбиелеуде дамыта оқыту технологиясының әдіс-тәсілдері кеңінен қолданылады.

Оқу процесінде әртүрлі білім құралдарын және педагогикалық технологияларды пайдалану келесі міндеттерді шешуге бағытталады:

- МЖМБС талаптарына сәйкес оқу пәндерінің мазмұнын игеру, оқушылардың білім сапасын арттыру;

белгілі практикалық іс-әрекеттер түрлеріне оқушылардың қабілеттерін дамыту;

оқу процесінде интерактивтік, электрондық, ақпараттық қорларды тиімді пайдалану;

оқыту деңгейі мен қарқынын, мазмұнның түрін кең таңдау;

белгіленген білім саласын тереңдетіп оқуға оқушылардың білім қажеттілігін қанағаттандыру;

оқушылардың коммуникативтік дағдыларын ашу және дамыту;

қашықтықтан оқыту.

Балалар мен жасөспірімдердің психологиялық-педагогикалық, физиологиялық - жасаралық және басқа да ерекшелік ұстанымдарын ескере отырып, оқыту технологияларының бағыттарын анықтау қажет. Шағын жинақты мектептер жағдайында инновациялық білім технологияларын жасау – уақыт талабы.

Қазақстан Республикасының әрбір өңірінде құрылған тірек мектептері (ресурстық орталықтар) шағын жинақты мектептерде білім сапасын арттыруда маңызды рөл атқарады. Қазіргі таңда жұмыс жасайтын мектептер базасында 149 ресурстық орталық құрылған, оған 464 магниттік шағын жинақты


188

Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

мектептер бекітілген.



Ресурстық орталықтар (тірек мектептер) өзінің білім беру әрекетінде келесі қағидаларға бағдарланады:

тірек мектебінің білім беру ресурстарына (оқу-әдістемелік, ақпараттық және материалды-техникалық) магниттік мектептің қолжетімділігін қамтамасыз ету;

ресурстық орталықтар (тірек мектептер) мен магниттік мектептердің білім беру процесін біріктіру және синхрондау мақсатында сессияаралық және сессиялық кезеңдердегі нақты, әрі бірізді өзара байланысқан бағдарламаларды әзірлеу;

кіріспе, аралық және қорытынды тестілеу нәтижесінің негізінде жеке траекторияны әзірлеу арқылы оқытуды жекелендіру;

сабақтарда, қосымша сабақтарда, шығармашылық зертханалар мен шеберханаларда, сыныптан тыс шараларда оқушыларды әлеуметтендіру және жағымды ынтаны қалыптастыруға қажетті жағдайларды жасау;

ресурстық орталықтың бірыңғай ақпараттық-білім беру ортасын ұйымдастыру мақсатында әртүрлі жастағы топ оқушыларының қызығушылықтарына, бейімділіктеріне және мүмкіндіктеріне сәйкес бірыңғай ақпараттық-білім беруші кеңістікті құру;

білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға жағдайлар жасау;

бейіналды дайындық және бейінді оқытуды ұйымдастыру арқылы оқушылардың ерте бейінділігін дамытуға жағдай жасау;

шеберлік сабақтарын, коучингтер мен семинарлар ұйымдастыру арқылы мектептің әдістемелік бірлестігінде және пән кафедраларында «бірдейлерді өзара оқыту» (магниттік мектептердің мұғалімдерін оқыту) негізінде ресурстық орталықта (тірек мектебі) қызметті ұйымдастыру.

Магнитті ШЖМ-нің оқу-тәрбие жоспарларын ескере отырып тірек мектебінде оқу-тәрбие жұмысының бірыңғай жоспарлары, бірыңғай жұмыс оқу жоспарлары, бірыңғай күнтізбелі-тақырыптық жоспарлау, әдістемелік жұмыстың жоспары, сессияаралық кезеңді жүргізу жоспары, тікелей сессияны жүргізу жоспарлары, қашықтықтан сессия өткізу жоспарлары, жобалық, зерттеушілік, бейінді бағыттағы арнайы курстардың бірыңғай бағдарламалары, оқытудың жеке маршруттарын әзірлейді және жүзеге асырады.

Тірек мектептер (ресурстық орталықтар) базасында шағын жинақты мектеп оқушыларына жылына үш рет (оқу жылының басында, ортасында жəне соңында) 10 күннен оқу сессиялары (бастапқы – қазан айының бірінші онкүндігінде, сессияаралық – ақпан айының бірінші онкүндігінде және қорытынды сәуір айының үшінші онкүндігінде) ұйымдастырылады.

Сессия басталғанға дейін магнитті ШЖМ білім алушыларын кіріспе тестілеп, оларды оқытудың жеке маршруттары анықталады, сессияаралық кезеңдегі жұмыс жоспарланады. Шағын жинақты мектеп оқушылары сессия кезінде оқу процесіне белсенді қатысады. Олар физика, химия, биология сабақтарында толық жабдықталған кабинеттерде зертханалық жұмыстарды орындауға және ақпараттық технологияларды белсенді қолдануға мүмкіндік алады.



189

Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

Биологияны оқыту кезінде зертханалық жұмыстарды тақырыптары бойынша біріктіру ұсынылады (мысалы, 6-сыныптағы 35 зертханалық жұмыстың кейбіреулерін «Өсімдік жасушасының құрылысы» бөлімі бойынша; «Тамыр», «Өркен», «Гүл, жеміс », «Гүлді немесе жабықтұқымды өсімдіктер», «Даражарнақтылар класы» тараулары бойынша, «Саңырауқұлақтар дүниесі» бөлімі бойынша біріктіруге болады).

Сессияаралық кезеңде шағын жинақты мектеп оқушыларының оқу-танымдық әрекеті тірек мектебі (ресурстық орталық) мұғалімдерінің қатысуымен жəне қашықтан оқыту технологияларының көмегімен жүргізіледі, сессияаралық кезеңде оқу қиындықтар аймағын жоюға жеке нұсқаулар беріледі. Магнитті мектеп оқушылары білімінің жоғарылауы мен кемшіліктерін айқын көруі үшін салыстырмалы талдау, мониторинг, графиктер салынады, шағын жинақты мектеп оқушыларының оқу қиындықтар аймағын жою бойынша дербестігін белсендету мақсатында түзету жұмыстары жүргізіледі. Жеке оқыту маршрутын жүзеге асыру бойынша қорытынды сессияда білім алушының негізгі пәндері мен таңдау курстары бойынша түйінді қиындықтары анықталып, олардың дайындық деңгейі бағаланады.

Тірек мектебінде (ресурстық орталық) қазақ, орыс, шет тілдерін, информатика пәндерін оқытқанда, ырғақ, музыка, дене шынықтыру, алғашқы әскери дайындық, технология сабақтарында, сондай-ақ, бейінді пәндер бойынша зертханалық және тәжірибелік жұмыс жүргізгенде кіші топтарға бөлу рұқсат етіледі. Пәндер бойынша кіші топтарға бөлу сынып толымдығы – 20-25 адам, ал 8-11-сыныптарда – 15-20 адам болғанда тірек мектебі (ресурстық орталық) Үйлестіру кеңесінің шешімімен жүргізіледі.



Магнитті мектептердің оқушыларының тірек мектебінде оқыту деңгейіне байланысты білім беру процесін келесідей ұйымдастыру ұсынылады:

Магнитті мектептердің 1-4-сыныптары сырттай оқиды, яғни шығармашылық, зерттеушілік жобаларды орындайды, сайыстарға дайындалады және т.с.с. Жылына бір рет тірек мектебіндегі конкурстар мен конференцияларға қатысу үшін бара алады.

5-7-сыныптар магнитті және тірек мектептеріндегі пән мұғалімдерінің жетекшілігімен қашықтан оқытылады (магнитті және тірек мектептерінде МТБ жеткілікті, интернет болған жағдайда). Бұл үшін кафедралар немесе МӘБ отырысында жұмыс жоспарлары, тесттік тапсырмалар әзірленеді. Сонымен қатар, магниттік мектептің мұғалімдеріне, оқушыларына арналған онлайн семинарлар ұйымдастырылады.

8-11-сыныптар тікелей оқытылады және сессияларға шығады (бейіналды және бейінді дайындықтың ұйымдастырылуымен). Сессияаралық кезеңді сессиялық кезеңмен сабақтастықты сақтай отырып жүргізу қажет. Берілген жұмыс тірек және магнитті мектептердің даму бағдарламасы мен шаралар жоспарына сәйкес ұйымдастырылуы керек.


190


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

7 МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Мамандандырылған білім беру ұйымдары тілдерді , ғылым негіздерін, мәдениет, өнерді терең меңгерген парасатты тұлға әлеуетін дамытуға бағытталған элитарлық білім беру іс-әрекеті қызметін ұйымдастыруда «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, ҚР ҚР МЖМБС-2012, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысымен бекітілген Мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары, сонымен бірге Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 27 қарашадағы №472 бұйрығымен бекітілген Мамандандырылған білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) басшылыққа алады.

Мамандандырылған мектептер (мамандандырылған мектеп, мамандандырылған лицей (мамандандырылған мектеп-лицей), мамандандырылған гимназия (мамандандырылған мектеп-гимназия)) (бұдан әрі

– мамандандырылған мектептер) іс-әрекет қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ, осы Қағидаларға және олардың негізінде әзірленген жарғыға сәйкес жүзеге асырады.

Мамандандырылған мектептер элитарлық білімді жалпы орта білім берудің бастауыш, негізгі орта, жалпы білім беретін оқу бағдарламалары және олардың негізінде әзірленетін мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары арқылы және оқытудың жоғарғы тиімділігін қамтамасыз ететін инновациялық педагогикалық технологияларды іске асыруы тиіс.

Үлгілік қағидаларға бойынша мамандандырылған мектептер білім беру процесін жалпы білім беру бағдарламаларына сәйкес білім берудің мынадай үш деңгейі бойынша жүзеге асырады:

бірінші деңгей - бастауыш білім беру;

екінші деңгей - негізгі орта білім беру;

үшінші деңгей - жалпы орта білім беру.

Мамандандырылған мектептерде білім беру процесін ұйымдастыру оқу жұмыс жоспарлары бойынша жүзеге асырылады.

Мамандандырылған мектептердің оқу жұмыс жоспарларын білім беру ұйымдарының әкімдігі бекітеді және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығымен, білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдармен келіседі.

Мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары негізінде әзірленеді және білім алушылардың тілдерді, ғылым, мәдениет, өнер, спорт негіздерін терең игеруіне, олардың шығармашылық әлеуеттері мен дарын-қабілеттерін дамытуға бағытталған.

Мамандандырылған мектептер оқу жоспарының вариативті бөлігі құрамына кіретін және бағыт ерекшелігін сипаттайтын оқу пәндері бойынша

191


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

жұмыстың оқу жоспары мен бағдарламаларын дербес жүзеге асырады. Дарынды балалармен жұмыс бағдарламалары бойынша негізгі көңіл

аударылатын ерекшеліктер:

Бағдарламаны бұдан әрі жетілдіруге арналған тұрақты мониторинг жасау және олардың қажеттіліктерін ескере отырып дарынды балалармен кешенді, жеке жұмыс жүйесін әзірлеуді қамтитын жеке тұлғаға бағытталған бағдарламаны құру.

Жаратылыстану және гуманитарлық ғылым, математика, физика саласында дарындылықты дамыту бағдарламаларын енгізу.

Бағдарламаның маңызды ерекшелігі эмоциональды интеллект қалыптастыру жүйесі бойынша болу керек.

Метакогнитивтік оқыту, сонымен қатар, мәселені шығармашылықпен шешу және стратегияларды таңдауда барынша сын тұрғысынан ойлауды дамытуға шоғырландыру.

Оқу бағдарламалары зерттеу дағдыларын дамытуға, тәуелсіз және өзіндік оқытуға бағытталған когнитивтік және метакогнитивтік дағдыларды дамытуға жағдай жасауы керек.

Гимназияда, лицейде және бейіндік мектепте оқу жоспарларын, сабақ кестелерін жасау кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы №179 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларына сәйкес жалпы білім беретін мектептердің құрылымы мен оны ұстау бойынша санитарлық ережелер мен нормаларды сақтау қажет.

Біріктірілген білім беру бағдарламалары пәнаралық, деңгейаралық, халықаралық болып бөлінеді. Біріктірілген білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін білім беру саласындағы ғалымдар, академиктер, шетел мамандары тартылады.

Саралап және жекелеп оқыту міндеттерін шешу, оқушылардың зерттеушілік қызығушылығын дамыту үшін әрбір бейіндік пән бойынша әр сыныпқа аптасына 4 сағат есебінен қаражат, оқушылардың шығармашылық және зерттеушілік қызметін дамыту бойынша жеке сабақтан тыс жұмыстар үшін әр сыныпқа 0,25 жүктеме бөлінеді.

Мамандандырылған білім беру ұйымдарының ерекшеліктерін ескере отырып, дарынды балалар үшін мектепке жылына 1500 сағат есебінен жоғары білікті мамандармен шарттық негізде жекелеген курстар мен дәрістерге ақы төлеу үшін қаражат бөлінеді. Ерекше дарынды оқушылармен бағдарламаларды жеделдетіп өткізуді ұйымдастырған жағдайда әр міндетті пән бойынша 0,25 жүктеме мөлшерінде қаражат бөлінеді.

Таңдау бойынша факультативтік сабақтар және курстар топтарда кемінде 10 адам болғанда жүргізіледі.

Мамандандырылған мектептер олардың жарғысында белгіленген нысандар, құралдар және оқу әдісін өздігінен таңдай алады.

Мамандандырылған мектептер ішкі бейіндік пәндер, сондай-ақ, білім алушылардың сұрауы және кадр әлеуеті мүмкіндіктеріне сәйкес қолданбалы курстар және факультативтер саласындағы білімін анықтайды.


192

Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

Мамандандырылған мектептерде сыныптарды қосымша бөлу жүйесі, икемді вариативті сабақ кестесі, деңгейлеп бөлу жүйесі, кеңес беру және таңдау пәндері бойынша жұмыс жасауды жүзеге асыру толық күн тәртібінде жұмыс істеуді талап етеді.

Мамандандырылған мектептердегі сынып-комплектісінің саны әрбір деңгейде және сыныптарда білім алушылардың санына қарай тиісті жағдайлар бар болғанда қалыптасады.

Мемлекеттік және орыс тілін, ақпараттық-есептеу техника, ритмика, хореография , музыка, дене шынықтыру, технологияны зерделеу, сондай-ақ, зертханалық жұмыстарды жүргізу, бейінді пәндер бойынша практикалық жұмыстарды жүргізу барысында сыныптар 2 топқа бөлінеді; шет тілін және шет тіліндегі пәндерді оқу барысында – 3 топқа бөлінеді.

Оқушылардың оқу-тәрбие іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру үшін 10 сынып-комплектісіне 1 жалақы мөлшерінде психологтің психологиялық қызметі құрылады, егер сынып-комплектісі көбейсе психологтің жалақы мөлшерінің саны тиісті жылға қарастырылған жалақы қорына байланысты

көбейтіледі.

Мамандандырылған мектептер өзінің бейініне сәйкес жоғары оқу

орындарымен және басқа да ғылыми мекемелермен ынтымақтастықты жүзеге асырады. Вариативті және кәсіби бағдарланған арнайы курс оқу бағдарламалары жоғары оқу орнының тиісті кафедралармен келісіледі.

Мамандандырылған мектептер ақылы қосымша білім беру қызметтерін көрсетеді. Ақылы білім беру қызметтерінің орнына және бюджеттен қаржыландырылатын негізгі білім беру қызметі шеңберінде тыйым салынады.

Интернаттық мекемелері (мамандандырылған мектеп -интернат, мамандандырылған мектеп-лицей-интернат, мамандандырылған мектеп-гимназия-интернат, мамандандырылған музыкалық мектеп-интернат, мамандандырылған спорттық мектеп-интернат, мамандандырылған әскери мектеп-интернат, қазақ-түрік лицейі) бар мамандандырылған білім беру ұйымдары (бұдан әрі – мектеп-интернаттар) қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ, осы Қағидаларға және олардың негізінде әзірленген жарғыға сәйкес жүзеге асырады.

Мектеп-интернаттар дарынды балалардың ғылым, мәдениет, өнер , спорт, әскери іс негіздерін терең игеруіне бағытталған , элитарлық білім беруді қамтамасыз ететін, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен олардың негізінде әзірленетін мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асырады.

Мектеп -интернат білім беру үдерісін жалпы білім беру бағдарламаларына сәйкес білім берудің мынадай үш деңгейі бойынша жүзеге асырады:

бірінші деңгей – бастауыш білім беру;

екінші деңгей – негізгі білім беру;

үшінші деңгей – жалпы орта білім беру.

Мектеп-интернатта білім беру үдерісін оқу жұмыс жоспарлары бойынша жүзеге асырылады.



193

Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

Мектеп-интернатының оқу жұмыс жоспарларын білім беру ұйымдарының әкімдігі бекітеді және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын » республикалық ғылыми -практикалық орталығымен, білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган келістіріледі.

Мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары негізінде әзірленеді және білім алушылардың ғылым, мәдениет, өнер, спорт негіздерін терең меңгеруіне, олардың шығармашылық әлеуеттері мен дарын-қабілеттерін дамытуға бағытталған.

Мектеп -интернаты оқу жоспарының вариативті бөлігі құрамына кіретін және бағыт ерекшелігін сипаттайтын оқу пәндері бойынша жұмыстың оқу жоспары мен бағдарламаларын дербес жүзеге асырады.

Біріктірілген білім беру бағдарламалары пәнаралық, деңгейаралық, халықаралық болып бөлінеді. Біріктірілген білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін білім беру саласындағы ғалымдар, академиктер, шетел мамандары тартылады.

Саралап және жекелеп оқыту міндеттерін шешу, оқушылардың зерттеушілік қызығушылығын дамыту үшін әрбір бейіндік пән бойынша әр сыныпқа аптасына 4 сағат есебінен қаражат, оқушылырдың шығармашылық және зерттеушілік қызметін дамыту бойынша жеке сабақтан тыс жұмыстар үшін әр сыныпқа 0,25 жүтеме бөлінеді.

Мамандандырылған білім беру ұйымдарының ерекшеліктерін ескере отырып, дарынды балалар үшін мектепке жылына 1500 сағат есебінен жоғары білікті мамандармен шарттық негізде жекелеген курстар мен дәрістерге ақы төлеу үшін қаражат бөлінеді. Ерекше дарынды оқушылармен бағдарламаларды жеделдетіп өткізуді ұйымдастырған жағдайда әр міндетті пән бойынша 0,25 жүктеме мөлшерінде қаражат бөлінеді.

Таңдау бойынша факультативтік сабақтар және курстар топтарда кемінде 10 адам болғанда жүргізіледі.

Мектеп-интернаттар олардың жарғысында белгіленген нысандар, құралдар және оқу әдісін дербес белгілейді.

Мектеп-интернаттар ішкі бейін пәндері, сондай-ақ оқушылардың сұранысы және кадр әлеуеті мүмкіндіктеріне сәйкес қолданбалы курстар мен факультативтер саласындағы білімін анықтайды.

Сыныптарды қосымша бөлу жүйесі, икемді вариативті сабақ кестесі, деңгейлеп оқыту жүйесі, кеңес беру және таңдау бойынша пәндер арқылы жалпы орта білім беру деңгейінде бейінді саралауды жүзеге асыру мектеп-интернаттан толық күн жұмыс істеуді талап етеді.

Мектеп -интернаттардағы сынып-комплектілер саны әрбір деңгейде және сыныптарда оқитындардың саны тиісті жағдайлар бар болғанда қалыптасады.

Мемлекеттік және орыс тілін, ақпараттық-есептеу техника, ритмика, хореография , музыка, дене шынықтыру, технологияны зерделеу, сондай-ақ зертханалық жұмыстарды жүргізу, бейінді пәндер бойынша практикалық жұмыстарды жүргізу барысында сыныптар 2 топқа бөлінеді; шет тілін және шет тілінде пәндерді оқу барысында – 3 топқа бөлінеді.


194

Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

Оқушылардың оқу-тәрбие іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру үшін 10 сынып-комплектісіне 1 жалақы мөлшерінде психологтің психологиялық қызметі құрылады, егер сынып-комплектісі көбейсе психологтің жалақы мөлшерінің саны тиісті жылға қарастырылған жалақы қорына байланысты көбейтіледі.

Мектеп-интернат өзінің бейініне сәйкес жоғары оқу орындарымен және басқа да ғылыми мекемелермен ынтымақтастықты жүзеге асырады.

Мектеп-интернат ақылы қосымша білім беру қызметтерін көрсетеді. Ақылы білім беру қызметтерінің орнына және бюджеттен қаржыландырылатын негізгі білім беру қызметі шеңберінде көрсетілмейді.


195


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

8 АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Арнайы мектеп, арнайы сыныптардағы оқу-тәрбие жұмысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 Қаулысымен бекітілген Арнайы білім беру ұйымдары қызметінің типтік ережелерімен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 4 шілдедегі № 258 бұйрығымен бекітілген даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдары түрлерінің қызметінің Типтік ережелерімен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 61 бұйрығымен бекітілген мүмкіндігі шектеулі оқушыларға бастауыш, негізгі орта, жалпы білім берудің үлгілік оқу жоспарларымен, ал 1-сыныптарда ҚР БҒМ № 233 бұйрығымен реттеледі.

Жалпы білім беретін мектептердегі арнайы сыныптар оқушылардың даму бұзылыстары түрлері бойынша сараланады:

есту қабілеті бұзылған балалар үшін;

көру қабілеті бұзылған балалар үшін;

сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар балалар үшін;

тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балалар үшін;

психикалық дамуы тежелген балалар үшін (бұдан әрі – ПДТ) – қалыпты психикалық даму қарқыны бұзылған;

зияты бұзылған балалар үшін (жеңіл және орташа деңгейдегі ақыл-ой кемістігі).

Үлгілік оқу жоспары оқу жүктемесін жалпы білім беретін пәндер, түзету курстары, еңбекке дайындық курстары және факультативтік сабақтар арасында бөледі.

Есту қабілеті, көру қабілеті, тірек-қимыл аппараты бұзылған, сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар және психикалық дамуы тежелген білім алушыларға арналған Үлгілік оқу жоспарының инвариантты бөлігіндегі жалпы білім беретін пәндердің тізімі және олардың негізгі мазмұны ҚР МЖМС 1.4.002-2012 талаптарына сәйкес. Оқыту білім алушылардың психофизикалық ерекшеліктері мен танымдық мүмкіндіктерін ескере отырып бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламалары негізінде әзірленген арнайы білім беру бағдарламаларын да және жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын да пайдалану арқылы іске асырылады.

2014 жылы бастауыш білім беру деңгейінің арнайы білім беру бағдарламалары келесідей бағыттарда әзірленіп, Академияның сайтына орналастырылды (www.nao.kz):

1) есту қабілеті бұзылған (естімейтін) оқушылар үшін; 2) есту қабілеті бұзылған (нашар еститін, кейіннен естімей қалған)

оқушылар үшін; 3) көру қабілеті бұзылған (көрмейтін, нашар көретін) оқушылар үшін;

4) сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар оқушылар үшін;

5) психикалық дамуы тежелген оқушылар үшін;



196

Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

жеңіл ақыл-ойы кем балалар үшін;

орташа ақыл-ойы кем оқушылар үшін.

Оқу процесінде арнайы оқулықтар мен ОӘК, сонымен қатар, жалпы бағыттағы мектептерге арналған оқулықтар мен ОӘК пайдаланылады. 0 (дайындық) және 10 сыныптар есебінен мектептегі оқу ұзақтығын арттыру білім алушылардың даму ауытқушылықтарымен байланысты оқу процесінде бағдарламалық материалды игерудің қиындығын ескеру қажеттілігімен, сондай-ақ, оқу процесінде түзету-оңалту іс-шараларына арнайы уақыт бөлу қажеттілігімен байланысты.

Зияты зақымдалған оқушыларға арналған Үлгілік оқу жоспарындағы бөлімдер мен оқу пәндерінің тізімі , сонымен қатар, оқу бағдарламалардың мазмұны мен оқулықтар ҚР МЖМС 1.4.002-2012 талаптарына бағытталмаған. Мектептегі барлық оқыту жылдары ағымында ақыл -ойы кем білім алушыларды оқыту арнайы бағдарламалар, оқулықтар және ОӘК бойынша іске асырылады.

Арнайы мектептің (сыныптардың) педагогтері сынып құрамын есепке ала отырып, оқулық, оқу құралдарын, дидактикалық, түзету-дамытушылық материалдарды таңдау құқығына ие. Елдің арнайы мектептері үшін әзірленген оқулықтар мен ОӘК болмаған жағдайда РФ әзірленген және шығарылған оқулықтар мен дидактикалық материалдарды пайдалануға болады.

Мүмкіндігі шектеулі оқушыларды оқытатын білім беру ұйымдары білім мазмұнының ерекшелігін және білім алушылардың мүмкіндіктерін ескере отырып оқушылардың үлгерімі мен аралық аттестациялау формаларын, тәртібі мен ағымдағы бақылау жүргізу мерзімін анықтайды.

Үлгілік оқу жоспарының негізінде білім беру ұйымы әрбір сынып үшін олардың мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін ескере отырып Оқу жұмыс жоспарын құрады. Үлгілік оқу жоспарының 15-20% сағаты оқушылардың ерекше оқытуды қажет етуіне сәйкес қайта бөлуге болады (үлгілік оқу жоспарындағы жалпы сағат саны аясынан шыкпай).

Білім беру ұйымдары үйде оқитын оқушылардың ата-аналарымен (немесе оларды алмастыратын тұлғалармен) бірге зерделенетін пәндер тізімін анықтайды, сыныптар бойынша олардың жеке мүмкіндіктеріне сәйкес үйде оқытудың Үлгілік оқу жоспарында бөлінген сағат шегіндегі пәндер бойынша сағаттарды бөледі.

Арнайы мектептегі және арнайы сыныптардағы оқу-тәрбиелік процесс мектеп штатындағы мамандардың (арнайы психолог, логопед, арнайы педагогтар (тифлопедагог, сурдопедагог, олигофренопедагог, ЕДШ нұсқаушысы) психологиялық-педагогикалық қолдауымен іске асырылатын баланы зерделеудің психологиялық -медициналық-педагогикалық мәліметтеріне негізделе отырып, сараланған және жеке ықпалды қолданумен іске асырылады.

Мамандардың өзара іс-әрекет нысаны мектептегі психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиум болып табылады. Психологиялық-педагогикалық көмек көрсететін мамандардың жұмысы мектеп директорымен бекітілген желілік нормативтік актілермен реттеледі.

Арнайы мектептер мен арнайы сыныптардың оқушылары түзету-педагогикалық көмекті Үлгілік оқу жоспарының бөлімдеріне сәйкес бөлінген



197

Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

сағаттар аясында психологиялық-педагогикалық қолдау мамандары өткізетін фронтальды, топ бөлігінде және жеке сабақтарда алады (түзету компоненті). Түзету сабақтары барлық типтегі арнайы мектептер мен арнайы сыныптарда міндетті болып табылады. Түзету компонентінің пәндерін оқу жоспарының инвариантты компонентіндегі пәндермен алмастыруға, сондай-ақ осы сағат сандарын қысқартуға болмайды.

Арнайы мектептердегі жұмыс алдын-алу бойынша қажетті жағдайларды құратын, бұзылған қызметтердің орнын толтыратын және қажетті денсаулық сақтаушы педагогикалық режимді қамтамасыз ететін ұзартылған күн тәртібінде 0-4 сыныптарда, ал 5-9,10 сыныптарда мектеп басшылығы қарауымен ұйымдастырылады.

Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар оқушыларды еңбекке оқыту жұмыс кадрларына қажеттілігіне бағдарланған және психофизикалық дамуының жеке ерекшеліктерін, денсаулығын, мүмкіндіктерін, сондай-ақ еңбек профилін таңдау негізінде тәрбиеленушілер мен олардың ата-аналарының мүдделерін ескере отырып өңірлік, жергілікті жағдайларға негізделе ұйымдастырылады. Типтік оқу бағдарламалар даму мүмкіндігі шектеулі оқушыларға арналған еңбекке оқытудың профилі бойынша немесе білім алушылардың білім алудағы ерекше оқытуды қажет етуін және еңбектің әрқилы профилін ескере отырып құрылған бағдарламалары бойынша қолданылады.

Кәсіби еңбекке үйрететін сабақтар 5-сыныптан басталады, ақыл-ой кемістігі бар оқушылар үшін 4-сыныптан басталады, ол екі топқа бөлінеді. Еңбек түрлеріне қарай топты жиынтықтау олардың психофизикалық жағдайы және мүмкіндігіне байланысты дәрігердің нұсқауымен іске асырылады. Қатар және шектес сыныптардағы оқушыларды топ бөлігіне біріктіру мүмкіндігі бар. Сабақты өткізу барысында әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау бойынша сынып екі топқа бөлінеді.

Есту қабілеті, көру қабілеті, тірек-қимыл аппараты бұзылған, сөйлеу тілі күрделі бұзылған, психикалық дамуы тежелген балаларға арналған арнайы мектептердің бітірушілері алған білім деңгейін растайтын мемлекеттік үлгідегі құжатқа ие болады. Ақыл-ой кемістігі бар (1 және 2 бөлім) бітірушілер аталған түрдегі арнайы білім беру ұйымының белгіленген үлгідегі куәлігін алады.



1. Есту қабілеті бұзылған (естімейтін) оқушыларды арнайы мектепте (сыныпта) оқытудың ерекшеліктері

Білім беру процесі деңгейлерге бөлінеді:

бастауыш білім – 0, 1-4 сыныптар;

негізгі орта білім - 5-10 сыныптар.

Мектепке дейінгі дайындықтан толық өтпеген балалар дайындық (0) сыныбына түседі. Арнайы мектепке дейінгі дайындықтың толық курсынан өткен балалар 1 сыныпқа барады.

Дайындық (0) және 1-7 сыныптарда оқыту арнайы бағдарламалар мен оқулықтар бойынша жүргізіледі. 8-10 сыныптарда білім алушылар жалпы білім беретін мектептің бағдарламалары мен оқулықтары бойынша білім алады, ондағы материал оқушылардың ерекше оқытуды қажет етуін ескере отырып бейімделеді және қайта бөледі. 5 сыныптан бастап қазақ әдебиетін зерделеу



198

Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

орыс тілінде жүргізіледі (орыс тілді мектептер үшін). «Алгебра және «Геометрия» пәндерін оқыту 8 сыныптан бастап іске асырылады, өйткені естімейтін балаларға арналған арнайы оқу бағдарламасына сәйкес математика пәнін зерделеу 7 сыныпта аяқталады.

Оқу жоспарында міндетті түрдегі түзету пәндері ұсынылған:

«Заттық – тәжірибелік оқыту» (0-4 классы). Міндеті – жоғары психикалық қызметтерді қалыптастыру, тілді игеру, жалпы білім беру пәндері бойынша білімдерін меңгеруге арналған база ретінде тұрмыстық түсініктерді игеру;

«Түзету ырғағы» (0-4 сыныптар). Міндеті – электроакустикалық аппараттарды қолдану арқылы естіп қабылдауын қарқынды дамыту жағдайында қозғалысы мен сөйлеу тілін дамыту;

«Ым-ишараттық сөйлеу тілі» (4-10 сыныптар). Міндеті – оқушының коммуникативтік қызметін қамтамасыз ету. ҚР естімейтін оқушыларды оқыту есту-көру негізінде іске асырылады, оқыту процесіндегі ыммен сөйлеу оқушыларға бағдарламалық материалды сапалы меңгеруге көмектесетін көмекші құрал ретінде пайдаланылады;

«Ауызекі және тұрмыстық сөйлеу тілі» (4-10 сыныптар). Міндеті – еститін адамдармен қарым-қатынаста қолданылатын күнделікті қатынас сөз қорын, қарым-қатынас әрекетін дамыту;

«Дыбыстардың айтылуын қалыптастыру және есту қабілетін дамыту және (ДАҚ және ЕҚД). Сабақтарда ауызша сөйлеу тілі қалыптасады және қалдық есту арқылы сөйлеу дамиды.

0 мен 4-сыныпқа дейін ДАҚ және ЕҚД сабақтары бір сыныпқа апталық жүктемемен 18 сағат көлемінде жүргізіледі. 5-6-сыныптарда жеке сабақтарға бөлінетін апталық жүктеме аптасына 16 сағатты құрайды. Бұл кезеңде оқытуда сөйлеу дыбыстарын қою және машықтандыру аяқталады деп болжамдалады және тек сөйлеу тіл дыбыстарын ажырату жүргізіледі және естіп қабылдауын дамыту және сөйлеуде өзін-өзі бақылау дағдысын қалыптастыру жұмысы жалғасады, сөйлеуде жұппен жұмыс жасау және әдіби мәтіндерді естіп қабылдау жұмысы басталады. 7-9-сыныптарда ДАҚ және ЕҚД бойынша сабақтар аптасына 4 сағаттан (жұппен), 10-сыныпта 2 сағаттан жүргізіледі. Сөйлеуде өзін-өзі бақылау дағдысын қалыптастыру, сөйлеуде дыбысты шығару жағын түзеу, диалогиялық сөйлеумен жұмыс жасау жалғасады. Түзету циклінінің сабақтары күннің бірінші жартысында, сондай-ақ екінші жартысында топпен, топ бөлігінде және жеке жүргізіледі.

Негізгі мектептің жалпы білім беру бағдарламаларының курсын табысты меңгерген оқушылар үшін жалпы орта білім мен мамандық алу мақсатында әрі қарай оқуды кәсіби колледждерде, кешкі мектептерде жалғастыруға мүмкіндік бар.



Есту қабілеті бұзылған (нашар еститін,кейіннен естімей қалған) оқушыларды арнайы мектепте (сыныптарда) оқытудың ерекшеліктері

Білім беру процесі деңгейлерге бөлінеді:

бастауыш білім –0, 1-4-сыныптар;

негізгі орта білім - 5-10-сыныптар.



199

Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

Мектепке дейінгі дайындықтан өтпеген балар дайындық (0) сыныбына түседі. Арнайы мектепке дейінгі дайындықтың толық курсынан өткен балалар 1 сыныпқа барады.

Дайындық (0) және 1-4-сыныптарда оқыту арнайы бағдарламалар мен оқулықтар бойынша жүргізіледі. 5-10-сыныптарда сыныптарда білім алушылар жалпы білім беретін мектептің бағдарламалары мен оқулықтары бойынша білім алады, ондағы материал оқушылардың ерекше оқытуды қажет етуін және негізгі мектепте оқыту мерзімінің артуын ескере отырып бейімделеді және қайта бөледі.

Қалыптастырудың есту-көру негізін жасауға және оқушылардың ауызша сөйлеу тілін жетілдіруге мүмкіндік туғызатын есту қабілетін дамытуға, дыбыстардың айтылуымен жұмысқа, еріннен оқуға арнайы көңіл бөлінеді.

Оқу жоспарына түзету курстары қосылған: «Дыбыстардың айтылуын қалыптастыру және есту қабілетін дамыту» (0-10-сыныптар), «Түзету ырғағы» (0-7-сыныптар), «Айналамен таныстыру» (0-2-сыныптар ). Түзету циклінінің сабақтары күннің бірінші жартысында, сондай-ақ екінші жартысында топпен, топ бөлігінде және жеке жүргізіледі.

Негізгі мектептің жалпы білім беру бағдарламаларының курсын табысты меңгерген оқушылар үшін жалпы орта білім мен мамандық алу мақсатында әрі қарай оқуды кәсіби колледждерде, кешкі мектептерде жалғастыруға мүмкіндік бар.



3. Көру қабілеті бұзылған (көрмейтін, нашар көретін, кейіннен көрмей қалған) оқушыларды арнайы мектепте (сыныптарда) оқытудың ерекшеліктері

Білім беру процесі деңгейлерге бөлінеді:

бастауыш білім – 0,1-4-сыныптар;

негізгі орта білім - 5-10-сыныптар;

жалпы орта білім – 11-12-сыныптар.

Орта білім алу мерзімінің ұзартылуы төмендегі себептерге: көрмейтін және нашар көретін оқушылардың танымдық қызметінің ерекшелігіне; оқу қарқынының баяулығы және жалпы білім беру пәндеріне елестету олқылықтарын толтыру мен оқушылардың қоршаған орта туралы білімдеріне мүмкіндік беретін пропедевтикалық бөлімдерді қосу қажеттілігіне; көрмейтіндермен ақпарат алудың сукцессивті тәсілін пайдалануына (ұстап көру арқылы ақпарат алуды пайдалану); Брайль жүйесі бойынша жазу мен оқуға үйретудің ерекшеліктеріне; рельефті суреттер және сызбаларды оқуға; тифлоприборларды және бақылау, тәжірибелік және лабораториялық жұмыстар жүргізу барысында кеңістікте бағдарлай алуға арналған құралдарды пайдалану қажеттілігіне байланысты.

Мектепке дейінгі дайындықтан өтпеген 6-7 жастағы балалар үшін дайындық (0) сыныбы ұйымдастырылады . 1-4-сыныптарда білім алушылардың функционалдық сауаттылық негізі және негізгі жалпы білім берудің кезекті бағдарламасын меңгеру үшін база құра отырып, оларды қарым-қатынас пен оқу еңбегінің негізгі машықтары мен дағдыларын қаруландыру қаланады.


200

Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

Екінші сатыдағы оқыту 6 жыл ағымында іске асырылады. Осыған байланысты сынып оқушыларының ерекшеліктерін ескере отырып, пән мұғалімдерімен іске асырылатын әр оқу пәнінің аясында жылдық оқыту бойынша оқу материалын қайта бөлу жүреді.

11-12-сыныптарда профильді оқыту іске асырылады. Екі: жалпы-гуманитарлық және жаратылыстану–математикалық бағыттар жүзеге асырылады.

Бір немесе екі бағыттағы таңдау оқушылардың қажеттілігін және ата-аналардың сұранысын ескере отырып іске асырылады.

Білім беру процесінің түзету бағыты сабақтарда жалпы білім беру пәндері бойынша, қалдық көруін және көріп қабылдауын сақтау мен дамыту; әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау (ӘТБ), кеңістікте бағдарлау; мимика және пантомимиканы дамыту; сөйлеу тілі дамуының кемшіліктерін түзету (логопедпен сабақтар); емдік дене тәрбиесі және түзету ырғағы бойынша арнайы түзету сабақтарында қамтамасыз етіледі.

Факультативтік сабақтардың сағаттары жалпы білім беру циклінің пәндерін оқытуда, жаңа пәндерді, қосымша білім беру модульдерін , арнайы курстар мен практикумдарды ендіруде, жеке және топтық сабақтарды өткізуде, жеке білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруда қолданылуы мүмкін. Көру қабілетінен айырылған оқушыларды оқыту Брайль шрифтімен шыққан жалпы білім беретін оқулықтар бойынша, ал нашар көретін оқушыларды ірі шрифтімен басылған оқулықтар бойынша оқыту іске асырылады.



4. Тірек-қозғалыс аппараты бұзылған оқушыларды арнайы мектепте (сыныпта) оқытудың ерекшеліктері

Білім беру процесі деңгейлерге бөлінеді:

бастауыш білім –0, 1-4-сыныптар;

негізгі орта білім - 5-10-сыныптар;

жалпы орта білім – 11-12-сыныптар.

Мектепке дейінгі дайындықтан өтпеген 6-7 жастағы балалар үшін әрі қарай бастауыш мектепте оқытуға дайындық және психикалық даму деңгейін анықтау мақсатында пропедевтикалық-диагностикалық дайындық сыныбы ұйымдастырылады.

1-4-сыныптарда жалпы тапсырмалар мен кешенді түзету тапсырмалары шешіледі (балалардың барлық қозғалыс сферасын, сөйлеу тілін, танымдық қызметін қалыптастыру). Бірінші сыныпта жазу қимылының дағдысын қалыптастыруға арнайы уақыт бөлінеді.

Ана тілін меңгеру оқытудың бастапқы сатысының тәжірибелік бағытымен қамтамасыз етіледі. Математиканы зерделеу барысында ойлауын дамыту ерекшеліктері, кеңістіктік ұғымдарының жеткіліксіз қалыптасуы ескеріледі.

Бейімдік дене тәрбиесі сабақтарында бағалау нормативтері қалыптастырылмайды.

5-10-сыныптарда балаларда әлеуметтік-еңбекке бейімдеуді қамтамасыз ететін қимыл-қозғалыс, ойлау, сөйлеу дағдылары мен ептілігін дамыту бойынша түзету-қалыптастыру жұмыстары жалғасады.



201

Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

11-12-сыныптарда профильді оқыту іске асырылады. Екі: жалпы-гуманитарлық және жаратылыстану–математикалық бағыттар жүзеге асырылады. Бір немесе екі бағыттағы таңдау оқушылардың қажеттілігін және ата-аналардың сұранысын ескере отырып іске асырылады.

Тірек-қозғалыс аппараты бұзылған оқушылар топ бөлігінде және жеке сабақтарда түзету-педагогикалық қолдауға ие болады:

емдік дене тәрбиесі (ЕДШ) сабақтары 2-3 адамнан тұратын топпен немесе жеке өткізіледі. Сабақтың ұзақтығы – 45 минут. Сабақтар күннің бірінші жартысында, сондай-ақ екінші жартысында жүргізілуі мүмкін;

тіл дамуының кемшіліктерін дамыту бойынша сабақтарды ұқсас тіл бұзылыстары бар оқушылармен жеке немесе топтық түрде аптасына 2-3 рет логопед жүргізеді. Сабақтар күннің бірінші жартысында, сондай-ақ екінші жартысында жүргізілуі мүмкін;

танымдық қызметті қалыптастыру және дамыту бойынша түзету сабақтарында бағдарламалық материалды игеруге, қоршаған орта туралы білімін кеңейтуге, кеңістіктік және уақыттық ұғымдарын қалыптастыруға, графикалық дағдыларды дамытуға, алдыңғы даму олқылықтарын толықтыруға және оқу материалын игеруге, бұзылған психикалық қызметтерді түзетуге, күрделі оқу материалын меңгеруге дайындықты қамтамасыз етеді. Сабақтың ұзақтығы – 20-25 минут.

Түзету сабақтары күнделікті сабақтардың мазмұны мен формасын қайталамауы қажет. Бастауыш сыныптарда сабақтың бір бөлігі ойын формасында өткізу мақсатты.

Топтар (3-4 адамнан) оқушылардың сөйлеу тілінің, қимыл-қозғалысының және өзге де даму бұзылыстарының біртектілігі мен айқындығын ескере отырып жинақталады.

Білім алуышының топта болу ұзақтығы арнайы қиындықтарды түзету дәрежесімен және тапсымаларды сыныппен бірге орындау дайындығымен анықталады. Топ құрамы ширақ болуы тиіс. Бір оқушы бір жылда әртүрлі топтардың құрамында болуы мүмкін. Факультативтік сабақтарды анықтау барысында оқушылардың әлеуметтенуі және олардың даму кемшіліктерінің алдын-алатын, оқушылардың шығармашылық қабілетін жетілдіруге ықпал ететін курстарды таңдау қажет.

Сөйлеу күрделі бұзылыстары бар оқушыларды арнайы мектепте (сыныпта) оқыудың ерекшеліктері

Білім беру процесі деңгейлерге бөлінеді:

бастауыш білім – 0, 1-4-сыныптар;

негізгі орта білім – 5-10-сыныптар.

Мектепке дейінгі дайындықтан өтпеген балалар дайындық (0) сыныбына түседі.

Мектепте төмендегідей оқушыларға арналған бөлімдер ашылуы мүмкін:

ауыр деңгейдегі жалпы сөйлеу тілі дамымаған (алалия, дизартрия, ринолалия, афазия), сонымен қатар тұтықпамен қатар жүретін жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалар;

сөйлеу тілінің қалыпты даму барысындағы тұтықпаның ауыр формасы.



202

Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

Кохлеарлы имплантацияға дейін 6 айдан кем емес ұдайы есту аппаратын тағып жүрген 1 жастан 4 жасқа дейінгі кохлеарлы импланты бар балалар қабылданады. Оқытудың бірінші деңгейінде арнайы бағдарламалар, арнайы әдістемелік және дидактикалық материалдарды пайдалану қарастырылады. Негізгі сатыда балалар оқушылардың мүмкіндіктеріне бейімделетін мектептің жалпы білім беру бағдарламалары бойынша оқиды.

Негізгі мектепте, әсіресе, күрделі бұзылыстары бар сыныптар үшін қазақ, орыс және шет тілдерін оқыту сағаттарын бөлгенде вариативтілікке жол беріледі.

Сөйлеу тәртібін сақтай отырып, барлық сабақтарда және сабақтан тыс уақыттарда арнайы логопедиялық және түзету-педагогикалық қолдау көрсетіледі. Арнайы түзету курстарына мыналар жатады: қоршаған ортамен таныстыру, түзету ырғағы, дыбыс айту, сөйлеу тілін дамыту, жеке-топтық логопедиялық сабақтар. Логоритмика элементтері бар міндетті оқу пәні «Түзету ырғағы » сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар балалардың моторлық және сөйлеу моторлық даму ауытқушылықтарының алдын-алуға бағытталған.

Логопедиялық сабақтар белгіленген сабақтардың мазмұны мен формасын қайталамай, күннің екінші жартысында өткізілуі тиіс. Оқушылар логопедиялық көмекті жеке, топ бөлігінде және фронтальды сабақтарда алады.

Жеке сабақтар: сөйлеу тілінің жүйелі бұзылыстары бар және артикуляциялық аппаратының құрылымы мен қозғалысы бұзылған ( ринолалия, дизартрия) балалармен өткізіледі. Жеке сабақтар аптасына кемінде 2 реттен кем емес өткізіледі. Сабақтың ұзақтығы 20-25 минут. Топ бөліктеріне сөйлеу тілінің біртекті құрылымы бұзылған балалар бірігеді . 5-10 сынып оқушыларымен логопедиялық сабақтарды ұйымдастырудың топ бөлігі формасы жетекші болып табылады. Сабақтың ұзақтығы 40-45 минут.

Фронтальды сабақтың ұзақтығы (0, 1-4 -сынып) дайындық сыныбы мен бірінші сыныптың алғышқы жартысында 35 минутты, келесі сыныптарда 45 минутты құрайды. Негізгі орта буын оқушылары үшін қазақ және орыс тілдерін қосымша зерделеуге арналған факультативтерді ұйымдастыруға болады.

6. Психикалық дамуы тежелген оқушыларды арнайы мектепте (сыныпта) оқытудың ерекшеліктері

Білім беру процесі деңгейлерге бөлінеді:

бастауыш білім – 0, 1-4-сыныптар;

негізгі орта білім – 5-10-сыныптар.

Арнайы мектептерге (сыныптарға) церебральды-органикалық түріндегі психикалық дамуы тежелген балалар қабылданады. Арнайы сыныптарға дамуында ауытқушылық (ақыл-ойы кем балалар, сөйлеу, көру, есту қабілетінде бұзылыстары)айқын көрінетін балалар қабылданбайды.

Арнайы сыныптарға жинақтау оқытудың бастапқы деңгейінде – 0, 1 сыныптарда іске асырылады, 2 сыныпты да кіргізуге болады. Оқушыларды оқытудың кез-келген кезеңінде бұқаралық типтегі жалпы білім беретін сыныптарға кіріктіру, сондай-ақ, психикалық даму тежелісі айқын көрінетін екінші сатыдағы арнайы сынып жағдайында білім беруді жалғастыру мүмкіндігі қарастырылады.



203

Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

Оқу күн тәртібі балалардың тез шаршағыштығына байланысты белгіленеді: ұзартылған күн тәртібі бойынша алғашқы ауысымда оқыту.

Екінші (қазақ немесе орыс) және үшінші (ағылшын) тілдерін зерделеу сынып оқушыларының сөйлеу тілінің даму деңгейін ескере отырып, бағдарламаны бейімдеу және оқушыларды оқыту әдістері қарастырылып іске асырылады.

Оқытудың бірінші сатысында арнайы бағдарламалар мен арнайы әдістемелік және дидактикалық материалдарды пайдалану қарастырылады. Негізгі сатыда оқушылар негізгі орта мектепте оқу мерзімінің артуына (1 жыл) байланысты мазмұны қайта бөлінетін жалпы білім беру мектебінің бағдарламалары бойынша білім алады, әрбір пән оқытушылары оқушылардың мүмкіндіктеріне бейімделеді.

Оқытудың түзету-дамытушы бағыты түзету пәндерінің жалпы білім беру циклі пәндерінің аясында, сонымен қатар, қосымша білім беру жүйесінде жүзеге асырылады. Басқа пәндермен тепе-тең келетін пәндерге эмоционалдық-тұлғалық сферасын түзетуді іске асыруға мүмкіндік беретін және оқушылардың танымдық әрекеттерін белсендендіретін эстетикалық циклдегі пәндерді (музыка, сурет өнері, дене тәрбиесі) жатқызуға болады.

Бірінші және екінші сатыдағы оқу жоспарының түзету компоненті «Айналамен таныстыру және тіл дамыту», «Түзету ырғағы», «Тіл дамуының кемшіліктерін түзеу» (логопедтік сабақ), «Білімдегі олқылықтарды толықтыру бойынша міндетті жеке және топтық түзету сабақтары», «Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау» (ӘТБ). Арнайы кіріктірілген түзету курсы «Айналамен таныстыру және тіл дамыту» (0-1-сыныптар) баланың қоршаған орта туралы шынайы білімдері мен түсініктерін байытуға бағытталған. «Түзету ырғағы» түзету курсы (0-4-сыныптар) психикалық дамуы тежелген балалардың жалпы моторикасы мен қимылының үйлесімділігіндегі даму ауытқушылықтарын алдын-алуға бағытталған. «Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау» өмірлік құзырет дағдыларын қалыптастыруды қамтамасыз етеді. «Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау» пәні бойынша сабақтар үшін сынып 2 топқа бөлінеді. Сабақтар арнайы жабдықталған ғимаратта жүргізіледі.

Сабақтар топ бөлігімен арнайы жабдықталған ғимаратта өтеді. Сабақта оқу бағдарламасын игеруде қиындықты сезінетін оқушылар үшін білім олқылықтарының орнын толтыруға арналған жеке және топтық түзету сабақтары ұйымдастырылады. Сабақтар жеке немесе оқудағы қиындықтарының ұқсастықтары негізінде топ бөлігімен (2-4 оқушыға) жүргізіледі. Бастауыш сынып оқушыларымен жеке және топтық түзету сабақтарын сыныптың негізгі мұғалімі немесе дефектолог мұғалім өткізеді. Сабақтың ұзақтығы 20-25 минут. Түзету сабақтары күнделікті сабақтардың мазмұны мен формасын қайталамауы тиіс. Олар пәндік-тәжірибелік және балалардың ойын әрекетін қоса отырып, әртүрлі формалар мен оқушылардың әрекет түрлерін пайдалану арқылы жүргізіледі.

6-10-сыныптарда білім алудағы олқылықтарды толықтыру бойынша жеке және топтық сабақтарға бөлінен сағаттар мен пән мұғалімдері арасында үлестіріледі. Қандай топта болсын білім алушының сабақта отыру уақыты



204

Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

арнайы қиындықтарды түзету дәрежесімен және сыныппен бірге тапсырмаларды орындау дайындығымен анықталады. Топ құрамы ширақ болуы тиіс: балалардың бірін сыныппен бірге жұмыс жасауға қосып, бірін қарқынды жеке көмек үшін топ құрамына қосу керек. Сол бір оқушы жыл ағымында әртүрлі топ құрамына кіруі мүмкін. Сөйлеу тілінде бұзылыстары бар оқушылар үшін логопед жеке немесе топпен сабақ өткізеді.

Сөйлеу тілінің бұзылыстары бар оқушылармен логопед жеке-шағын топтық сабақтар жүргізеді.

Жеке және топтық түзету сабақтары оқушылардың максималды жүктемесі шегінде көрсетіледі. Типтік оқу жоспарында көрсетілген әрбір сыныпта осы сабақтарға бөлінген апталық сағаттардың саны (бірінші сатыда 4 сағат және екінші сатыда 3 сағат) әрбір жеке оқушының жүктемесіне емес, педагогтардың жүктемесіне кіреді. Әрбір оқушы үшін оқытудың бірінше сатысында аптасына 40-60 минуттан, екінші сатысында 20-40 минуттан келеді.

Факультативтердің сағаттарын балалардың әлеуметтенуіне (Тіл және қарым қатынас мәдениеті. Өмір сүру қауіпсіздігін қамтамасыздандыру. Экономикаға кіріспе) немесе даму кемшіліктерінің алдын алуға ( Сурет салу әрекеті. Қолданбалы мәдениет. Жүзу. ЕДШ), болмаса еңбекке дайындық бойынша қосымша сабақтарға қолдану дұрыс болады.

7. Танымдық қабілеті бұзылған балаларды оқытудың ерекшеліктері (жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі)

Ақыл-ой кемістігі бар оқушыларды оқыту мақсаты – танымдық және эмоционалдық-тұлғалық аясындағы даму ауытқуларын түзету, білім беру және еңбекке дайындау құралдарымен дамыту, қоғамдағы бітірушілерді келесідей кіріктіру үшін әлеуметтік-психологиялық оңалту.

Дайындық сыныбына сондай-ақ білім беру процесінде және тәрбиелеу жұмысында баланың диагнозын анықтау мен оны оқыту және тәрбиелеуді ұйымдастыру формасының адекваттылығын айқындау мақсатында білім алуға дайындық деңгейі жеткіліксіз балалар қабылданады. Бірінші сыныпқа 7-9 жастағы балалар қабылданады.

Оқыту 2 сатыда ұйымдастырылады:

бірінші саты – дайындық деңгейі (0, 1-4-сыныптар);

екінші деңгей – 5-9-сыныптар.

Сәйкес материалдық-техникалық, бағдарламалық-әдістемелік және кадрлық шарттар болған жағдайда білім беру ұйымдарында терең кәсіби-еңбекке даярлау 10-өндірістік сыныпта ұйымдастырылады.

Бірінші деңгейде ақыл-ойы кем оқушыны жан-жақты психологиялық-медициналық-педагогикалық зерделеу, оның мүмкіндіктері мен білім беру процесін ұйымдастыру формасы мен әдістерін қалыптастыру және жеке ерекшеліктерін анықтау мақсатында іске асырылады.

Екінші деңгейде балалар тәжірибелік бағытқа ие және еңбектің әртүрлі профилі бойынша дағдылары бар жалпы білім беретін пәндер бойынша білім алады. Әлеуметтік бейімдеу мен кәсіби-еңбекке даярлауға назар аударылады.

Дайындық және 1-сыныптарда баллдық бағалау болмайды. Оқушылардың білім алудағы алға басу нәтижесі олардың өнімді қызметіне талдау жасау



205

Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

сөйлеу тілінің, жазба жұмыстарының, сурет салуының, қолдан жасалған ұсақ-түйектерінің даму деңгейі негізінде анықталады.

Оқу процесі оқушыларға сараланған және жеке ықпалды қолдану арқылы іске асырылады. Сараланған ықпал негізінде ақыл-ойы кем оқушыларды (В.В.Воронкова бойынша) педагогикалық топтастыру жатыр. Осыған байланысты І-деңгейдегі оқушылардың жетістіктерін баллдық бағалау критериалдық болып табылады және жеке мониторинг негізінде іске асырылады. ІІ-деңгейдегі оқушылардың жетістіктерін бағалауда білім беру процесін дараландыруға негіз болатын критериалдық сипаттап бағалау қолданылады (Ақыл-ойы кем балаларды критериалдық бағалау бойынша әдістемелік ұсынымдарды Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА сайтынан (www.nao.kz) қарауға болады).

5-9 сыныптарда математика сабақтарынан 1 сағат геометрия элементтерін үйренуге бөлінеді.

«Түзету технолгиясы » циклінің сабақтары: «Түзету ырғағы», «Тіл дамуының кемшіліктерін түзету» (логопедиялық сабақтар), «Танымдық әрекетін түзету», «Емдік дене тәрбиесі» күннің бірінші және екінші жартысында да жүргізіледі. Жеке және топ бөлігімен жүргізілетін түзету сабақтардың ұзақтығы – 20-25 минут. Топ бөліктері сөйлеу тілі мен психофизикалық бұзылыстарының біртектілігіне байланысты жинақталады. Емдік дене тәрбиесі сабағына арналған топ дәрігердің нұсқауымен жинақталады. Түзету ырғағы бойынша сабақтар топқа бөлінбей, фронтальды түрде жүргізіледі. Түзету компоненттерінің пәндері бойынша жетістіктерді бағалау баллмен бағаланбайды, ол сипаттама түрінде болады.

4-тен 6 сынып аралығында «Жалпы еңбекке даярлау» пәні ендіріледі.

7 және 9-сынып аралығында кәсіби бағыттағы еңбекке оқыту іске асырылады. Мектепке жеке еңбек түрі бойынша бағдарлама әзірлеу құқығы ұсынылады.

Жазғы еңбек тәжірибесі оқу жылының аяқталысымен немесе оқу мерзімін ұзартқан жағдайда ағымдағы жылдық мөлшерлеме бойынша жүреді.

5-6-сыныптарда еңбек тәжірибесі мектеп базасында, 7-9-сыныптарда мектеп шеберханаларының базасында іске асырылады . Еңбек тәжірибесінен өткізу мерзімі мен тәртібі жергілікті жағдайларға байланысты мектеп Кеңесімен (педагогикалық кеңес) анықталады. Мектепте білім алу еңбекке оқыту бойынша емтиханмен аяқталады. Білім алушылар емтихандардан белгіленген тәртіп бойынша босатыла алады. Факультативтік сабақтарға бөлінген сағаттар еңбекке оқыту сабақтарына, түзету бағыттарына және т.б. пайдаланыла алады.

Орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушылар саны жеткілікті болған жағдайда мектепте осы оқушыларға арналған арнайы сыныптармен екінші бөлім ашылады.

Орташа ақыл-ой кемістігі бар балаларды оқыту аталмыш катеориядағы оқушыларға арналған Типтік оқу жоспары және оқу бағдарламалары бойынша іске асырылады. Оқу бағдарламалары ұсынымдық сипатта болады. Оқыту жеке оқу бағдарламалар бойынша іске асырылады. Ол баланы жарты жылдан


206

Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

аспайтын мерзім аралығында сынып педагогының және мектеп консилиумы мамандарының баланы психологиялық-педагогикалық кешенді зерделеуі негізінде құрылады . Оқытудың жеке бағдарламасын жүзеге асыру уақытының аяқталуы бойынша әрбір оқушының жетістігіне талдау жүргізіледі және келесі жартжылдыққа жоспар құрылады.

Педагог әрбір оқушының жеке мүмкіндігін және білім алудағы және тұлғалық жетістіктері мен білім алу және тұлғалық жетістіктерін мониторигілеу нәтижелерін ескере отырып, оқытудың мазмұнын, әдістерін, формасын, дидактикалық құраларын өз бетінше таңдайды.

Екінші бөлім сыныптарын оқытудың мазмұны мыналарды: өзі туралы түсінігін, өзіне-өзі қызмет етуін және қамтамасыздандыру дағдысын, қоршаған орта және ортада бағдарлау туралы қолжетімді түсініктерін, қарым-қатынас жасай алуын, пәндік-тәжірибелік және қолжетімді еңбек қызметін, тәжірибелік бағыттылығына ие және тәриеленушілердің психофизикалық мүмкіндіктеріне сәйкес жалпы білім беретін пәндер туралы білімін қалыптастыруға бағытталған.

Бірінші сатыда оқу процесі пәнсіз оқыту негізінде ұйымдастырылады: барлық сабақтар кіріктірілген сипатқа ие және білім алушылардың жалпы (қарым-қатынас, қимыл, сөйлеу, сенсорлы) дамуына бағытталған. Оқушылардың жеке дамуын алға бастыру шаралары пәндік оқытуға өтумен іске асырылады.

Екінші бөлімде оқыту мектеп ресурстары мен оқушылардың психофизикалық даму ерекшелігін ескере отырып, еңбектің қарапайым түрлеріне үйрету ұйымдастырылады. Еңбекке оқыту профилі баланың психофизикалық ерекшеліктерін, дәрігердің ұсынысымен және мектеп мүмкіндіктерін ескере отырып жеке анықталады. Қажет болған жағдайда еңбекке оқыту профилі өзгеруі мүмкін. Еңбекке дайындық пәндері бойынша бітіру емтиханын 2-бөлім оқушылары тапсырмайды.

Зияты зақымдалған балаларға арналған арнайы мектептің (сыныптың) оқушылары екінші жылға қалдырылмайды.

Зияты зақымдалған оқушыларға арналған арнайы мектеп (сынып) бітірушілері облыстың (қаланың) білім басқармасы органдарының келісімімен мектепте әзірленген форма бойынша мемлекеттік үлгідегі куәлікке ие болады.


207


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет