ОҚу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы



бет1/14
Дата08.06.2018
өлшемі1,42 Mb.
#41138
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаменті

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы





2016-2017 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН ҰЙЫМДАРЫНДА ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ

Әдістемелік нұсқау хат

Астана

2016


1

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2016 жылғы 17 маусымдағы № 5 хаттама).

2016-2017 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы. Әдістемелік нұсқау хат. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2016. – 257 б.

Жинаққа жалпы орта бiлiм беретiн мектептердiң мектепалды даярлық және 1-11-сыныптарында оқу процесін ұйымдастыру бойынша материалдар енгiзiлген.

Жинақ жалпы орта бiлiм беретiн мектептердiң басшылары мен пән мұғалiмдерiне, бiлiм саласы қызметкерлерiне арналған.

© Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2016

Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы



ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

Қазақстандық білім беру мен ғылым жүйесін жаңғыртудың қазіргі заманғы кезеңі әрбір адамның сапалы мектепке дейінгі тәрбие мен мектептегі білімге қолжетімділігін, колледж бен университетте жаңа кәсіби дағдыларды алу, зерттеу және шығармашылық құзыреттерін дамыту мүмкіндіктерін көздейді.

Республикамызда мектептегі білім беру жаңа кезеңнің алдында тұр. Дүниежүзілік экономикалық форумның (бұдан әрі – ДЭФ) XXI ғасырдағы табысты адамның білімі мен іскерлігінің 16 түрін атап көрсетті. Бұл – командадағы жұмыс дағдылары, көшбасшылық қасиет, бастамашылық, IT-біліктілік, қаржылық және азаматтық сауаттылық және басқалар. Қазақстан ДЭФ-тің «XXI ғасыр дағдыларындағы ауытқуларды зерттеу» рейтингісінде мектеп оқушыларының танымдық және эмоциялық зиятының деңгейі төмен елдер тобында тұр. Құзыреттілік және жеке мінездемелер деңгейі базалық дағдылардан едәуір төмен.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясында ЭЫДҰ елдерінің стандарттары негізінде адам капиталының сапасын көтеруге бағытталған білім беру саласындағы 5 қадам жоспарланған.

76-қадам. 12 жылдық білім беруді кезең-кезеңімен енгізу, функциялық сауаттылықты дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңарту. Жоғары сыныптарда жанбасылық қаржыландыруды енгізу, табысты мектептерді ынталандыру жүйесін құру.

79-қадам. Білім беру жүйесінде - жоғары сыныптар мен ЖОО-ларда ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңімен көшу.

89-қадам. «Нұрлы Болашақ» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру. Мектептік білім берудің қолданыстағы оқу бағдарламаларына «Мәңгілік ел» құндылықтарын енгізу.

2016-2017 оқу жылында жаңартылған білім мазмұнына барлық бірінші сыныптар көшеді. Олар 2015-2016 оқу жылында 30 пилоттық мектепте апробациядан өткен жаңа оқу бағдарламалары бойынша оқиды.

Білім мазмұны жаңартылған бастауыш, негізгі және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті мемлекеттік стандартын, оқу бағдарламаларын әзірлеу «Мәңгілік ел» құндылықтарына бағдарлануымен жүзеге асырылды.

2016-2017 оқу жылында республиканың 5 өңірінде 63 пилоттық мектепте 10-11-сыныптарда жанбасына қаржыландыру апробациясы жалғастырылатын болады.

Үштілді білім беруге көшу шеңберінде Бастауыш білім берудің Үлгілік оқу жоспарында (бұдан әрі - ҮОЖ) ағылшын тілін оқытуға бөлінген сағат саны көбейтілген. ҮОЖ-ға сәйкес 1-ші, 2-ші, 3-ші, 4-ші сыныптарға ағылшын тіліне 2бөлінеді.

2016-2017 оқу жылында негізгі және жоғары сыныптарда үш тілде білім беруге көшу бойынша дайындық жұмыстары басталады . Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ағылшын тілін үйрену жоспарланған үш

3

тілде оқушыларға қосымша білім беру бағдарламасы және жоғары сынып пәндері бойынша сыныптан тыс жұмыстардың бағдарламасын әзірледі. Барлық жұмыстар Академияның сайтына орналастырды.



«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді (2015ж.24.11 берілген өзгерістер мен толықтыруларымен), Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 Жарлығымен Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – БҒДМБ) бекітілді.

Мектептегі білімнің жаңартылған мазмұнына кезең-кезеңімен көшу, дуальді оқыту, колледждерде алғашқы жұмысшы кәсібін тегін алу, колледждер мен жоғары оқу орындарының мемлекеттік аттестаттаудан тәуелсіз аккредиттеуге өтуі заңнамамен регламенттеледі.

БҒДМБ сәйкес оқыту сапасын арттыруда білім беру процесінің барлық қатысушыларының ең үздік білім ресурстары мен технологияларына тең қолжетімділікті қамтамасыз ету; оқушылардың алған білімдері тез өзгеретін әлемде табысқа жеткізетіндігінен қанағаттану; жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру қажет.

Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі саласы жаңа тәсілдер аясында кеңеюде. Ол – пәнаралық және жобалық қызмет, оқыту мен басқаруда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (бұдан әрі – АКТ) пайдалану, білім беру қажеттіліктері ерекше балаларды интеграциялау және ата-аналарды консультациялық қолдау.



2016-2017 оқу жылында жалпы білім беретін ұйымдарда оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері келесі факторлармен негізделеді:

2016 жылғы 1 қыркүйектен бастап 1-сыныптарда жаңартылған білім мазмұнын енгізу (барлық пәндер оқыту тілінде оқытылады);

бастауыш мектепте «Ағылшын тілі» пәнін оқыту 1-4-сыныптарда жүзеге асырылады;

9-сыныпта міндетті түрде «Дінтану негіздері» факультативтік курсының орнына «Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсы оқытылады.



Жаңа оқу жылында:

1) мектепалды даярлық сыныптарында және 1-сыныптарда білім беру процесі келесі құжаттар мен материалдар негізінде жүзеге асырылады:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы №292 қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік стандарты;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі №327 қаулысымен бекітілген Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – ҚР МЖМБС-2015);

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 15 шілдедегі №453 бұйрығымен бекітілген бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспарлары;

4

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 8 сәуірдегі №266 бұйрығымен бекітілген бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары;



«Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 400 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 6 мамырдағы №309 бұйрығымен бекітілген оқу басылымдары;

2) 2-11-сыныптарда білім беру процесі келесі құжаттар мен материалдар негізінде жүзеге асырылады:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – ҚР МЖМБС-2012);

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 25 шілдедегі №296 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары;

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 27 қарашадағы №471 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары;

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 25 ақпандағы №61 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары;

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламалары;

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 15 шілдедегі №281 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламалары;

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы №393 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламалары;

«Білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту

5

туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 400 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР БҒМ 2016 жылғы 8 қа ңтардағы №13 бұйрығымен бекітілген оқу басылымдары;



«Оқулықтардың,оқу-әдістемелік кешендердің,оқу құралдарының жәнебасқа да қосымша әдебиеттердің , оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі №400 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы » Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 6 сәуірдегі №251 бұйрығымен бекітілген оқу басылымдары.

Жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері күнтізбелік-тақырыптық жоспарларды жалпы білім беретін пәндер бойынша үлгілік оқу бағдарламалары негізінде өздігінен әзірлейді және оны білім беру ұйымының директоры бекітеді.

Білім алушылардың оқу нәтижелерін бақылау үшін педагогтердің таңдауымен іске асырылатын әртүрлі әдістер мен құралдар қолданылады.

Бақылау шараларының негізгі түрлері шығарма, ауызша, жазбаша, практикалық формалармен жүзеге асырылады. Бақылау формаларын таңдау оқу пәнінің ерекшеліктері мен мазмұнына, оны оқуға бөлінген сағат санының көлеміне, білім алушылардың жеке және жас ерекшеліктеріне, оқыту кезеңдері мен оқытудың жоспарланған нәтижелеріне байланысты жүзеге асырылады.

Бақылау жұмыстары білім беру ұйымдары басшыларының бекіткен кестесіне сәйкес жүргізілуі керек. Бақылау жұмыстарын дүйсенбі, жұма және сабақ кестесінің соңғы сабақтарында өткізу ұсынылмайды.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту бағытындағы «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласында берілген тапсырмаларын іске асыру мақсатында әзірленіп, ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламалары бойынша «Өлкетану» (7-сынып), «Абайтану» (9-11-сыныптар) таңдау курстарын оқыту ұсынылады.

Вариативті компоненттен 9-сыныптар үшін міндетті түрде «Зайырлылық және дінтану негіздері» курсын оқытуға 1 сағат апталық жүктеме беріледі. ҚР Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 15 шілдедегі № 281 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу бағдарламалары бойынша «Зайырлылық және дінтану негіздері» курсын тарих немесе біліктілікті арттыру және қайта даярлау бойынша арнайы курстардан өткен пән мұғалімдері жүргізеді.

Мектеп және оқушы компонентінің пәндері бойынша емтихан және ұлттық бірыңғай тестілеу жүргізілмейді.



Назар аударыңыздар! 2016-2017 оқу жылында жалпы білім беретін мектептердің түлектерін қорытынды аттестаттау мен ҚР жоғары оқу орындарына іріктеу тесті өзгереді. «Білім туралы» ҚР Заңына орта білім беру ұйымдарындағы қорытынды аттестаттау рәсімін бөлу және жоғары оқу орнына оқуға түсу туралы түзетулер енгізілді.

Түзетулер 2017 жылы күшіне енеді.

6

Мемлекеттік бітіру емтиханы – орта білім курсын бітіргені туралы куаландыратын мемлекеттік үлгідегі құжатты алу шарты болып табылатын орта білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды қорытынды аттестаттаудың бір түрі. Емтихан мектептерде өткізіледі.



Ұлттық бірыңғай тестілеу – жоғары оқу орындарына оқуға түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір түрі. Тестілеу жоғары оқу орындарының базасында өткізіледі.

Емтихан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы №393 бұйрығына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілген ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 суәрдегі № 115 бұйрығымен бекітілген 10-11-сыныптарға арналған жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттарының оқу бағдарламаларына негізделеді.

Қазіргі таңда мемлекеттік бітіру емтиханы мен Ұлттық бірыңғай тестілеу рәсімінің форматын ҚР Білім және ғылым министрлігі әзірлеуде. Ақпарат ҚР Білім және ғылым министрлігінің www.edu.gov.kz, Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің www.control.edu.gov.kz сайттарына орналастырылатын болады.

Сонымен қатар, емтихан тапсырудың ұсынылып отырған формаларының бірі эссе жазу екеніне назар аударуларыңызды сұраймыз. Эссе жазуға қойылатын талаптар әдістемелік әдебиетте көрсетілген, оған қоса мұғалімге көмек ретінде әдістемелік-нұсқау хаттың тиісті тарауында эссе жазуға қойылатын талаптар бір үлгідегі талаптары барынша нақты көрсетілген.

Заманауи қоғамның ақпараттандыру жағдайында пән мұғалімдері АКТ-құзыреттілігін біліп, қосымша ресурстарды пайдалана отырып , соның ішінде интернет және пән бойынша ақпаратты табу мен өңдеу білігін қалыптастыруы керек.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің, оқушылардың оқу жетістігін сырттай бағалау, мемлекеттік аттестаттау мен талапкерлерді кешенді тестілеудің тест тапсырмаларының базасын қалыптастыру ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген оқулықтардың материалдары негізінде іске асады. Сондықтан ұлттық емтихандарға және мониторингілеуге дайындық кезінде оқушылар жоғарыда көрсетілген ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген оқулықтардың материалдарына сүйенуі тиіс.

Оқыту ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде жүргізілетін жалпы орта білім беретін мектептерде аударма оқулықтар немесе оқушылар мен ата-аналардың қалауымен қазақ тіліндегі оқулықтар қолданылады.

Білім мазмұнын жаңарту шеңберінде мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту білім берудің басым мақсаттарының бірі ретінде айқындалып отыр.

Функционалдық сауаттылық әр мектеп пәнінің негізінде қалыптасады. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту және оның қалыптасуын тексеру құралы шығармашылық сипаттағы тапсырмалар (зерттеу жұмыстарына бейімделген тапсырмалар; экономикалық, тарихи мазмұндағы тапсырмалар; тәжірибеге бағытталған тапсырмалар т.б.) болып табылады.

7

БҒДМБ қазақстандық жалпы білім беретін мектептердің PISA (15 жасар оқушылардың математикалық және ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын, сонымен бірге әртүрлі типтегі мәтіндерді түсінуін салыстырмалы бағалау), TIMSS (4-ші және 8 -сынып оқушылардың математикалық және ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын салыстырмалы бағалау) және PIRLS (мәтінді оқу және түсіну сапасын зерделеу) халықаралық салыстырмалы зерттеулеріндегі нәтижесін жақсарту қажеттілігі көрсетілген.



Осыған орай, Қазақстандағы мектептегі білім беру жүйесі балалардың дағдыларын дамытуда әртүрлі оқу және өмірлік жағдаяттар, тұлғааралық қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастар білімін қолдануға бағытталуы тиіс.

Оқушылардың оқу жетістігін сырттай бағалау (бұдан әрі – ОЖСБ) аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығы бағаланады. Функционалдық сауаттылықты тексеруге арналған тест тапсырмалары алғаш рет 2014 жылы ОЖСБ тапсырмаларына қосылды.



Функционалдық сауаттылық, кеңінен алғанда, тұлғаның мектепте алған білімі, білігі мен дағдысын адамзат қызметінің әртүрлі саласында, сонымен бірге тұлғааралық қатынастар мен әлеуметтік байланыстарда кездесетін тіршілік міндеттерін жан-жақты шеше білу қабілеті ретінде түсіндіріледі.

Қазақстан Республикасында оқушылардың оқу жетістігін сырттай бағалау аясында функционалдық сауаттылықтың мынадай түрлері бағаланады: оқу сауаттылығы (қазақ тілі, орыс тілі); математикалық сауаттылық; жаратылыстану ғылыми сауаттылық (физика, химия, биология, география).



Оқу сауаттылығы оқушылардың мәтін мазмұнын түсіне білу және оларға ой жүгірте білу, мәтін мазмұнын өз мақсаттарына жету үшін пайдалана білу, қоғам өмірінде белсенділік таныту мақсатында білімдері мен мүмкіндіктерін дамыту қабілеттері. Оқу жылдамдығы мен мәтінді дәлме-дәл түсіну бағаланбайды, мәтінге арналған рефлексия мен ұғым, өмірлік мақсаттарды жүзеге асыруға арналған оқығанын пайдалану бағаланады.

Математикалық сауаттылық әлемдегі математиканың рөлін айқындау және түсіне білу, математикалық тұжырымдарды дәлелді негіздей білу және қызығушылығы бар , ойлы азаматқа тән қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін математиканы қолдана білу қабілеттері.

Жаратылыстану ғылыми сауаттылық жаратылыстану ғылымындағы білімін қолдана білу, қоршаған ортаны және адамзат енгізген өзгерістерді түсіну үшін, табиғи-ғылыми мәселелерге қатысты және ғылыми дәлелдермен негізделген сұрақтарды анықтап тану және негізделген қорытынды жасай білу қабілеттері.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығының қалыптасуын тексеруге арналған тапсырмалардың үлгілері ОЖСБ мен ҰБТ-ға дайындық оқу-әдістемелік құралдарында қамтылған.

Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына, оның психологиялық, рухани, физиологиялық, әлеуметтік және шығармашылық дамуының үйлесімділігіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін «Өзін-өзі тану» пәні функционалды тұрғыдан маңызды пәндердің бірі болып табылады. Бұл пәнді оқыту «Адамның үйлесімді дамуы» институты (Алматы, «Бөбек» ҰҒПББСО) дайындаған, ҚР Білім және

8

ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген білім беру ұйымдарына арналған оқу бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады. «Өзін-өзі тану» пәнін біліктілікті арттыру және қайта даярлау бойынша арнайы курстардан өткен пән мұғалімдері жүргізеді.



«Өзін-өзі тану» пәнін оқыту білім берудің мектепке дейінгі деңгейінен басталады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту білім беру жүйесінің алғашқы деңгейі ретінде баланың жеке әлеуметтік қалыптасуының маңызды кезеңі болып табылады. 5-6 жастағы балалардың мектепалды даярлығы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің аяқтаушы буыны болып табылады, бұл бастауыш білім беруді алу үшін баланың бастапқы мүмкіндіктерін теңестіреді.

2014-2015 оқу жылынан бастап республиканың 24 білім беру ұйымдарында оқу және тәрбие процесіне рухани-адамгершілік білім беретін «Өзін-өзі тану» бағдарламасының тереңдетілген кіріктірілген моделі жүзеге асырылуда.

Рухани-адамгершілік білім беретін «Өзін-өзі тану» бағдарламасын басқа білім салаларымен, тұтас тәрбие процесімен, қосымша білім берумен тереңдете кіріктіру идеясы білім беру процесін ерекше формада құруды талап етеді, ол білім беру ұйымдарының жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген баланың жеке тұлғасын тәрбиелеуде біртұтас рухани-адамгершілік кеңістік құруды керек етеді.

Рухани-адамгершілік білім беретін «Өзін-өзі тану» бағдарламасының терең кіріктірілген моделінің оқу және тәрбие процесіне енгізудің эксперименттік алаңы болған білім беру ұйымдарында (1-қосымша), төменде анықталған педагогикалық шарттар сақталуы керек:

сенімділік қалыптасуы керек, шабытты шығармашылық, өзіндік зерттеулерге, өзіндік даму мен өзіндік жетілдірулерге мүмкіндік беретін жағдайлар болуы керек;

рухани-адамгершілік білім беретін «Өзін-өзі тану» бағдарламасының мектептің біртұтас педагогикалық процесіне кірігуін жүзеге асыру;

өскелең ұрпақтың білім алуы мен тәрбиелену процесінде қолданылатын барлық әдістер мен тәсілдердің тек оң және ізгілікті болуын көздеу керек.

«Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсын оқу міндетті болып табылады және мазмұны дүниетану оқу курсының аясында жүзеге асырылады. Осыған сәйкес, 2-3-сыныптарда жылдық оқу жүктемесі 6 сағат, 4-сыныпта 10 сағат. 5-9-сыныптарда 15 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен дене шынықтыру мұғалімінің оқытуымен іске асырылады; 10-11-сыныптарда жылдық оқу жүктемесі 25 сағат (алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы жүзеге асырады. Өмір қауіпсіздігінің негіздері бойынша сабақтар және оқу процесі кезінде жүргізіледі.

Оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында «Экономика

және қаржылық сауаттылық негіздері» курсының мазмұны 4 - сыныпта «Дүниетану» оқу пәнімен, 5-11-сыныптарда «Технология» оқу пәнімен кіріктіріліп оқытылады және бастауыш сынып мұғалімдері мен технология мұғалімдері жүзеге асырады. Оқушылардың экономикалық сауаттылығын арттыру үшін қосымша «Дана Жол» қолданбалы экономика

9

орталығымен әзірленген «Қолданбалы экономика» білім беру бағдарламасы бойынша факультативтік курсын ұйымдастыруға болады.



10-11-сыныптарда бейіндік оқыту өз жалғасын табады (2015-2016 оқу жылында ұйымдастырылғандай): қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттары бойынша жүзеге асырылады. Бір немесе екі бағытты таңдау оқушылардың қажеттілігі мен ата-аналардың сұраныстарын ескере отырып мектеппен жүргізіледі. Саралап оқытуды жүзеге асыру мен екі бағыт арқылы оқушылардың танымдық қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында кәсіби -бағдарланған тәсілді жүзеге асыру аясында бейіндік пәндерді тереңдетіп оқыту енгізіледі.

ҚР МЖМБС-2015 сәйкес қалалық жалпы орта білім беретін ұйымдарда 1-сынып толымдылығы 24-ке жеткенде немесе одан асқанда, ауылдық жерлерде – 20-ға жеткен кезде немесе одан асқанда шағын жинақты мектептерде – білім алушылар 10-нан кем болмаған жағдайда:

оқыту қазақ тілді емес сыныптардағы қазақ тілі;

оқыту орыс тілді емес сыныптардағы орыс тілі;

ағылшын тілі;

өзін-өзі тану сабақтарын өткізуде сыныпты екі топқа бөліп оқыту жүзеге асырылады.

ҚР МЖМБС-2012 сәйкес қалалық жалпы орта білім беретін ұйымдарда 2-11-сыныптар толымдылығы 24-ке жеткенде немесе одан

асқанда, ауылдық жерлерде – 20-ға жеткен кезде немесе одан асқанда шағын жинақты мектептерде – білім алушылар 10-нан кем болмаған жағдайда:

оқыту қазақ тілді емес 2-11-сыныптардағы қазақ тілі;

оқыту қазақ тілді емес 5-11-сыныптардағы қазақ әдебиеті;

оқыту қазақ, ұйғыр, тәжік және өзбек тілдерінде жүргізілетін 3-11-сыныптардағы орыс тілі;

2-11-сыныптардағы шет тілі;

5-11-сыныптардағы информатика;

бейінді пәндер (жергілікті атқарушы органның құзыреттілігіне кіреді);

5-11-сыныптардағы дене шынықтыру (ұл және қыз балалар топтарына);

5-11-сыныптардағы «Технология» (сынып толымдылығына қарамастан ұл және қыз балалар топтарына) сабақтарын өткізуде сыныпты екі топқа бөліп оқыту жүзеге асырылады.

Білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі сыныптағы және сыныптан тыс (факультативті, жеке және үйірме сабақтары) оқу жұмыстарының барлық түрлерін қоса алғанда, 1-сыныпта – 24 сағаттан, 2-сыныпта – 25 сағаттан, 3-сыныпта – 29 сағаттан, 4-сыныпта – 29 сағаттан, 5-сыныпта – 32 сағаттан, 6-сыныпта – 33 сағаттан , 7-сыныпта – 34 сағаттан, 8-сыныпта – 36 сағаттан, 9-сыныпта – 38 сағаттан, 10-сыныпта – 39 сағаттан, 11-сыныпта – 39 сағаттан аспауы тиіс.

Үй тапсырмасы мұғалімнің сабақтан кейін оқушының өз бетімен орындауы үшін берген тапсырмасы. Үй тапсырмасы оқушының сабақта меңгерген жаңа материалды ұмытпауының алдын алады, ойын жинақтауына

10

мүмкіндік береді.



Үй тапсырмасының негізгі түрлері төмендегідей:

материалды оқулық бойынша меңгеру;

әртүрлі жазба және практикалық жұмыстарды (жаттығулар) орындау;

шығарма және басқа да шығармашылық жұмыстарды орындау;

әртүрлі сызбалар мен диаграммаларды дайындау;

биология пәнінен гербарий дайындау, табиғат құбылыстарын бақылау, сонымен қатар химия, физика және т.б. пәндерден түрлі тәжірибелік жұмыстар жүргізу.

Үй тапсырмасының тиімділігін арттыруға арналған және оқушылардың терең білім алуына мүмкіндік беретін дидактикалық әдістер:

- оқу жұмысы процесінде жаңа материалды меңгерту кезінде оқушылардың үй тапсырмасын дұрыс орындауына назар аударту алғышарт болып табылады;

- үй тапсырмасы тек репродуктивті (түсіндірмелі) әрекетке негізделмей, оқушылардан ойлауды және шығармашылықты талап ететін тапсырмаларға негізделуі тиіс;

- үй тапсырмасын мүмкіндігінше саралап беру және пәнді терең меңгеруге талпынатын, қабілетті оқушылар үшін қиындығы жоғары қосымша тапсырмалар беру;

- үй тапсырмасын орындаудың тиімді тәсілін ұсыну; - оқушыларды меңгерген материалды белсенді қолдануға және оны сапалы

меңгеруде өзін-өзі бақылауға үйрету.

Кез келген сабақтың дидактикалық құрылымында үй тапсырмасын беру кезеңі болады. Ол төмендегі көрсетілген әрекеттерден тұрады:

әр оқушының ерекшелігін ескере отырып, үй тапсырмасы туралы ақпарат беру;

оқушыларға үй тапсырмасының, жекелеген жұмыстардың мақсатын, мазмұнын және орындалу тәсілдерін түсіндіру (нақты нұсқаулық беру);

берілген тапсырманы орындау мерзімі туралы ақпарат беру.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы №179 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптары» қағидаларына сәйкес «Пән оқытушысы сынып журналына деректерді енгізіп, үй тапсырмаларын орындау мүмкіндігін ескере отырып, оқушыларға үй тапсырмаларын береді. Үй тапсырмаларын орындау үшін ұсынылатын уақыт (астрономиялық сағатпен): 2-3-сыныптарда – 1,5 сағаттан асырмау, 4-5-сыныптарда – 2 сағаттан асырмау, 6-8-сыныптарда – 2,5 сағаттан асырмау, 9-11-сыныптарда – 3 сағаттан асырмау керек.

«Жалпы білім беретін оқу орындарында 2016-2017 оқу жылының басталуы туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес:

Оқу жылының ұзақтығы мектепалды дайындық сыныптарында – 32 оқу аптасы, 1-11 (12)- сыныптарда – 34 оқу аптасы.

Оқу жылы барысындағы каникулдар:

11

1) 1-11 (12) – сыныптарда: күзгі каникул – 7 күн (2016 жылғы 31 қазан - 6 қарашаны қоса алғанда), қысқы – 10 күн (2016 жылғы 30 желтоқсан



– 2017 жылғы 8 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі – 13 күн (2017 жылғы 21 наурыз – 2 сәуірді қоса алғанда);

2) мектепалды даярлық сыныптарында: күзгі каникул – 7 күн (2016 жылғы 31 қазан - 6 қарашаны қоса алғанда), қысқы – 14 күн (2016 жылғы 26 желтоқсан – 2017 жылғы 8 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі – 15 күн (2017 жылғы 21 наурыз - 4 сәуірді қоса алғанда);

3) мектепалды даярлық сыныптары мен 1-сыныптарда: 7 күн (2017 жылғы 1-7 ақпанды қоса алғанда) мерзімінде қосымша каникул белгіленеді.

2016-2017 оқу жылынан бастап республика мектептерінің кезең-кезеңімен бес күндік оқуға көшу басталады. 2016-2017 оқу жылында бес күндік оқуға республиканың бірінші сыныптары көшеді. 1-шы сыныпта бес күндік аптаға арналған сабақ кестесін жасау жөніндегі әдістемелік ұсынымдама қосымша ретінде ұсынылып отыр.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысымен бекітілген «Жалпы білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) қызметінiң үлгілік қағидаларының» 18-тармағына сәйкес ата-аналардың немесе өзге де заңды өкiлдердiң мүдделерiн ескере отырып, жергiлiктi білім берудi басқару органдарымен келісім бойынша білім беру ұйымдарында даму мүмкіндігі шектеулі балалармен дені сау балалардың бірлесіп оқитын сыныптары (бір сыныпта даму мүмкіндігі шектеулі екі баладан артық оқытылмауы тиіс) немесе арнайы білім беру ұйымдарының үлгілік қағидаларында көрсетілген толымдылыққа сәйкес бұзушылық түрлері бойынша арнайы сыныптар ашылуы мүмкiн.

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 5-тармағына сәйкес денсаулық жағдайына қарай ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беретін ұйымдарға бара алмайтын азаматтар үшін үйде немесе стационарлық көмек, сондай-ақ қалпына келтіру емін және медициналық оңалту көрсететін ұйымдарда тегін жеке оқыту ұйымдастырылады.

Мемлекет инклюзивті білім берудің мақсаттарын іске асыра отырып, даму мүмкіндігі шектеулі білім алушылардың білім алуы, даму бұзушылықтарының түзетілуі және әлеуметтік бейімделуі үшін жағдайды қамтамасыз етеді..

Білім беру ұйымдары оқу процесін қашықтықтан білім беру технологиялары (бұдан әрі – ҚБТ) бойынша өз бетінше іске асыра алады.

Оқу процесін ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №137 бұйрығымен бекітілген «Қашықтықтан білім беру технологиялар бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары» (бұдан әрі – Қағидалар) бойынша реттеледі.

Қағидалар бойынша ҚБТ барлық білім беру деңгейлерінде мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар оның ішінде мүгедек балалар, I және II топтағы мүгедектер болып табылатын білім алушылар үшін қолданылады. ҚБТ бойынша оқуға ниет білдірген білім алушылар еркін нысанды білім беру ұйымы басшысының атына растаушы құжаттарды ұсына отырып оқуда ҚБТ-ын пайдалану мүмкіндігі туралы уәждемелі негіздемелері бар өтініш жазады. Мүгедек балалар ҚБТ бойынша оқу

12

процесіне қатысу мүмкіндігі туралы психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация ұсынымдарын береді. Жалпы білім беру ұйымдарында ҚБТ бойынша оқыту бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің оқу жоспарлары бойынша жүргізіледі.



«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес экстернат - білім алушы сабаққа үнемі қатыспай-ақ тиісті білім беру бағдарламасының оқу пәндерін өз бетімен оқитын оқыту нысандарының бірі және жергілікті атқарушы орган негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында, сондай-ақ мамандандырылған және арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат береді.

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау», «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру» және «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың төлнұсқаларын беру» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 179 бұйрығымен бекітілген «Орта білім беру саласында жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары» бойынша жүзеге асады.

БҒДМБ іске асыру аясында экономиканың тұрақты өсуі үшін сапалы қол жетімді біліммен қамтамасыз ету арқылы білім берудің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, адам капиталын дамыту мақсатында деңгейлік бағдарлама бойынша оқуға педагог кадрлар белсенді тартылады.

Бағдарламаны іске асырудың тұжырымдамалық негіздері мен деңгейлік қағидаттары оқып шыққан сертификатталған педагог кадрларға коучинг пен менторинг процесі арқылы оқытудың тәжірибесін өзгертуге, желілік педагогикалық қоғамдастық қызметі ХХI ғасырда оқушылардың сын тұрғысынан ойлау, өзін-өзі ынталандыру, өзін-өзі реттеу, оқи білу дағдыларын белсенді әрі табысты қолдану дайындығын қалыптастыруға ықпал ететін қажетті білім ортасын құруға мүмкіндік береді.



Үшінші (базалық) деңгей бағдарламасы бойынша оқып шыққан мұғалімдер:

жоспарлау процесін, бағалау жүйесі мен рефлексиялауды жетілдіруі, жеті модуль тақырыбында кіріктірілген тізбекті сабақтар серияларын іске асыруға тиіс.



Екінші (негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша оқып шыққан мұғалімдер:

менторинг мен коучинг арқылы мектепте әріптестерінің жұмыс тәжірибесін жетілдіруі, мектеп мұғалімдерінің кәсіби қоғамдастығын ұйымдастыруы, сынып аясында жоспарлауды және іс-әрекеттегі зерттеу жүргізуі тиіс.



Бірінші (жетік) деңгей бағдарламасы бойынша оқып шыққан мұғалімдер:

мектепте және оның сыртындағы мұғалімдердің кәсіби қоғамдастығын, соның ішінде коучинг пен менторинг процесін жүзеге асыратын мектеп мұғалімдері тобын ұйымдастыруы;

білім беру саласында мұғалімдердің зерттеу жүргізу әдістерін түсіндіруді

13

дамытуы; мектеп көлемінде іс-әрекеттегі зерттеуді жоспарлауы және өткізуі тиіс.



Сертификатталған педагог кадрлардың ынтымақтастығын, сондай-ақ деңгейлік бағдарлама бойынша оқудан өтпеген мұғалімдерді процеске тартуды қамтамасыз ету үшін желілік ұйымдастырушы ретінде бекітілген тірек мектептері арқылы Бағдарлама идеяларының орындалуы жүзеге асырылады.

Бағдарламаның түйінді идеяларын бақылап отыру және жүзеге асырылуына мониторинг жүргізу үшін жалпы білім беретін ұйымдардың басшылығы (директор, оның орынбасарлары) оқытудан өткен мұғалімдермен практикалық іс-шаралардың кешенін іске асыруы тиіс:



(Бағдарламаның үшінші (базалық) деңгейі бойынша:

Бағдарламаның 7 модулін қолданудың, сабақтарға қатысу арқылы оқытуда инновациялық тәсілдерді қолданудың тиімділігін бақылау;

сол мұғалімнен білім алатын оқушылардың білім сапасына мониторинг жүргізу.

(Бағдарламаның екінші (негізгі) деңгейі бойынша:

бағдарламаның 7 модулін қолданудың, сабақтарға қатысу арқылы оқытуда инновациялық тәсілдерді қолданудың тиімділігін бақылау;

сол мұғалімнен білім алатын оқушылардың білім сапасына мониторинг жүргізу;

мұғалімнің өзі зерттеуін іске қосу барысында қызметінің нәтижелілігін қадағалау;

әріптестерін оқытудың әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етілгенін анықтау (жоспарлау, кесте құрастыру);

бағдарламаның үшінші (базалық) деңгейі бойынша әріптестер тобының оқыту табыстылығына талдау жүргізу (6-10 адам);

әріптестеріне коучинг және мониторингті меңгертудегі мұғалімнің жұмысына бақылау жүргізу.

(Бағдарламаның бірінші (жетік) деңгейі бойынша:

бағдарламаның 7 модулін қолданудың, сабақтарға қатысу арқылы оқытуда инновациялық тәсілдерді қолданудың тиімділігін бақылау;

сол мұғалімнен білім алатын оқушылардың білім сапасына мониторинг жүргізу;

мұғалімнің өзі зерттеуін іске қосу барысында қызметінің нәтижелілігін қадағалау;

әріптестерін оқытудың әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етілгенін анықтау (жоспарлау, кесте құрастыру);

бағдарламаның екінші (негізгі) деңгейі бойынша әріптестер тобының оқыту табыстылығына талдау жүргізу (6-10 адам);

әріптестеріне коучинг және мониторингті меңгертудегі мұғалімнің жұмысына бақылау жүргізу;

мұғалімдердің кәсіби қауымдастығының мектепте және одан тыс жерлерде ұйымына, қызмет етуіне бақылау жасау;

деңгейлік курстардан өткен мұғалімдердің түсініктері бойынша талдау жасау, білім беру саласындағы зерттеулердің әдістерін түсінуі және жоспар

14

құру мен мектеп көлемінде зерттеу жүргізуі бойынша нақты практикалық әрекеттер жасау қабілетіне талдау жасау.



Жалпы білім беру мектептерінің әкімшілігі үшін оқыту процесін және мектепішілік бақылауды тиімді ұйымдастыруға арналған нормативтер ұсынылады (1-кесте).

1-кесте – Оқу процесі мен мектепішілік бақылауды ұйымдастыруды жүзеге асыру нормативтері

Бақылау нысанасы



Нормасы

1

Сабақтарға және сыныптан тыс іс-



Аптасына 3-4 сабақ (директордың

шараларға қатысу және оларды талдау

орынбасарлары үшін);

Аптасына 3 сабақ (мектеп директорлары

үшін).

2

Сынып журналдарын тексеру



Айына 1 рет, жылына 8-10 рет

3

Оқушылардың күнделіктерін тексеру



Айына 1 рет, жылына 8-10 рет

4

Пәндер бойынша оқу бағдарламалары-



Тоқсанына 1 рет, жылына 4 рет

ның орындалуын тексеру

5

Оқушылардың жеке іс құжаттарын



Жылына 2 рет

тексеру


6

Пәндер бойынша тақырыптық және

Жылына 1-2 рет

күнтізбелік жоспарларды тексеру

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы мұғалімдерге көмек ретінде келесі құралдар әзірледі және олар Академияның сайтында (www.nao.kz) орналастырылды:

PISA, TIMSS зерттеулерінің тапсырмалары негізінде оқушылардың математикалық, жаратылыстану-ғылыми және оқу сауаттылықтарын дамыту бойынша әдістемелік құралдар. Мұнда әдістемелік ұсыныстар мен оқушылардың білім жетістігін анықтау бойынша халықаралық зерттеулерде қолданылған тапсырмалар енгізілген;

білім беру салалары бойынша қолданбалы курстардың мазмұнын жобалау мен өткізу бойынша мұғалімдерге көмек ретінде әдістемелік құралдар;

ұлттық тілде оқытылатын мектептерде көптілді оқытудың озық тәжірибесін тарату бойынша әдістемелік ұсынымдар. Әдістемелік ұсынымда қазақстандық мектептерде көптілділікті дамыту жолдары қарастырылған, ұлттық мектептерде пәндерді екі тілде (мектептің оқыту тілінде және мемлекеттік тілде) қатар оқыту ұсынылған;

ұлттық тілде оқытылатын мектептерде «Математика», «География», «Физика», «Биология» пәндерін көптілді оқыту бойынша әдістемелік ұсынымдар. Әдістемелік ұсынымда жалпы білім беретін мектептердегі сабақта көптілді оқытуды ұйымдастыру мен пайдалану бойынша практикалық ұсынымдар, сабақты жүргізудің типтері мен формалары, әдістемелік тәсілдердің жиынтығы көрсетілген. Пәнді көптілді оқытудың дидактикалық тәсілдері суреттелген, пән бойынша оқушылардың тілдік құзыретін және функционалды сауаттылығын дамытудағы жұмыстың мазмұны, әдістері және

15

нысандары бойынша ұсыныстар берілген; 5) ғылым негіздері бойынша ұлттық мектептерге арналған



терминологиялық сөздік. Әдістемелік құралда терминологиялық сөздікті әзірлеудің әдістемелік негіздері ашылып, қазақ, орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдеріндегі оқу әдебиеттерін оқып білуде көмек болатын кең таралымды және жиі қолданыстағы пәндік терминдердің жиынтығы берілген. Сөздікте ұлттық тілде оқытатын мектептерде тілдік пәндердің бірыңғай тақырыптық минимумы көрсетілген және ғылым негіздері бойынша көрсетілген тілдерде шамамен 11500 термин мен сөз тіркестері жинақталған.

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру деңгейлеріндегі оқу процесіне қатысушыларын кешенді қолдауды Академия сайты қамтамасыз етеді (www.nao.kz). Мұғалімдерге көмек ретінде сайттың келесі бөлімдері ұсынылады:



«Білім беруді оқу-әдістемелік қамтамасыз ету» (әдістемелік-нұсқау хат, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру), бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламалары, нормативтік-құқықтық база);

«Білім беруді ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету» (әдістемелік

құралдар, ұсынымдар, тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері, Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері);



«Семинарлар, конференциялар» (Академияда атқарылған іс-шаралар туралы ақпарат: ғылыми-практикалық конференциялар, тақырыптық семинарлар және т.б.);

«Журналдар» (Академияда шығарылатын «12 жылдық білім беру 12-летнее образование», «Білім – Образование», «Қазақстан кәсіпкері – Профессионал Казахстана» ғылыми-әдістемелік журналдар туралы ақпараттар);

«Сұрақ-жауап» (оқыту мен тәрбиелеудің өзекті мәселелерін талқылау, Академия мамандарына сұрақтар қоюға болады).

Білім беру қызметін ұйымдастыру кезінде жалпы білім беру ұйымдары басшылыққа алатын Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық құжаттар Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сайтындағы

(http://www.adilet.gov.kz) «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйе» (http://adilet.zan.kz) блогында орналастырылған.

Жаңартылған білім мазмұнына көшетін 1-сынып мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету үшін «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ НЗМ сайтына (sk.nis.edu.kz сілтемесі арқылы кіру) ұсынылған Жүйелі-әдістемелік кешен (ЖӘК) әзірледі.

16

Мектеп формасы туралы



Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығымен орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасының талаптары бекітілді.

Орта білім беру ұйымдарындағы міндетті мектеп формасы оқытудың зайырлылық сипатына сәйкес келуі қажет.

Мектеп формасының үлгісі және түсі классикалық үлгігіні ұстанып, бірыңғай түстердің үйлесімді гаммасын, үш түстен артық емес түстерді қосуға болады. Шымқай ашық түстер емес жағымды түстер таңдалады.

Мектеп формасы білім алушылардың жас ерекшелігін ескере енгізіледі. Ол күнделікті киетін, мерекелік және спорттық болып бөлінеді.

Ер балаларға арналған мектеп формасына: пиджак, желет, шалбар, мерекелік көйлек, күнделікті киетін көйлек (қысқы кезеңге: тоқыма желет, водолазка). Ер балаларға арналған шалбардың ұзындығы тобықты жауып кең пішіледі.

Қыз балаларға арналған мектеп формасына: пиджак, желет, белдемше, шалбар, классикалық үлгідегі жейде (қысқы кезеңге: тоқыма желет, сарафан, водолазка). Қыз балаларға арналған шалбардың ұзындығы тобықты жауып кең пішіледі.

Ер балаларға арналған мерекелік форма ақ көйлекпен, қыз балалар үшін ақ жейдемен толықтырылған күнделікті киетін формадан тұрады.

Ер балаларға және қыз балаларға арналған спорттық формаға: спорттық костюм (спорттық шалбар , футболка), спорттық аяқ киім (кроссовка, кеды) жатады.

Мектеп формасының негізгі түсіне немесе кереғар түсіне сәйкес келетін классикалық үлгідегі галстугі болады. Мектеп формасында түрлі



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет