ОҚу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы



бет14/14
Дата08.06.2018
өлшемі1,42 Mb.
#41138
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Көрсеткіштің атауы

2012/2013

2013/2014 оқу

2014/2015

оқу жылы

жылы

оқу жылы

1

Біліктілігін арттырған қызметкерлер



21%

26%


28,5%

2

Деңгейі (жоғары, бірінші, екінші) бар



58%

60%


79%

педагогикалық қызметкерлердің үлесі

Мектепте құрылған және жұмыс жасайтын

3

балаларға арналған үйірмелер мен



780

953


1 196

секциялардың саны

Оқушыларға өткізілген танымдық және

4

өнегелік іс-шаралардың, оқытушылар үшін



445

651


757

өткізілген тренингтердің саны

Педагог қызметкерлер басып шығарған

(газеттерде, конференциялардың

5

жинақтарында, оқу журналдарында, мектеп



1 251

2 492


2 598

сайтында) жарияланымдар, әдістемелік

құралдар (жинақтар, кітапшалар,

электрондық құралдар) саны.

Конкурстарда және сайыстарда (спорттық,

6

пәндік, ғылыми, зияткерлік) жеңімпаз



17%

22%


20%

атанған оқушылардың үлесі

7

ҰБТ-ның орташа көрсеткіші (балдар)



71

76

80



8

Педагогтердің орташа айлық жалақысы

72

105


105,3

(мың теңге)

2014-2015 оқу жылы пилоттық мектептерде өз біліктілігін арттырған қызметкерлердің саны 128 адамға көбейді, бұл қызметкерлердің жалпы орташа жылдық санының шамамен үштен бір бөлігін құрайды. Бұл 2013-2014 оқу жылымен салыстырғанда 2,2%-ға және 2012-2013 оқу жылымен салыстырғанда

7,5%-ға көп.

Пилоттық мектептердің жоғары, бірінші және екінші деңгейлі педагог қызметкерлердің үлесі 2013-2014 оқу жылы 60%-дан 2014-2015 оқу жылы 79%-ға дейін артты (2012-2013 оқу жылы бұл көрсеткіш 58%-ды құрады).

Балаларды дамытуға арналған үйірмелер мен секциялар 2013-2014 оқу жылымен салыстырғанда 243 бірлікке, 2012-2013 оқу жылымен салыстырғанда 416 бірлікке артып, 2014-2015 оқу жылы 1196 бірлікті құрады.

Егер 2012-2013 оқу жылы - 445, ал 2013-2014 оқу жылы 651 оқушыларға арналған танымдық және өнегелік іс-шара, мұғалімдерге тренингтер өткізілген болса, 2014-2015 оқу жылы бұл көрсеткіш 757 бірлікті құрады.

2014-2015 оқу жылы пилоттық мектептердің педагогтары шығарған әдістемелік құралдар мен басқа басылымдардың саны 2492 жетті. Бұл 2013-2014 оқу жылымен салыстырғанда 2 есеге және 2012-2013 оқу жылының көрсеткішінен 2,1 есеге асып түсті.



230

Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

Оқушылардың жалпы санынан конкурстар мен жарыстарда жеңімпаз, жүлдегер, лауреат атанған оқушылардың үлесі 2014-2015 оқу жылы 21% құрады. 2013-2014 оқу жылы бұл көрсеткіш 23%-ды, 2012-2013 оқу жылы 18%-ды құрады.

Пилоттық мектептердегі ҰБТ-ның орташа көрсеткіші соңғы үш жылда 71 балдан 80 балға дейін жоғарылады.

Ынталандыру төлемдері мен сыйлықақылардың арқасында пилоттық мектептердегі педагог қызметкерлердің орташа айлық жалақысы 2014-2015 оқу жылы инфляция деңгейін есептемегенде 105,3 мың теңгені құрады, бұл апробацияның бірінші жылындағыдан 1,5 есе жоғары.

Апробациялау өткізілген үш оқу жылының нәтижелері қаржыландыру принципін өзгерту мен білім беру сапасының оң динамикасы арасындағы өзара тікелей байланыс туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

2015 жылдың желтоқсан айында (7 және 25 желтоқсанда) ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары Д.Н. Назарбаевада кеңес өткізілді, оның нәтижесінде орта білім беруді жан басына қаржыландыру жөніндегі пилоттық жобаны іске асырудың тұжырымдамалық тәсілдемелерін өзгерту: пилоттық жобаға 1-9 сыныптарды қайтару, білім беру процесіне шығыстар құрылымын кеңейту, ынталандыру қорының мөлшерін қайта қарау, мектептердің құқықтық - ұйымдастырушылық нысанын өзгерту қажеттілігі туралы шешім қабылданды.

2016 жылғы 21 қаңтарда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Д.Н. Назарбаевада кезекті кеңес өткізілді, оның нәтижесі бойынша орта білім беруді жан басына қаржыландырудың апробациясын 2016 жылдың қаңтар айынан тамыз айына дейін 5 облыстағы 63 пилоттық мектептің 10-11-сыныптарында, 2016 жылғы 1 қыркүйектен бастап республиканың 5 облысындағы 12 пилоттық мектептің (жобаға қатысушы 63 мектептің ішінен) 1-11 (12) сыныптарында жалғастыру туралы шешім қабылданды.

ҚР Үкіметінде өткізілген кеңестің нәтижесі бойынша, сондай-ақ ҚР Қаржы министрлігімен әрі қарай талқылау және ҚР БҒМ-дағы ішкі кеңестер барысында Орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыру әдістемесінне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жоспарланып отыр, оларға сәйкес мыналар жобалануда:



1. Білім беру процесінің шығыстары мыналарды қамтитын болады:

- білім беру процесіне қатысатын қызметкерлердің еңбекақы қоры; - оқу шығыстары (оқу, көрнекі материалдарды (нақпішіндер, кестелер,

плакаттар, зертханалық ыдыстар, қағаз, химиялық заттар және металдар, еңбекке баулу үшін материалдар) сатып алу), оқушыларды түрлі ғылыми іс-шараларға даярлау және қатыстыру);

- Интернет қызметтерін төлеу.



2. Білім беру ортасының шығыстары мыналарды қамтитын болады:

білім беру процесіне қатыспайтын қызметкерлердің еңбекақы қоры;

коммуналдық қызметтер;

Интернеттен басқа байланыс қызметі;

ғимаратты, жабдықтарды, құрал-саймандарды, мектеп жанындағы интернаттарды ағымдағы жөндеу, оларды ұстауға және күтуге ағымдағы


231

Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

шығыстар.



3. Күрделі шығыстарды, жалпы оқыту қорының шығындарын, тамақтандыруды, оқулықтар сатып алуды және жеткізуді жергілікті бюджет қаражатының есебінен жүргізу жоспарлануда.

Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру уәкілетті органның деңгейінде орталықтандырылған болып қалады және республикалық бюджет қаражатының есебінен қаржыландырылады.

Орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыру әдістемесіне жаңа өзгертулер мен толықтырулар жобасына сәйкес білім беру процесін және білім беру ортасын қаржыландыру мектептер арасындағы шығыстарды теңестіру үшін республикалық бюджеттен қосымша қаржы бөлумен жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізілмек.

232


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

13 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРІНДЕ БАЛАЛАРҒА ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қосымша білім беру – білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жан-жақты қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбиелеу және оқыту ( «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 1-бап 39- тармақ).

Республикадағы балаларға қосымша білім беру тиімдендіруді қамтамасыз ету үшін келесі заңнамалық және норматиктік құқықтық актілер жаңартылды:

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (1, 4, 5, 6, 11,14,23,



28, 37, 51, 52, 63, 65-баптары).

«Балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және Министрінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 543 бұйрығына өзгерістер ензігу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылыми министрінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 48 бұйрығы.

«Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары түрлері қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 14 маусымдағы № 228 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 8 сәуірдегі бұйрығы.

Республикадағы жалпы білім беретін мектептердегі балаларға қосымша білім берудің ерекшеліктері 2016-2017 оқу жылдарында негізгі және қосымша білімнің мейлінше тығыз ынтымақтасуының қажет екендігін көрсетіп отыр.

Заманауи мектептердегі мазмұны мен технологиялардың өзгерістерінің инновациялық сипаттары қосымша блім беру есебінінен кәдімгідей күшейтілуі мүмкін, себебі қосымша білімнің сипаты қызметтің түрін таңдаудағы еркіндікті, білім алушылардың жоғары деңгедегі уәждемелін болжайды, яғни тұлағының шынайы шығармашылық өзін танытуын болжайды.

Жаңа ұрпақтың білім беру стандарттарын енгізу жағдайында балаларға қосымша білім беруді негізгі жалпы білім беру бағдарламаларының құрамына енгізудің өзектілігі мектепте алған білім, білік және дағдыларын практика жүзінде қолдануға итермелейтін, білім алушылардың танымдық уәждемелерін ынталандыратын жалпы білімнің құрамдастарының вариативтілігін күшейту қажеттілігімен байланысты болып отыр.

Негізгі және балаларға арналған қосымша білімнің ынтымақтасуы заманауи педагогикадағы күрделі мәселелері - тәрбиелеу, оқыту және дамыту процестерін жақындастыруға көмектеседі.

Аталған бағытты дамытудың қажеттілігі біртұтас білім беру кеңістігін сақтауға негізделеді.

Мектептергі сабақтың оқу сабақтарын өткізу процесінде қосымша білімге тән технологияларды пайдалануға болады. Бұл кешенді сабақтар, оқу


233

Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

жобалары, дискуссиялық технологиялар, ойындар болуы мүмкін. Әдетте, ол сабақтан тыс, тікелей мұғалімнің қадағалауымен өтетін білім алушылардың өз беттерімен жасаған жеке немесе ұжымдық қызметтерін қарастырады. Мектептегі сабақ оқу сабағы аясында қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыру процесі кезінде материалдың мазмұнын кеңейту және тереңдету деңгейінде, сондай-ақ мектеп сабағының жеке элементтерін сабақтан тыс қызметтің түрлі формаларында қарастыру есебінен де өз жалғасын табуы мүмкін.

Мектептерде сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыруда маңызды орынды пәндік үйірмелер мен секциялар алады . Бір жағынан – бұл пән бойынша сабақтан тыс жұмыс, ал екінші жағынан – қосымша білімнің бөлігі.

Қосымша білім білімнің әр деңгейіне қатысты белгілі жастық кезең жағдайына байланысты өз модулін ұсына алады:



мектепке дейінгі білім деңгейінді – мектеп алды даярлық;

бастауыш білім деңгейінді – білім алушылардың көзқарастарын меңгеруге көмек ретінде: түрлі оқу қоғамдастықтарына қосу;

жалпы негізгі білім деңгейінді – тұлғаның өзін-өзі анықтау процесін қолдау: түрлі қызмет салаларындағы маңызды спекторды кеңейту және оларды шешу тәжірибелерін алу;

орта білім деңгейінде – білім алушылардың кәсіби өзін өзі анықтау процесін сүйеу, кәсіпке дейінгі дайындықты қамтамасыз ету.

Мектепте балаларға қосымша білім берудің ерекшеліктері:

Білім берудің негізгі құндылықтарын дұрыс қабылдау және оның мазмұнын жақсырақ меңгеру үшін кең жалпымәдени және эмоционалды-боямды орта құру.

Балаларды қызметтің тұлғалық маңызды шығармашылық түрлеріне қосудың арқасында «байланғышсыз» тәрбиені жүзеге асыру процесінде өскелең ұрпақтың адамгершілік, рухани, мәдени бағдарларының «байқаусыз» қалыптасады.

Балалларға қосымша білім беру ұйымдарында өздерінің қабілеттерін жүзеге асыру үшін қызметтің осы немесе басқа түріне ерекше қызығушылық (көркемдік, техникалық, спорттық және басқа) білдіретін оқушылардың бағдары.

Білім алушылардың негізгі білімдеріндегі жеке білім жолын анықтауға, өмірлік және кәсіби жоспарларын нақтылауға, маңызды жеке қасиеттерін қалыптастыруға қажетті қандай да бір оқу курстарының болмауына байланысты олардың орнын толтыру.

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы рухында қосымша білім беру педагогогтерінің барлық атқарылатын жұмыстары білімді, дамыған көшбасшы қабілеттеріне ие, таңдау кезінде өз еркімен шешім қабылдай алатын, ынтымақтастыққа және мәдениетаралық әрекеттестікке қабілетті, өз халқының тағдыры үшін жауапкершілік сезімі бар адамды қалыптастыруға бағытталуы тиіс.



234

Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

Біздің балаларымыздың ұлттық идеология рухында, мәдени дәстүрлерде білім алғаны маңызды. Идеология барлық өткізілетін іс-шараларда құрамдас бөлігі болуы керек.

Қосымша білім беру педагогтеріне республикалық көрмелердің әдістемелік қорына жүгіну, кәсіби қызметтерінде көрмелік материалдарды пайдалану ұсынылады.

Балалар фольклорлық ұжымдарының педагогтеріне қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері мен салт-дәстүрлерін зерттеу бойынша, әншілік, бишілік, халық қолөнері және тағы басқа сияқты өңірлік фольклорлық дәстүрлерді сақтау және дамыту бойынша жұмыстарды жүргізуді жалғастыру ұсынылады. Сабақ барысныда білім алушыларға халқымыздың адамгершілік құнды бағдарларын түсіндіруге ерекше ден қою қажет, олар: әел-анаға деген құрмет, үлкендерге деген ізет, еңбекқорлық, әлеумет және табиғатпен жа т.б. үйлесімде өмір сүруге талпыну.

Театр шығармашылығы бірлестіктерінің педагогтеріне балалар театр шығармашылығының дамуының заманауи үрдістерін, театрдың интерактивті түрлерін дамытуды ескере отрып, мазмұны жоғары адамгершіліктен тұратын драматургиялық материалдарды ісзеуге көп көңіл бөлгендері жөн..

Бейнелеу және қолданбалы-сәндік шығармашылығы үйірмелері мен бірлестіктерінің педагогтеріне шығармашылық мәдениетті дамыту, әсемдік сезімін тәрбиелеу бойынша жұмыстарды жалғастыру қажет.

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, бейнелеу өнері, хореография, музыкамен айналысу рухани-адамгершілік ағартудың қуатты механизмі болып табылады. Бірқатар дербес байқаулар және көрмелер «Өнер арқылы-бірлікке және өзара түсіністікке» көрінісінде келесі номинациялар бойынша жалпы идеямен біріктірілген болуы мүмкін еді:

«Ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар» (байқау қатысушылары ұлттық әдет-ғұрыптың сипаттамасын ұсынады немесе көрсетеді, сондай-ақ өз халқының салт-дәстүрлерін айтып береді);

«Ұлтық әндер, поэзия, ойындар мен билер» (байқау қатысушылары ана тілінде фольклор шығармасын орындайды, биді, сондай-ақ ұлттық және халықтық ойындарды көрсетеді);

«Ұлттық киім» (ұлттық киімді немесе оның бөліктерін көрсету. Оның тарихы, символикасы және аталған бұйымды жасау тәсілдерін әңгімелеуіне болады);

«Дәстүр ордасы» қолданбалы-сәндік шығармашылық (осы номинацияның байқау бағдарламасына шығармашылық жұмыстардың авторлары және отбасы жәдігерлерін сақтаушылар қатысады (ұлттық ойыншық, кесте, тігін, құрақ құрау, тоқыма, өру, моншақ, ағаштан ою, қыш және т.б.). «Кішкентай кереметтер» балалар және отбасылық жұмыстардың көрмесі);

«Ұлттық асхана тағамдары» (байқау қатысушылары дайындаған тамадарын ұсынып, осы тағамға байланысты ұлттық дәстүрлерді айтып берулері керек, сондай-ақ ұсынған тағамның рецептін безенгдіру қажет);


235

Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

«Отбасы альбомы» шығармашылық жобасы (байқау қатысушылары өз тегінің өкілдері туралы әңгіме дайындайды. Әңгімені фото суреттерді, видеожазбаларды, хаттарды, жазба күнделіктерін, баслымдарды, жанұя мүшелерінің шығармашылық жұмыстарын және қызықты тарихы бар үйде сақталып тұрған ерекше заттарды көрсетумен сүйемелденуі мүмкін);

«Біз - Қазақстандықтармыз» бейнежобасы және т.б.

Туризмде үлкен рухани-адамгершіліктік әлеует жатыр. Экскурсиялық қызметті ұйымдастыру балаларды өз халқының, өз елінің тарихына, мәдени мұрасына тартуға ықпал етеді. Оқушылардың туристік-өткетану экспедициялары аясында жаяу, шаңғылы, сумен, велосипедпен, сан турлі маршруттар бойынша экспедициялар мен экскурсиялар өткізген жөн.

«Туған өлкенің көрікті жерлерінен Қазақстанның киелі жерлеріне», «Ұлы Дала Елі», «Қазақстан менің алтын бесігім», «Сенің өмірдегі бірінші асуың», «Алтын компас» және т.б. тақырыптарында, жергілікті табиғат және тарихи ескерткіштерден бастап Еліміздің астанасы – Астана қаласына және елдің басқа да өңірлеріне дейін оқушылардың экскурсиялары мен экспедицияларын ұйымдастыруды белсендіру маңызды.

Жаңа оқу жылында еліміз үшін ең маңызды оқиға « ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің өтуіне ерекше назар бағытталуы керек.



Сынып жетекшілеріне, қосымша білім педагогтеріне жас өлкетанушылар, экологтар мен натуралистер арасында «Болашақтың энергиясы» ұранымен бір қатар сабақтар өткізу ұсынылады. Мұндай іс-шараларды өткізудің формалары түрлі болуы мүмкін (« Жасыл планета», «ЭКСПО 2017 балалардың көзімен» көрмелері, «ЭКСПО туралы менің кө-қарасым» суреттер байқауы, «Ландшафты дизайн», «Екінші өмір», «Туған өлкенің битурлерін сақтаймыз және дамытамыз», «Денсаулық және қоршаған орта», «Жасыл экономика» және т.б. номинациялар бойынша әлеуметтік маңызы бар зерттеу жобалары).

Мұндай іс-шаралар балаларды жастайынан өзектрі мәселелер туралы білім алуларын ғана емесе, сондай-ақ оларды жаңа көріністерге тарта отырып, балалар үшін карьералық перспективаларды ашуды қамтамасыз етеді.



Қазақстан Республикасындағы жалпы білім беретін мектептерде аптаның алтыншы күні (сенбі) тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері.

Республиканың жалпы білім беретін мектептеріне бірінші сыныптан бастап (2016-2017 – 1-сынып; 2017-2018 – 2, 5 және 7-сыныптар; 2018-2019 – 3, 6, 8 және 10-сыныптар; 2019-2020 – 4, 9, 11 және 12-сыныптар) біртіндеп бес күндік аптаны енгізуіне байланысты, алтыншы күннің (сенбі) тәрбие процесіне ерекше роль беріліп отыр, ол білім беру жүйесінің барлық деңгейлеріндегі барлық педагогикалық процестің бөлігі болуы қажет.

5 күндік оқу аптасына ауысу кезінде білім алушының бос уақыты ұлғаяды. Сенбі күнінің оқу-тәрбие процесінің негізгі ұйымдастырылуы қосымша білім болуы қажет.


236

Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

Сабақтан тыс уақыттағы, оның ішінде сенбі күні балаларды бос уақыттарын толық қамту үшін пән-мұғалімдерінің әлеуеттерін тиімді пайдлану қажет.

Пән мұғалімдері өз бейіндері бойынша қызығушылықтарына қарай үйірмелерді, секцияларды, студияларды, клубтарды жүргізе алады, сондай-ақ танымдық, байқаулық, ойын-сауық бағдарламалырн ұйымдастыра алады. Мысалы, физика пәнінің мұғалімі «Қызықты физика», «Робототехника», техникалық шығармашылық үйірмелерін жүргізе алады (авиа, судо жане тағы басқа техниканың түрлерін үлгілеу).

Яғни, педагог күннің бірінші жартысында пәннен сабақ береді, ал екінші жартысында қосымша білім беру педагогі болады (бір уақытта).

Осыған байланысты, жалпы орта және мектептен тыс үйымдар үшін қосымша білім беретін педагогтер мен педагог-ұйымдастырушылардың қосымша штаттық бірліктерін қарастырады.

Сонымен қатар сенбі күн білім алушылардың кәсптік бағдар күні болып жарияларынп жатыр: екінші және төртінші сенбілер жоғары оқу орындары



мен колледждердің кәсіптік бағдар жұмыстарын жүргізу үшін ашық болады.

Осыған байланысты жергілікті арқарушы органдар мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында білім беру және құқықтық тәрбие беру саласындағы басты бағыттардың бірі ретін балалардың бос уақыттарын қамту бойынша кешенді шаралар қабылдауы қажет, нақтырақ айтқанда:

қауіп-қатер тобындағы жасөспірімдерді қару үшін қосымша білім беру мұғалімдері мен педагогтері арасынан қоғамдық тәрбиеші-«тәлімгерді» бекіту; аула және мектеп жанындағы клубтарды ашу үшін бос тұрған

ғимараттарды тиімді пайдлану; балалар туристік базаларын, жаңа сыртқа шығу және жаяу өлкетану

туристік маршруттарын және т.б. ашу.

Жалпы білім беретін мектептердегі алтыншы күнді (сенбі) өткізу туралы ұсынымдар.

Алтыншы күннің (сенбі) басты мақсаты – сенбі күндері білім алушының бос уақытын оқушының әлеуметтік, моральді қалыпты, шығармашылық тұлғасын қалыптастыруға және оны сауықтыруға бағытталған падалы етіп өткізуді қамтамасыз ететін тұтас білім беру жүйесін құру.

Алтыншы күннің (сенбі) негізгі міндеттері болып келесілер табылады:

қосымша білім беруде оқушылардың қажеттіліктері мен қызығушылықтарын максималды түрде қанағаттандыру;

балалар мен жасөспірімдер бірлестігінің қызметі үшін жағдай жасау, мектептегі өзін өзі басқаруды жетілдіру;

білім алушылардың бос уақыттарын максималды қамту есебінен жеткіншектер арасындағы құқықбұзушылық пен қызмыстардың тиімді алдын алу шараларын қамтамасыз ету;

«отбасы-мектеп-әлеумет» байланысын нығайту;

салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Алтыншы күннің (сенбі) бағыттары бола алады:


237

Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

Зияткерлік Патриоттық жән азаматтық-құқықтық Адамгершілік-рухани Ұлттық тәрбие

Экологиялық, экономикалық Спорттық-сауықтыру Ақпараттық мәдениет

Көп салалы мәдениеттілік (шығармашылық, көркемдік-эстетикалық және мәдени-танымдық)

Оқушылардың кәсіби бағдарлары (әр айдың екінші, төртінші сенбісі). Бес күндік оқу жағдайында алтыншы күн (сенбі) оқушылардың

денсалығын сақтауға, білім алушылардың, сондай-ақ мұғалімдердің өз бетімен білім алуға және дамуға уақытын көбірек бөлуге бағытталуы қажет және балалардың қызығушылықтарын ескеріп, сондай-ақ оларды ұжымдық және жеке тақырыптық ғылыми-зерттеушілік және шығармашылық жобаларды іске асыруға араластыру арқылы балалардың шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталуы қажет.

Бұл Күн балалардың жалпы мәдени, көркемдік, әлеуметтік, тұрмыстық, кәсіби және басқа да қызығушылықтары негізінде түрлерінің, формаларының және бағыттарының түрлі болуымен, оған педагогтер мен ата-аналардың мейлінше көп жұмылдырылуымен сипатталады.

Жұмыстың формалары оқушының сабақтан тыс қызметін шектмеуі қажет

(музыка, аспаздық, спорт, фестивальдер, олимпиадалар, «Алло, біз таланттарды іздейміз» байқаулары, жарыстар, КТК, қашықтықтан өткізілетін бағдарламалар, театрларға, мұражайларға, кинотеатрларға, дәрістерге бару, «Бәрін білгім келеді» балалар журналдарын әзірлеу және басып шығару және т.б.).

Алтыншы Күн мектепке келесідей өткізілуі мүмкін:



Оқушыларға арналған ісшаралар: факультативтер, дайындық курстары, пәндік олимпиадалар, танымдық, байқаулық-көңіл көтеру байдарламалары, экскурсиялар, мәдениет мекемелері мен мектептен тыс жұмыс орталықтарына бару, тақырыптық би кештері, спорттық жарыстар, бейін бойынша іс-шаралар, қызығушылықтары бойынша мектеп студияларының, клубтарының жұмысы, спорттық секциялар, үйірмелер:

журналистикалық, жас репортер мен редактор жазбаша және ауызша жанрда өз күшетірін сынап көреді;

психологиялық, ол жерде балалды өздерін дұрыс түсінуге, қоршаған

ортамен аралсуды үйретеді, өз қабілеттерін дамытуды және кемшіліктерін жеңуді үйретеді;



тарихи-археологиялық, теорияны оқу мен музейлерге баруды, саяхаттарда жергілікті жерлерді зерттеуді үйлестіреді;

техникалық шығармашылық, пайдаланушының компьютерлік,

компьютерлік техниканы, ІТ-технологияларды, робототехниканы бүгінгі таңда қажетті дағдыларын меңгеруге бағытталған;

- үштілділік жағдайындағы шет тілдері;


238

Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

- қисынды ойлауды, ден қоюды, өз бетінше әрекет етуді және т.б.

дамытуға арналған шахматтық үйірмелер.

Бұл өз кезегінде қызмет түрін ауыстыруды қамтамасыз етіп қоймай, сондай-ақ стилін, араласу ортасын, қоршаған жағдайды өзгертуді қамтамасыз етеді . Алтыншы күнді (сенбі ) жүргізу үшін еңбекке баулу, бейнелеу өнері және дене шынықтыру пәндерінің бос мұғалімдерін жұмылдыруға болады.



Мұғалімдерге арналған ісшаралар: кәсіби байқаулар, сынып жетекшілерінің шығармашылық есеп берулері, мұғалімдердің әдістемелік бірлестіктерінң презентациялары мен есептері, тренингтер, көркемдік қолдан жасалған бұйымдардың байқаулары, мектептің психологиялық қызметінің кеңестері, мектеп жобалары: «Сенбілік қарқын», «Қосымша білім күні», «Бос уақытты бірге өткізу күні», «Мектеп сенбісі», «Шығармашылы және дамыту күні» және т.б.

Ата-аналарға арналған ісшаралар: ата-аналардың құқықтық жаппай оқуы, мектептің психологиялық қызметінің кеңесі, спорттық жарыстар, психолог және пән мұғалімдерімен бірге өткізілетін бейіндік іс-шаралар, дәрігерлермен, дін өкілдерімен, мемлекеттік емес ұйым өкілдерімен кездесу.

Алтыншы күнді (сенбі) ұйымдастыру барысында педагогтер білім алушылармен бос уақытты өткізу және дамыту қызметтері үшін қаланың, ауданның әлеуметтік мәдени мүмкіндіктерін белсенді түрде пайдалана алады.



Сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестіктерінің пән мұғалімдерімен және мектептегі өзін өзі басқару органдарымен бірлесе отырып, мектептің алтыншы күнінің жоспарын әртоқсан сайын әзірлеп отырғандары жөн. Осы күннің барлық іс-шаралары педагог-ұйымдастырушы немесе сынып жетекшісі толтырып отыратын келіп кету журналының есебінде тіркеліп тұруы қажет. Келіп-кетуді есептеуді бақылау мектеп әкімшілігіне, яғни директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына жүктеледі. Алтыншы күннің (сенбі) қорытындысы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының қатысуымен өтетін жиналыстарда апта сайын қарастырылуы қажет.

Осылайша, жалпы білім беретін мектептерде балаларға қосымша білім беру ресурстарын қолдану біртұтас білім беру кеңістігі аясында білім алушылардың әлемді тұтас қабылдауын қалыптастыруға, тұлғаның жеке қызығушылықтары мен қажеттіліктерін дамытуға жағдай жасауға мүмкіндік береді.


239


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

14 МЕКТЕП КІТАПХАНАЛАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ

Мектеп кітапханалары Қазақстанның кітапханалық жүйесінде ерекше орын алады. Өскелең ұрпақтың талаптарын қанағаттандыру, рухани байлығы мен жалпы қабілетін дамыту тұрғысында мектеп кітапханасының қосар үлесі бар. Мектеп кітапханасының қызмет аясын кеңейту, қорын пайдалану, соның ішінде мектеп кітапханасы – оқушыға әдебиет таңдау, оқырмандық қызығушылығын кеңейту, мұғалімге кәсіби өсуге көмектесуші, оқуға, дүниені тануға қозғау салушы болып табылады. Сондықтан да жұмыс істеудің дәстүрлі түрлерімен қатар инновациялық формалары де енгізілуде. Мектеп кітапханаларының қызметі кітап қоры мен оқулықтар қорының маңайында ғана болатын. Білім беру жүйесіне ақпараттық-коммуникативтік технологияларды енгізу бұл жағдайды өзгертті. Мектеп кітапханасы білім алу және ақпараттарға негізделген , қазіргі қоғам өміріне ойдағыдай қатысу үшін ең маңызды болып табылатын, ақпараттарды алу және идеялармен танысуға мүмкіндік береді. Оқытуға байланысты қызмет көрсетіп, кітаптар мен материалдар, мектеп қоғамдастығының барлық мүшелеріне сыни тұрғыдан ойлауға, дағдылануға мүмкіндік береді және барлық тасымалдағыштар мен әртүрлі форматтағы ақпараттарды қолдануға тиімді болып табылады. Әр кітапхана өзінің даму стратегиясы мен тактикасын әзірлейді. Осыған байланысты кітапханашының да рөлі өзгереді: оқушыға жақсы кітапты ұсынушы және беруші, ақпараттық жаңа технологиялар саласындағы маман, оқу процесін ұйымдастыруда мұғалімдермен бірлесіп жүйелі тәсіл әзірлеуші. Мектеп кітапханасы тек қана оқырмандармен емес, білім алушылардың барлық контингентімен жүйелі және мақсатты түрде жұмыс жасайды, оның мектепте жыл бойы жұмыс жасай алуға мүмкіндігі бар. Балалармен жұмыс жасаудың басты бағыты – білім алушылардың тұлғалық әлеуметтенуі мен дамуы, рухани -адамгершілік мәдениеті, ақпараттық ресурстардың барлық түрлері мен деңгейлерін пайдалануға үйрету, ақпараттық мәдениетін қалыптастыру, кітапхананы пайдалануға дағдыландыру.

Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында мектеп кітапханасы жұмысының мақсаты алдыңғы қатарлы педагогикалық тәсілдерді, жаңа ақпараттық технологияларды қарқынды енгізу көрініс табады. Осы негізде мектеп кітапханасы:

– пайдаланушылардың ақпаратты-кітапханалық қызмет көрсету: оқушылар мен педагогтерге қолда бар барлық оқу-әдістемелік және қосымша қолданыстағы немесе медиа ресурстармен тегін және еркін қолдану құқығын қамтамасыз етеді;

– жаңа ақпараттық технологияларды енгізу негізінде кітапхана ұсынған қызметтер номенклатурасын жетілдіру, оқушылар мен педагогтар үшін қолайлы оқу кітапханалық ортаны ұйымдастыру;

– экологиялық сауаттылық, азаматтық, гуманистік патриоттық сана-сезімге тәрбиелеу;



240

Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

– қолданушының шығармашылық әлеуетін дамыту, оқушылар мен мұғалімдердің ақпараттық мәдениетін дамыту;

– білім алушыларға жүйелі оқытуды ұйымдастыру, мәдени, жеке және жас ерекшеліктерін есепке ала отырып дамытуды іске асыру.

Заманауи мектеп кітапханаларының бүгінгі таңдағы негізгі мақсаты:

1. Мектептің алдына қойылған және оның оқу бағдарламасымен бекітілген

білім беру мақсаттарын қолдау, нығайту.

Анықтамалық-библиографиялық, кітапханалық қызмет көрсету арқылы білім алушылар мен педагогтерге өздігінен білім алу мен оқу-тәрбие процесін қамтамасыз ету. Білім беру жобаларында білім алушылар мен оқушыларға көмек көрсету.

Оқырмандарға тәуелсіз кітапханалық пайдаланушы дағдысын қалыптастыру: кітапты және басқа да ақпараттық тасымалдағыштарды пайдалана білуге, іздеу, іріктеу, ақпаратқа сыни баға беруге үйрету.

Жаңа кітапханалық технологияны игеру және дәстүрлі технологияны жетілдіру. Құжаттарға неғұрлым толық және тез қол жеткізуге мүмкіндік жасау. Ақпараттарды алуда білім алушылар, ата-аналар, педагогтарға әдістемелік консультациялық көмек беру.

Оқушыларға шығармашылық ойлау, кітапхананы пайдалана білу, кітап оқу мәдениеті, кітапқұмарлық, ақпараттық мәдинетін дамытуға тәрбиелеу. Балаларға оқуға әдеттенуін қолдау және дамыту, оқу және одан қанағаттану. Өздігінен оқуына ықпал ету.

Барлық білім алушыларға коммуникацияның әртүрлі түрлерін қоса, тасымалдағыш немесе форматтары, формасына қарамай ақпараттарды қолдану мен дағдыларын практикада қолдану және иеленеуге қолдау білдіру.

Ақпаратты өңдеу мен жинақтау, жинау және оны пайдаланушыға жеткізу. Кітапханада бар ақпараттық деректер базасында кітапханалық іс-шаралар мен сабақтан тыс жұмыстар өткізу.

Оқу-тәрбие процесін қамтамасыз ету мақсатында мектеп кітапханасының кітап қорын қалыптастыру;.

Қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу, пайдаланушылар арасында мазмұнды қарым-қатынастарын дамыту.

Қазақстан Республикасында тұрып жатқан басқа халықтардың тілінде және мемлектеттік тілдегі әдебиеттерді насихаттау.

Кітап оқу қызығушылығын қалыптастыру.

Әлеуметтілік және мәдени қабілеттілік пен білгірлігін жетілдіруге мүмкіндік беру, іс-шараларды ұйымдастыру. Мектеп іс-шараларын өткізуде АКТ пайдалану болып табылады.

Бүгінгі таңдағы мектеп кітапханашысының қызметі мен болашақтағы мектеп кітапханасы рөлінің тәжірибесі мен педагогика ғылымындағы үш көзқарас, үш басты тәсілдер байқалды.

Бірінші тәсіл мектеп кітапханасы базасында жаңа медиатека-бөлімшесін жасау қажеттілігін негіздеу немесе мектептің кітапханалық медиаорталығына, кітапханашыға қосымша функция медиамаман міндетін атқару.


241

Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

Екінші тәсіл кітапхана мектептің ақпараттық орталығы болуы керек, ал кітапханашы ақпар беруші функциясын өзіне алуы керек.

Үшінші тәсіл білім беру мекемелерінің өзіндік міндеттерімен педагогикалық құрылымдық бөлімшесі ретінде қарастыру керек.

Мектеп кітапханаларының айрықша белгілері – басқа әлеуметтік жүйелер аясында оны әлеуметтік жүйе ретінде жұмыс істету. Жаңартылған білім мазмұны контексінде білім беру ұйымдарын олардың алдына мынадай міндеттер қояды-оқушының шығармашылық әлеуетін ашу үшін жағдай жасау. Кітапхана оқу-тәрбие процесінде көмек беретін, шығармашылық, интеллектуалдық әлеуетін тиімді жандандыруға қабілетті және осы жерден барлық мектеп кітапханасының басты міндеті шығатын, білім беру ортасының элементі болып табылады.

Қазіргі заманғы кітапхана пайдаланушыларына барлық оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттер, оқу бағдарламалары, әртүрлі баспа шығармалары, аудио, бейне материалдары, электрондық тасымалдағышта ақпараттар (сонын ішінде электрондық оқулықтар) кешендерін ұсынады. Сол арқылы ақпараттың барлық түрлерін тиімді қолдану мен сыни ойлауын дамытуға себептеседі.

Мектеп кітапханасын жаңғырту мектеп кітапханасы функциясын күрделендіру мен кеңейту, кітапханалық-ақпараттық қызметтерін өзгертумен бірге жүреді. Мектеп кітапханасы тек ағымдағы оқу процесін және оқушының кітап оқуына жетекшілігін қамтамасыз етпейді, енді ол жаңартылған білім мазмұнының ресурстық базасы, мұғалімдердің ақпараттық орталығы болып табылады. Кітапханашы пән мұғалімдерінің күрделі сауалдары мен ақпараттық ресурстар арасында делдал болады.

Кітапханашы мен мұғалімнің бірлестігі білім алушылардың сауаттылық деңгейін көтеруге мүмкіндік беріп, ақпараттық-коммуникациялық технологияларын пайдалана білуге дағдылану, есте сақтау, оқу дағдыларын, дамытуға көмектеседі. Оқу бағдарламаларына ақпараттық қолдау білім беру мекемелерінің құрамдас бөлігі ретінде мектеп кітапханасы үшін басымдық болып табылады. Кітапханаға ақпараттық-библиографиялық, кітапханалық қызмет көрсету жолымен мектептің оқу-тәрбие процесін қамтамасыз ету міндеттері қойылған. Сонын ішінде кітапхананың анықтамалық-библиографиялық аппаратын тиімді жүргізе отырып, кітапхана қорын сапалы жинақтау негізінде білім беру процесінің вариативті әртүрлі мазмұнын қамтамасыз ету т.б.

Қазіргі кезде кітапханалардың технологиялық қызметін жүзеге асыруға көмектесетін түрлі электронды бағдарламалар бар. Бұл бағдарламалардың мүмкіндіктері (АБИС) кең, олардың жинағы Академия сайтында орналастырылған «Білім мазмұнын жаңарту аясында мектеп кітапханалары ресурстарын дамыту бойынша» атты әдістемелік ұсынымдарда берілген.


242


Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2016-2017 оқу жылы

1-қосымша

«Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы бойынша пилоттық білім беру ұйымдарының тізімі

Облыстардың,

Білім беру ұйымының атауы

Білім беру

Оқыту тілі

Астана және



ұйымының

Алматы


түрі

қалаларының

атауы

1.

Ақтөбе облысы,



«Арман» мектепке дейінгі ұйым

қалалық


қазақша,

Ақтөбе қаласы

орысша

№39 балабақша



қалалық

қазақша,


орысша

№32 мектеп-гимназия

қалалық

қазақша,


орысша

Ақтөбе


көлік,

телекоммуникация

қалалық

қазақша,


және жаңа технологиялар колледжі

орысша


Ақтөбе гуманитарлық колледжі

қалалық


қазақша,

орысша


2.

Қарағанды

«Мерей» балабақшасы

қалалық


қазақша,

облысы,


орысша

Қарағанды

«Бәйтерек» балабақшасы

қалалық


қазақша,

қаласы


орысша

№53 жалпы орта білім беретін

қалалық

қазақша,


мектеп

орысша


№92 гимназия

қалалық


қазақша,

Қарағанды гуманитарлық колледжі

қалалық

қазақша,


орысша

3.

Астана қаласы



№29

балабақша

қалалық

қазақша


№9 балабақша

қалалық


орысша

№59 мектеп-лицей

қалалық

қазақша,


орысша

№ 22 мектеп-гимназия

қалалық

орысша


Гуманитарлық колледж

қалалық


қазақша,

орысша


4.

Алматы қаласы

№27

балабақша



қалалық

орысша


№156

балабақша

қалалық

қазақша


№35 гимназия

қалалық


орысша

№131 мектеп-лицей

қалалық

қазақша,


орысша

№172 жалпы орта білім беретін

қалалық

қазақша


мектеп

№55 жалпы орта білім беретін

қалалық

орысша


мектеп

№1

Алматы



қазақ-мемлекеттік

қалалық


қазақша

гуманитарлық-педагогикалық

колледжі

243


№2

Алматы


қазақ-мемлекеттік

қалалық


қазақша,

гуманитарлық-педагогикалық

орысша

колледжі


5.

Алматы облысы,

Есік

гуманитарлық-экономикалық



қалалық

қазақша,


Есік қаласы

колледжі


орысша

244


2-қосымша

Оқушылардың күнделіктерін тексеру туралы ереже

1. Жалпы ережелер

Күнделік – оқушының мектептегі негізгі құжаты.

Күнделік 2 – 11-сыныптарда жүргізіледі.

Күнделіктің негізгі міндеті – ата-аналарды және оқушыларды келесі мәліметтер туралы хабардар ету болып табылады:

мектеп әкімшілігінің құрамы;

сыныпта сабақ беретін педагогтер;

аптадағы және тоқсандағы сабақ пен қоңырау кестесі;

үйірмелер, секциялар, факультативтер кестесі;

үйге берілген тапсырмалар;

оқушылардың ағымдық және қорытынды үлгерімі;

босатылған сабақтар және кешігулер;

ескертулер мен марапаттар.



2. Оқушылардың күнделік толтыру бойынша қызметі

Күнделік көк түсті сиямен анық, ұқыпты, уақытылы, сауатты толтырылуы тиіс.

Күнделіктің алғашқы үш беті (оқушының Ф.А.Т., мұғалімдердің тізімі,

тоқсанның күнтізбесі, үйірмелер мен факультативтер, қосымша сабақтар және консультациялар) алғашқы екі апта ішінде, яғни 15 қыркүйекке дейін толтырылуы тиіс.

Оқушылар күн сайын үй тапсырмасын тапсырылған күннің бағанына, мектеп каникулдары кезінде – сыныптан тыс және мектептен тыс шаралар жоспарын жазады.

Күнделікте өзге жазбалар мен суреттер болуға жол берілмейді.

Оқушылар алған бағасын естігеннен кейін күнделікті пән мұғаліміне

береді.


Оқушылар әкімшіліктің, мұғалімдер мен сынып жетекшісінің талабы бойынша күнделікті ұсынады.

3. Пән мұғалімдерінің күнделікпен жүргізетін жұмысын ұйымдастыру

Пән мұғалімі оқушының жауабын бағалағаннан кейін бағаны сынып журналына және бір мезгілде күнделікке қояды, оны қол қою арқылы растайды.

Пән мұғалімі оқушының күнделігіне оның оқу әрекеті бойынша ескертулер, ұсыныстар жаза алады. Күнделіктегі жазу қысқа әрі сыпайы болуы тиіс.

4. Сынып жетекшісінің күнделікпен жүргізетін жұмысын

ұйымдастыру

Сынып жетекшісі осы Ережеде берілген күнделік жүргізуге қойылған талаптардың орындалуын апта сайын тексереді.

Оқушының апта ішінде алған бағаларының күнделікке қойылуын қадағалайды; қажет болған жағдайда қойылмаған бағаларды қойып, өзінің қолымен растайды. Апта ішінде қатыспаған сабақтардың санын көрсетеді.

245


Оқушылардың күнделікке баға қоюына жол берілмейді.

Сынып жетекшісі ата-аналар тарапынан оқушы күнделігіне бақылау жасауын қатаң қадағалайды.

Тоқсан аяқталғаннан кейін сынып жетекшісі күнделіктің жинақ ведомосына тоқсандық бағаларды қояды, өзінің қолымен растайды.

Каникулдан кейінгі бірінші аптада сынып жетекшісі тоқсандық бағалардың төменгі жағында ата-аналардың танысқанын растайтын қойған қолдарын тексереді.

Сынып жетекшісі күнделікте оқушының сынып және мектеп өміріне қатысудағы белсенділігін және нәтижелілігін көрсете алады.

5. Ата-аналардың қызметі

Ата-аналар апта сайын күнделіктегі жазбалармен танысады және қол

қояды.

5.2. Күнделіктің соңындағы жинақ ведомосына тоқсанына бір рет қол қояды.



5.3. Ата-аналар күнделікке жазылған әрбір ескерту, хабарландырудан кейін қол қояды.

Мектеп әкімшілігінің қызметі

Мектеп әкімшілігі күнделік жүргізу бойынша Ережеде бекітілген

талаптарға сәйкес 2-11-сыныптар оқушыларының күнделік жүргізуіне жүйелі түрде бақылауды жүзеге асырады. Күнделікке әкімшілік бақылау жасау кезінде келесі жағдайлардың болуы тексеріледі:

– сыныптағы педагогтер туралы ақпарат;

– тоқсан (жарты жылдық) және ағымдағы тоқсанның сабақ кестесі;

– сабақ қоңырауларының кестесі;

– секциялар, үйірмелер, факультативтік сабақтар және т.б. жұмыс кестесі;

– үй тапсырмалары;

– пән мұғалімдері және сынып жетекшісі қоятын ағымдық бағалар;

– ата-аналардың қолдары.

Әкімшілік бақылаудың қорытындысы бойынша күнделіктерді тексеруші анықтама жазады, онда анықталған кемшіліктер көрсетіледі, ескертулер жазылады және белгілі бір уақыт аралығында көрсетілген қателерді жою бойынша ұсынымдар беріледі.

Әкімшілік күнделіктің жүргізілуін бақылау нәтижелері бойынша сынып жетекшілерін және пән мұғалімдерін марапаттауға және тәртіптік жазалауға құқылы.



246

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет