ОҚу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында



бет5/5
Дата10.11.2016
өлшемі4,62 Mb.
#1470
1   2   3   4   5
8 АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ

ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Арнайы мектеп, арнайы сыныптардағы оқу-тәрбие жұмысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 Қаулысымен бекітілген Арнайы білім беру ұйымдары қызметінің типтік ережелерімен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 4 шілдедегі № 258 бұйрығымен бекітілген даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдары түрлерінің қызметінің Типтік ережелерімен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 61 бұйрығымен бекітілген мүмкіндігі шектеулі оқушыларға бастауыш, негізгі орта, жалпы білім берудің үлгілік оқу жоспарларымен, ал 1-сыныптарда ҚР БҒМ № 233 бұйрығымен реттеледі.

Жалпы білім беретін мектептердегі арнайы сыныптар оқушылардың даму бұзылыстары түрлері бойынша сараланады:

есту қабілеті бұзылған балалар үшін;

көру қабілеті бұзылған балалар үшін;

сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар балалар үшін;

тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балалар үшін;

психикалық дамуы тежелген балалар үшін (бұдан әрі – ПДТ) – қалыпты психикалық даму қарқыны бұзылған;



зияты бұзылған балалар үшін (жеңіл және орташа деңгейдегі ақыл-ой кемістігі).

Үлгілік оқу жоспары оқу жүктемесін жалпы білім беретін пәндер, түзету курстары, еңбекке дайындық курстары және факультативтік сабақтар арасында бөледі.

Есту қабілеті, көру қабілеті, тірек-қимыл аппараты бұзылған, сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар және психикалық дамуы тежелген білім алушыларға арналған Үлгілік оқу жоспарының инвариантты бөлігіндегі жалпы білім беретін пәндердің тізімі және олардың негізгі мазмұны ҚР МЖМС 1.4.002-2012 талаптарына сәйкес. Оқыту білім алушылардың психофизикалық ерекшеліктері мен танымдық мүмкіндіктерін ескере отырып бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламалары негізінде әзірленген арнайы білім беру бағдарламаларын да және жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын да пайдалану арқылы іске асырылады.

2014 жылы бастауыш білім беру деңгейінің арнайы білім беру бағдарламалары келесідей бағыттарда әзірленіп, Академияның сайтына орналастырылды (www.nao.kz):

1) есту қабілеті бұзылған (естімейтін) оқушылар үшін;

2) есту қабілеті бұзылған (нашар еститін, кейіннен естімей қалған) оқушылар үшін;

3) көру қабілеті бұзылған (көрмейтін, нашар көретін) оқушылар үшін;

4) сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар оқушылар үшін;

5) психикалық дамуы тежелген оқушылар үшін;

6) жеңіл ақыл-ойы кем балалар үшін;

7) орташа ақыл-ойы кем оқушылар үшін.

Оқу процесінде арнайы оқулықтар мен ОӘК, сонымен қатар, жалпы бағыттағы мектептерге арналған оқулықтар мен ОӘК пайдаланылады. 0 (дайындық) және 10 сыныптар есебінен мектептегі оқу ұзақтығын арттыру білім алушылардың даму ауытқушылықтарымен байланысты оқу процесінде бағдарламалық материалды игерудің қиындығын ескеру қажеттілігімен, сондай-ақ, оқу процесінде түзету-оңалту іс-шараларына арнайы уақыт бөлу қажеттілігімен байланысты.

Зияты зақымдалған оқушыларға арналған Үлгілік оқу жоспарындағы бөлімдер мен оқу пәндерінің тізімі, сонымен қатар, оқу бағдарламалардың мазмұны мен оқулықтар ҚР МЖМС 1.4.002-2012 талаптарына бағытталмаған. Мектептегі барлық оқыту жылдары ағымында ақыл-ойы кем білім алушыларды оқыту арнайы бағдарламалар, оқулықтар және ОӘК бойынша іске асырылады.

Арнайы мектептің (сыныптардың) педагогтері сынып құрамын есепке ала отырып, оқулық, оқу құралдарын, дидактикалық, түзету-дамытушылық материалдарды таңдау құқығына ие. Елдің арнайы мектептері үшін әзірленген оқулықтар мен ОӘК болмаған жағдайда РФ әзірленген және шығарылған оқулықтар мен дидактикалық материалдарды пайдалануға болады.

Мүмкіндігі шектеулі оқушыларды оқытатын білім беру ұйымдары білім мазмұнының ерекшелігін және білім алушылардың мүмкіндіктерін ескере отырып оқушылардың үлгерімі мен аралық аттестациялау формаларын, тәртібі мен ағымдағы бақылау жүргізу мерзімін анықтайды.

Үлгілік оқу жоспарының негізінде білім беру ұйымы әрбір сынып үшін олардың мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін ескере отырып Оқу жұмыс жоспарын құрады. Үлгілік оқу жоспарының 15-20% сағаты оқушылардың ерекше оқытуды қажет етуіне сәйкес қайта бөлуге болады (үлгілік оқу жоспарындағы жалпы сағат саны аясынан шыкпай).

Білім беру ұйымдары үйде оқитын оқушылардың ата-аналарымен (немесе оларды алмастыратын тұлғалармен) бірге зерделенетін пәндер тізімін анықтайды, сыныптар бойынша олардың жеке мүмкіндіктеріне сәйкес үйде оқытудың Үлгілік оқу жоспарында бөлінген сағат шегіндегі пәндер бойынша сағаттарды бөледі.

Арнайы мектептегі және арнайы сыныптардағы оқу-тәрбиелік процесс мектеп штатындағы мамандардың (арнайы психолог, логопед, арнайы педагогтар (тифлопедагог, сурдопедагог, олигофренопедагог, ЕДШ нұсқаушысы) психологиялық-педагогикалық қолдауымен іске асырылатын баланы зерделеудің психологиялық-медициналық-педагогикалық мәліметтеріне негізделе отырып, сараланған және жеке ықпалды қолданумен іске асырылады.

Мамандардың өзара іс-әрекет нысаны мектептегі психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиум болып табылады. Психологиялық-педагогикалық көмек көрсететін мамандардың жұмысы мектеп директорымен бекітілген желілік нормативтік актілермен реттеледі.

Арнайы мектептер мен арнайы сыныптардың оқушылары түзету-педагогикалық көмекті Үлгілік оқу жоспарының бөлімдеріне сәйкес бөлінген

сағаттар аясында психологиялық-педагогикалық қолдау мамандары өткізетін фронтальды, топ бөлігінде және жеке сабақтарда алады (түзету компоненті). Түзету сабақтары барлық типтегі арнайы мектептер мен арнайы сыныптарда міндетті болып табылады. Түзету компонентінің пәндерін оқу жоспарының инвариантты компонентіндегі пәндермен алмастыруға, сондай-ақ осы сағат сандарын қысқартуға болмайды.

Арнайы мектептердегі жұмыс алдын-алу бойынша қажетті жағдайларды құратын, бұзылған қызметтердің орнын толтыратын және қажетті денсаулық сақтаушы педагогикалық режимді қамтамасыз ететін ұзартылған күн тәртібінде 0-4 сыныптарда, ал 5-9,10 сыныптарда мектеп басшылығы қарауымен ұйымдастырылады.

Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар оқушыларды еңбекке оқыту жұмыс кадрларына қажеттілігіне бағдарланған және психофизикалық дамуының жеке ерекшеліктерін, денсаулығын, мүмкіндіктерін, сондай-ақ еңбек профилін таңдау негізінде тәрбиеленушілер мен олардың ата-аналарының мүдделерін ескере отырып өңірлік, жергілікті жағдайларға негізделе ұйымдастырылады. Типтік оқу бағдарламалар даму мүмкіндігі шектеулі оқушыларға арналған еңбекке оқытудың профилі бойынша немесе білім алушылардың білім алудағы ерекше оқытуды қажет етуін және еңбектің әрқилы профилін ескере отырып құрылған бағдарламалары бойынша қолданылады.

Кәсіби еңбекке үйрететін сабақтар 5-сыныптан басталады, ақыл-ой кемістігі бар оқушылар үшін 4-сыныптан басталады, ол екі топқа бөлінеді. Еңбек түрлеріне қарай топты жиынтықтау олардың психофизикалық жағдайы және мүмкіндігіне байланысты дәрігердің нұсқауымен іске асырылады. Қатар және шектес сыныптардағы оқушыларды топ бөлігіне біріктіру мүмкіндігі бар. Сабақты өткізу барысында әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау бойынша сынып екі топқа бөлінеді.

Есту қабілеті, көру қабілеті, тірек-қимыл аппараты бұзылған, сөйлеу тілі күрделі бұзылған, психикалық дамуы тежелген балаларға арналған арнайы мектептердің бітірушілері алған білім деңгейін растайтын мемлекеттік үлгідегі құжатқа ие болады. Ақыл-ой кемістігі бар (1 және 2 бөлім) бітірушілер аталған түрдегі арнайы білім беру ұйымының белгіленген үлгідегі куәлігін алады.

1. Есту қабілеті бұзылған (естімейтін) оқушыларды арнайы мектепте (сыныпта) оқытудың ерекшеліктері

Білім беру процесі деңгейлерге бөлінеді:

бастауыш білім – 0, 1-4 сыныптар;



негізгі орта білім - 5-10 сыныптар.

Мектепке дейінгі дайындықтан толық өтпеген балалар дайындық (0) сыныбына түседі. Арнайы мектепке дейінгі дайындықтың толық курсынан өткен балалар 1 сыныпқа барады.

Дайындық (0) және 1-7 сыныптарда оқыту арнайы бағдарламалар мен оқулықтар бойынша жүргізіледі. 8-10 сыныптарда білім алушылар жалпы білім беретін мектептің бағдарламалары мен оқулықтары бойынша білім алады, ондағы материал оқушылардың ерекше оқытуды қажет етуін ескере отырып бейімделеді және қайта бөледі. 5 сыныптан бастап қазақ әдебиетін зерделеу

орыс тілінде жүргізіледі (орыс тілді мектептер үшін). «Алгебра және «Геометрия» пәндерін оқыту 8 сыныптан бастап іске асырылады, өйткені естімейтін балаларға арналған арнайы оқу бағдарламасына сәйкес математика пәнін зерделеу 7 сыныпта аяқталады.

Оқу жоспарында міндетті түрдегі түзету пәндері ұсынылған:

1) «Заттық – тәжірибелік оқыту» (0-4 классы). Міндеті – жоғары психикалық қызметтерді қалыптастыру, тілді игеру, жалпы білім беру пәндері бойынша білімдерін меңгеруге арналған база ретінде тұрмыстық түсініктерді игеру;

2) «Түзету ырғағы» (0-4 сыныптар). Міндеті – электроакустикалық аппараттарды қолдану арқылы естіп қабылдауын қарқынды дамыту жағдайында қозғалысы мен сөйлеу тілін дамыту;

3) «Ым-ишараттық сөйлеу тілі» (4-10 сыныптар). Міндеті – оқушының коммуникативтік қызметін қамтамасыз ету. ҚР естімейтін оқушыларды оқыту есту-көру негізінде іске асырылады, оқыту процесіндегі ыммен сөйлеу оқушыларға бағдарламалық материалды сапалы меңгеруге көмектесетін көмекші құрал ретінде пайдаланылады;

4) «Ауызекі және тұрмыстық сөйлеу тілі» (4-10 сыныптар). Міндеті – еститін адамдармен қарым-қатынаста қолданылатын күнделікті қатынас сөз қорын, қарым-қатынас әрекетін дамыту;

5) «Дыбыстардың айтылуын қалыптастыру және есту қабілетін дамыту және (ДАҚ және ЕҚД). Сабақтарда ауызша сөйлеу тілі қалыптасады және қалдық есту арқылы сөйлеу дамиды.

0 мен 4-сыныпқа дейін ДАҚ және ЕҚД сабақтары бір сыныпқа апталық жүктемемен 18 сағат көлемінде жүргізіледі. 5-6-сыныптарда жеке сабақтарға бөлінетін апталық жүктеме аптасына 16 сағатты құрайды. Бұл кезеңде оқытуда сөйлеу дыбыстарын қою және машықтандыру аяқталады деп болжамдалады және тек сөйлеу тіл дыбыстарын ажырату жүргізіледі және естіп қабылдауын дамыту және сөйлеуде өзін-өзі бақылау дағдысын қалыптастыру жұмысы жалғасады, сөйлеуде жұппен жұмыс жасау және әдіби мәтіндерді естіп қабылдау жұмысы басталады. 7-9-сыныптарда ДАҚ және ЕҚД бойынша сабақтар аптасына 4 сағаттан (жұппен), 10-сыныпта 2 сағаттан жүргізіледі. Сөйлеуде өзін-өзі бақылау дағдысын қалыптастыру, сөйлеуде дыбысты шығару жағын түзеу, диалогиялық сөйлеумен жұмыс жасау жалғасады. Түзету циклінінің сабақтары күннің бірінші жартысында, сондай-ақ екінші жартысында топпен, топ бөлігінде және жеке жүргізіледі.

Негізгі мектептің жалпы білім беру бағдарламаларының курсын табысты меңгерген оқушылар үшін жалпы орта білім мен мамандық алу мақсатында әрі қарай оқуды кәсіби колледждерде, кешкі мектептерде жалғастыруға мүмкіндік бар.

2. Есту қабілеті бұзылған (нашар еститін,кейіннен естімей қалған) оқушыларды арнайы мектепте (сыныптарда) оқытудың ерекшеліктері

Білім беру процесі деңгейлерге бөлінеді:

бастауыш білім –0, 1-4-сыныптар;

негізгі орта білім - 5-10-сыныптар.

Мектепке дейінгі дайындықтан өтпеген балар дайындық (0) сыныбына түседі. Арнайы мектепке дейінгі дайындықтың толық курсынан өткен балалар 1 сыныпқа барады.

Дайындық (0) және 1-4-сыныптарда оқыту арнайы бағдарламалар мен оқулықтар бойынша жүргізіледі. 5-10-сыныптарда сыныптарда білім алушылар жалпы білім беретін мектептің бағдарламалары мен оқулықтары бойынша білім алады, ондағы материал оқушылардың ерекше оқытуды қажет етуін және негізгі мектепте оқыту мерзімінің артуын ескере отырып бейімделеді және қайта бөледі.

Қалыптастырудың есту-көру негізін жасауға және оқушылардың ауызша сөйлеу тілін жетілдіруге мүмкіндік туғызатын есту қабілетін дамытуға, дыбыстардың айтылуымен жұмысқа, еріннен оқуға арнайы көңіл бөлінеді.

Оқу жоспарына түзету курстары қосылған: «Дыбыстардың айтылуын қалыптастыру және есту қабілетін дамыту» (0-10-сыныптар), «Түзету ырғағы» (0-7-сыныптар), «Айналамен таныстыру» (0-2-сыныптар). Түзету циклінінің сабақтары күннің бірінші жартысында, сондай-ақ екінші жартысында топпен, топ бөлігінде және жеке жүргізіледі.

Негізгі мектептің жалпы білім беру бағдарламаларының курсын табысты меңгерген оқушылар үшін жалпы орта білім мен мамандық алу мақсатында әрі қарай оқуды кәсіби колледждерде, кешкі мектептерде жалғастыруға мүмкіндік бар.

3. Көру қабілеті бұзылған (көрмейтін, нашар көретін, кейіннен көрмей қалған) оқушыларды арнайы мектепте (сыныптарда) оқытудың ерекшеліктері

Білім беру процесі деңгейлерге бөлінеді:

бастауыш білім – 0,1-4-сыныптар;

негізгі орта білім - 5-10-сыныптар;

__________− жалпы орта білім – 11-12-сыныптар.

Орта білім алу мерзімінің ұзартылуы төмендегі себептерге: көрмейтін және нашар көретін оқушылардың танымдық қызметінің ерекшелігіне; оқу қарқынының баяулығы және жалпы білім беру пәндеріне елестету олқылықтарын толтыру мен оқушылардың қоршаған орта туралы білімдеріне мүмкіндік беретін пропедевтикалық бөлімдерді қосу қажеттілігіне; көрмейтіндермен ақпарат алудың сукцессивті тәсілін пайдалануына (ұстап көру арқылы ақпарат алуды пайдалану); Брайль жүйесі бойынша жазу мен оқуға үйретудің ерекшеліктеріне; рельефті суреттер және сызбаларды оқуға; тифлоприборларды және бақылау, тәжірибелік және лабораториялық жұмыстар жүргізу барысында кеңістікте бағдарлай алуға арналған құралдарды пайдалану қажеттілігіне байланысты.

Мектепке дейінгі дайындықтан өтпеген 6-7 жастағы балалар үшін дайындық (0) сыныбы ұйымдастырылады. 1-4-сыныптарда білім алушылардың функционалдық сауаттылық негізі және негізгі жалпы білім берудің кезекті бағдарламасын меңгеру үшін база құра отырып, оларды қарым-қатынас пен оқу еңбегінің негізгі машықтары мен дағдыларын қаруландыру қаланады.

Екінші сатыдағы оқыту 6 жыл ағымында іске асырылады. Осыған байланысты сынып оқушыларының ерекшеліктерін ескере отырып, пән мұғалімдерімен іске асырылатын әр оқу пәнінің аясында жылдық оқыту бойынша оқу материалын қайта бөлу жүреді.

11-12-сыныптарда профильді оқыту іске асырылады. Екі: жалпы-гуманитарлық және жаратылыстану–математикалық бағыттар жүзеге асырылады.

Бір немесе екі бағыттағы таңдау оқушылардың қажеттілігін және ата-аналардың сұранысын ескере отырып іске асырылады.

Білім беру процесінің түзету бағыты сабақтарда жалпы білім беру пәндері бойынша, қалдық көруін және көріп қабылдауын сақтау мен дамыту; әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау (ӘТБ), кеңістікте бағдарлау; мимика және пантомимиканы дамыту; сөйлеу тілі дамуының кемшіліктерін түзету (логопедпен сабақтар); емдік дене тәрбиесі және түзету ырғағы бойынша арнайы түзету сабақтарында қамтамасыз етіледі.

Факультативтік сабақтардың сағаттары жалпы білім беру циклінің пәндерін оқытуда, жаңа пәндерді, қосымша білім беру модульдерін, арнайы курстар мен практикумдарды ендіруде, жеке және топтық сабақтарды өткізуде, жеке білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруда қолданылуы мүмкін. Көру қабілетінен айырылған оқушыларды оқыту Брайль шрифтімен шыққан жалпы білім беретін оқулықтар бойынша, ал нашар көретін оқушыларды ірі шрифтімен басылған оқулықтар бойынша оқыту іске асырылады.

4. Тірек-қозғалыс аппараты бұзылған оқушыларды арнайы мектепте (сыныпта) оқытудың ерекшеліктері

Білім беру процесі деңгейлерге бөлінеді:

бастауыш білім –0, 1-4-сыныптар;

негізгі орта білім - 5-10-сыныптар;

жалпы орта білім – 11-12-сыныптар.



Мектепке дейінгі дайындықтан өтпеген 6-7 жастағы балалар үшін әрі қарай бастауыш мектепте оқытуға дайындық және психикалық даму деңгейін анықтау мақсатында пропедевтикалық-диагностикалық дайындық сыныбы ұйымдастырылады.

1-4-сыныптарда жалпы тапсырмалар мен кешенді түзету тапсырмалары шешіледі (балалардың барлық қозғалыс сферасын, сөйлеу тілін, танымдық қызметін қалыптастыру). Бірінші сыныпта жазу қимылының дағдысын қалыптастыруға арнайы уақыт бөлінеді.

Ана тілін меңгеру оқытудың бастапқы сатысының тәжірибелік бағытымен қамтамасыз етіледі. Математиканы зерделеу барысында ойлауын дамыту ерекшеліктері, кеңістіктік ұғымдарының жеткіліксіз қалыптасуы ескеріледі.

Бейімдік дене тәрбиесі сабақтарында бағалау нормативтері қалыптастырылмайды.

5-10-сыныптарда балаларда әлеуметтік-еңбекке бейімдеуді қамтамасыз ететін қимыл-қозғалыс, ойлау, сөйлеу дағдылары мен ептілігін дамыту бойынша түзету-қалыптастыру жұмыстары жалғасады.

11-12-сыныптарда профильді оқыту іске асырылады. Екі: жалпы-гуманитарлық және жаратылыстану–математикалық бағыттар жүзеге асырылады. Бір немесе екі бағыттағы таңдау оқушылардың қажеттілігін және ата-аналардың сұранысын ескере отырып іске асырылады.

Тірек-қозғалыс аппараты бұзылған оқушылар топ бөлігінде және жеке сабақтарда түзету-педагогикалық қолдауға ие болады:

1) емдік дене тәрбиесі (ЕДШ) сабақтары 2-3 адамнан тұратын топпен немесе жеке өткізіледі. Сабақтың ұзақтығы – 45 минут. Сабақтар күннің бірінші жартысында, сондай-ақ екінші жартысында жүргізілуі мүмкін;

2) тіл дамуының кемшіліктерін дамыту бойынша сабақтарды ұқсас тіл бұзылыстары бар оқушылармен жеке немесе топтық түрде аптасына 2-3 рет логопед жүргізеді. Сабақтар күннің бірінші жартысында, сондай-ақ екінші жартысында жүргізілуі мүмкін;

3) танымдық қызметті қалыптастыру және дамыту бойынша түзету сабақтарында бағдарламалық материалды игеруге, қоршаған орта туралы білімін кеңейтуге, кеңістіктік және уақыттық ұғымдарын қалыптастыруға, графикалық дағдыларды дамытуға, алдыңғы даму олқылықтарын толықтыруға және оқу материалын игеруге, бұзылған психикалық қызметтерді түзетуге, күрделі оқу материалын меңгеруге дайындықты қамтамасыз етеді. Сабақтың ұзақтығы – 20-25 минут.

Түзету сабақтары күнделікті сабақтардың мазмұны мен формасын қайталамауы қажет. Бастауыш сыныптарда сабақтың бір бөлігі ойын формасында өткізу мақсатты.

Топтар (3-4 адамнан) оқушылардың сөйлеу тілінің, қимыл-қозғалысының және өзге де даму бұзылыстарының біртектілігі мен айқындығын ескере отырып жинақталады.

Білім алуышының топта болу ұзақтығы арнайы қиындықтарды түзету дәрежесімен және тапсымаларды сыныппен бірге орындау дайындығымен анықталады. Топ құрамы ширақ болуы тиіс. Бір оқушы бір жылда әртүрлі топтардың құрамында болуы мүмкін. Факультативтік сабақтарды анықтау барысында оқушылардың әлеуметтенуі және олардың даму кемшіліктерінің алдын-алатын, оқушылардың шығармашылық қабілетін жетілдіруге ықпал ететін курстарды таңдау қажет.

5. Сөйлеу күрделі бұзылыстары бар оқушыларды арнайы мектепте (сыныпта) оқыудың ерекшеліктері

Білім беру процесі деңгейлерге бөлінеді:

бастауыш білім – 0, 1-4-сыныптар;

негізгі орта білім – 5-10-сыныптар.

Мектепке дейінгі дайындықтан өтпеген балалар дайындық (0) сыныбына түседі.

Мектепте төмендегідей оқушыларға арналған бөлімдер ашылуы мүмкін:

ауыр деңгейдегі жалпы сөйлеу тілі дамымаған (алалия, дизартрия, ринолалия, афазия), сонымен қатар тұтықпамен қатар жүретін жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалар;

сөйлеу тілінің қалыпты даму барысындағы тұтықпаның ауыр формасы.

Кохлеарлы имплантацияға дейін 6 айдан кем емес ұдайы есту аппаратын тағып жүрген 1 жастан 4 жасқа дейінгі кохлеарлы импланты бар балалар қабылданады. Оқытудың бірінші деңгейінде арнайы бағдарламалар, арнайы әдістемелік және дидактикалық материалдарды пайдалану қарастырылады. Негізгі сатыда балалар оқушылардың мүмкіндіктеріне бейімделетін мектептің жалпы білім беру бағдарламалары бойынша оқиды.

Негізгі мектепте, әсіресе, күрделі бұзылыстары бар сыныптар үшін қазақ, орыс және шет тілдерін оқыту сағаттарын бөлгенде вариативтілікке жол беріледі.

Сөйлеу тәртібін сақтай отырып, барлық сабақтарда және сабақтан тыс уақыттарда арнайы логопедиялық және түзету-педагогикалық қолдау көрсетіледі. Арнайы түзету курстарына мыналар жатады: қоршаған ортамен таныстыру, түзету ырғағы, дыбыс айту, сөйлеу тілін дамыту, жеке-топтық логопедиялық сабақтар. Логоритмика элементтері бар міндетті оқу пәні «Түзету ырғағы» сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар балалардың моторлық және сөйлеу моторлық даму ауытқушылықтарының алдын-алуға бағытталған.

Логопедиялық сабақтар белгіленген сабақтардың мазмұны мен формасын қайталамай, күннің екінші жартысында өткізілуі тиіс. Оқушылар логопедиялық көмекті жеке, топ бөлігінде және фронтальды сабақтарда алады.

Жеке сабақтар: сөйлеу тілінің жүйелі бұзылыстары бар және артикуляциялық аппаратының құрылымы мен қозғалысы бұзылған (ринолалия, дизартрия) балалармен өткізіледі. Жеке сабақтар аптасына кемінде 2 реттен кем емес өткізіледі. Сабақтың ұзақтығы 20-25 минут. Топ бөліктеріне сөйлеу тілінің біртекті құрылымы бұзылған балалар бірігеді. 5-10 сынып оқушыларымен логопедиялық сабақтарды ұйымдастырудың топ бөлігі формасы жетекші болып табылады. Сабақтың ұзақтығы 40-45 минут.

Фронтальды сабақтың ұзақтығы (0, 1-4-сынып) дайындық сыныбы мен бірінші сыныптың алғышқы жартысында 35 минутты, келесі сыныптарда 45 минутты құрайды. Негізгі орта буын оқушылары үшін қазақ және орыс тілдерін қосымша зерделеуге арналған факультативтерді ұйымдастыруға болады.

6. Психикалық дамуы тежелген оқушыларды арнайы мектепте (сыныпта) оқытудың ерекшеліктері

Білім беру процесі деңгейлерге бөлінеді:

бастауыш білім – 0, 1-4-сыныптар;



негізгі орта білім – 5-10-сыныптар.

Арнайы мектептерге (сыныптарға) церебральды-органикалық түріндегі психикалық дамуы тежелген балалар қабылданады. Арнайы сыныптарға дамуында ауытқушылық (ақыл-ойы кем балалар, сөйлеу, көру, есту қабілетінде бұзылыстары)айқын көрінетін балалар қабылданбайды.

Арнайы сыныптарға жинақтау оқытудың бастапқы деңгейінде – 0, 1 сыныптарда іске асырылады, 2 сыныпты да кіргізуге болады. Оқушыларды оқытудың кез-келген кезеңінде бұқаралық типтегі жалпы білім беретін сыныптарға кіріктіру, сондай-ақ, психикалық даму тежелісі айқын көрінетін екінші сатыдағы арнайы сынып жағдайында білім беруді жалғастыру мүмкіндігі қарастырылады.

Оқу күн тәртібі балалардың тез шаршағыштығына байланысты белгіленеді: ұзартылған күн тәртібі бойынша алғашқы ауысымда оқыту.

Екінші (қазақ немесе орыс) және үшінші (ағылшын) тілдерін зерделеу сынып оқушыларының сөйлеу тілінің даму деңгейін ескере отырып, бағдарламаны бейімдеу және оқушыларды оқыту әдістері қарастырылып іске асырылады.

Оқытудың бірінші сатысында арнайы бағдарламалар мен арнайы әдістемелік және дидактикалық материалдарды пайдалану қарастырылады. Негізгі сатыда оқушылар негізгі орта мектепте оқу мерзімінің артуына (1 жыл) байланысты мазмұны қайта бөлінетін жалпы білім беру мектебінің бағдарламалары бойынша білім алады, әрбір пән оқытушылары оқушылардың мүмкіндіктеріне бейімделеді.

Оқытудың түзету-дамытушы бағыты түзету пәндерінің жалпы білім беру циклі пәндерінің аясында, сонымен қатар, қосымша білім беру жүйесінде жүзеге асырылады. Басқа пәндермен тепе-тең келетін пәндерге эмоционалдық-тұлғалық сферасын түзетуді іске асыруға мүмкіндік беретін және оқушылардың танымдық әрекеттерін белсендендіретін эстетикалық циклдегі пәндерді (музыка, сурет өнері, дене тәрбиесі) жатқызуға болады.

Бірінші және екінші сатыдағы оқу жоспарының түзету компоненті «Айналамен таныстыру және тіл дамыту», «Түзету ырғағы», «Тіл дамуының кемшіліктерін түзеу» (логопедтік сабақ), «Білімдегі олқылықтарды толықтыру бойынша міндетті жеке және топтық түзету сабақтары», «Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау» (ӘТБ). Арнайы кіріктірілген түзету курсы «Айналамен таныстыру және тіл дамыту» (0-1-сыныптар) баланың қоршаған орта туралы шынайы білімдері мен түсініктерін байытуға бағытталған. «Түзету ырғағы» түзету курсы (0-4-сыныптар) психикалық дамуы тежелген балалардың жалпы моторикасы мен қимылының үйлесімділігіндегі даму ауытқушылықтарын алдын-алуға бағытталған. «Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау» өмірлік құзырет дағдыларын қалыптастыруды қамтамасыз етеді. «Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау» пәні бойынша сабақтар үшін сынып 2 топқа бөлінеді. Сабақтар арнайы жабдықталған ғимаратта жүргізіледі.

Сабақтар топ бөлігімен арнайы жабдықталған ғимаратта өтеді. Сабақта оқу бағдарламасын игеруде қиындықты сезінетін оқушылар үшін білім олқылықтарының орнын толтыруға арналған жеке және топтық түзету сабақтары ұйымдастырылады. Сабақтар жеке немесе оқудағы қиындықтарының ұқсастықтары негізінде топ бөлігімен (2-4 оқушыға) жүргізіледі. Бастауыш сынып оқушыларымен жеке және топтық түзету сабақтарын сыныптың негізгі мұғалімі немесе дефектолог мұғалім өткізеді. Сабақтың ұзақтығы 20-25 минут. Түзету сабақтары күнделікті сабақтардың мазмұны мен формасын қайталамауы тиіс. Олар пәндік-тәжірибелік және балалардың ойын әрекетін қоса отырып, әртүрлі формалар мен оқушылардың әрекет түрлерін пайдалану арқылы жүргізіледі.

6-10-сыныптарда білім алудағы олқылықтарды толықтыру бойынша жеке және топтық сабақтарға бөлінен сағаттар мен пән мұғалімдері арасында үлестіріледі. Қандай топта болсын білім алушының сабақта отыру уақыты

арнайы қиындықтарды түзету дәрежесімен және сыныппен бірге тапсырмаларды орындау дайындығымен анықталады. Топ құрамы ширақ болуы тиіс: балалардың бірін сыныппен бірге жұмыс жасауға қосып, бірін қарқынды жеке көмек үшін топ құрамына қосу керек. Сол бір оқушы жыл ағымында әртүрлі топ құрамына кіруі мүмкін. Сөйлеу тілінде бұзылыстары бар оқушылар үшін логопед жеке немесе топпен сабақ өткізеді.

Сөйлеу тілінің бұзылыстары бар оқушылармен логопед жеке-шағын топтық сабақтар жүргізеді.

Жеке және топтық түзету сабақтары оқушылардың максималды жүктемесі шегінде көрсетіледі. Типтік оқу жоспарында көрсетілген әрбір сыныпта осы сабақтарға бөлінген апталық сағаттардың саны (бірінші сатыда 4 сағат және екінші сатыда 3 сағат) әрбір жеке оқушының жүктемесіне емес, педагогтардың жүктемесіне кіреді. Әрбір оқушы үшін оқытудың бірінше сатысында аптасына 40-60 минуттан, екінші сатысында 20-40 минуттан келеді.

Факультативтердің сағаттарын балалардың әлеуметтенуіне (Тіл және қарым қатынас мәдениеті. Өмір сүру қауіпсіздігін қамтамасыздандыру. Экономикаға кіріспе) немесе даму кемшіліктерінің алдын алуға (Сурет салу әрекеті. Қолданбалы мәдениет. Жүзу. ЕДШ), болмаса еңбекке дайындық бойынша қосымша сабақтарға қолдану дұрыс болады.

7. Танымдық қабілеті бұзылған балаларды оқытудың ерекшеліктері (жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі)

Ақыл-ой кемістігі бар оқушыларды оқыту мақсаты – танымдық және эмоционалдық-тұлғалық аясындағы даму ауытқуларын түзету, білім беру және еңбекке дайындау құралдарымен дамыту, қоғамдағы бітірушілерді келесідей кіріктіру үшін әлеуметтік-психологиялық оңалту.

Дайындық сыныбына сондай-ақ білім беру процесінде және тәрбиелеу жұмысында баланың диагнозын анықтау мен оны оқыту және тәрбиелеуді ұйымдастыру формасының адекваттылығын айқындау мақсатында білім алуға дайындық деңгейі жеткіліксіз балалар қабылданады. Бірінші сыныпқа 7-9 жастағы балалар қабылданады.

Оқыту 2 сатыда ұйымдастырылады:

бірінші саты – дайындық деңгейі (0, 1-4-сыныптар);



екінші деңгей – 5-9-сыныптар.

Сәйкес материалдық-техникалық, бағдарламалық-әдістемелік және кадрлық шарттар болған жағдайда білім беру ұйымдарында терең кәсіби-еңбекке даярлау 10-өндірістік сыныпта ұйымдастырылады.

Бірінші деңгейде ақыл-ойы кем оқушыны жан-жақты психологиялық-медициналық-педагогикалық зерделеу, оның мүмкіндіктері мен білім беру процесін ұйымдастыру формасы мен әдістерін қалыптастыру және жеке ерекшеліктерін анықтау мақсатында іске асырылады.

Екінші деңгейде балалар тәжірибелік бағытқа ие және еңбектің әртүрлі профилі бойынша дағдылары бар жалпы білім беретін пәндер бойынша білім алады. Әлеуметтік бейімдеу мен кәсіби-еңбекке даярлауға назар аударылады.

Дайындық және 1-сыныптарда баллдық бағалау болмайды. Оқушылардың білім алудағы алға басу нәтижесі олардың өнімді қызметіне талдау жасау

сөйлеу тілінің, жазба жұмыстарының, сурет салуының, қолдан жасалған ұсақ-түйектерінің даму деңгейі негізінде анықталады.

Оқу процесі оқушыларға сараланған және жеке ықпалды қолдану арқылы іске асырылады. Сараланған ықпал негізінде ақыл-ойы кем оқушыларды (В.В.Воронкова бойынша) педагогикалық топтастыру жатыр. Осыған байланысты І-деңгейдегі оқушылардың жетістіктерін баллдық бағалау критериалдық болып табылады және жеке мониторинг негізінде іске асырылады. ІІ-деңгейдегі оқушылардың жетістіктерін бағалауда білім беру процесін дараландыруға негіз болатын критериалдық сипаттап бағалау қолданылады (Ақыл-ойы кем балаларды критериалдық бағалау бойынша әдістемелік ұсынымдарды Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА сайтынан (www.nao.kz) қарауға болады).

5-9 сыныптарда математика сабақтарынан 1 сағат геометрия элементтерін үйренуге бөлінеді.

«Түзету технолгиясы» циклінің сабақтары: «Түзету ырғағы», «Тіл дамуының кемшіліктерін түзету» (логопедиялық сабақтар), «Танымдық әрекетін түзету», «Емдік дене тәрбиесі» күннің бірінші және екінші жартысында да жүргізіледі. Жеке және топ бөлігімен жүргізілетін түзету сабақтардың ұзақтығы – 20-25 минут. Топ бөліктері сөйлеу тілі мен психофизикалық бұзылыстарының біртектілігіне байланысты жинақталады. Емдік дене тәрбиесі сабағына арналған топ дәрігердің нұсқауымен жинақталады. Түзету ырғағы бойынша сабақтар топқа бөлінбей, фронтальды түрде жүргізіледі. Түзету компоненттерінің пәндері бойынша жетістіктерді бағалау баллмен бағаланбайды, ол сипаттама түрінде болады.

4-тен 6 сынып аралығында «Жалпы еңбекке даярлау» пәні ендіріледі.

7 және 9-сынып аралығында кәсіби бағыттағы еңбекке оқыту іске асырылады. Мектепке жеке еңбек түрі бойынша бағдарлама әзірлеу құқығы ұсынылады.

Жазғы еңбек тәжірибесі оқу жылының аяқталысымен немесе оқу мерзімін ұзартқан жағдайда ағымдағы жылдық мөлшерлеме бойынша жүреді.

5-6-сыныптарда еңбек тәжірибесі мектеп базасында, 7-9-сыныптарда мектеп шеберханаларының базасында іске асырылады. Еңбек тәжірибесінен өткізу мерзімі мен тәртібі жергілікті жағдайларға байланысты мектеп Кеңесімен (педагогикалық кеңес) анықталады. Мектепте білім алу еңбекке оқыту бойынша емтиханмен аяқталады. Білім алушылар емтихандардан белгіленген тәртіп бойынша босатыла алады. Факультативтік сабақтарға бөлінген сағаттар еңбекке оқыту сабақтарына, түзету бағыттарына және т.б. пайдаланыла алады.

Орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушылар саны жеткілікті болған жағдайда мектепте осы оқушыларға арналған арнайы сыныптармен екінші бөлім ашылады.

Орташа ақыл-ой кемістігі бар балаларды оқыту аталмыш катеориядағы оқушыларға арналған Типтік оқу жоспары және оқу бағдарламалары бойынша іске асырылады. Оқу бағдарламалары ұсынымдық сипатта болады. Оқыту жеке оқу бағдарламалар бойынша іске асырылады. Ол баланы жарты жылдан

аспайтын мерзім аралығында сынып педагогының және мектеп консилиумы мамандарының баланы психологиялық-педагогикалық __________кешенді зерделеуі негізінде құрылады. Оқытудың жеке бағдарламасын жүзеге асыру уақытының аяқталуы бойынша әрбір оқушының жетістігіне талдау жүргізіледі және келесі жартжылдыққа жоспар құрылады.

Педагог әрбір оқушының жеке мүмкіндігін және білім алудағы және тұлғалық жетістіктері мен білім алу және тұлғалық жетістіктерін мониторигілеу нәтижелерін ескере отырып, оқытудың мазмұнын, әдістерін, формасын, дидактикалық құраларын өз бетінше таңдайды.

Екінші бөлім сыныптарын оқытудың мазмұны мыналарды: өзі туралы түсінігін, өзіне-өзі қызмет етуін және қамтамасыздандыру дағдысын, қоршаған орта және ортада бағдарлау туралы қолжетімді түсініктерін, қарым-қатынас жасай алуын, пәндік-тәжірибелік және қолжетімді еңбек қызметін, тәжірибелік бағыттылығына ие және тәриеленушілердің психофизикалық мүмкіндіктеріне сәйкес жалпы білім беретін пәндер туралы білімін қалыптастыруға бағытталған.

Бірінші сатыда оқу процесі пәнсіз оқыту негізінде ұйымдастырылады: барлық сабақтар кіріктірілген сипатқа ие және білім алушылардың жалпы (қарым-қатынас, қимыл, сөйлеу, сенсорлы) дамуына бағытталған. Оқушылардың жеке дамуын алға бастыру шаралары пәндік оқытуға өтумен іске асырылады.

Екінші бөлімде оқыту мектеп ресурстары мен оқушылардың психофизикалық даму ерекшелігін ескере отырып, еңбектің қарапайым түрлеріне үйрету ұйымдастырылады. Еңбекке оқыту профилі баланың психофизикалық ерекшеліктерін, дәрігердің ұсынысымен және мектеп мүмкіндіктерін ескере отырып жеке анықталады. Қажет болған жағдайда еңбекке оқыту профилі өзгеруі мүмкін. Еңбекке дайындық пәндері бойынша бітіру емтиханын 2-бөлім оқушылары тапсырмайды.

Зияты зақымдалған балаларға арналған арнайы мектептің (сыныптың) оқушылары екінші жылға қалдырылмайды.

Зияты зақымдалған оқушыларға арналған арнайы мектеп (сынып) бітірушілері облыстың (қаланың) білім басқармасы органдарының келісімімен мектепте әзірленген форма бойынша мемлекеттік үлгідегі куәлікке ие болады.

9 ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Жаңа оқу жылындағы инклюзивті білім беруді жүзеге асыру ерекшеліктері келесідей факторлармен байланысты:

«Білім туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу (ҚР 2015 жылғы 13 қарашадағы № 398-V «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы);

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту (Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 Жарлығы);

Бастауыш білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын жаңарту (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 327 Қаулысы);



«Білім туралы» заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың нәтижесінде инклюзивті білім беруге қатысты қоолданылатын терминдер мен ұғымдар халықаралық қауымдастықпен қабылданған түсіндірме мен нақты сипатқа ие болды.

Мысалы, жаңадан енгізілген «ерекше білім беруге қажеттілік» термині тек мүмкіндігі шектеулі балаларға ғана емес, сонымен бірге емханада немесе үйде ұзақ мерзімге емделетін оқушыларға, мінез-құлқында эмоцияналдық проблемалары бар балаларға, жағдайы төмен отбасынан шыққан балаларға, жетім немесе ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға, озбырлық көрген балаларға да және т.б. қатысты тиімді қолданылатын болды.

Жаңа түсіндірме бойынша «инклюзивті білім беру» - бұл ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке-дара мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылардың білім алуына тең қолжетімділігін қамтамасыз ететін процесс. Аталған анықтама жалпы білім беретін мектеп жағдайында барлық балаларды оқыту үшін оңтайлырақ тәсіл ретінде халықаралық қауымдастықпен танылған білім берудегі инклюзияның мәнін ашады. Бұл жағдайда инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын ұйымдар ерекше білім беруге қажеттіліктері бар білім алушыларды қамтуды, соның ішінде мигрант, оралман балалар, сондай-ақ қоғамға әлеуметтік бейімделуі қиын балалар сияқты басқа да санаттағы білім алушыларға сапалы білім берудің тең қолжетімділігін қамтамасыз етуді кеңейтуі мүмкін.

Бастауыш мектепте ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалар психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысына сәйкес ҚР БҒМ 2015 жылғы 18 маусымдағы № 393 бұйрығымен бекітілген арнайы оқу бағдарламалары бойынша оқиды.

Қазіргі уақытта негізгі және жоғарғы мектеп оқу бағдарламалары ҚР БҒМ 2014 жылғы 25 ақпандағы № 61 бұйрығымен бекітілген Мүмкіндігі шектеулі оқушыларға арналған негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларына сәйкес әзірленді.

Инклюзивті білім беретін мектептердегі оқу процесін ұйымдастыру. Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларды оқыту және оларды психологиялық-педагогикалық түзете қолдау:

1) инклюзивті оқыту сыныптарында;

2) жалпы білім беретін мектептердегі арнайы сыныптарда іске асырылады.

Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар оқушыларды жалпы білім беруге қосу нысандары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысымен бекітілген «Жалпы білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) қызметінiң үлгілік қағидаларында» баяндалған.

Жалпы білім беретін ұйымдарға қосылған ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалар жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша, сондай-ақ ҚР МЖМБС негізінде жасалған арнайы білім беру бағдарламалары бойынша ПМПК (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация) ұсынымдарына сәйкес білім алады. Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар білім алушылардың оқу бағдарламасын меңгерудің ерекшеліктеріне байланысты мұғалім олар үшін бағдарламаларды ҚР МЖМБС аясында бейімдей алады.

Білім беру ұйымдарында балалардың денсаулығын сақтау, сондай-ақ білім алушылардың ерекше білім алу және қосымша білім беру қызметтерін алудағы олардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жайлы жағдай құру қамтамасыз етіледі.

Сабақтар ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларды оқытуға жеке ықпалды қолдану арқылы жүргізіледі.

Инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңесі жеке оқу жоспарлары мен жеке бағдарламаларды, ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың жеке бағдарламасын бекітеді.

Инклюзивті және арнайы сыныптардағы ерекше білім беруге қажеттіліктері бар барлық білім алушыларға арналған түзету сабақтарын психологиялық-педагогикалық қолдаудың Жеке бағдарламаларымен сәйкес мамандар іске асырады.

Оқытудың түзете-дамыту бағыттылығы жалпы білім беретін цикл пәндері, түзету пәндері аясында, сондай-ақ қосымша білім беру жүйесінде іске асырылады.

Жалпы білім беретін мектептегі арнайы сыныптар жұмысы ұзартылған күн тәртібінде ұйымдастырылады, яғни бұзылған қызметтерді еңсеру мен орнын толтыру және қажетті денсаулық сақтаушы педагогикалық режимді қамтамасыз ету бойынша қажетті жағдайларды құру. Қажет болған жағдайда, ұзартылған күн тәртібіне жалпы білім беретін сыныптардың ерекше білім беруге қажеттіліктері бар білім алушылары да қатыса алады.

Психологиялық-педагогикалық қызмет жұмысын ұйымдастыру үшін инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының штатында келесі мамандардың болуы ұсынылады: психолог, арнайы педагогтар

(тифлопедагог, сурдопедагог, логопед, олигофренопедагог), ЕДШ нұсқаушысы, әлеуметтік педагог.

Жоғарыда аталған мамандар болмаған жағдайда ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға түзету-педагогикалық қолдау психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінде және оңалту орталықтарында көрсетіледі.

Мигрант, оралман балаларды оқу-тәрбие процесіне кіріктіру және қазақ тілі мен орыс тілдерін меңгерту мақсатында қосымша сабақтар, тілдік үйірмелер, факультативті сағаттар ұйымдастырылады. Оларға қолдау қызметі мамандарының психологиялық-педагогикалық және тілдік көмек жасауы қажетті шарт болып табылады.

Инклюзивті білім берудің мақсаттары мен міндеттеріне тиімді жету үшін жалпы білім беретін мектептер оралмандарды бейімдейтін және кіріктіретін орталықтармен, ресурстық орталықтармен, кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдейтін орталықтармен, арнайы білім беру ұйымдарымен, сондай-ақ, ПМПК, оңалту орталықтары және психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерімен өзара әрекеттестікті ұйымдастырады.

Мұғалімдерге арналған ұсынымдар

Тіл мен әдебиет пәндерінің мұғалімі оқушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу тілі кемшіліктерін ескеріп, сөздердің дұрыс дыбысталу, сөйлеу тілінің лексикалық-грамматикалық жағы, байланыстырып сөйлеу дамуының деңгейіне назар аударған жөн. Сонымен қоса мұғалімге жасына сай тұрмыстық міндеттерді шешу үшін балалардың ауызша және жазбаша сөйлеу тілін қолдану іскерлігін дамытқан дұрыс.

Математика және жаратылыстану пәндерінің мұғалімі ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың танымдық әрекеті мен эмоциялық-ерік саласындағы ерекшеліктерін ескеру қажет.

Адам және қоғам білім саласына қатысты пәндердің мұғалімі ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқытуда оларды қоғамға бейімдеу және мінез-құлықтарын түзету үшін бұл пәндердің жағымды әлеуметтендірушілік және тәрбиелік әлеуеттерін ескереді.

Музыка және бейнелеу өнері пәндерінің мұғалімі тірек-қимыл аппараты және сөйлеу, есту, көру бұзылыстары бар балаларды оқыту процесіндегі қиындықтарын, оңтайлы психологиялық-эмоциялық күйге келтіруін, жалпы және ұсақ моториканы дамытуын және танымдық іс-әрекетін белсендіруін ескерген жөн. Сонымен қоса, ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларда жасырын таланттар мен шығармашылық әлеуетін таныту ықтималдығы жоғары болғандықтан , олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға көңіл бөлген маңызды.

Технология пәнінің мұғалімі жеке тәсілдерді қолдану және жеңілдетілген тапсырмалар беру арқылы білім алушылардың сенсорикасын (сезімталдығын) және ұсақ моторикасын, танымдық әрекеті мен қабілеттерін ескерген дұрыс.

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі тірек-қимыл аппаратындағы бұзылыстарын ескеріп, жалпы және ұсақ моторикасына назар аударуы, сонымен бірге, мүмкіндігі шектеулі білім алушылардың денсаулығын нығайту мен дене дамуына арналған арнайы жаттығуларды жоспарлауы қажет. Сонымен

қатар, сабақ өткізу кезінде есту, көру бұзылыстары бар балалардың ерекшеліктерін ескеру (анық және нақты командалар беру, әрекеттерді арнайы көрсету және т.б.) және емдік дене шынықтыруды ұйымдастыру керек.

Инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын ұйымдардағы тәрбие процесінің ерекшелігі мектеп деңгейінде ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға толерантты қарым-қатынасты тәрбиелеу, сондай-ақ негізгі құндылықтармен таныстыру, білім беру процесінің барлық субъектілерінің инклюзивті білім беруге жағымды көзқарасын қалыптастыру, ересектердің ұстанымын «ерекше балаларға» өзгерту болып табылады.

Инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын мектептердегі тәрбие процесі дені сау балалар мен олардың өз балалары мен ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларды бірге оқыту тәжірибесіне жағымды қарым-қатынас танытпайтын ата-аналарының психологиялық дайын болмауының алдын-алуға арналған тақырыптық сынып сағаттарын қарастырады.

Сондай-ақ тәрбие, мәдени-іс-шараларды, спорттық-сауықтырушы және басқа да бос уақыттағы іс-шараларды жүргізуде барлық ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалардың, оның ішінде даму бұзылысының айқындық дәрежесіне байланыссыз мүмкіндігі шектеулі балалардың қатысуын қамтамасыз ету ұсынылады.

Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау

2016-2017 оқу жылында 1 сынып білім алушыларының оқыту процесі бастауыш білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы ҚР МЖМБС-2015 және ҮОЖ-ға сәйкес іске асырылады. Осыған байланысты, мүмкіндігі шектеулі балалар болған жағдайда оқу жетістіктерін бағалау жүйесі қолданылады.

Мүмкіндігі шектеулі білім алушыларды бағалау кезінде ҚР МЖМБС-2015 көрсетілген білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарға бағдарлануы қажет. Алайда, кейбір білім алушыларда бағдарламаны меңгеру мерзімі ұзағырақ, оның нәтижесінде олар қалыпты дамыған балалардың бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейіне сәйкес келетін деңгейге жетеді.

Білім беру саласында мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтары және олар орындауы қажет міндеттері тең болуы маңызды. Осы орайда, олардың жетістіктерін бағалаудың негізгі мазмұны шектеуді, яғни бұзылысты (көру, есту, сөйлеу, тірек-қимыл аппараты, әлеуметтік-эмоциялық сала) ескере отырып қалыпты дамыған құрбыларымен бірдей болуы қажет. Ьұл жағдайда бағалануы керек:

арнайы оқу дағдыларының қалыптасқандығы, мысалы, көру бұзылыстары бар балалардың Л. Брайль шрифтін меңгеріп және/немесе тегіс баспалы шрифтпен жазу мен оқу;

білім беру салалары бойынша құзырет: ауызша және жазбаша коммуникацияны қолдану, саналы оқу мен жазуға қабілетті болу; математикалық білімнің элементтерін практикалық қолдану іскерлігі, олардың өмірге қажетті мәнін түсіну және т.с.с.;

әлеуметтік-тұлғалық нәтижелерді бағалау: өз күшін адекватты бағалай алу, физикалық жүктемеде, медициналық препараттарды қолданғанда, аз таныс



заттық-кеңістіктік ортада (бөлмеде, көшеде) өз бетінше қозғалу кезінде ненің болатынын және болмайтынын түсіну.

Жалпы білім беретін мектептің ерекше білім беруге қажеттілігі бар түлектері, оның қатарында есту, көру қабілетінде, тірек-қимыл аппаратында бұзылыстары бар және күрделі тіл кемістігі бар, психикалық дамуы тежелген түлектер алған білім деңгейін растайтын мемлекеттік үлгідегі құжат алады.

Білім беру ресурстары мен технологиялары

Қазақстанда инклюзивті білім беруді ғылыми-әдіснамалық және оқу-әдістемелік қолдау мақсатында бірқатар әдістемелік ұсынымдар мен құралдар әзірлену үстінде. Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА әзірлеген ғылыми-әдіснамалық және оқу-әдістемелік ресурстар академияның сайтында мына сілтеме бойынша қолжетімді http://nao.kz/blogs/fromorg/2/22:

1. Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері.

2. Инклюзивтік білім беруде әдіснамалық және оқу-әдістемелік сүйемелдеу бойынша тәсілдеме ұстанымдарын табысты ендірудің әлемдік тәжірибесін талдау.

3. Мүмкіндіктері шектеулі балалардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі бойынша әдістемелік ұсынымдар.

4. Ерекше оқыту қажеттіліктеріне қарай қысқа мерзімдік, орташа мерзімдік және ұзақ мезімдік негізде оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету. Әдістемелік ұсынымдар.

5. Ерекше қажеттіліктері бар балаларды жалпы білім беру процесіне енгізу үлгілерін дайындау. Әдістемелік ұсыныстар.

6. Білім беру ұйымдарының тәжірибесіне инклюзивтік педагогика мен енгізу жүйесінің қағидаларын дайындау. Әдістемелік ұсынымдар.

7. Инклюзивті білім беру жағдайында қызмет ететін мұғалімдердің кәсіби құзіреттіліктеріне қойылатын талаптарды дайындау бойынша әдістемелік ұсынымдар.

8. Мектептік консилиумдар құру және ерекше қажеттіліктері бар балаларға интенсивті, кең және арнайы қолдау көрсету.

10 КЕШКІ МЕКТЕПТЕРДЕГІ ОҚУ-ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Кешкі (ауысымды) мектеп және күндізгі мектептер жанындағы кешкі бөлімдер жалпы білім беретін пәндер, таңдау курстары және факультативтер бойынша негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу бағдарламаларын, сондай-ақ өзіндік ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне қарай – қосымша білім беру бағдарламаларын іске асырады.

Кешкі мектепте және күндізгі мектептер жанындағы кешкі бөлімдерінде білім беру күндізгі оқу нысаны бойынша (сыныпта 15 бен 18 жас аралығында 20 білім алушы), сырттай оқу нысаны (10-15 білім алушы) және сырттай жеке оқу тобы (сыныпта 9 білім алушы) бойынша жүзеге асырылады.

Ерекше жағдайларда және талапқа сай шарттар болған жағдайда, кешкі мектепте қашықтықтан оқыту технологиясы жүзеге асырыуы мүмкін.

Оқытудың барлық нысандары бір білім беру ұйымының шеңберінде жүзеге асырылады.

Кешкі мектептегі оқу жылының ұзақтығы күндізгі оқу нысаны бойынша – 34 апта, сырттай оқу нысанында – 36 аптаны құрайды.

Күндізгі оқу нысаны бойынша оқушыларды аттестаттау жарты жылдықтар бойынша жүзеге асырылады.

Сыныпта 20 және одан да көп білім алушы болған жағдайда тек күндізгі оқу нысаны бойынша қазақ тілдінде емес мектептерде қазақ тілі мен әдебиетін, қазақ тілді мектептерде орыс тілі мен әдебиетін, шет тілдері және информатиканы кіші топтарға бөліп оқыту жүргізіледі.

Мектепте білім беру процесін ұйымдастыру жалпы білім беретін оқу бағдарламаларымен, оқу жұмыс жоспарымен реттеледі.

Кешкі мектептің оқу жоспарында тек негізгі пәндерді сағат санын қысқарта отырып оқыту қарастырыған. Технология, бейнелеу, дене тәрбиесі сабақтары оқытылмайды. Әр сыныпта оқыту аптасына 3-4 күнде жүзеге асырылады.

Кешкі мектеп жылдық күнтізбелік оқу кестесін белгілеуде, бағалау жүйесін, білім алушыларды аттестаттау тәртібі мен мерзімін таңдауда дербес.

Жазба жұмыстарының орындалуына қойылатын талаптар:

«Тіл және әдебиет» білім саласы

Жазба жұмыстары пән бойынша:

«Қазақ тілі», «Орыс тілі» пәндері бойынша тоқсанына бір рет жүргізіледі, оқу жылының басында - 1 жазба жұмысы.

Қазақ және орыс тілдері бойынша мазмұндама – жылына 2 рет.

Қазақ және орыс тілдері бойынша шығарма – жылына 2 рет.

Қазақ және орыс тілдері бойынша тест жұмысы – жылына 2 рет.

Қазақ және орыс әдебиеті бойынша шығарма – жылына 3 рет.

Шет тілі бойынша тест жұмысы – жылына 4 рет.

«Математика және информатика» білім саласы

«Алгебра», «Геометрия», «Физика» пәндері бойынша бақылау жұмыстары тоқсанына бір рет жүргізіледі, оқу жылының басында - 1 бақылау жұмысы.

«Физика» пәні бойынша зертханалық жұмыстар:

8 сынып – жылына 10

9 сынып – жылына 4

10 сынып – жылына 4

11 сынып – жылына 4

«Физика» пәні бойынша тәжірибе жұмыстары:

8 сынып – жылына 4

9 сынып – жылына 8

«Информатика» пәні бойынша тәжірибе жұмыстары – әр сыныпта жылына 4 рет.

«Жаратылыстану» білім саласы

«Химия» пәні бойынша бақылау жұмыстары тоқсанына бір рет жүргізіледі, оқу жылының басында - 1 бақылау жұмысы.

«География» және «Биология» пәндері бойынша бақылау жұмыстары – жылына 2 рет (тест түрінде).

«Биология» пәні бойынша зертханалық жұмыстар:

8 сынып – жылына 8

9 сынып – жылына 4

10 сынып – жылына 4

«Химия» пәні бойынша зертханалық жұмыстар:

8 сынып – жылына 4

9 сынып – жылына 4

10 сынып – жылына 4

11 сынып – жылына 4

«Химия» пәні бойынша тәжірибе жұмыстары:

8 сынып – жылына 2

9 сынып – жылына 2

10 сынып – жылына 2

11 сынып – жылына 2

«География» пәні бойынша тәжірибе жұмыстары:

8 сынып – жылына 4

9 сынып – жылына 4

10 сынып – жылына 4

11 сынып – жылына 4

Кешкі мектептің тәрбие жұмысы әлеуемттік жағдайы төмен кәмілеттік жасқа толмаған жасөспірімдерді оңалту, бейімдеу, әлеуметтендіру және тұлға ретінде дамытуға бағытталған, яғни оқушыларға тәрбие жүйесінің ықпалы, негізінен, оқушылардың бойындағы адамгершілік және құқықтық (девиантты) тәртібін түзетуге бағытталған.

Кешкі мектептің және күндізгі мектептер жанындағы кешкі бөлімдердің

негізгі міндеті – түрлі себептермен күндізгі мектепте, колледждерде оқи алмаған, мысалы, педагогикалық бақылаусыз қалу, ауру себептері, оқуға деген ынтасының болмауы, отбасындағы ауыр тұрмыс жағдайы және т.б. байланысты келген «қиын» жасөспірімдерді әлеуметтік-психологиялық оңалту және бейімдеу болып табылады.

Кешкі мектептің ерекшеліктерінің бірі –«проблемалық (қиын)»: нашар оқитын және тәрбиелеуге қиын балалармен жұмыс. Олар жұмысқа қабілеттерінің төмен болуы, оқуға ынтасының болмауы мен тәртіпсіздігімен ерекшеленеді.

Тәрбие жұмысының басым бағыттары:

- Қазақстандық патриотизм мен азаматтылыққа тәрбиелеу, құқықтық тәрбие.

- Рухани – адамгершілік тәрбиесі.

- Салуатты өмір салты;

- Этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісім тәрбиесi;

- Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу;

- Кәмелетке толмағандар арасында экстремизмнің және лаңкестік алдын алу;

- Кәмелетке толмағандар арасында нашақорлық, токсикомания, маскүнемдiктiң, темекі тартудың алдын алу;

- жасөспiрiм қыздың тәрбиесi;

- оқушыларға кәсiби бағдар беру;

- ата-аналармен әлеуметтiк әрiптестiк.

Кешкі мектептің және күндізгі мектептер жанындағы кешкі бөлімдердің ерекшеліктеріне сай оқу үдерісі мен мектепішілік бақылауды тиімді ұйымдастыру үшін мектеп әкімшілігі үшін төмендегі нормативтер бекітілген:

№№

Бақылау нысанасы



Нормасы

1 1

Сабақтарға және сыныптан тыс іс-шараларға қатысу және оларды талдау

Аптасына 1 сабақ, жылына 34 сағат (директордың орынбасарлары үшін);

2 аптада 1 сабақ, жылына 17 сағат (мектеп директорлары үшін).

22

Сынып журналдарын тексеру

Тоқсанына 1 рет

33

Пәндер бойынша оқу бағдарламалары-ның орындалуын тексеру

Тоқсанына 1 рет

44

Оқушылардың жеке іс құжаттарын тексеру

Жылына 2 рет

55

Пәндер бойынша тақырыптық және күнтізбелік жоспарларды тексеру

Жылына 2 рет

6 6

Алфавиттік кітапты тексеру

Жылына 2 рет

Кешкі мектеп және күндізгі мектептер жанындағы кешкі бөлімдер кәсіпорындармен уағдаластық бойынша, қосымша білім беру қызметін, оның ішінде ақылы қызмет ретінде білім алушылардың кәсіптік дайындық жұмысын жүргізе алады.

Сырттай немесе кешкі оқыту сабақтарын сессиялық режимде ұйымдастыру кезінде сессиялардың уақытын Мектептің педагогикалық кеңесі белгілейді.

Негізгі орта және жалпы орта білім беру курстары бойынша бағдарламаларды меңгеру бітірушілерді міндетті қорытынды аттестаттаумен аяқталады. Кешкі мектеп бітірушілеріне олар қорытынды аттестаттаудан өткеннен кейін тиісті білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжат беріледі.

Кешкі мектептегі білім беру процесін жетілдіру мақсатында Әдістемелік кеңес, әдістемелік бірлестіктер, психологиялық және әлеуметтік-педагогикалық қызмет құрылады. Олардың қызметі мектеп Жарғысында және қолданыстағы білім беру саласындағы заңнамада белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.

11 ПИЛОТТЫҚ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА БАСТАУЫШ МЕКТЕПТІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН АПРОБАЦИЯДАН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасындағы Білім беру мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ бірлесе отырып, орта білім мазмұнын жаңартуда алдымен «НЗМ» ДББҰ тәжірибесін республиканың жалпы білім беретін мектептеріне жүйелі бейімдеумен тарату бойынша жұмыстар жүргізілуде.

2016-2017 оқу жылында 30 пилоттық мектептердің 2-сыныптарында ҚР МЖМБС-2015, білім мазмұны жаңартылған үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларының, байқау оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерінің, оқу жетістіктерін бағалаудың критериалдық жүйесінің апробациясы, эксперимент режимінде оқыту сапасына тұрақты түрде мониторинг жүргізу жалғасуда.

Эксперименттік пилоттық мектептер апробация және жаңарған оқу бағдарламалары мен жоспарларын енгізу процесі барысында «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі №327 Қаулысымен бекітілген Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі №157 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш мектептің оқу бағдарламаларын апробациядан өткізу және енгізу туралы ережені» және «Бастауыш мектептің оқу бағдарламаларын енгізетін 30 пилоттық мектеп педагогіне консультативтік қолдау көрсету үшін Үйлестіру кеңесін құру туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі №160 бұйрығын басшылыққа алады.

2-сыныптың оқу бағдарламалары оқушылардың нақты оқу мақсаттарына қол жеткізуіне бағдарланған және білімнің белгілі бір көлемін алуды, сондай-ақ оларды оқудағы және өмірдегі проблемаларды шешуде қолдану дағдыларын дамытуда қолдануды білдіреді.

Білім мазмұнын жобалау күрделендіру принципі бойынша 2-сыныптағы пәннің мазмұны оқушылардың білімі мен білігін сыныптар және тақырыптар бойынша біртіндеп кеңейтуге, қарапайымнан күрделіге көшуге мүмкіндік береді.

Бұл орайда, барлық бағдарламалар оқушыларға «қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек және шығармашылық», «ашықтық», «өмір бойы білім алу» сияқты ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгертуге бағытталғанын ескеру қажет.

Пилоттық мектептердің 2-сыныптарында «Математика», «Жаратылыстану» (жаратылыстану ғылымдарының негіздері), «Дүниетану» (қоғамдық-гуманитарлық ғылымдарының негіздері), ««Қазақ тілі (Т2)», «Орыс тілі (Я2)», «Ағылшын тілі», «Өзін-өзі тану», «Дене шынықтыру» оқу пәндерін оқыту жалғасуда.

Екінші сыныпта, «Бейнелеу өнері» және "Еңбекке баулу" пәндерін

қамтитын, кіріктірілген "Көркем еңбек" пәнін оқыту басталады. Бұл пилоттық мектептердің оқушылары жалпы орта білім беру мектептерінің оқушыларымен тең болу үшін жасалынған . Өйткені 1-сыныпта осы пәндер сараланып оқытылған.

Оқу пәндері мазмұнының әдістемелік ерекшеліктері:

1) Қазақ тілді емес мектептерде қазақ тілін, орыс тілді емес мектептерде орыс тілін және ағылшын тілін деңгейлік оқыту. 2- сыныпта тілдерді оқыту барысында сөйлеу қызметінің төрт: тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым дағдысын дамытуға арналған коммуникативтік тәсілді күшейту қажет. Екінші, үшінші тілдерді оқытудың оңтайлы тұстары сөздік қорын кеңейтуге, кіріктірілген тілдік тақырыптардың аясында коммуникативтік дағдыларды пысықтауға мүмкіндік беретін бірыңғай сөйлеу-тақырыптық режимін енгізу болып табылады. Пәндерді оқыту CEFR (тілдерді меңгерудің жалпыеуропалық рамкасы) сәйкес жүзеге асырылады;

2) «Орыс тілі және әдебиеті» кіріктірілген оқу пәндерін оқыту сөйлеу қызметінің төрт түрін (тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым) меңгеруге; лексика, фонетика, грамматика туралы алғашқы білімді дамытуға; сауатты жазу мен оқу білігін меңгертуге; оқушылардың сөйлеуін жетілдіруге; оқығанның мазмұнын түсінуге, негізгі ойды бөліп көрсету білігін, саналы түрде оқуды дамыту мен қалыптастыруға; халық ауыз шығармашылығының түрлі жанрлары мен әдеби шығармалар туралы алғашқы білім алуға бағытталған.

39-кесте. 2-4 сыныптардағы жазба жұмыстарының түрлері және көлемі

Жұмыс __________түрлері

2-сынып

3-сынып

4-сынып

1- жарты-жылдық

2- жарты-жылдық

1- жарты-жылдық

2- жарты-жылдық

1- жарты-жылдық

2- жарты-жылдық

Сөздік диктант

3-5 сөз

5-7 сөз

7-9 сөз

9-12 сөз

10-12 сөз

12-15 сөз

Бақылау диктант

30-35

35-40

45-50

60-65

65-70

70-80

Бақылау көшіру

30-35

35-40

45-50

60-65

65-70

70-80

Оқытатын мазмұндама

35-40

40-45

50-55

65-70

75-80

85-95

Оқытатын шығарма

30-35

35-40

50-55

65-70

75-85

90-100

Оқу шапшаңдығы (жылдамдығы) оқу тәсіліне, түсіну және мәнерлілігімен байланыста болатынын және осыдан оқудың толыққанды дағдысы қалыптасатынын есте сақтау қажет.

40-кесте. Бастауыш буын үшін оқу дағдысы қалыптасуының бағдарлы нормалары

Міндетті деңгей

Мүмкін деңгей

сынып

1- жартыжылдық

2- жартыжылдық

1- жартыжылдық

2- жарты-

жылдық

1 сынып

20 – 25 сөз және белгі (1 және одан артық әріптен тұратын)*

30 -35 сөз және белгі

30 - 35 сөз (1 және одан артық әріптен тұратын)*

40 -50 сөз және белгі

2 сынып

45 – 50 сөз және белгі

55 – 60 сөз және белгі

55 – 60 сөз және белгі

65 – 70 сөз және белгі

3 сынып

65 – 70 сөз және белгі

75 – 80 сөз және белгі

75 – 80 сөз және белгі

85 – 90 сөз және белгі

4 сынып

85 – 90 сөз және белгі

95 - 100 сөз және белгі

95 -105 сөз және белгі

110 – 120 сөз және белгі

Сондай-ақ, оқушының оқу жылдамдығы бағаланбайды, тек оқу дағдысы қалыптасуының алгоритмын құру үшін өлшемі болып табылатынын есте сақтауы маңызды.

Оқытудың көлемді мақсаттары сабақта ішінара қолданылуы мүмкін. Оқыту мақсаттары бір тоқсанның ішінде сөйлеу қызметінің алуан түрлері бойынша қиылысады.

3) «Жаратылыстану» оқу пәні оқушылардың қарапайым ғылыми білім деңгейін «Адам – Табиғат» жүйесінде қалыптастыруға бағытталған. Жаратылыстану сабақтарында білім беру процесі оқушылардың табиғи қызығушылығын дамытуға, қоршаған әлемді ғылыми түсінуі мен көруін қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Ол – «Биология», «Физика» және «Химия» оқу пәндерін өздігімен меңгеруге бағытталған кіріспе курс. Бұл курс оқудың келесі деңгейлерінде кез келген білім саласы үшін маңызды болып табылатын зерттеушілік дағдыларының негізін қалайды.

4) «Дүниетану» оқу пәні қоғамдық-гуманитарлық ғылымдарына кіріспе курс бола отырып, 2-сыныпта Қазақстан тұрғындарының әлеуметтік, моральдық, шығармашылық және коммуникативтік өмірінің жалпы бейнесін көрсетеді, өзі, үйі, отбасы мәселелері негізінде оқушыларда қоршаған орта туралы түсініктерін дамытуға ықпал етеді.

5) «Математика» пәнін оқыту бейнелік және логикалық ойлауын дамытуға; оқу және практикалық міндеттерді табысты шешу үшін қажет пәндік біліктер мен дағдылар қалыптастыруға; математикалық білімдер негізін меңгертуге; күнделікті өмірде математикалық білімді пайдалану білігін дамытуға бағытталуы тиіс.

6) «Музыка» оқу пәні адам өмірінің бір бөлігі ретінде оқушылардың музыкалық білім негіздерін қалыптастыруға, қарапайым орындаушылық білімін, біліктері мен дағдыларын және музыкалық қызмет түрлерін меңгертуге, музыкалық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған.

7) «Көркем еңбек» жаңа оқу пәні «Технология және өнер» білім беру саласының мазмұны эстетикалық мәнмәтінде өнерді әлемнің біртұтас бейнесіндей эстетикалық түсіну және қабылдаудың жалпы заңдылықтары негізінде іске асырылатын кіріктірілген курс болып табылады. Пән түрлі шығармашылық қызметтегі кеңістік және көру елесін, қиялын және аңғарымпаздығын қамтамасыз ететін көркем-технологиялық білім, білік және

дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.

8) «Дене шынықтыру» бағдарламасының мақсаты дене тәрбиесінің негіздерін тану, атап айтқанда, олардың спорттық-арнайы қозғалыс дағдыларын және физикалық қабілеттер алуымен қатар, физикалық тұрғыдан дамыту денсаулығына ықпал ету болып табылады.

2-сыныптың оқу бағдарламаларына пәндер бойынша ұсыныс сипатындағы, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлардан тұратын оқу жоспарлары қоса беріледі. Оқытудың мақсаттары мен тәсілдері жүйесіне негізделетін жоспарларда сабақты өткізу жөнінде тақырыптар мен бөлімдер, 2-сынып оқушыларын сабақта ұйымдастыру бойынша мұғалімдерге арналған ұсыныстар, сондай-ақ, оқу ресурстары (интернет, мәтіндер, жаттығулар, бейне- және аудиоматериалдар және т.б.) берілген.

Білім беру процесін ұйымдастыру кезінде мұғалім пәнаралық байланысты жүзеге асыруда қызмет ететін ортақ тақырыптарды ескеруі қажет. Ортақ тақырыптар, сол сияқты, оқу пәндерін кіріктіретін компонент ретінде тоқсандарға бөлінген. Әр тоқсанда екі ортақ тақырып болады, олардың әрқайсысына шамамен бірдей сағат бөлінеді.

Үй тапсырмалары бастауыш мектепте, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсанда №179 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларды ескере отырып, өзіндік жұмыс түрі ретінде 2-сыныптан бастап беріледі.

2-сыныптарда жаңартылған білім мазмұнын іске асыру барысында мұғалімдерге әдістемелік қолдаумен мониторинг жүргізу жалғасады.

2016-2017 оқу жылы пилоттық мектептердің 2- сыныптарында 1- сыныпта жүргізілген мониторингтің кезеңдері мен тәртіптері сақталады.

Бастапқы кезеңде статистикалық көрсеткіштерді жинау және талдау, білім алушыларды диагностикалық тестілеу жүргізіледі (қыркүйектің 2-3 аптасы). Мектеп директорларының орынбасарлары ТК 1.1А және 1.1Б толтырады, оны ҰБА береді. ҰБА 30 пилоттық және 16 бақылау мектептерінің статистикалық көрсеткіштерін өңдейді, сондай-ақ «НЗМ» ДББҰ-мен бірге пилоттық және бақылау мектептері 2-сыныптарының білім алушыларын диагностикалық тестілеу (кіруде) ұйымдастырады. Бастауыш сыныптардың мұғалімдері ТК 2.1 және 3.1 толтырады. Мектеп директорларының орынбасарлары ТК 4.1 толтырады.

Екінші кезеңде бастапқы деректер талдауы жасалады (қараша, қаңтар).

Бастапқы деректер талдауын ҰБА қызметкерлері ДББҰ-мен бірге жүзеге асырады және пәндер бойынша оқу бағдарламалары мен жоспарларын, бағалау жөніндегі нұсқаулықтар мен әдістемелік ұсыныстарды, ОӘК қолдану барысында мұғалімдерде туындаған проблемалар тізбесін жасайды.

Үшінші кезеңде мектептерге ресми түрде бару басталады (ақпан). Мектептерге ресми түрде бару бастапқы деректерді талдау кезінде анықталған проблемаларды зерделеу, апробация кезінде мектептерге әдістемелік қолдау көрсету мақсатында жүргізіледі және бақылау қызметін атқармайды. Ресми түрде бару кезінде мұғалімдердің, білім алушылардың, ата-аналар мен мектеп

әкімшілігінің оқу бағдарламалары мен жоспарларының, ОӘК, бағалау жөніндегі нұсқаулықтар мен әдістемелік ұсыныстардың сапасы туралы пікірлері зерделенеді, апробация процесі кезінде мұғалімдерді әкімшілік тарапынан қолдау деңгейі анықталады.

3-тоқсанның соңында бастауыш сынып мұғалімдері ТК 2.1, 2.2, 3.1, мектеп директорларының орынбасарлары ТК 5.1 толтырады.

Төртінші кезеңде статистикалық көрсеткіштерді түзету және талдау, шығуда диагностикалық тестілеу (сәуір) жүргізіледі. Тестілеу нәтижелері бойынша пилоттық және бақылау мектептері білім алушыларының даму деңгейін кірудегі және шығудағы деректер негізінде салыстырмалы талдау жасалады. 4 - тоқсанның соңында бастауыш сынып мұғалімдері ТК 2.1 және 3.1толтырады.

Бесінші кезең бағалау жөніндегі оқу бағдарламалары, әдістемелік ұсыныстарға, ОӘК өзгерістер енгізу бойынша қорытындылар мен ұсыныстардан тұрады (мамыр). ҰБА келісілген форма бойынша оқу бағдарламалары мен жоспарларына, бағалау жөніндегі оқу бағдарламалары, әдістемелік ұсыныстарға, ОӘК енгізетін өзгерістерді ДББҰ-мен үйлестіреді.

ДББҰ ҰБА-мен бірге қорытынды есептерді жасайды және құжаттарға өзгеріс енгізу жөніндегі ұсыныстарды дайындайды.

Алтыншы кезеңде өзгерістерді бекіту жүргізіледі (маусым). Өзгерістерді енгізу бойынша қорытындылар мен ұсыныстар ҚР БҒМ Үйлестіру кеңесіне енгізілген ұсыныстарды бекіту жөнінде шешім шығару үшін беріледі. ҰБА және ДББҰ жұмыс топтары бекітілген өзгерістерді енгізеді.

Енгізілген барлық өзгерістерімен құжаттардың соңғы нұсқалары ҚР БҒМ бекітіледі және барлық мүдделі тараптардың назарына ұсынылады.

Пилоттық мектептердің 2-сыныптарына арналған критериалды бағалау жүйесінің мазмұны келесі әдістемелік нұсқаулық құжаттармен реттеледі: оқу бағдарламасы; оқу жоспары; бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау ережелері; жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сыныптардың мұғалімдері үшін критериалды бағалау жөніндегі нұсқаулық; өңірлік және мектептік үйлестірушілер үшін критериалды бағалау жөніндегі нұсқаулық; формативті бағалау бойынша тапсырмалар жинағы; жиынтық бағалау бойынша әдістемелік ұсыныстар.

Оқу бағдарламасы мазмұнын меңгеруді тексеру мақсатында барлық оқу пәндері бойынша білім алушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау өткізіледі. Критериалды бағалау жүйесі қалыптастырушы және жиынтық бағалауды қамтиды. Қалыптастырушы бағалау оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарына жетуге көмектеседі, қиындықтың алдын алуға мүмкіндік береді, оқу үдерісінде білім алушылардың білімі мен дағдыларының қалыптасу, білімді меңгеру деңгейін анықтайды.

Қалыптастырушы бағалау кезінде білім алушыларға үздіксіз кері байланыс беріледі. Баға, балл қою жүргізілмейді

Қалыптастырушы бағалау оқудағы іс-әрекеттің әр кезеңінде (тақырыпты түсіндіру, тапсырмаларды орындау, тапсырмаларды тексеру және т.б.) түрлі

әдістер мен тәсілдер арқылы жүзеге асырылады (сауал қою, тәжірибелік жұмыстар, зертханалық жұмыстар, жобалар, тест тапсырмалары және т.б.).

Қалыптастырушы бағалау кезінде білім алушылар пән бойынша жалпы білім берудің оқу бағдарламаларына сәйкес оқу мақсаттарына қол жеткізеді.

Білім алушы белгілі себептермен сабаққа қатыса алмаған жағдайда (ауруына, жақын туыстарының қазасына, конференцияға, олимпиадаға және ғылыми жарыстарға қатысуына байланысты), оқылмаған материалды мектепке келгеннен кейін екі апта ішінде оқу мақсаттарына жету арқылы меңгеруі қажет. Қалыптастырушы бағалаудың нәтижелері тоқсандық, жылдық баға қою кезінде есептелмейді.

Жиынтық бағалауды білім алушының оқу бағдарламасындағы бөлім/ортақ тақырыптар бойынша белгілі бір оқу кезеңінде (тоқсан, триместр, оқу жылы, орта білім беру деңгейі) оқуды аяқтағандағы ілгерілеуі туралы ақпаратты баға, балл қою арқылы мұғалімге, білім алушыға, ата-анаға жеткізу мақсатында өткізеді. Жиынтық бағалау «Өзін-өзі тану» пәнінен басқа барлық пәндер бойынша өткізіледі.

4-кесте – 2 сынып, бастауыш білім беру оқу бағдарламасына сәйкес суммативті бағалаудың рәсімдеу саны

Пәндер

Суммативті бағалаудың рәсәмделуі

І тоқсандағы СБ саны

І үшін. СБ

ІІ тоқсандағы СБ саны

ІІ үшін. СБ

ІІІ тоқсандағы СБ саны

ІІІ үшін. СБ

ІV тоқсандағы СБ саны

ІV үшін. СБ

1.

Қазақ тілі

2*

9 –шы апта

2*

7-ші апта

2*

10 – ші апта

2*

8-ші апта

2.

Русский язык

2*

2*

2*

2*

3.

Әдебиеттік оқу

2*

2*

2*

2*

3.

Қазақ тілі (Т2)

2*

2*

2*

2*

4.

Орыс тілі (Т2)

2*

2*

2*

2*

5.

Ағылшын тілі

2*

2*

2*

2*

6

Математика

3

3

3

3

7.

Жаратылыстану

2

2

3

1

8

Дүниетану

2

2

2

2

9.

Көркем еңбек

2

2

2

2

10.

Музыка

2

2

2

2

11.

Дене шынықтыру

2

2

2

2

* –Тексерілетін сөйлеу қызметінің әрбір түрі үшін балдарды қою

Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша пәнге қатысты жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыруды оқу бағдарламасы мен оқу жоспары негізінде мұғалім жүзеге асырады. Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын

құрастыруды тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы негізінде мектептің әдістемелік бірлестіктері жүзеге асырады.

Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізудің кестесі мектеп директорының бұйрығымен бекітіледі, білім алушылар мен олардың ата-аналарына тоқсан басында жіберіледі. Барлық білім алушылардың жиынтық бағалау жұмысын орындауы міндетті.

Тоқсандық, бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды қайта орындауға (көшіруге) рұқсат етілмейді. Тоқсандық, бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды өткізу кезінде белгілі себептермен (ауруына, жақын туыстарының қазасына, конференция, олимпиада, ғылыми, спорттық жарыстарға және т.б. қатысуына байланысты) келмеген білім алушылар мектепке келген соң екі апта ішінде тоқсандық және/немесе бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау жұмысын тапсыруы қажет, ол үшін жиынтық бағалаудың қосымша нұсқалары қолданылады.

Білім алушылардың оқу нәтижелерінің дұрыстығы, айқындығы үшін мұғалімдер модерация үдерісін өткізеді.

Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау, бағалау критерийлері, дескрипторларымен бірге, тоқсандық жиынтық бағалау жұмыстары балл қою кестесімен бірге білім алушылардың портфолиосында сақталады. Білім алушы портфолиосының жүргізілуі мен сақталуына сынып жетекшісі жауап береді. Портфолио білім алушылардың атаулы құжаты болып табылады, ол барлық мұғалімдерге, әкімшілікке, ата-аналарға немесе басқа да заңды тұлғаларға қолжетімді болуы қажет. Оқу жылы аяқталған соң білім алушы портфолиосы олардың қолдарына беріледі.

2-сыныпта тоқсандық және жылдық бағалардың қойылу тәртібі:

1. Сынып журналында білім алушылардың тоқсан барысындағы сабаққа қатысуы белгіленеді, оқу бағдарламасындағы бөлімшелердің тақырыптары жазылып, осы ереженің 2-қосымшасына сәйкес білім алушылардың тоқсандық, жылдық қорытынды бағалары бағаны балға ауыстыру шәкіліне сәйкес қойылады.

2. Білім алушылардың бөлім/ортақ тақырыптар бойынша және тоқсандық жиынтық бағалаудың балл түріндегі нәтижелері электрондық бағалау нәтижелерін тіркеу журналында жазылады, олар тоқсандық, жылдық баға қою кезінде ескеріледі.

3. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау нәтижелері туралы ақпарат осы ереженің Б-қосымшасына сәйкес білім алушылардың оқу жетістігі деңгейі сипатталып, рубрика түрінде білім алушыларға, олардың ата-аналарына немесе басқа да заңды өкілдеріне ұсынылады.

4. Тоқсандық, жылдық бағалар қойылған білім алушылардың табелі ата-аналарға немесе басқа да заңды тұлғаларға оқу жылының, әр тоқсанның соңында танысу үшін беріледі.

5. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша, тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерінің 50%-де 50% пайыздық арақатынасы негізінде тоқсандық баға қойылады.

6. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың барлық төрт тоқсан нәтижелерінің 50%-де 50% пайыздық арақатынасы негізінде жылдық баға қойылады.

7. 2-4 (5) сыныптың жылдық бағаға «1», «2» деген баға алған білім алушыларына педагогикалық кеңестің шешімімен оқу жылы мазмұнын қамти отырып, жиынтық бағалау ұйымдастырылады. «3», «4», «5» деген бағалар алған жағдайда білім алушылар келесі сыныпқа көшіріледі. «1», «2» деген баға алған жағдайда мұндай білім алушыларға жазғы демалыс кезінде сәйкес пәнге қатысты оқу тапсырмалары беріледі. Жиынтық бағалауды қайта тапсыру оқу жылындағы сабақ мазмұнын қамти отырып, оқу жылы аяқталғаннан кейін 3 аптадан соң өткізіледі. Жиынтық бағалау жұмысын қайта тапсырған кезде қанағаттанғысыз қорытынды баға алған білім алушылар қайта оқу жылына қалдырылады немесе ата-аналарының (немесе басқа заңды тұлғалардың) келісімімен, психологиялық-медициналық-педагогтік кеңестің ұсынымдары бойынша теңестіріп оқытатын сыныпқа ауыстырылады.

8. Білім алушыларды денсаулығына байланысты дене шынықтыру сабағынан босату, олардың келесі сыныпқа көшуіне әсер етпейді.

Білім алушының күнделігінде аптаның соңында мұғалім арнайы бағанда мәтіндік шолу және оқытудың нәтижесі бойынша ұсынымдар жасайды, балдар мен бағалар білім алушының күнделігіне қойылмайды.

А қосымшасы

Балды бағаға ауыстыру шкаласы

Жиынтық бағалау балының пайыздық мазмұны

Бағалау көрсеткіші

Баға

0 %

Бағаланбады

«1»

1%−20%

Қанағаттанғысыз

«2»

21%−50%

Қанағаттанарлық

«3»

51%−80%

Жақсы

«4»

81%−100%

Өте жақсы

«5» Б қосымшасы

Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың қорытындысы туралы ата-аналарға арналған ақпарат (рубрикалар)

Білім алушының аты-жөні

_____________________

_____________________

Пән

Сынып

_______________________

_______________________

Тоқсан ____

Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау «_______________________________»

Бағалау критерийлері

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

(бағалау критерийлерінің тұжырымдамасы)

(бағалау критерийлері бойынша білім алушылардың оқу жетістігінің төмен деңгейінің сипаты)

(бағалау критерийлері бойынша білім алушылардың оқу жетістігінің орта деңгейінің сипаты)

(бағалау критерийлері бойынша білім алушылардың оқу жетістігінің жоғары деңгейінің сипаты)

(бағалау критерийлерінің тұжырымдамасы)

(бағалау критерийлері бойынша білім алушылардың оқу жетістігінің төмен деңгейінің сипаты)

(бағалау критерийлері бойынша білім алушылардың оқу жетістігінің орта деңгейінің сипаты)

(бағалау критерийлері бойынша білім алушылардың оқу жетістігінің жоғары деңгейінің сипаты)

Мұғалімнің қосымша пікірлері:

(мұғалімнің пікірі)

Мұғалімнің аты-жөні: _________________________________

Қолы:_______________

Күні_____________

В қосымшасы

1-4-сыныптарда сынып журналын жүргізуге арналған

НҰСҚАУ

1. Сынып журналы - мектептің әр мұғалімі үшін жүргізу міндетті болып табылтын мемлекеттік құжат.

2. Мектеп директоры мен оның оқу-тәрбие ісі бойынша орынбасары сынып журналдарын сақтауды және дұрыс жүргізілуін жүйелі тексеруді қаматамасыз етуге міндетті.

3. Сынып журналы бір оқу жылына арналған. Қатар сыныптардың журналы мына литерлермен нөмірленеді. Мысалы, 1 «А» сынып, 1 «Б» сынып, 1 «В» сынып және т.б.

4. Директордың оқу-тәрбие ісі бойынша орынбасары (директор) бастауыш сынып мұғалімдеріне журналдың беттерін бөлу туралы нұсқау береді. Бір жылғы оқу жоспарындағы әр пәнге берілген сағат санына сәйкес оқушылардың үлгерімі мен сабаққа қатысының ағымдағы есебіне бөлінеді.

5. Мұғалім әр сабақта оқушылардың сабаққа қатысын жүйелі белгілеп отыруға міндетті. Мұғалім журналдың ашық бетінің сол жағына сабақ өткізген күнін жазуға, сабаққа қатыспаған оқушыларды «ж» әрпімен белгілеуге міндетті. Мұғалім журналдың ашық бетінің оң жағына сабақтың ең жоғарғы балдарын, тарау бойынша оқушылардың жиынтық бағаларының қорытындысын белгілеуге міндетті / ортақ тақырыптар, тоқсандық, тоқсан бойынша бағаларының есебінің нәтижесін шығару/, сондай-ақ, сабақта өтілген тақырыпты және үйге берілген тапсырманы жазуға міндетті. «Мұғалім ескертпесі» бағаны жекелеген оқушылардың тәртібі, оқу жұмысынан алға жылжуы немесе қалып қоюы туралы мұғалім ескертулерін жазуға қызмет етеді.

6. Оқушылардың тарау бойынша жиынтық бағалау қорытынды балдары / ортақ тақырыптар, тоқсандық, тоқсан бойынша бағаларының есебінің нәтижесін шығару/ екі күннің ішінде аталған жұмыстарды өткізген соң журналдың бағанына қойылады.

7. Өткізілген практикалық және зертханалық жұмыстар, экскурсия, бақылау, жазба жұмыстар бойынша олардың тақырыбын және қолданылған сағат санын нақты көрсету қажет.

8. «Үй тапсырмасы» бағанына тапсырма мазмұны және оны орындау сипаты жазылады (оқу, жатқа оқу және т.б.), беті, тапсырма нөмірі, есептер және жаттығулар, практикалық жұмыстар. Егер оқушыларға қайталауға тапсырма берілсе, онда оның көлемі нақты көрсетіледі.

9. Тоқсандағы пән бойынша соңғы сабақты өту мерзімі жазылғаннан кейін мұғалім әрбір оқу тоқсанының қорытынды бағасын қояды. Сонымен қатар, бір мезгілде тоқсандық баға электронды журналға қойылып сақталады.

10. Бастауыш сынып мұғалімі сынып журналына оқушылардың тегін және атын алфавит ретімен жазады; жеке ісіндегі мәліметтерді пайдаланып, «Оқушы туралы жалпы мәліметтер» бөлімін толтырады, ай сайын «Оқушының

сабаққа қатысы есебі» бөлімін толтырады, әр оқушының және сыныптың тоқсан және жыл бойынша босатқан сағаттары мен күндерінің барлық санын жазады.

11. «Физикалық дайындығының көрсеткіштері» бетін дене тәрбиесі мұғалімі жылына екі рет толтырады.

12. «Сынып журналын жүргізу бойынша ескертулер» бетін директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары немесе мектеп директоры толтырады.

12 ПИЛОТТЫҚ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА

ЖАН БАСЫНА НОРМАТИВТІК ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫ

ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында (бұдан әрі – БДМБ) 2019 жылы сынақтан өткізудің оң нәтижелері бойынша барлық қалалық мектептерде жан басына нормативтік қаржыландыруды енгізу процесін аяқтау көзделген.

Жан басына қаржыландырудың мақсаттары:

- балалардың МЖМБС талаптарына сәйкес орта білім алуына базалық шығыстарды анықтауда бірыңғай тәсілдемені қалыптастыру;

- шығыстардың көлеміне әсер ететін объективті факторларды есепке алу (орналасу орнына, білім беру бағдарламаларының түріне және білім беру деңгейіне байланысты);

- мекемелерді емес, балаларды қолдаудың мекенжайлық жүйесіне көшу және мемлекеттік шығыстарды мектепке емес, оқушы басына жоспарлау;

- педагогикалық әлеуеттің рөлін күшейту арқылы білім беру сапасын арттыру;

- мектептерге қаржылық дербестік беру және менеджмент деңгейін арттыру, шешім қабылдауда ашықтық;

- бюджет қаражатын ашық, әділ және мақсатты жұмсау.

Орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыру білім беру процесіне (МЖМБС-ны іске асыруға) шығыстарды республикалық деңгейде орталықтандыруға және мектептерге бюджет қаражатын жылына 1 оқушыға шаққандағы есеппен бөлуге негізделеді.

Бөлінетін бюджеттік қаражаттың көлемі мектептерде білім алатын оқушылардың санына байланысты.

Білім беру процесіне шығыстар мектеп қызметкерлерінің жалақысымен, оқу шығыстарымен (қосымша оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер, оқу, көрнекі материалдар мен құралдар) байланысты шығындарды, сондай-ақ, мектептердің педагог қызметкерлерге олардың жұмыс іс-әрекеті нәтижелері мен көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасына қарай төленетін сыйлықақылар мен ынталандыру үстемеақыларын және білім беру процесін іске асырумен байланысты басқа қажеттіліктерге шығыстарды қамтиды.

Мектептердің білім беру ортасын (коммуналдық қызметтер, ағымдағы жөндеу, ғимаратты ұстау және күту, оқушыларды тасымалдау және тамақтандыру, басқалар) қамтамасыз ету атқарымдары өңірлердегі орта білім беру ұйымдары желісінің жай-күйіне және дамуына жауапкершілікті сақтау, мектептердің материалдық базасы мен инфрақұрылымын қолдау мақсатында жергілікті атқарушы органдарының құзыретінде қалады.

Жан басына қаржыландыру еңбекақы төлеудің жаңа үлгісі емес, бұл білім беру процесін іске асыру үшін мектептерге бюджет қаражатын бөлудің өзіндік механизмі болып табылады. Мектеп қызметкерлеріне еңбекақы төлеу

саласындағы барлық кепілдіктер сақталады. Мектеп қызметкерлеріне еңбекақыны есептеу және төлеу «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес жүргізіледі.

Білім беру процесін жан басына қаржыландыру нормативінің мөлшерін (яғни, 1 оқушыны оқыту құнын) ҚР Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – ҚР БҒМ) ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 30 қазандағы №440 бұйрығымен бекітілген Орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыру әдістемесі негізінде бір оқу жылына есептейді.

1 оқушыны оқыту құны білім беру бағдарламаларының түріне, деңгейіне және іске асырылу орнына қарай ерекшеленеді.

Жан басына шаққандағы нормативті және білім беру процесін қаржыландырудың жалпы көлемін есептеу кезінде ҚР БҒМ мыналарды ескереді:

- мектеп қызметкерлерінің еңбек жағдайына төленетін барлық қосымша ақылар мен үстемақылар;

- қалалық және ауылдық мектептердегі сыныптардың нормативтік толымдылығы (қалада – 24 адам, ауылда – 20 адам);

- сыныптардың шекті толымдылығы (25 адам). Сыныптарындағы оқушылар саны шекті толымдылықтан асатын мектептер үшін оқушыларды оқыту құны азая түседі.

Жан басына шаққандағы нормативтің мөлшері мен жергілікті атқарушы органдарының сыныптар бойынша оқушылар саны туралы деректерінің негізінде ҚР БҒМ жан басына шаққандағы нормативті нақты мектептің оқушылар санына көбейту жолымен әр мектепте жан басына қаржыландыруды іске асыруға (білім беру процесін қаржыландыруға) республикалық бюджет қаражатының жалпы көлемін есептеуді жүргізеді (білім беру деңгейіне, білім беру бағдарламасының түріне және орналасу орнына байланысты).

Пилоттық орта білім беру ұйымдарында жан басына нормативтік қаржыландырудың енгізілуін сүйемелдеу және мониторингілеу қызметтерін мемлекеттік тапсырма аясында «Қаржы орталығы» АҚ көрсетеді.

2013 жылғы 1 қыркүйектен бастап орта білім беруді жан басына қаржыландыруды сынақтан өткізу республиканың 5 облысындағы (Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары) 63 пилоттық мектепте іске асырылуда. 2015 жылға дейін апробация 1-11 сыныптарда өткізілді.

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының Үкіметі жан басына қаржыландыруды апробациялауды республиканың 5 өңіріндегі 63 пилоттық мектептің 10-11 сыныптарында ғана әрі қарай жалғастыру туралы шешім қабылдады.

Орта білім беру ұйымдарында жан басына нормативтік қаржыландыруды апробациялаудың пилоттық 3 жылдағы нәтижелерін талдау қорытындысы берілген (38-кесте).

Көрсеткіштің атауы

2012/2013 оқу жылы

2013/2014 оқу жылы

2014/2015 оқу жылы

1

Біліктілігін арттырған қызметкерлер

21%

26%

28,5%

2

Деңгейі (жоғары, бірінші, екінші) бар педагогикалық қызметкерлердің үлесі

58%

60%

79%

3

Мектепте құрылған және жұмыс жасайтын балаларға арналған үйірмелер мен секциялардың саны

780

953

1 196

4

Оқушыларға өткізілген танымдық және өнегелік іс-шаралардың, оқытушылар үшін өткізілген тренингтердің саны

445

651

757

5

Педагог қызметкерлер басып шығарған (газеттерде, конференциялардың жинақтарында, оқу журналдарында, мектеп сайтында) жарияланымдар, әдістемелік құралдар (жинақтар, кітапшалар, электрондық құралдар) саны.

1 251

2 492

2 598

6

Конкурстарда және сайыстарда (спорттық, пәндік, ғылыми, зияткерлік) жеңімпаз атанған оқушылардың үлесі

17%

22%

20%

7

ҰБТ-ның орташа көрсеткіші (балдар)

71

76

80

8

Педагогтердің орташа айлық жалақысы (мың теңге)

72

105

105,3

2014-2015 оқу жылы пилоттық мектептерде өз біліктілігін арттырған қызметкерлердің саны 128 адамға көбейді, бұл қызметкерлердің жалпы орташа жылдық санының шамамен үштен бір бөлігін құрайды. Бұл 2013-2014 оқу жылымен салыстырғанда 2,2%-ға және 2012-2013 оқу жылымен салыстырғанда 7,5%-ға көп.

Пилоттық мектептердің жоғары, бірінші және екінші деңгейлі педагог қызметкерлердің үлесі 2013-2014 оқу жылы 60%-дан 2014-2015 оқу жылы 79%-ға дейін артты (2012-2013 оқу жылы бұл көрсеткіш 58%-ды құрады).

Балаларды дамытуға арналған үйірмелер мен секциялар 2013-2014 оқу жылымен салыстырғанда 243 бірлікке, 2012-2013 оқу жылымен салыстырғанда 416 бірлікке артып, 2014-2015 оқу жылы 1196 бірлікті құрады.

Егер 2012-2013 оқу жылы - 445, ал 2013-2014 оқу жылы 651 оқушыларға арналған танымдық және өнегелік іс-шара, мұғалімдерге тренингтер өткізілген болса, 2014-2015 оқу жылы бұл көрсеткіш 757 бірлікті құрады.

2014-2015 оқу жылы пилоттық мектептердің педагогтары шығарған әдістемелік құралдар мен басқа басылымдардың саны 2492 жетті. Бұл 2013-2014 оқу жылымен салыстырғанда 2 есеге және 2012-2013 оқу жылының көрсеткішінен 2,1 есеге асып түсті.

Оқушылардың жалпы санынан конкурстар мен жарыстарда жеңімпаз, жүлдегер, лауреат атанған оқушылардың үлесі 2014-2015 оқу жылы 21% құрады. 2013-2014 оқу жылы бұл көрсеткіш 23%-ды, 2012-2013 оқу жылы 18%-ды құрады.

Пилоттық мектептердегі ҰБТ-ның орташа көрсеткіші соңғы үш жылда 71 балдан 80 балға дейін жоғарылады.

Ынталандыру төлемдері мен сыйлықақылардың арқасында пилоттық мектептердегі педагог қызметкерлердің орташа айлық жалақысы 2014-2015 оқу жылы инфляция деңгейін есептемегенде 105,3 мың теңгені құрады, бұл апробацияның бірінші жылындағыдан 1,5 есе жоғары.

Апробациялау өткізілген үш оқу жылының нәтижелері қаржыландыру принципін өзгерту мен білім беру сапасының оң динамикасы арасындағы өзара тікелей байланыс туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

2015 жылдың желтоқсан айында (7 және 25 желтоқсанда) ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары Д.Н. Назарбаевада кеңес өткізілді, оның нәтижесінде орта білім беруді жан басына қаржыландыру жөніндегі пилоттық жобаны іске асырудың тұжырымдамалық тәсілдемелерін өзгерту: пилоттық жобаға 1-9 сыныптарды қайтару, білім беру процесіне шығыстар құрылымын кеңейту, ынталандыру қорының мөлшерін қайта қарау, мектептердің құқықтық-ұйымдастырушылық нысанын өзгерту қажеттілігі туралы шешім қабылданды.

2016 жылғы 21 қаңтарда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Д.Н. Назарбаевада кезекті кеңес өткізілді, оның нәтижесі бойынша орта білім беруді жан басына қаржыландырудың апробациясын 2016 жылдың қаңтар айынан тамыз айына дейін 5 облыстағы 63 пилоттық мектептің 10-11-сыныптарында, 2016 жылғы 1 қыркүйектен бастап республиканың 5 облысындағы 12 пилоттық мектептің (жобаға қатысушы 63 мектептің ішінен) 1-11 (12) сыныптарында жалғастыру туралы шешім қабылданды.

ҚР Үкіметінде өткізілген кеңестің нәтижесі бойынша, сондай-ақ ҚР Қаржы министрлігімен әрі қарай талқылау және ҚР БҒМ-дағы ішкі кеңестер барысында Орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыру әдістемесінне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жоспарланып отыр, оларға сәйкес мыналар жобалануда:

1. Білім беру процесінің шығыстары мыналарды қамтитын болады:

- білім беру процесіне қатысатын қызметкерлердің еңбекақы қоры;

- оқу шығыстары (оқу, көрнекі материалдарды (нақпішіндер, кестелер, плакаттар, зертханалық ыдыстар, қағаз, химиялық заттар және металдар, еңбекке баулу үшін материалдар) сатып алу), оқушыларды түрлі ғылыми іс-шараларға даярлау және қатыстыру);

- Интернет қызметтерін төлеу.

2. Білім беру ортасының шығыстары мыналарды қамтитын болады:

- білім беру процесіне қатыспайтын қызметкерлердің еңбекақы қоры;

- коммуналдық қызметтер;

- Интернеттен басқа байланыс қызметі;

- ғимаратты, жабдықтарды, құрал-саймандарды, мектеп жанындағы интернаттарды ағымдағы жөндеу, оларды ұстауға және күтуге ағымдағы

шығыстар.

3. Күрделі шығыстарды, жалпы оқыту қорының шығындарын, тамақтандыруды, оқулықтар сатып алуды және жеткізуді жергілікті бюджет қаражатының есебінен жүргізу жоспарлануда.

Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру уәкілетті органның деңгейінде орталықтандырылған болып қалады және республикалық бюджет қаражатының есебінен қаржыландырылады.

Орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыру әдістемесіне жаңа өзгертулер мен толықтырулар жобасына сәйкес білім беру процесін және білім беру ортасын қаржыландыру мектептер арасындағы шығыстарды теңестіру үшін республикалық бюджеттен қосымша қаржы бөлумен жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізілмек.

13 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРІНДЕ БАЛАЛАРҒА ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қосымша білім беру – білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жан-жақты қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбиелеу және оқыту ( «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 1-бап 39- тармақ).

Республикадағы балаларға қосымша білім беру тиімдендіруді қамтамасыз ету үшін келесі заңнамалық және норматиктік құқықтық актілер жаңартылды:

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (1, 4, 5, 6, 11,14,23, 28, 37, 51, 52, 63, 65-баптары).

«Балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және Министрінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 543 бұйрығына өзгерістер ензігу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылыми министрінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 48 бұйрығы.

«Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары түрлері қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 14 маусымдағы № 228 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 8 сәуірдегі бұйрығы.



Республикадағы жалпы білім беретін мектептердегі балаларға қосымша білім берудің ерекшеліктері 2016-2017 оқу жылдарында негізгі және қосымша білімнің мейлінше тығыз ынтымақтасуының қажет екендігін көрсетіп отыр.

Заманауи мектептердегі мазмұны мен технологиялардың өзгерістерінің инновациялық сипаттары қосымша блім беру есебінінен кәдімгідей күшейтілуі мүмкін, себебі қосымша білімнің сипаты қызметтің түрін таңдаудағы еркіндікті, білім алушылардың жоғары деңгедегі уәждемелін болжайды, яғни тұлағының шынайы шығармашылық өзін танытуын болжайды.

Жаңа ұрпақтың білім беру стандарттарын енгізу жағдайында балаларға қосымша білім беруді негізгі жалпы білім беру бағдарламаларының құрамына енгізудің өзектілігі мектепте алған білім, білік және дағдыларын практика жүзінде қолдануға итермелейтін, білім алушылардың танымдық уәждемелерін ынталандыратын жалпы білімнің құрамдастарының вариативтілігін күшейту қажеттілігімен байланысты болып отыр.

Негізгі және балаларға арналған қосымша білімнің ынтымақтасуы заманауи педагогикадағы күрделі мәселелері - тәрбиелеу, оқыту және дамыту процестерін жақындастыруға көмектеседі.

Аталған бағытты дамытудың қажеттілігі біртұтас білім беру кеңістігін сақтауға негізделеді.

Мектептергі сабақтың оқу сабақтарын өткізу процесінде қосымша білімге тән технологияларды пайдалануға болады. Бұл кешенді сабақтар, оқу

жобалары, дискуссиялық технологиялар, ойындар болуы мүмкін. Әдетте, ол сабақтан тыс, тікелей мұғалімнің қадағалауымен өтетін білім алушылардың өз беттерімен жасаған жеке немесе ұжымдық қызметтерін қарастырады. Мектептегі сабақ оқу сабағы аясында қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыру процесі кезінде материалдың мазмұнын кеңейту және тереңдету деңгейінде, сондай-ақ мектеп сабағының жеке элементтерін сабақтан тыс қызметтің түрлі формаларында қарастыру есебінен де өз жалғасын табуы мүмкін.

Мектептерде сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыруда маңызды орынды пәндік үйірмелер мен секциялар алады. Бір жағынан – бұл пән бойынша сабақтан тыс жұмыс, ал екінші жағынан – қосымша білімнің бөлігі.

Қосымша білім білімнің әр деңгейіне қатысты белгілі жастық кезең жағдайына байланысты өз модулін ұсына алады:

мектепке дейінгі білім деңгейінді – мектеп алды даярлық;

бастауыш білім деңгейінді – білім алушылардың көзқарастарын меңгеруге көмек ретінде: түрлі оқу қоғамдастықтарына қосу;

жалпы негізгі білім деңгейінді – тұлғаның өзін-өзі анықтау процесін қолдау: түрлі қызмет салаларындағы маңызды спекторды кеңейту және оларды шешу тәжірибелерін алу;

орта білім деңгейінде – білім алушылардың кәсіби өзін өзі анықтау процесін сүйеу, кәсіпке дейінгі дайындықты қамтамасыз ету.

Мектепте балаларға қосымша білім берудің ерекшеліктері:

1. Білім берудің негізгі құндылықтарын дұрыс қабылдау және оның мазмұнын жақсырақ меңгеру үшін кең жалпымәдени және эмоционалды-боямды орта құру.

2. Балаларды қызметтің тұлғалық маңызды шығармашылық түрлеріне қосудың арқасында «байланғышсыз» тәрбиені жүзеге асыру процесінде өскелең ұрпақтың адамгершілік, рухани, мәдени бағдарларының «байқаусыз» қалыптасады.

3. Балалларға қосымша білім беру ұйымдарында өздерінің қабілеттерін жүзеге асыру үшін қызметтің осы немесе басқа түріне ерекше қызығушылық (көркемдік, техникалық, спорттық және басқа) білдіретін оқушылардың бағдары.

4. Білім алушылардың негізгі білімдеріндегі жеке білім жолын анықтауға, өмірлік және кәсіби жоспарларын нақтылауға, маңызды жеке қасиеттерін қалыптастыруға қажетті қандай да бір оқу курстарының болмауына байланысты олардың орнын толтыру.

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы рухында қосымша білім беру педагогогтерінің барлық атқарылатын жұмыстары білімді, дамыған көшбасшы қабілеттеріне ие, таңдау кезінде өз еркімен шешім қабылдай алатын, ынтымақтастыққа және мәдениетаралық әрекеттестікке қабілетті, өз халқының тағдыры үшін жауапкершілік сезімі бар адамды қалыптастыруға бағытталуы тиіс.

Біздің балаларымыздың ұлттық идеология рухында, мәдени дәстүрлерде білім алғаны маңызды. Идеология барлық өткізілетін іс-шараларда құрамдас бөлігі болуы керек.

Қосымша білім беру педагогтеріне республикалық көрмелердің әдістемелік қорына жүгіну, кәсіби қызметтерінде көрмелік материалдарды пайдалану ұсынылады.

Балалар фольклорлық ұжымдарының педагогтеріне қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері мен салт-дәстүрлерін зерттеу бойынша, әншілік, бишілік, халық қолөнері және тағы басқа сияқты өңірлік фольклорлық дәстүрлерді сақтау және дамыту бойынша жұмыстарды жүргізуді жалғастыру ұсынылады. Сабақ барысныда білім алушыларға халқымыздың адамгершілік құнды бағдарларын түсіндіруге ерекше ден қою қажет, олар: әел-анаға деген құрмет, үлкендерге деген ізет, еңбекқорлық, әлеумет және табиғатпен жа т.б. үйлесімде өмір сүруге талпыну.

Театр шығармашылығы бірлестіктерінің педагогтеріне балалар театр шығармашылығының дамуының заманауи үрдістерін, театрдың интерактивті түрлерін дамытуды ескере отрып, мазмұны жоғары адамгершіліктен тұратын драматургиялық материалдарды ісзеуге көп көңіл бөлгендері жөн..

Бейнелеу және қолданбалы-сәндік шығармашылығы үйірмелері мен бірлестіктерінің педагогтеріне шығармашылық мәдениетті дамыту, әсемдік сезімін тәрбиелеу бойынша жұмыстарды жалғастыру қажет.

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, бейнелеу өнері, хореография, музыкамен айналысу рухани-адамгершілік ағартудың қуатты механизмі болып табылады. Бірқатар дербес байқаулар және көрмелер «Өнер арқылы-бірлікке және өзара түсіністікке» көрінісінде келесі номинациялар бойынша жалпы идеямен біріктірілген болуы мүмкін еді:

1) «Ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар» (байқау қатысушылары ұлттық әдет-ғұрыптың сипаттамасын ұсынады немесе көрсетеді, сондай-ақ өз халқының салт-дәстүрлерін айтып береді);

2) «Ұлтық әндер, поэзия, ойындар мен билер» (байқау қатысушылары ана тілінде фольклор шығармасын орындайды, биді, сондай-ақ ұлттық және халықтық ойындарды көрсетеді);

3) «Ұлттық киім» (ұлттық киімді немесе оның бөліктерін көрсету. Оның тарихы, символикасы және аталған бұйымды жасау тәсілдерін әңгімелеуіне болады);

4) «Дәстүр ордасы» қолданбалы-сәндік шығармашылық (осы номинацияның байқау бағдарламасына шығармашылық жұмыстардың авторлары және отбасы жәдігерлерін сақтаушылар қатысады (ұлттық ойыншық, кесте, тігін, құрақ құрау, тоқыма, өру, моншақ, ағаштан ою, қыш және т.б.). «Кішкентай кереметтер» балалар және отбасылық жұмыстардың көрмесі);

5) «Ұлттық асхана тағамдары» (байқау қатысушылары дайындаған тамадарын ұсынып, осы тағамға байланысты ұлттық дәстүрлерді айтып берулері керек, сондай-ақ ұсынған тағамның рецептін безенгдіру қажет);

6) «Отбасы альбомы» шығармашылық жобасы (байқау қатысушылары өз тегінің өкілдері туралы әңгіме дайындайды. Әңгімені фото суреттерді, видеожазбаларды, хаттарды, жазба күнделіктерін, баслымдарды, жанұя мүшелерінің шығармашылық жұмыстарын және қызықты тарихы бар үйде сақталып тұрған ерекше заттарды көрсетумен сүйемелденуі мүмкін);

7) «Біз - Қазақстандықтармыз» бейнежобасы және т.б.

Туризмде үлкен рухани-адамгершіліктік әлеует жатыр. Экскурсиялық қызметті ұйымдастыру балаларды өз халқының, өз елінің тарихына, мәдени мұрасына тартуға ықпал етеді. Оқушылардың туристік-өткетану экспедициялары аясында жаяу, шаңғылы, сумен, велосипедпен, сан турлі маршруттар бойынша экспедициялар мен экскурсиялар өткізген жөн.

«Туған өлкенің көрікті жерлерінен – Қазақстанның киелі жерлеріне», «Ұлы Дала Елі», «Қазақстан – менің алтын бесігім», «Сенің өмірдегі бірінші асуың», «Алтын компас» және т.б. тақырыптарында, жергілікті табиғат және тарихи ескерткіштерден бастап Еліміздің астанасы – Астана қаласына және елдің басқа да өңірлеріне дейін оқушылардың экскурсиялары мен экспедицияларын ұйымдастыруды белсендіру маңызды.

Жаңа оқу жылында еліміз үшін ең маңызды оқиға «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің өтуіне ерекше назар бағытталуы керек.

Сынып жетекшілеріне, қосымша білім педагогтеріне жас өлкетанушылар, экологтар мен натуралистер арасында «Болашақтың энергиясы» ұранымен бір қатар сабақтар өткізу ұсынылады. Мұндай іс-шараларды өткізудің формалары түрлі болуы мүмкін (« Жасыл планета», «ЭКСПО – 2017 балалардың көзімен» көрмелері, «ЭКСПО туралы менің кө-қарасым» суреттер байқауы, «Ландшафты дизайн», «Екінші өмір», «Туған өлкенің битурлерін сақтаймыз және дамытамыз», «Денсаулық және қоршаған орта», «Жасыл экономика» және т.б. номинациялар бойынша әлеуметтік маңызы бар зерттеу жобалары).

Мұндай іс-шаралар балаларды жастайынан өзектрі мәселелер туралы білім алуларын ғана емесе, сондай-ақ оларды жаңа көріністерге тарта отырып, балалар үшін карьералық перспективаларды ашуды қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасындағы жалпы білім беретін мектептерде аптаның алтыншы күні (сенбі) тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері.

Республиканың жалпы білім беретін мектептеріне бірінші сыныптан бастап (2016-2017 – 1-сынып; 2017-2018 – 2, 5 және 7-сыныптар; 2018-2019 – 3, 6, 8 және 10-сыныптар; 2019-2020 – 4, 9, 11 және 12-сыныптар) біртіндеп бес күндік аптаны енгізуіне байланысты, алтыншы күннің (сенбі) тәрбие процесіне ерекше роль беріліп отыр, ол білім беру жүйесінің барлық деңгейлеріндегі барлық педагогикалық процестің бөлігі болуы қажет.

5 күндік оқу аптасына ауысу кезінде білім алушының бос уақыты ұлғаяды. Сенбі күнінің оқу-тәрбие процесінің негізгі ұйымдастырылуы қосымша білім болуы қажет.

Сабақтан тыс уақыттағы, оның ішінде сенбі күні балаларды бос уақыттарын толық қамту үшін пән-мұғалімдерінің әлеуеттерін тиімді пайдлану қажет.

Пән мұғалімдері өз бейіндері бойынша қызығушылықтарына қарай үйірмелерді, секцияларды, студияларды, клубтарды жүргізе алады, сондай-ақ танымдық, байқаулық, ойын-сауық бағдарламалырн ұйымдастыра алады. Мысалы, физика пәнінің мұғалімі «Қызықты физика», «Робототехника», техникалық шығармашылық үйірмелерін жүргізе алады (авиа, судо жане тағы басқа техниканың түрлерін үлгілеу).

Яғни, педагог күннің бірінші жартысында пәннен сабақ береді, ал екінші жартысында қосымша білім беру педагогі болады (бір уақытта).

Осыған байланысты, жалпы орта және мектептен тыс үйымдар үшін қосымша білім беретін педагогтер мен педагог-ұйымдастырушылардың қосымша штаттық бірліктерін қарастырады.

Сонымен қатар сенбі күн білім алушылардың кәсптік бағдар күні болып жарияларынп жатыр: екінші және төртінші сенбілер жоғары оқу орындары мен колледждердің кәсіптік бағдар жұмыстарын жүргізу үшін ашық болады.

Осыған байланысты жергілікті арқарушы органдар мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында білім беру және құқықтық тәрбие беру саласындағы басты бағыттардың бірі ретін балалардың бос уақыттарын қамту бойынша кешенді шаралар қабылдауы қажет, нақтырақ айтқанда:

қауіп-қатер тобындағы жасөспірімдерді қару үшін қосымша білім беру мұғалімдері мен педагогтері арасынан қоғамдық тәрбиеші-«тәлімгерді» бекіту;

аула және мектеп жанындағы клубтарды ашу үшін бос тұрған ғимараттарды тиімді пайдлану;

балалар туристік базаларын, жаңа сыртқа шығу және жаяу өлкетану туристік маршруттарын және т.б. ашу.

Жалпы білім беретін мектептердегі алтыншы күнді (сенбі) өткізу туралы ұсынымдар.

Алтыншы күннің (сенбі) басты мақсаты – сенбі күндері білім алушының бос уақытын оқушының әлеуметтік, моральді қалыпты, шығармашылық тұлғасын қалыптастыруға және оны сауықтыруға бағытталған падалы етіп өткізуді қамтамасыз ететін тұтас білім беру жүйесін құру.

Алтыншы күннің (сенбі) негізгі міндеттері болып келесілер табылады:

- қосымша білім беруде оқушылардың қажеттіліктері мен қызығушылықтарын максималды түрде қанағаттандыру;

- балалар мен жасөспірімдер бірлестігінің қызметі үшін жағдай жасау, мектептегі өзін өзі басқаруды жетілдіру;

- білім алушылардың бос уақыттарын максималды қамту есебінен жеткіншектер арасындағы құқықбұзушылық пен қызмыстардың тиімді алдын алу шараларын қамтамасыз ету;

- «отбасы-мектеп-әлеумет» байланысын нығайту;

- салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Алтыншы күннің (сенбі) бағыттары бола алады:

Зияткерлік

Патриоттық жән азаматтық-құқықтық

Адамгершілік-рухани

Ұлттық тәрбие

Экологиялық, экономикалық

Спорттық-сауықтыру

Ақпараттық мәдениет

Көп салалы мәдениеттілік (шығармашылық, көркемдік-эстетикалық және мәдени-танымдық)

Оқушылардың кәсіби бағдарлары (әр айдың екінші, төртінші сенбісі).

Бес күндік оқу жағдайында алтыншы күн (сенбі) оқушылардың денсалығын сақтауға, білім алушылардың, сондай-ақ мұғалімдердің өз бетімен білім алуға және дамуға уақытын көбірек бөлуге бағытталуы қажет және балалардың қызығушылықтарын ескеріп, сондай-ақ оларды ұжымдық және жеке тақырыптық ғылыми-зерттеушілік және шығармашылық жобаларды іске асыруға араластыру арқылы балалардың шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталуы қажет.

Бұл Күн балалардың жалпы мәдени, көркемдік, әлеуметтік, тұрмыстық, кәсіби және басқа да қызығушылықтары негізінде түрлерінің, формаларының және бағыттарының түрлі болуымен, оған педагогтер мен ата-аналардың мейлінше көп жұмылдырылуымен сипатталады.

Жұмыстың формалары оқушының сабақтан тыс қызметін шектмеуі қажет (музыка, аспаздық, спорт, фестивальдер, олимпиадалар, «Алло, біз таланттарды іздейміз» байқаулары, жарыстар, КТК, қашықтықтан өткізілетін бағдарламалар, театрларға, мұражайларға, кинотеатрларға, дәрістерге бару, «Бәрін білгім келеді» балалар журналдарын әзірлеу және басып шығару және т.б.).

Алтыншы Күн мектепке келесідей өткізілуі мүмкін:

Оқушыларға арналған ісшаралар: факультативтер, дайындық курстары, пәндік олимпиадалар, танымдық, байқаулық-көңіл көтеру байдарламалары, экскурсиялар, мәдениет мекемелері мен мектептен тыс жұмыс орталықтарына бару, тақырыптық би кештері, спорттық жарыстар, бейін бойынша іс-шаралар, қызығушылықтары бойынша мектеп студияларының, клубтарының жұмысы, спорттық секциялар, үйірмелер:

- журналистикалық, жас репортер мен редактор жазбаша және ауызша жанрда өз күшетірін сынап көреді;

- психологиялық, ол жерде балалды өздерін дұрыс түсінуге, қоршаған ортамен аралсуды үйретеді, өз қабілеттерін дамытуды және кемшіліктерін жеңуді үйретеді;

- тарихи-археологиялық, теорияны оқу мен музейлерге баруды, саяхаттарда жергілікті жерлерді зерттеуді үйлестіреді;

- техникалық шығармашылық, пайдаланушының компьютерлік, компьютерлік техниканы, ІТ-технологияларды, робототехниканы бүгінгі таңда қажетті дағдыларын меңгеруге бағытталған;

- үштілділік жағдайындағы шет тілдері;

- қисынды ойлауды, ден қоюды, өз бетінше әрекет етуді және т.б. дамытуға арналған шахматтық үйірмелер.

Бұл өз кезегінде қызмет түрін ауыстыруды қамтамасыз етіп қоймай, сондай-ақ стилін, араласу ортасын, қоршаған жағдайды өзгертуді қамтамасыз етеді. Алтыншы күнді (сенбі) жүргізу үшін еңбекке баулу, бейнелеу өнері және дене шынықтыру пәндерінің бос мұғалімдерін жұмылдыруға болады.

Мұғалімдерге арналған ісшаралар: кәсіби байқаулар, сынып жетекшілерінің шығармашылық есеп берулері, мұғалімдердің әдістемелік бірлестіктерінң презентациялары мен есептері, тренингтер, көркемдік қолдан жасалған бұйымдардың байқаулары, мектептің психологиялық қызметінің кеңестері, мектеп жобалары: «Сенбілік қарқын», «Қосымша білім күні», «Бос уақытты бірге өткізу күні», «Мектеп сенбісі», «Шығармашылы және дамыту күні» және т.б.

Ата-аналарға арналған ісшаралар: ата-аналардың құқықтық жаппай оқуы, мектептің психологиялық қызметінің кеңесі, спорттық жарыстар, психолог және пән мұғалімдерімен бірге өткізілетін бейіндік іс-шаралар, дәрігерлермен, дін өкілдерімен, мемлекеттік емес ұйым өкілдерімен кездесу.

Алтыншы күнді (сенбі) ұйымдастыру барысында педагогтер білім алушылармен бос уақытты өткізу және дамыту қызметтері үшін қаланың, ауданның әлеуметтік мәдени мүмкіндіктерін белсенді түрде пайдалана алады.

Сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестіктерінің пән мұғалімдерімен және мектептегі өзін өзі басқару органдарымен бірлесе отырып, мектептің алтыншы күнінің жоспарын әртоқсан сайын әзірлеп отырғандары жөн. Осы күннің барлық іс-шаралары педагог-ұйымдастырушы немесе сынып жетекшісі толтырып отыратын келіп кету журналының есебінде тіркеліп тұруы қажет. Келіп-кетуді есептеуді бақылау мектеп әкімшілігіне, яғни директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына жүктеледі. Алтыншы күннің (сенбі) қорытындысы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының қатысуымен өтетін жиналыстарда апта сайын қарастырылуы қажет.

Осылайша, жалпы білім беретін мектептерде балаларға қосымша білім беру ресурстарын қолдану біртұтас білім беру кеңістігі аясында білім алушылардың әлемді тұтас қабылдауын қалыптастыруға, тұлғаның жеке қызығушылықтары мен қажеттіліктерін дамытуға жағдай жасауға мүмкіндік береді.

14 МЕКТЕП КІТАПХАНАЛАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ

Мектеп кітапханалары Қазақстанның кітапханалық жүйесінде ерекше орын алады. Өскелең ұрпақтың талаптарын қанағаттандыру, рухани байлығы мен жалпы қабілетін дамыту тұрғысында мектеп кітапханасының қосар үлесі бар. Мектеп кітапханасының қызмет аясын кеңейту, қорын пайдалану, соның ішінде мектеп кітапханасы – оқушыға әдебиет таңдау, оқырмандық қызығушылығын кеңейту, мұғалімге кәсіби өсуге көмектесуші, оқуға, дүниені тануға қозғау салушы болып табылады. Сондықтан да жұмыс істеудің дәстүрлі түрлерімен қатар инновациялық формалары де енгізілуде. Мектеп кітапханаларының қызметі кітап қоры мен оқулықтар қорының маңайында ғана болатын. Білім беру жүйесіне ақпараттық-коммуникативтік технологияларды енгізу бұл жағдайды өзгертті. Мектеп кітапханасы білім алу және ақпараттарға негізделген, қазіргі қоғам өміріне ойдағыдай қатысу үшін ең маңызды болып табылатын, ақпараттарды алу және идеялармен танысуға мүмкіндік береді. Оқытуға байланысты қызмет көрсетіп, кітаптар мен материалдар, мектеп қоғамдастығының барлық мүшелеріне сыни тұрғыдан ойлауға, дағдылануға мүмкіндік береді және барлық тасымалдағыштар мен әртүрлі форматтағы ақпараттарды қолдануға тиімді болып табылады. Әр кітапхана өзінің даму стратегиясы мен тактикасын әзірлейді. Осыған байланысты кітапханашының да рөлі өзгереді: оқушыға жақсы кітапты ұсынушы және беруші, ақпараттық жаңа технологиялар саласындағы маман, оқу процесін ұйымдастыруда мұғалімдермен бірлесіп жүйелі тәсіл әзірлеуші. Мектеп кітапханасы тек қана оқырмандармен емес, білім алушылардың барлық контингентімен жүйелі және мақсатты түрде жұмыс жасайды, оның мектепте жыл бойы жұмыс жасай алуға мүмкіндігі бар. Балалармен жұмыс жасаудың басты бағыты – білім алушылардың тұлғалық әлеуметтенуі мен дамуы, рухани-адамгершілік мәдениеті, ақпараттық ресурстардың барлық түрлері мен деңгейлерін пайдалануға үйрету, ақпараттық мәдениетін қалыптастыру, кітапхананы пайдалануға дағдыландыру.

Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында мектеп кітапханасы жұмысының мақсаты алдыңғы қатарлы педагогикалық тәсілдерді, жаңа ақпараттық технологияларды қарқынды енгізу көрініс табады. Осы негізде мектеп кітапханасы:

пайдаланушылардың ақпаратты-кітапханалық қызмет көрсету: оқушылар мен педагогтерге қолда бар барлық оқу-әдістемелік және қосымша қолданыстағы немесе медиа ресурстармен тегін және еркін қолдану құқығын қамтамасыз етеді;

жаңа ақпараттық технологияларды енгізу негізінде кітапхана ұсынған қызметтер номенклатурасын жетілдіру, оқушылар мен педагогтар үшін қолайлы оқу кітапханалық ортаны ұйымдастыру;

экологиялық сауаттылық, азаматтық, гуманистік патриоттық сана-сезімге тәрбиелеу;

қолданушының шығармашылық әлеуетін дамыту, оқушылар мен мұғалімдердің ақпараттық мәдениетін дамыту;

білім алушыларға жүйелі оқытуды ұйымдастыру, мәдени, жеке және жас ерекшеліктерін есепке ала отырып дамытуды іске асыру.



Заманауи мектеп кітапханаларының бүгінгі таңдағы негізгі мақсаты:

1. Мектептің алдына қойылған және оның оқу бағдарламасымен бекітілген білім беру мақсаттарын қолдау, нығайту.

2. Анықтамалық-библиографиялық, кітапханалық қызмет көрсету арқылы білім алушылар мен педагогтерге өздігінен білім алу мен оқу-тәрбие процесін қамтамасыз ету. Білім беру жобаларында білім алушылар мен оқушыларға көмек көрсету.

3. Оқырмандарға тәуелсіз кітапханалық пайдаланушы дағдысын қалыптастыру: кітапты және басқа да ақпараттық тасымалдағыштарды пайдалана білуге, іздеу, іріктеу, ақпаратқа сыни баға беруге үйрету.

4. Жаңа кітапханалық технологияны игеру және дәстүрлі технологияны жетілдіру. Құжаттарға неғұрлым толық және тез қол жеткізуге мүмкіндік жасау. Ақпараттарды алуда білім алушылар, ата-аналар, педагогтарға әдістемелік консультациялық көмек беру.

5. Оқушыларға шығармашылық ойлау, кітапхананы пайдалана білу, кітап оқу мәдениеті, кітапқұмарлық, ақпараттық мәдинетін дамытуға тәрбиелеу. Балаларға оқуға әдеттенуін қолдау және дамыту, оқу және одан қанағаттану. Өздігінен оқуына ықпал ету.

6. Барлық білім алушыларға коммуникацияның әртүрлі түрлерін қоса, тасымалдағыш немесе форматтары, формасына қарамай ақпараттарды қолдану мен дағдыларын практикада қолдану және иеленеуге қолдау білдіру.

7. Ақпаратты өңдеу мен жинақтау, жинау және оны пайдаланушыға жеткізу. Кітапханада бар ақпараттық деректер базасында кітапханалық іс-шаралар мен сабақтан тыс жұмыстар өткізу.

8. Оқу-тәрбие процесін қамтамасыз ету мақсатында мектеп кітапханасының кітап қорын қалыптастыру;.

9. Қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу, пайдаланушылар арасында мазмұнды қарым-қатынастарын дамыту.

10. Қазақстан Республикасында тұрып жатқан басқа халықтардың тілінде және мемлектеттік тілдегі әдебиеттерді насихаттау.

11. Кітап оқу қызығушылығын қалыптастыру.

12. Әлеуметтілік және мәдени қабілеттілік пен білгірлігін жетілдіруге мүмкіндік беру, іс-шараларды ұйымдастыру. Мектеп іс-шараларын өткізуде АКТ пайдалану болып табылады.

Бүгінгі таңдағы мектеп кітапханашысының қызметі мен болашақтағы мектеп кітапханасы рөлінің тәжірибесі мен педагогика ғылымындағы үш көзқарас, үш басты тәсілдер байқалды.

Бірінші тәсіл – мектеп кітапханасы базасында жаңа медиатека-бөлімшесін жасау қажеттілігін негіздеу немесе мектептің кітапханалық медиаорталығына, кітапханашыға қосымша функция медиамаман міндетін атқару.

Екінші тәсіл – кітапхана мектептің ақпараттық орталығы болуы керек, ал кітапханашы ақпар беруші функциясын өзіне алуы керек.

Үшінші тәсіл – білім беру мекемелерінің өзіндік міндеттерімен педагогикалық құрылымдық бөлімшесі ретінде қарастыру керек.

Мектеп кітапханаларының айрықша белгілері – басқа әлеуметтік жүйелер аясында оны әлеуметтік жүйе ретінде жұмыс істету. Жаңартылған білім мазмұны контексінде білім беру ұйымдарын олардың алдына мынадай міндеттер қояды-оқушының шығармашылық әлеуетін ашу үшін жағдай жасау. Кітапхана оқу-тәрбие процесінде көмек беретін, шығармашылық, интеллектуалдық әлеуетін тиімді жандандыруға қабілетті және осы жерден барлық мектеп кітапханасының басты міндеті шығатын, білім беру ортасының элементі болып табылады.

Қазіргі заманғы кітапхана пайдаланушыларына барлық оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттер, оқу бағдарламалары, әртүрлі баспа шығармалары, аудио, бейне материалдары, электрондық тасымалдағышта ақпараттар (сонын ішінде электрондық оқулықтар) кешендерін ұсынады. Сол арқылы ақпараттың барлық түрлерін тиімді қолдану мен сыни ойлауын дамытуға себептеседі.

Мектеп кітапханасын жаңғырту мектеп кітапханасы функциясын күрделендіру мен кеңейту, кітапханалық-ақпараттық қызметтерін өзгертумен бірге жүреді. Мектеп кітапханасы тек ағымдағы оқу процесін және оқушының кітап оқуына жетекшілігін қамтамасыз етпейді, енді ол жаңартылған білім мазмұнының ресурстық базасы, мұғалімдердің ақпараттық орталығы болып табылады. Кітапханашы пән мұғалімдерінің күрделі сауалдары мен ақпараттық ресурстар арасында делдал болады.

Кітапханашы мен мұғалімнің бірлестігі білім алушылардың сауаттылық деңгейін көтеруге мүмкіндік беріп, ақпараттық-коммуникациялық технологияларын пайдалана білуге дағдылану, есте сақтау, оқу дағдыларын, дамытуға көмектеседі. Оқу бағдарламаларына ақпараттық қолдау білім беру мекемелерінің құрамдас бөлігі ретінде мектеп кітапханасы үшін басымдық болып табылады. Кітапханаға ақпараттық-библиографиялық, кітапханалық қызмет көрсету жолымен мектептің оқу-тәрбие процесін қамтамасыз ету міндеттері қойылған. Сонын ішінде кітапхананың анықтамалық-библиографиялық аппаратын тиімді жүргізе отырып, кітапхана қорын сапалы жинақтау негізінде білім беру процесінің вариативті әртүрлі мазмұнын қамтамасыз ету т.б.

Қазіргі кезде кітапханалардың технологиялық қызметін жүзеге асыруға көмектесетін түрлі электронды бағдарламалар бар. Бұл бағдарламалардың мүмкіндіктері (АБИС) кең, олардың жинағы Академия сайтында орналастырылған «Білім мазмұнын жаңарту аясында мектеп кітапханалары ресурстарын дамыту бойынша» атты әдістемелік ұсынымдарда берілген.

1-қосымша

«Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы бойынша пилоттық білім беру ұйымдарының тізімі



Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының атауы



Білім беру ұйымының атауы

Білім беру ұйымының түрі

Оқыту тілі

1.

Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы

«Арман» мектепке дейінгі ұйым

қалалық

қазақша, орысша

39 балабақша



қалалық

қазақша, орысша

32 мектеп-гимназия



қалалық

қазақша, орысша

Ақтөбе көлік, телекоммуникация және жаңа технологиялар колледжі

қалалық

қазақша, орысша

Ақтөбе гуманитарлық колледжі

қалалық

қазақша, орысша

2.

Қарағанды облысы,

Қарағанды қаласы

«Мерей» балабақшасы

қалалық

қазақша, орысша

«Бәйтерек» балабақшасы

қалалық

қазақша, орысша

53 жалпы орта білім беретін мектеп



қалалық

қазақша, орысша

92 гимназия



қалалық

қазақша,

Қарағанды гуманитарлық колледжі

қалалық

қазақша, орысша

3.

Астана қаласы

29 балабақша



қалалық

қазақша

9 балабақша



қалалық

орысша

59 мектеп-лицей



қалалық

қазақша, орысша

22 мектеп-гимназия



қалалық

орысша

Гуманитарлық колледж

қалалық

қазақша, орысша

4.

Алматы қаласы

27 балабақша



қалалық

орысша

156 балабақша



қалалық

қазақша

35 гимназия



қалалық

орысша

131 мектеп-лицей



қалалық

қазақша, орысша

172 жалпы орта білім беретін мектеп



қалалық

қазақша

55 жалпы орта білім беретін мектеп



қалалық

орысша

1 Алматы қазақ-мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжі



қалалық

қазақша

244

2 Алматы қазақ-мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжі



қалалық

қазақша, орысша

5.

Алматы облысы, Есік қаласы

Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі

қалалық

қазақша, орысша

245

2-қосымша

Оқушылардың күнделіктерін тексеру туралы ереже

1. Жалпы ережелер

1.1. Күнделік – оқушының мектептегі негізгі құжаты.

1.2. Күнделік 2 – 11-сыныптарда жүргізіледі.

1.3. Күнделіктің негізгі міндеті – ата-аналарды және оқушыларды келесі мәліметтер туралы хабардар ету болып табылады:

- мектеп әкімшілігінің құрамы;

- сыныпта сабақ беретін педагогтер;

- аптадағы және тоқсандағы сабақ пен қоңырау кестесі;

- үйірмелер, секциялар, факультативтер кестесі;

- үйге берілген тапсырмалар;

- оқушылардың ағымдық және қорытынды үлгерімі;

- босатылған сабақтар және кешігулер;

- ескертулер мен марапаттар.

2. Оқушылардың күнделік толтыру бойынша қызметі

2.1. Күнделік көк түсті сиямен анық, ұқыпты, уақытылы, сауатты толтырылуы тиіс.

2.2. Күнделіктің алғашқы үш беті (оқушының Ф.А.Т., мұғалімдердің тізімі, І тоқсанның күнтізбесі, үйірмелер мен факультативтер, қосымша сабақтар және консультациялар) алғашқы екі апта ішінде, яғни 15 қыркүйекке дейін толтырылуы тиіс.

2.3. Оқушылар күн сайын үй тапсырмасын тапсырылған күннің бағанына, мектеп каникулдары кезінде – сыныптан тыс және мектептен тыс шаралар жоспарын жазады.

2.4. Күнделікте өзге жазбалар мен суреттер болуға жол берілмейді.

2.5. Оқушылар алған бағасын естігеннен кейін күнделікті пән мұғаліміне береді.

2.6. Оқушылар әкімшіліктің, мұғалімдер мен сынып жетекшісінің талабы бойынша күнделікті ұсынады.

3. Пән мұғалімдерінің күнделікпен жүргізетін жұмысын ұйымдастыру

3.1. Пән мұғалімі оқушының жауабын бағалағаннан кейін бағаны сынып журналына және бір мезгілде күнделікке қояды, оны қол қою арқылы растайды.

3.2. Пән мұғалімі оқушының күнделігіне оның оқу әрекеті бойынша ескертулер, ұсыныстар жаза алады. Күнделіктегі жазу қысқа әрі сыпайы болуы тиіс.

4. Сынып жетекшісінің күнделікпен жүргізетін жұмысын ұйымдастыру

4.1. Сынып жетекшісі осы Ережеде берілген күнделік жүргізуге қойылған талаптардың орындалуын апта сайын тексереді.

4.2. Оқушының апта ішінде алған бағаларының күнделікке қойылуын қадағалайды; қажет болған жағдайда қойылмаған бағаларды қойып, өзінің қолымен растайды. Апта ішінде қатыспаған сабақтардың санын көрсетеді.

246

4.3. Оқушылардың күнделікке баға қоюына жол берілмейді.

4.4. Сынып жетекшісі ата-аналар тарапынан оқушы күнделігіне бақылау жасауын қатаң қадағалайды.

4.5. Тоқсан аяқталғаннан кейін сынып жетекшісі күнделіктің жинақ ведомосына тоқсандық бағаларды қояды, өзінің қолымен растайды.

4.6. Каникулдан кейінгі бірінші аптада сынып жетекшісі тоқсандық бағалардың төменгі жағында ата-аналардың танысқанын растайтын қойған қолдарын тексереді.

4.7. Сынып жетекшісі күнделікте оқушының сынып және мектеп өміріне қатысудағы белсенділігін және нәтижелілігін көрсете алады.

5. Ата-аналардың қызметі

5.1. Ата-аналар апта сайын күнделіктегі жазбалармен танысады және қол қояды.

5.2. Күнделіктің соңындағы жинақ ведомосына тоқсанына бір рет қол қояды.

5.3. Ата-аналар күнделікке жазылған әрбір ескерту, хабарландырудан кейін қол қояды.

6. Мектеп әкімшілігінің қызметі

6.1. Мектеп әкімшілігі күнделік жүргізу бойынша Ережеде бекітілген талаптарға сәйкес 2-11-сыныптар оқушыларының күнделік жүргізуіне жүйелі түрде бақылауды жүзеге асырады. Күнделікке әкімшілік бақылау жасау кезінде келесі жағдайлардың болуы тексеріледі:

сыныптағы педагогтер туралы ақпарат;

тоқсан (жарты жылдық) және ағымдағы тоқсанның сабақ кестесі;

сабақ қоңырауларының кестесі;

секциялар, үйірмелер, факультативтік сабақтар және т.б. жұмыс кестесі;

үй тапсырмалары;

пән мұғалімдері және сынып жетекшісі қоятын ағымдық бағалар;

ата-аналардың қолдары.



6.2. Әкімшілік бақылаудың қорытындысы бойынша күнделіктерді тексеруші анықтама жазады, онда анықталған кемшіліктер көрсетіледі, ескертулер жазылады және белгілі бір уақыт аралығында көрсетілген қателерді жою бойынша ұсынымдар беріледі.

6.3. Әкімшілік күнделіктің жүргізілуін бақылау нәтижелері бойынша сынып жетекшілерін және пән мұғалімдерін марапаттауға және тәртіптік жазалауға құқылы.

247

3-қосымша

Тәрбие жұмысын жоспарлау формасы



Қызметтің бағыттары



Шара

Күні

Жауапты

Өткізу формасы

Нәтижелерінің жіті талдауы

1

Ұйымдастыру шаралары және талдау-диагностикалау қызметі

2

Қазақстандық патриотизм және азаматтық. Этникалық мәдениет

3

Рухани-адамгершілік мәдениет

4

Зияткерлік мәдениет

5

Экономикалық мәдениет

6

Салауатты өмір салты және және тәрбиесі

7

Ата-аналармен жұмыс

I. «Ұйымдастыру шаралары және талдау-диагностикалау қызметі» бағыты

Мақсаты: өмірдің ағымдағы мәселелерін шешуге қабілетті сынып ұжымын ұйымдастыру; тұлғаны зерделеу және қажет болған жағдайда оқушылардың тәрбиесін түзету.

Міндеттері:

- оқушылар туралы ақпарат жинау және талдау;

- оқушылардың даму деңгейін анықтау (ойлау, шығармашылық қабілеттері, физикалық және психологиялық денсаулығы және т.б.);

- тұлғалық-бағдарлық көзқарас негізінде әрбір баланың дамуы мен тәрбиесі үшін тиімді жағдайлар жасау.

Бағыт бойынша өткізуге ұсынылатын шаралар:

1. Оқушылармен танысу ("Сынып картасы", "Импульс", "Қар жентегі", "Күн", өзара танысулар).

2. Тапсырмаларды бөлу. Сынып белсенділерімен жұмыс. Өзін-өзі басқару. Жеке жұмыс. Сынып жиналыстары, оқушылар конференциясы. Апталық газетті шығару. Тазалап жинау. Сыныптың ақпараттық стенді.

3. Оқушылар сауалнамасы ("Мен Қазақстанның азаматымын", "Мен кіммін? Мен қандаймын?", "Маған өзің туралы айтшы", "Оқушылардың

248

мотивация біліктерінің қалыптасу деңгейін анықтау", "Оқу мотивацияларын және оқу пәндеріне қатынасын зерделеу", "Алаңдаушылық деңгейін айқындау", "Біз таңдаймыз, бізді таңдайды" және т.б.).

4. Диагностика: адамгершілік басымдықтар (аяқталмаған сөйлемдер әдісі); "Ағаш, немесе мен өз бойымда қандай қасиеттерді қалыптастырдым (тәрбиелілікті зерделеу әдісі); "Адами қасиеттерді сақтайтын орын"; оқушылардың шығармашылық белсенділігінің деңгейін болжау әдісі, сыныппен жүргізілетін жұмыстың нәтижелілігін зерделеу әдісі және т.б.

5. Ойындар: "Өзім туралы айтып беремін", "Әлеуметтік драма", "Елсіз аралға барамыз".

6. Тестілеу: "Маған қалай қарайды? ", "Менің оқуым", "Сіз өзіңізді білесіз бе?".

7. Социометриялық зерттеулер.

8. Психологиялық тренингтер: пікірталастар, дебаттар, КТК, "Менің жан дүнием", "Мен және қоршаған әлем", "Достық сауалдар конверті" және т.б.

II. Қазақстандық патриотизм және азаматтық.

Этникалық мәдениет.

Мақсаты:

өскелең ұрпақты демократиялық қоғамда өмір сүруге үйрету;

азаматтық белсенділік, құзыреттілікті қалыптастыру;

сыни ойлау, жалпы және құқықтық мәдениет қалыптастыруға ықпал ету;



азамат-патриоттың егемен тұлғасын қалыптастыру, ұлттық тәрбие-білім беру жүйелері жағдайында тұлғаны этникаландыру.

Міндеттері:

- тұлғаны __________әлеуметтердіру үшін жағдай жасау;

- азаматтық өзіндік сананы қалыптастыру;

- ұлттық келісім негізі ретінде ізгілікке, бейбіт сүйгіштікке тәрбиелеу;

- құқықтық сананы және заңға бағынушылықты тәрбиелеу;

- әлеуметтік дағдылар қалыптастыру;

- жеке адамдар мен халықтар арасында ынтымақтастыққа қабілетті тұлғаның өзіндігін нығайту;

- оқушыларда әлемдік мәдениеттің және Қазақстан мәдениетінің алуан түрлілігі туралы түсінік қалыптастыру, оқушылардың этникалық тәрбиесі ерекшеліктерін ескеру негізі ретінде ұлттық тәрбие жүйесінде этнос субъектісін қалыптастыру.

Бағыт бойынша өткізуге ұсынылатын шаралар:

1. Мемлекеттік және халықтық мерекелер (ҚР Тәуелсіздігі күні, ҚР Конституциясы күні, Қазақстан халқы бірлігі күні, Наурыз және т.б.).

2. Тақырыптық сынып сағаттары, линейкалар, әңгімелер ("Менің Қазақстаным", "Мәңгілік Елдің мызғымас жеті негізі", "Біз – Үлкен Ел – Үлкен Отбасы", "Қазақстанның даму кезеңдері", "ҚР-ның әлемдік экономикалық дамудағы орны", "ҚР рәміздері", "Қазақстанның мәңгілік жері – Ұлы Дала Елі!").

3. Музейлерге саяхаттар, Қазақстанның тарихымен танысу.

4. Дебаттар "Қазақстандық патриотизм – бұл ..."

249

5. Саяхат-ойын "Менің Атамекенім", "Ұлы Дала Елінің даңқты тарихы мен дәстүрлері".

6. Пікірталас "Мәңгілік Ел – бұл Тарих, Мәдениет және Тіл ортақтығы".

III. Рухани-адамгершілік мәдениет.

Мақсаты: жалпыадамзаттық құндылықтармен, қазақстандық қоғам өмірінің нормаларымен және дәстүрлерімен келісілген тұлғаның рухани-адамгершілік және этникалық қағидаларын, оның моральдық қасиеттері мен ұстанымдарын қалыптастыру.

Міндеттері: – оқушылардың келесілерге адамгершілік қатынастарын қалыптастыру:

- моральдың және этиканың жалпыға ортақ нормаларына;

- өз қадір-қасиетіне, арына және борышына;

- ішкі бостандығына және адамгершілік шешімдер қабылдауына;

- өз халқының және басқа халықтардың мәдениетіне, әдет-ғұрпына, салт-дәстүрлеріне;

- өз ар-ұжданы мақұлдаған қылықтарға;

- адамдарға риясыз қызмет етуге;

- ата-ана, Отан, қоғам алдындағы өз борышына.

Бағыт бойынша өткізуге ұсынылатын шаралар:

Оқу пәндерінің мазмұнына құндылықтарды кіріктіру арқылы оқытудың тәрбиелік әлеуетін күшейту; әлеуметтік, қайырымдылық жобалар дайындау және орындау, волонтерлықты дамыту; педагогикалық консилиумдар, ата-аналар институты; "Өзін-өзі тану" адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының көппәндік және тәрбиелік ролін күшейту, мектептерде рухани-адамгершілік тәрбие сапасына мониторинг жүргізу, рухани-адамгершілік тәрбие тұрғысынан қосымша білім беру жүйесінің мүмкіндіктерін кеңейту.

IV. Зияткерлік мәдениет.

Мақсаты: оқушылардың өзін-өзі дамытуы, өздігімен білім алуы, өзін-өзі жетілдіруі үшін психологиялық және практикалық дайындығын қалыптастыру. Оқытудың өзіндік стилін қалыптастыру, алған білімін жаңа жағдайларға алмастыру білігін дамыту. Әлемнің тұрақты түрде өзгермелі жағдайларына тез бейімделудің ортақ қабілеттерін қалыптастыру.

Міндеттері:

- оқушылардың зияткерлік дамуы үшін жағдай жасау;

- танымдық түрткілерді дамыту;

- ойлау қызметінің біліктерін дамыту;

- әрбір тұлғаның жеке-шығармашылық қабілеттерін дамыту;

- тұрақты түрде қазіргі ғылыми білімге ұмтылысын қалыптастыру;

- білімді меңгеру процесінде зияткерлік мәдениет қалыптастыру.

Бағыт бойынша өткізуге ұсынылатын шаралар:

1. Диагностика:оқушылардың оқу мотивациясын және оқу пәндеріне қатынасын зерделеу: "педагогтердің оқушыларға ықпал ету тәсілдерін айқындау", "педагогтердің коммуникативтік мәдениеті оқушылардың көзімен", оқушылар сауалнамасы, пәндер бойынша тестілеу.

250

2. Пән апталықтары, олимпиадалар.

3. Зияткерлік ойындар, көңіл көтерулер, марафондар, танымдық сайыстар, викториналар (не? қайда? қашан? брейн-ринг, "Ақылды ұл- қыздар", "Жұлдызды сағат", "Ақылдылар мен көңілділер" сайысы, "Өз ойыны", "Кереметтер алаңы", "Әлсіз буын", "Бақытты жағдай").

4. Зияткерлік марафон, шоу.

5. Ақылдар Одиссейі.

6. Тапқырлар шоқжұлдызы.

7. Әдеби қонақжай.

8. "Біз тарихты жасаймыз"

9. Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары, ғылыми-практикалық конференциялар, жобалар байқауы.

10. Спич, дебаттар, " ХХI ғасыр көшбасшысы".

11. Әңгіме, сынып сағаттары "Қазіргі адамның сөйлеу мәдениеті", "Мен үшін қымбат нәрсе", "Мен былай деп айтар едім ...".

12. Пәндер бойынша үйірмелер ұйымдастыру

251

4-қосымша

Бастауыш сынып оқушыларының

білімін, ептілігін және дағдысын бағалау нормасы

Бастауыш сынып оқушыларының білімін, ептілігін және дағдысын бағалау нормасы бағдарлама талап ететін деңгейдегі, бастауыш кезеңдегі әр пән бойынша оқу материалын баланың меңгеру орнықтылығын қамтамасыз ету үшін арналған.

Бұл нормалар оқушының оқудағы жетісітігін жүйелі бақылауды іске асыруға, кемшіліктерді жою шараларын қабылдауға, оқушылардың үлгермеушілігін ескертуге мүмкіндік береді. Мұғалім бағалау үшін сандық ұпайды (баға) және бағалау пайымдамасын қолданады.

Сыныптық және үйге жазба жұмыстарының негізгі түрлері оқушыларға үйретуші жұмыстар болып табылады.

Қазақ тілі, орыс тілі, шетел тілі, әдебиет, математика, дүниетану бойынша ағымдық және қорытынды жазба жұмыстары өткізіледі.

Қорытынды бақылау жұмыстарын өткізу уақыты мұғалімдер келісімі бойынша мектеп басшыларымен құрылған оқушыларды шамадан тыс оқуының алдын алу мақсатында, жалпы мектепішілік кестемен анықталады.

Үйретуші жұмыс түрлерін орындау үшін оқушыларда төмендегі дәптерлер саны болуы қажет:

- 2-сыныптарда қазақ тілі, орыс тілінен – 4 дәптер, оның ішңнде бір дәптер мазмұндама мен шығармаға, бір дәптер бақылау жұмыстарына;

- әдебиеттік оқу бойынша -1 дәптер;

- математика бойынша – 2-4-сыныптарда - 3 дәптерден (2 дәптер сынып және үй тапсырмасы үшін, 1 дәптер сөздік дәптер);

- шетел тілі бойынша 2-4-сыныптарда – 2 дәптерден (1 дәптер сынып және үй тапсырмасы үшін, 1 дәптер сөздік дәптер);

- дүниетану бойынша – 1 дәптер;

- бейнелеу өнері бойынша – суреттен 1 дәптер;

- музыка бойынша –1 нота дәптері.

Қазақ тілі, орыс тілі, математика, әдебиеттік оқу бойынша арнайы дәптерлер бөлінеді, олар оқу жылы бойы мектепте сақталады және оқушыларға қатемен жұмысты орындау үшін беріледі. Ата-аналар оқушылардың бақылау жұмыстарымен ата-аналар жиналысында танысады.

Оқушылардың дәптерлеріндегі жазбалар төмендегі талаптарды сақтап, жазылу қажет:

- мұқият және анық жазумен жазу;

- дәптер сыртын бірыңғай толтыру:

Дәптер

Астана қаласы

5 орта мектептің



2 «А» сынып оқушысы

252

Муфтахов Шыныбектің

математика (орыс тілі) дәптері

Дәптер

Астана қаласы

5 орта мектептің



2 «А» сынып оқушысы

Муфтахов Шыныбектің

математикадан (орыс тілінен)

бақылау жұмысы дәптері

Көмекші сөз пән атауымен бір жолда жазылады.

Сынып нөмірі араб сандарымен жазылады. Тегі мен аты ілік септігінде жазылады. Алдын ала тегі, содан кейін толық атын жазу керек (бір жолда). Тілдік пәндер бойынша жұмысты орындау мерзімі сөзбен атау септігінде жазылады (мысалы, оныншы қыркүйек), математика, дүниетану сандар санмен, ай аты сөбен жазылады (мысыалы, 10 қыркүйек).

Жеке жолға сабақтың тақырыбы, сонымен қоса жазба жұмысының тақырыбы жазылады.

Жаттығудың, тапсырманың немесе орындалған жұмыстың нөмірі көрсетілсін (таңбалансын).

Азат жол сақталады.

Сызу, сызба, шартты белгілерді қарындашпен немесе қаламмен мұқият орындасын.

Қателерді былайша түзетеді, қате жазылған әріп немесе тыныс белгіс қисық сызықпен сызылады; сөздің сөйлемдегі сөздің бөлігі – жіңішке көлденең сызықпен сызылады; сызылғанның орнына қажетті әріпті, сөзді сөйлемді жазу қажет; қате жазуды жақшаға алмасын.

Орыс тілі мен математикадан үйретуші сынып және үй жұмысы орындалатын оқушылардың жұмыс дәптерлері 2-4-сыныптарда әр сабақтың соңында барлық оқушыларда тексеріледі.

Орыс тілі мен әдебиеттік оқу бойынша мазмұндама мен шығарма, сонымен бірге пәндер бойынша барлық бақылау жұмысы түрлері барлық оқушыларда тексеріледі.

Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі бойынша бақылау диктанттары, математика мен дүниетану бойынша бақылау жұмыстары 2-4-сыныптарда тексеріледі және келесі сабақта қайталанады.

Тексерілген жұмыстарда мұғалім төмендегіні басшылыққа ала отырып, жіберілген қателерді белгілейді және түзетеді:

- қателерді сызу мен түзету, мұғалім тек қызыл қаламмен ғана түзетеді;

- 2-3-сынып оқушыларының орыс тілі мен математика пәндері бойынша бақылау жұмыс дәптерлері мен бақылау жұмыстарын тексеру кезінде мұғалім жіберілген қатені сызады және түзетеді;

- 4-сынып оқушыларының орыс тілі мен математика пәндері бойынша бақылау жұмыс дәптерлері мен бақылау жұмыстарын тексеру кезінде мұғалім

253

оқушының өзі түзеген қатесін сызады және жіберілне қатені жолдың шетіне белгілейді;

- 2-4-сыныптарда шығарма мен мазмұндаманы тексеру кезінде (бақылау, сондай-ақ үйретуші) орфогарафиялық қана емес және пунктуациялық қателер түзетіледі, сонымен қатар нақты логикалық тілдік қателер (ирек сызықтармен сызылады) және грамматикалық;

- Диктантты, мазмұндаманы, шығарманы тексергеннен кейін мұғалім белгілеген тәртіпте қателерді есептегеннен соң жұмыстың бағасын қояды;

4-сыныпта мазмұндама мен шығармаларда грамматикалық (сандық) және стилистикалық (бөлім) қателер көрсетіледі. Үйретуші шығармалар мен мазмұндамаларда нашар бағалар қойылмайды.

Барлық бақылау жұмыстары міндетті түрде бағаланады. Оқушылардың жазба жұмыстарын бағалау кезінде мұғалім оқушылардың білімі, ептілігі және дағдысын бағалау нормасына сәйкес басшылыққа алады.

Оқушылардың жазба жұмыстарын тексергеннен кейін, қателерді түзету немесе жаттығуларды орындау бойынша, осындай қателерді қайталаудың алдын алатын тапсырмалар беріледі.

Бұл жұмысқа келесі сабақта 15 минут беріледі.

Қорытынды баға әр тоқсан соңында және оқу жылы соңында қойылады. Ол ауызша және жазбаша сауаттылықты тексеру деңгейі нәтижесін, грамматика элементтерін меңгеру өз ойын ауызша және жазбаша түрде жеткізе алу деңгейінің нәтижесін есепке ала отырып шығарылады. Қорытынды бағаларды шығару кезінде жазба жұмыстарының бағасы ерекше маңызды. Қорытынды баға барлық білім алушылардың орташа бағасын емес, оқушының нақты дайындығын көрсету керек.

254

5-қосымша

2016-2017 оқу жылында орта білім берудің жаңартылған мазмұнын апробациялау үшін білім беру ұйымдарының тізімі



Облыс атауы



Мектептің атауы

Мектептің типі

Оқыту тілі

1

Астана қ.

69 орта мектеп



ауыл

аралас

2

Алматы қ.

15 гимназия



қалалық

аралас

3

Ақмола

5 мектеп-лицей (Степногор қ.)



қалалық

қазақша

Николь орта мектебі (Бұланды ауданы)

шағын жинақты

орысша

4

Ақтөбе

Новая ОМ (Новое ауылы, Ақтөбе қ.)

ауыл

аралас

9 мектеп гимназиясы (Ақтөбе қ.)



қалалық

орысша

5

Алматы

Ш.Уәлиханов ат. №10 орта мектеп гимназиясы (Талдықорған қ.)

қалалық

аралас

Х.Хамраев атындағы орта мектеп (Панфилов ауданы)

қалалық

ұйғыр

6

Атырау

17 орта мектеп (Атырау қ.)



қалалық

орысша

Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектеп (Исатай ауданы)

ауыл

қазақша

7

Шығыс Қазақстан

Абай атындағы мектеп кешені (Көкпекті ауданы)

шағын жинақты

казахский

39 орта мектеп (Өскемен қ.)



қалалық

орысша

8

Жамбыл

1 мектеп лицейі (Рысқұлов ауданы)



ауыл

қазақша

А.С. Пушкин атын. №41 мектеп гимназиясы (Тараз қ.)

қалалық

орысша

9

Батыс Қазақстан

М.Ықсанов атындағы №36 орта мектеп (Орал қ.)

қалалық

қазақша

Шаған орта мектеп (Теректі ауданы)

ауыл

аралас

0

Қарағанды

3 мектеп гимназия (Қарағанда қ.)



қалалық

орысша

2 орта мектеп (Нұра ауданы)



ауыл

қазақша

11

Қызылорда облысы

31 мектеп гимназия (Жалағаш ауданы)



ауыл

орысша

2 орта мектеп (Қызылорда қ.)



қалалық

аралас

12

Қостанай

Свердлов орта мектеп (Алтынсарин ауданы)

шағын жинақты

орысша

10 орта мектеп (Қостанай қ.)



қалалық

қазақша

255

13

Маңғыстау

М.Горький атындағы мектеп гимназиясы (Түпқараған ауданы)

ауыл

орысша

11 орта мектебі (Ақтау қ.)



қалалық

қазақша

14

Павлодар

39 мектеп гимназия (Павлодар қ.)



қалалық

орысша

Майқаиын №1 орта мектеп (Баянауыл ауданы)

ауыл

аралас

15

Солтүстік Қазақстан

Сартомар орта мектеп (М. Жұмабаев ауданы)

шағын жинақты

қазақша

16 орта мектебі (Петропавл қаласы)



қалалық

орысша

16

Оңтүстік Қазақстан

М. Жұмабаев атындағы №15 мектеп гимназия (Түркістан қ.)

қалалық

орысша

Созақ мектеп гимназия (Созақ ауданы)

ауыл

қазақша

256

МАЗМҰНЫ

Жалпы ережелер …………………………………………………………….......

3

1 «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі

19

2 Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері

24

3 Бастауыш білім беру деңгейіндегі пәндерді оқыту ерекшеліктері ..............

31

3.1

3.2

Жаңартылған білім мазмұны бойынша 1 сыныпта пәндерді оқытудың ерекшеліктері ...........................................................................

Қолданыстағы білім мазмұны бойынша 2-4 сыныптарда пәндерді оқыту ерекшеліктері ..................................................................................

31

45

4 Негізгі орта білім деңгейіндегі пәндерді оқыту ерекшеліктері …................

67

4.1 4.2

4.3

4.4

4.5

4.6

4.7

«Тіл және әдебиет» білім саласы ……………….....................................

«Математика және информатика» білім саласы ……………….............

«Жаратылыстану» білім саласы ……………….......................................

«Адам және қоғам» білім саласы ……………….....................................

«Өнер» білім саласы ………………..........................................................

«Технология» білім саласы ………………...............................................

«Дене шынықтыру» білім саласы ………………....................................

67

93

94

104

119

122

127

5 Жалпы орта білім деңгейіндегі пәндерді оқыту ерекшеліктері ……...........

130

5.1 5.2

5.3

5.4

5.5

5.6

«Тіл және әдебиет» білім саласы ……………….....................................

«Математика және информатика» білім саласы ……………….............

«Жаратылыстану» білім саласы ……………….......................................

«Адам және қоғам» білім саласы ……………….....................................

«Технология» білім саласы ………………...............................................

«Дене шынықтыру» білім саласы ………………....................................

130

158

160

168

178

180

6 Шағын жинақты мектептерде оқыту ерекшеліктері ……………….............

185

7 Мамандандырылған білім беру ұйымдарында оқыту ерекшеліктері …......

191

8 Арнайы білім беру ұйымдарындағы оқыту ерекшеліктері

196

9 Инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын жалпы білім беру ұйымдарында оқытудың ерекшеліктері .............................................................

206

10 Кешкі мектептерде оқыту ерекшеліктері ……..............................................

213

11 Пилоттық орта білім беру ұйымдарында жан басына нормативтік қаржыландыруды іске асырудың ерекшеліктері ………..................................

217

12 Пилоттық орта білім беру ұйымдарында бастауыш мектептің оқу бағдарламаларын апробациядан өткізу туралы ………………........................

228

13 Қазақстан Республикасының жалпы білім беру мектептеріндегі балаларға қосымша білім берудің ерекшеліктері ………………….................

233

14 Мектеп кітапханаларының жұмысы туралы

240

1-қосымша «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы бойынша пилоттық білім беру ұйымдарының тізімі» ....................................

243

2-қосымша «Оқушылардың күнделіктерін тексеру туралы ереже................

245

3-қосымша «Тәрбие жұмысын жоспарлау формасы » ………………….......

247

4-қосымша «Бастауыш сынып оқушыларының білімін, ептілігін және дағдысын бағалау нормасы » ..............................................................................

251

5-қосымша «2016-2017 оқу жылында орта білім берудің жаңартылған мазмұнын апробациялау үшін білім беру ұйымдарының тізімі» ………........

254

257__

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет