Оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде


Санитариялық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, толық штаттық форматта оқытуды ұйымдастыру



бет35/257
Дата13.12.2021
өлшемі2,31 Mb.
#100251
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   257
Байланысты:
Әдістемелік нұсқау хат

2.5 Санитариялық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, толық штаттық форматта оқытуды ұйымдастыру

33. Қолайлы санитариялық-эпидемиологиялық жағдайда мектеп санитариялық қауіпсіздіктің қатаң шараларын сақтай отырып, толық штаттық режимде жұмыс істей бастайды. Барлық сыныптарда, оның ішінде мектептердің мектепалды сыныптарында оқыту штаттық режимде жүргізіледі. Сабақ кестесі, ауысым режимі, өзгерістер қалпына келтіріледі.

34. Мектеп қашықтан оқытудан штаттық оқу режиміне ауысқан кезде білім алушыны ата-анасының қалауы бойынша қашықтан оқытуды жалғастыруға болады. Ол үшін ата-аналар 1-қосымшада ұсынылған үлгі бойынша өтініш беруі керек.

35. Мектептерде оқу процесін штаттық режимде ұйымдастыру кезінде:

1) сабақтың басталу және аяқталу уақытын көрсете отырып, икемді сабақ кестесін құру;

2) әлеуметтік алшақтату үшін, физикалық байланыстарды азайту үшін ауысымдарды ұлғайту және ауыстыру;

3) әрбір сынып белгілі бір кабинетте болатын кабинеттік жүйеден бас тарту;

4) білім алушылардың кабинеттер бойынша жүріп-тұруына тыйым салу;

5) әртүрлі сыныптар үшін әр уақытта сабақтар арасындағы өзгерістерді ұйымдастыру;

6) мектепке кіру кезінде білім алушылардың температурасын күн сайын өлшеу;

7) маскаларды кию режимін қамтамасыз ету;

8) оқу үстелдерін 1 метр қашықтықта орналастыру;

9) желдету, кварцтау,

10) әрбір сабақтан кейін қолды арнайы құралмен жуу;

11) әрбір екінші сабақтан кейін кабинеттерді ылғалды жинау;

12) дәліздердегі, рекреациялардағы, холлдардағы және басқа да үй-жайлардағы ауысымдар, шағын ауысымдар арасындағы ылғалды жинау;

13) күн сайын температураны өлшеуге, ауру белгілерін анықтауға, ауырғандар анықталған, карантин жарияланған және барлық сыныпты қашықтан оқытуға көшкен жағдайда, сынып балаларының жай-күйін бақылауға, содан кейін сынып штаттық режимге оралған жағдайларда оқшаулауға арналған медициналық кабинеттер мен оқшаулағыштардың жұмыс істеуі;

14) таза ауада дене шынықтыру сабақтарын ұйымдастыру немесе спорт залдарын үнемі желдету.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   257




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет