Оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде


-4 сыныптарды штаттық форматта оқытуды ұйымдастыру



бет34/257
Дата13.12.2021
өлшемі2,31 Mb.
#100251
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   257
Байланысты:
Әдістемелік нұсқау хат
Криминология, Тест жауаптары Терапия Мейіргер Іпг 20-1, Қазақ тіілі БЖБ мен ТЖБ, Физика пәнінен олимпиаданың мектепішілік кезеңінің тапсырмалары
2.4. 1-4 сыныптарды штаттық форматта оқытуды ұйымдастыру

31. Санитариялық-эпидемиологиялық жағдай жақсарған кезде бірінші болып 1-4 сынып оқушылары санитариялық қауіпсіздіктің қатаң шараларын сақтай отырып, қашықтан оқыту форматынан штаттық форматқа көшеді. Мектепалды, 5-11 сыныптар қашықтан оқытуды жалғастыруда.

Оқу мектепте оқушылардың күнделікті температурасын өлшеу арқылы жүзеге асырылады.

32. 1-4 сыныптарда штаттық оқу режимін ұйымдастыру кезінде келесі шаралар сақталуы керек:

1) басталу және аяқталу уақытын көрсете отырып, сабақ кестесін құру;

2) әлеуметтік алшақтық үшін, физикалық байланыстарды азайту үшін ауысымдарды ұлғайту және ауыстыру;

3) кабинеттік жүйені алып тастау, әр сынып белгілі бір кабинетте орналасады;

4) әртүрлі сыныптар үшін әр уақытта сабақтар арасындағы өзгерістерді ұйымдастыру;

5) мектепке кіру кезінде медицина қызметкерінің білім алушылар мен педагогтердің температурасын күн сайын өлшеуі;

6) маскаларды кию режимін қамтамасыз ету;

7) кабинеттерді және барлық жайларды желдету, кварцтау;

8) қолды жуу және арнайы құралдарды пайдалану;

9) әрбір екінші сабақтан кейін сынып бөлмелерін ылғалды жинау;

10) дәліздердегі, реакреациялардағы, холлдардағы және басқа үй-жайлардағы ауысымдар, шағын ауысымдар арасындағы ылғалды жинау;

11) күн сайын температураны өлшеуге, ауру белгілерін анықтауға, білім алушылардың жағдайын бақылауға, кейіннен сыныпты штаттық режимге қайтарғанда оқшаулауға арналған медициналық кабинеттер мен оқшаулағыштардың жұмыс істеуі;

12) таза ауада дене шынықтыру сабақтарын ұйымдастыру немесе спорт залдарын үнемі желдету;

13) мұғалімдерге кабинеттерде жүруге, мұғалімге баруға, сыныптан тыс іс-шаралар мен ата-аналар жиналыстарын өткізуге тыйым салынады;

14) барлық лездемелік жиналыстар қашықтық формата өтеді;

15) мектеп заттардың, кабинеттердің, реакциялардың, холлдардың және басқа да үй-жайлардың бетін өңдеу үшін жеткілікті мөлшерде дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз етіледі;

16) мектептің кіреберісінде дезинфекциялау тоннельдері, аяқкиімге арналған дезинфекциялау кілемшелері орнатылады, барлық қабаттарда қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнатылады, термометрия қамтамасыз етіледі;

17) сапалы сумен жабдықтау, қолды жуу құралдары қамтамасыз етіледі.

32. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың тұрақты жақсаруымен 5-11 сынып оқушылары қатаң санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, штаттық режимге өтеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   257




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет