Оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде


Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде балаларға қосымша білім берудің ерекшеліктері



бет226/257
Дата30.01.2022
өлшемі2,62 Mb.
#116234
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   257
Байланысты:
Әдістемелік нұсқау хат

Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде балаларға қосымша білім берудің ерекшеліктері


Республиканың жалпы білім беретін мектептерінде балаларға қосымша білім берудің ерекшеліктері 2020-2021 оқу жылында жалпы орта және қосымша білім берудің неғұрлым тығыз интеграциясы қажеттігінен туындап отыр.

Қосымша білім беру жүйесі, яғни үйірмелер, секциялар және басқа да сыныптан тыс шаралар нақты білім беру ұйымының материалдық базасында қалыптасады. Қолданыстағы кабинеттер, мүкәммал, әдебиет пайдаланылады. Бірақ барлық мектептер сыныптан тыс сабақтарды ұйымдастыру және пәндерді тереңдетіп оқыту үшін жеткілікті ресурстарға ие емес. Егер мектеп өз бюджетімен қосымша білім беруді қамтамасыз ете алмаса, ақылы секциялар мен үйірмелер енгізіледі.

Сондай – ақ мектептен тыс ұйымдардың ресурстарын-сарайлар, үйлер, орталықтар, кешендер, балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының студиялары, жас техниктердің, туристердің, натуралистердің станциялары мен базалары, балалардың музыкалық, көркемөнер мектептері, өнер мектептері, қызығушылықтары бойынша клубтар, спорттық, сауықтыру, туристік лагерлер және т. б. пайдалануға болады.

Әскери-патриоттық клубтар бірқатар міндеттерді шешуге мүмкіндік береді: бұл жасөспірімдердің бос уақытта жұмыспен қамтылуы; патриоттық тәрбие; оқушылардың ой-өрісін кеңейту; салауатты өмір салтын қалыптастыру; ҚР Қарулы Күштері қатарында қызметке оң көзқарас қалыптастыру.

Клуб – бұл таңдау еркіндігін көздейтін қоғамдық ұйым, әлеуметтік пайдалы қызметтің түрлі түрлеріне қосылуға, өз күшін тексеруге, өзін-өзі растауға мүмкіндік береді. Бұл жерде тұлғаның маңызды моральдық қасиеттері қалыптасады: барлық ұжымға жауап беруге, өзінің өмірлік позициясын жасауға әзірлігі.

Білім беру мен демалысты, балаларды сауықтыруды ұйымдастыру үшін кадрлар даярлау жүйесін жетілдіру факторларының бірі педагогикалық отрядтардың қызметі болып табылады, оларды құру кезінде «командалық» тәсіл қолданылады.

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, командалық жұмыс принциптерін пайдаланатын педагогикалық жасақтар педагогикалық бағдарламаларды іске асырудың жоғары сапасын қамтамасыз етеді; жаңа технологияларды белсенді әзірлейді, апробациялайды және енгізеді, өзекті мәселелерді шешудің стандартты емес жолдарын іздейді.

Сондықтан «Тәлімгерлер мектебі» ретінде мектеп базасында педагогикалық отрядтар құру қажет, олар балалармен балалардың қызығушылықтары бойынша әртүрлі іс-шаралар өткізеді.

Балалар мен жастарды ұлттық өнер мен ұлттық спортқа тарту мақсатында «ALTYN URPAQ» жобасы ұсынылады.

Жоба өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуге, ақыл-ой қабілеттерін дамытуға, ұлттық спорт түрлеріне (асық ату, тоғызқұмалақ, қазақ күресі және т.б.), ұлттық өнер (домбыра, қобыз, жетіген, Қазақ биі, Қазақ әндері және т.б.) үйрету арқылы ұлттық рухты көтеруге бағытталған.

Жоба бастауыш мектепте (1-4 сыныптар): «Домбыра», «Қазақ биі», «Асық ату», «Тоғызқұмалақ», орта мектепте (5-7 сыныптар): «Қазақша күрес», «Қазақ әндері» білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асырылады.

Мектепішілік, аудандық (қалалық) және облыстық деңгейлерде конкурстар мен жарыстарды ұйымдастыру және өткізу ұсынылады:

1) Алғыс күніне арналған «Ризашылық-қайырымдылық бұлағы» жалпы ұлттық мәдени – білім беру жобасы шеңберінде:

– жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың тәрбиеленушілері арасындағы «Қазақстан – менің алтын бесігім» балалар фестивалі номинациясы бойынша: «Татулықтың тұтқасы – бірліктің бесігі» халық билері байқауы; «Жүрек жылуы» байқауы; «Ризамын халқыма!» вокалистер байқауы;

- жалпы білім беретін мектеп оқушыларының арасында «Ұшқыр ой алаңы» атты пікір-сайыс турнирі. Турнир дебаттық қозғалыс мүмкіндіктерін кеңейту арқылы білім алушылардың әлеуметтенуі мен өзін-өзі дамыту міндеттерін шешуге бағытталған;

- ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар арасындағы «Шексіз шығармашылық» байқауы;

2) «Драмалық спектакль; «Музыкалық спектакль» (опера, оперетта, мюзкл, балет, данс-спектакль және т. б.); «Әәдеби-музыкалық композиция»; «Қуыршақ спектаклі»;

3) жас өлкетанушылар, экологтар мен натуралистер форумы «Табиғатты аяла» номинациялары бойынша: «Туған өлкені зерттейміз», «Жасыл экономика», «Денсаулық және қоршаған орта» зерттеу жобаларының конкурсы; «Экоәлем» Экологиялық жұмыс туралы бейнеролик; «Жасыл оазистер» экодизайнерлер байқауы;

4) «Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы балалар шығармашылығының көрме-конкурсы номинациялар бойынша:

- тоқыма бұйымдарын дайындау: гобелен, кесте, батик, киіз басу, құрақ пластика;

- ағашты, сүйекті, былғарыны көркем өңдеу: көлемді және тегіс ою, ағашқа сурет салу, қабықтан жасалған бұйымдар; инкрустация (сүйек, металл, ағаш);

- шыны көркем өңдеу: витраж;

- металды көркем өңдеу: зергерлік бұйымдар, шағын формадағы мүсін, нақыштау, соғу;

- ағаштан, тастан, саздан (қыш саздан), сабаннан, ағаштан, тоқымадан шағын формадағы мүсіндер жасау;

- ұлттық ою-өрнек элементтерімен халықтық киім үлгісін жасау;

- қағаздан бұйымдар жасау: оригами, аппликация, квиллинг, папье-маше;

5) «Ұлы өнертабысқа алғашқы қадам» атты инновациялық идеялар конкурсы номинациялар бойынша:

- автокөліктің қолданыстағы модельдерін әзірлеу саласында техникалық құрастыру (автобустар, жеңіл көлік, жүк көлігі, арнайы техника, жол талғамайтын жерлер және эксперименталды модельдер);

- өнеркәсіп саласындағы техникалық құрастыру (станокты жабдықтар, техникалық ойыншықтарды қоса алғанда, түрлі техникалық объектілердің модельдері, оның ішінде дәстүрлі емес материалдардан (қағаз пластика және т.б.) және эксперименттік үлгілер);

- ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары саласында техникалық құрастыру (тракторлар, комбайндар, тұқым сепкіштер, тиегіштер, іріктегіштер, копнительдер, ауыл шаруашылығы кешендерінің модельдері, эксперименталды модельдер және т. б.);

- әскери техника саласында техникалық құрастыру (танктер, зеңбіректер, бронетранспортерлер, әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдары модельдері, тапаншалардан, автоматтардан, руждардан және т.б. басқа эксперименталды модельдер);

- су көлігі саласында техникалық құрастыру (әуе жастығындағы кемелер, кемелер, яхт, гидробландар, катерлер, қайықтар үлгілері, эксперименталды үлгілер және т.б.);

- құрылыс саласындағы жобалар (тұрғын үйлердің, әкімшілік ғимараттардың, коттедждердің, кешендердің, спорт ғимараттарының, вокзалдардың, порттардың, аэродромдардың, сауда орталықтарының және т. б. макеттері);

- жылу энергетикасын, электр энергетикасын, баламалы энергетиканы (ядролық энергетика және жылуфизика; баламалы және көміртекті емес энергетика) әзірлеу саласындағы жобалар;

- энергия үнемдеу технологиялары; отынды өндіру және қайта өңдеу; радиоактивті қалдықтарды кәдеге жарату және көму технологиясы және т. б.);

- авиация саласындағы жобалар: авиациялық техниканы әзірлеу саласындағы жобалар мен үлгілер (ұшақтар, тікұшақтар, ұшқышсыз ұшу аппараттары, экрандар, гидроұшақтар, амфибиялар және т.б.);

- ғарыш және аэроғарыштық техника саласындағы жобалар: ғарыш техникасын (зымыран жүйелері, ғарыш станциялары, жерсеріктер, аппараттар және т.б.), зымыран жасау (ғарыш кемелері, зымырандар және ілеспе техника) саласындағы жобалар мен үлгілер);

6) «Ақ шағала» хореографиялық фестиваль-конкурсы номинациялар бойынша: халық биі және халық биі (әлем халықтарының биі; қазақ биі); Заманауи би (эстрадалық би, микс-би);

7) «Қазақстан балалары әлемде шексіз!» номинациялар бойынша: деректі (ойын емес) кино – нақты оқиғалардың, адамдардың, жағдайлардың түсірілімдері негіз болатын туынды; ойын кино – сюжеті (ойдан шығарылған немесе нақты) актерлік ойынның, операторлық және режиссерлік өнердің көмегімен жасалатын туынды; STOP-MOTION - STOP – MOTION технологиясында жасалған бейне-сюжеттік туынды. Ролик фотокамераға түсірілген немесе бейнеден таңдалған кадрлар тізбектерінен құрастырылады.

Кадрларда адамдар мен заттар үздіксіз қозғалыс иллюзиясын жасай отырып, шағын қадаммен қозғалады; әлеуметтік жарнама, әлеуметтік ролик – көрермендердің назарын қоғам проблемаларына аудару үшін қысқа жарнамалық хабарлама; анимация – кез келген мультипликациялық техникада – қозғалатын бейнелердің иллюзиясын жасайтын компьютерлік немесе пәндік техникамен орындалған шығарма; көркем авторлық концепциядан тұратын және оны көрсету үшін бейнетехниканың және компьютерлік өңдеудің жаңа құралдарын пайдаланатын бейне-арт – бейнеролик; музыкалық клип -; киножурнал-елдің өмірі, ішкі және халықаралық саяси оқиғалар және т.б. туралы қысқа ақпаратты қамтитын кинохроника түрі; «Ералаш» - әзіл-оспақ бейнеролик;

8) «Менің отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық отрядтарының мына номинациялар бойынша конкурсы: «Туған өлке соқпақтары» іздестіру-зерттеу жобасы; экологиялық экспедицияның есебі; экологиялық соқпақ – қатысушылар экологиялық карта жасайды; «Құрамдастырылған туризм» – қатысушылар кросс-жорық жасайды, оған туристік техника мен тактика, бағдарлау, топография, алғашқы медициналық көмек көрсету, жартасқа өрмелеу және құтқару жұмыстары элементтері кіреді;

9) модельдер сыныптары бойынша техникалық шығармашылық және өнертапқыштық жарыстар (авиа, зымыран, авто және кемемоделдеу): радиобасқаратын автомодельдер, автотрассалық модельдер, авиамоделдер, кемемоделдер, ракетомоделдер;

10) «Шеберлер қаласы: бабалар мұрасын сақтаймыз және көбейтеміз» атты өлкетану сәндік-қолданбалы шығармашылық көрмесі номинациялар бойынша:

- «Тастанды материалдан жасалған бұйымдар»;

- «Табиғи материалдан жасалған бұйымдар»;

- «Тұрмыс үшін креативті дана»;

- «Ұлттық бояуы бар интерьердің ерекше дизайны-жобасы: үйлер, бөлмелер, саяжайлар, ландшафт және т.б.»;

- «Матаны қолданып жасалған бұйым (құрақ техникасы, жұмсақ ойыншық және т.б.)»;

- «Аймақтың көркем және халықтық кәсіпшілігі».

Облыстық, қалалық (Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент) конкурстардың, көрмелер мен жарыстардың жеңімпаздары білім басқармаларының өтінімдері негізінде Республикалық маңызы бар іс-шараларға қатысады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   257




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет