Балалардың қауіпсіз және жайлы тіршілік әрекеті жағдайларын жақсарту
Баланың өмірі мен денсаулығын қорғау – білім беру ұйымының негізгі міндеті. Балалар үшін қауіпсіз жағдайлар мынадай НҚА-ге сәйкес жасалады:
- «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V Заңы (2020.07.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен);
- «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі N 416-I Заңы (2018.12.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен).
Қауіпсіз білім беру ортасын құру үшін:
- материалдық-техникалық базаны нығайту;
- өртке қарсы және күзет жабдықтарымен, бейнебақылау камераларымен жабдықтау;
- өрт қауіпсіздігі ережелерін және қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау;
-санитариялық қағидалар талаптарына сәйкестендіру;
-қауіпсіз мінез-құлық негіздері бойынша педагогтердің құзыреттілік деңгейін арттыру (нұсқаулықтар, тренингтер, стендтік ақпарат, әңгімелесулер және т. б.);
- қауіпсіз білім беру ортасын құруға ата-аналарды тарту;
- балаларға мектепте, үйде, көшеде қауіпсіз мінез-құлық негіздерін үйрету үшін заттық-дамытушы орта құру (жол қозғалысы ережелері, балалар әдебиеті, демонстрациялық материал және т. б.) қажет.
Оқыту құралдары бейнероликтер, мультфильмдер, практикалық сабақтарға арналған көлік алаңы, жол белгілері, құтқару қызметінің телефондары бар карточкалар (101, 102, 103), плакаттар, иллюстрациялар, жеке жұмыс үшін карточкалар, ата-аналарға арналған консультациялар циклі және т. б. болуы мүмкін.
Барлық бұқаралық іс-шаралар қауіпсіздікті қамтамасыз ету жағдайларын аймақтың ІІД-мен, ата-аналармен алдын ала келіскеннен кейін жүргізіледі, ал қаладан (ауданнан) шығуға байланысты іс-шаралар ЖПҚ-мен келісіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |