Оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде



бет206/257
Дата30.01.2022
өлшемі2,62 Mb.
#116234
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   257
Байланысты:
Әдістемелік нұсқау хат

«АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ» БІЛІМ САЛАСЫ
«Адам және қоғам» білім саласы «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы», «Құқық негіздері», «Өзін-өзі тану» пәндерін қамтиды.

Жалпы орта білім беру деңгейіндегі тарих пәні өткен тарихты ұғыну және қазіргі әлемде өз орнын, азаматтық ұстанымы және оқиғалар мен құбылыстарға деген қарым-қатынасын анықтап, олардың мәні мен бағытын түсіну арқылы тұлғаның тарихи санасын қалыптастыруға бағытталған.

Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуының басты алғышарттарының бірі – азаматтардың құқықтық білімін жетілдіріп, құқықтық сана, құқықтық сауаттылық пен мәдениениетінің қалыптасуы. Азаматтардың құқықтық санасы қалыптасу үшін құқықтық білімді игеру қажет. Сондықтан жалпы білім беретін мектептерде «Құқық негіздері» пәнін оқыту оқушылардың, қазіргі қоғамдағы құқықтық және саяси қатынастардың субъектісі ретінде, өз құқытары мен міндеттемлерін жүзеге асыру үшін қажетті білім мен дағдыларды игеруге бағытталған.

2020/2021 оқу жылында 10-11-сыныпта «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы» оқу пәндері бойынша оқу процесі «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 352 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 7 наурыздағы № 105бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламаларымен жүзеге асырылады:

- жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақстан тарихы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы;



- жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Дүниежүзі тарихы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы;

- жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Дүниежүзі тарихы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы.

«Құқық негіздері» оқу пәні бойынша оқу процесі «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 352 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламаларымен жүзеге асырылады:

- жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Құқық негіздері» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы;

- жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Құқық негіздері» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы.

Жалпы орта білім беру деңгейінің жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламалары Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының сайтында орналастырылған (https://www.nao.kz/



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   257




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет