Оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде


Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде орта білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар



бет28/257
Дата30.01.2022
өлшемі2,62 Mb.
#116234
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   257
Байланысты:
Әдістемелік нұсқау хат

Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде орта білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар (ҚР БҒМ 13.08.20ж №345 бұйрығымен бекітілген)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыруға жөніндегі осы Әдістемелік ұстаным (бұдан әрі – Әдістемелік ұсынымдар) қашықтан оқытуды ұйымдастырудың оңтайлы жағдайларын және орта мектепте жаңа оқу жылының ұйымдастырылған басталуын қамтамасыз ету мақсатында жасалынған.

2. Орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру нысаны санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға байланысты анықталады:

1) Жалпы орта білім беретін мектептердің 1-4 сынып оқушыларына әр сыныпқа 15 балаға дейін кезекшілік сыныптар ашуға рұқсат етіледі. Мектептерде тиісті жағдайлар болған жағдайда, ата-аналардың немесе балалардың заңды өкілдерінің өтініші бойынша білім алушылар қабылданады.

2) 5-тен 180 адамға дейін контингенті бар шалғайдағы ауыл мектептерінде, санитариялық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтай отырып, сыныптарда балалар саны 15 адамға дейін штаттық режимде оқыту жүзеге асырылады.

3)Халықтың сырқаттанушылық деңгейінің тұрақты төмендеуіне байланысты санитарлық талаптарды сақтай отырып, мектептердің аралас және штаттық оқыту форматтарына біртіндеп көшуі жүзеге асырылады. Жоғарыда көрсетілген форматқа бірінші болып 1-4 сынып оқушылары санитарлық қауіпсіздіктің қатаң шараларын сақтай отырып көшеді. Мектепалды, 5-11 сыныптар қашықтан оқытуды жалғастырады. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдай одан әрі тұрақты жақсарған жағдайда мектепалды, 5-11 сынып білім алушылары қатаң санитариялық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, штаттық режимге көшеді.

4) Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттарда (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға) ата-аналардың өтініштері негізінде, тиісті жағдайлар болған жағдайда, қатаң санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, барлық сыртқы байланыстарды шектей отырып, жабық режимде жұмыс ұйымдастырылатын болады.

5) Мектеп қашықтан оқытудан штаттық режимге ауысқан кезде білім алушылар ата-аналарының қалауы бойынша қашықтан оқытуды жалғастыруы мүмкін. Ол үшін ата-аналар 1-қосымшада ұсынылған үлгі бойынша өтініш беруі керек.

3. 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін мектептерде мәдени-бұқаралық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар толығымен тоқтатылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   257




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет