Оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде


Мектепалды даярлық сыныптарында білім беру процесін жоспарлау



бет67/257
Дата30.01.2022
өлшемі2,62 Mb.
#116234
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   257
Байланысты:
Әдістемелік нұсқау хат

Мектепалды даярлық сыныптарында білім беру процесін жоспарлау


Білім беру процесі:

- өтпелі тақырыптар негізінде перспективалық жоспарға;

- апталық циклограммаға;

- мониторингке (бастапқы, аралық және қорытынды) «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының – www.rc-dd.kz. сайтында орналастырылған «Мектеп жасына дейінгі балалардың біліктері мен дағдыларының дамуына мониторинг жүргізудің әдістемелік ұсынымдарына» сәйкес іске асырылады.



Перспективалық жоспар өтпелі тақырыптар негізінде оқу жылына құрылады.

Педагог өтпелі тақырыптарды таңдауда өңірлік ерекшеліктерге, балалардың жастарына бағдар жасай отырып, шығармашылық құзыреттілігін танытады, тізбеден өтпелі тақырыптарды анықтайды немесе таңдайды. Жоспарланатын өтпелі тақырыптар, олардың реті мен саны Педагогикалық кеңесте қаралады және бекітіледі. Педагог-мамандар (қазақ, орыс тілдері мұғалімдері, дене шынықтыру нұсқаушысы және т.б.) бекітілген өтпелі тақырыптарға сәйкес перспективалық жоспар құрады.

Перспективалық жоспарға сәйкес әр аптаға циклограмма құрылады, ол білім беру салаларымен («Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет») кіріктіріліп, өтпелі тақырыптар негізінде іске асырылады.

Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген 4 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған "Интеллектум-балабақша" дидактикалық интеллектуалдық-дамытушылық ойындар кешенін пайдалану ұсынылады. 4-тен 6 жасқа дейінгі балалардың қызығушылықтарына, жасына, қабілеттері мен қажеттіліктеріне сәйкес пайдаланылатын зияткерлік-дамыту ойындары мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беру бағдарламаларында көрсетілген нәтижелерге бағдарланған (Ресурстарға сілтеме https://youtu.be/DA6xyYRnZO0).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   257




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет