Оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде



бет102/202
Дата07.12.2022
өлшемі6,44 Mb.
#161772
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   202
Байланысты:
Әд нұс 20-21


Әрбір деңгей бойынша күтілетін нәтижелер жаңартылған білім беру мазмұнының ағылшын тілінің оқу бағдарламасы бойынша ағылшын тілін білу мен меңгерудің талап етілетін деңгейі ағылшын тілін халықаралық меңгеру талаптарына сай келетінін растайды.


Үш тілде білім беру




Мақсатты тілдер тілді деңгейлік оқытуға сәйкес оқытылады, яғни шетел тілдері мақсатты тілдер ретінде CEFR шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттілігі бойынша Тілдерді оқытудың деңгейлік моделі негізінде оқытылады


9 -сынып
Білім алушылар:
- кеңейтілген сөйлесулер мен мәтіндердегі негізгі сәттерді, нақты ақпаратты және бөлшектерді түсінеді;
- кешенді сұрақтар қоя алады, өз көзқарасын түсіндіре және негіздее алады;
- әртүрлі ұяшықтарды пайдалана отырып, мәтіндік деңгейде когерентті хат жаза алады



Оқу пәндері

Сыныптар

5

6

7

8

9

1

Қазақ тілі (Т1)

Оқыту тілі

2

Қазақ тілі мен әдебиеті (Т2)

В1-В2

3

Орыс тілі (Я1)

Оқыту тілі

4

Орыс тілі және әдебиеті (Я2)

В1-В2

5

Ағылшын тілі (L3)

А2

В1

6

Француз тілі (L3)

А1

А2

7

Неміс тілі (L3)

А1

А2



Тілдерді деңгейлік оқыту төрт қызмет түрі бойынша: тыңдау, сөйлеу, оқу және жазу дағдыларын дамытуды көздейді.
Үш мақсатты тілді оқытудағы әдіснамалық көзқарас негізделген:


1. Коммуникативтік тәсіл грамматикалық ережелерді өзге тілде қарым-қатынасқа түсу барысында ғана қолдануға бағыттайды. Коммуникативтік құзыреттілік тілді әртүрлі мақсаттар мен функциялар үшін қолдана білу, әр түрлі типтегі және сипаттағы мәтіндерді оқи алу, түсіну және құрастыра білу, лексикалық және грамматикалық база шектеулі болса да қарым-қатынасқа түсіп, сөйлесе алу дегенді қамтиды.
Коммуникативтік тәсіл, ең алдымен, тілдік құрылымдардың дұрыстығына емес, диалогты дамытудың ықтимал нұсқаларын ұғыну, жалпы коммуникативтік мақсатқа жету, бейнелеп айту дағдысын дамыту сияқты параметрлерге негізделеді. Мұндай оқытуда мұғалім көмек беруші ретінде болады.
Осылайша, білім алушы тіл туралы білімді ғана емес, сонымен қатар қоғамда өзін үстауды, оқытылатын тіл елінің мәдениетінің нормалары сияқты әлеуметтік-мәдени компонентті де меңгереді. Бұл оған тіл тасымалдаушыларымен сөйлесу барысында оларды дұрыс түсінуіне мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   202




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет