Оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде


«Қазақ әдебиеті» (оқыту қазақ тілінде)



бет81/202
Дата07.12.2022
өлшемі6,44 Mb.
#161772
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   202
Байланысты:
Әд нұс 20-21

«Қазақ әдебиеті» (оқыту қазақ тілінде)
Негізгі орта білім беру деңгейінің жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламалары Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының сайтында орналастырылған (https://www.nao.kz/Білім беруді оқу-әдістемелік қамтамасыз ету/Оқу бағдарламалары/Негізгі орта білім беру деңгейінің жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламалары. Қазақ әдебиеті).
Білім мазмұнын ұйымдастырудағы ерекшеліктер:
5-9-сыныптарда оқу процесі «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрі м.а. 2017 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрығымен (ҚР Әділет министрлігінде 2017 жылы 13 қарашада № 15982 тіркелген) бекітілген «Негізгі орта білім беру деңгейінің «Қазақ әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасымен» жүзеге асырылады.


Назар аударыңыз!
«ҚР Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 26 шілдедегі № 334 бұйрығы бойынша 9-сыныпқа арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасында К.Гамсунның «Аштық» романының орнына Қажығали Мұхамбетқалиевтің «Тар кезең» романы енгізілді.
«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша оқу бағдарламасының мақсаты – оқушыларды шығармашылық ойлауға бағыттау, олардың өз ойларын ауызша еркін жеткізуіне және жаза білуіне қолдау көрсету, дәлелдер келтіру, салыстыру және талдау, бағалау дағдыларын қалыптастыру.
Жалпы білім беретін мектептерде әдебиетті оқытуда қазақ әдебиетінің мазмұнын, стилін, идеяларын және жанрын бағалай білуге, талдау жасауға, шығармашылық ойлау дағдыларын дамытуға баса назар аударылады.
Пәннің оқу бағдарламасы «шиыршық» қағидаты негізінде әзірленген, яғни оқу мақсаттары мен тақырыптардың басым көпшілігі белгілі бір оқу кезеңінен кейін (оқу жылы барысында немесе келесі сыныптарда) білім мен дағдының көлемі көбірек, тереңірек, күрделірек деңгейде қайта қарастырылады.
Әр сынып бойынша дағдыларды қалыптастырып, дамыту үшін оқу мақсаттарының жүйесі берілген.
Ұзақ мерзімді жоспар оқу бағдарламасының құрамына енгізілді және ұзақ мерзімді жоспарда әр сынып бойынша қамтылатын шығармалар, сағат саны, оқу мақсаттары нақты көрсетілді.
«Қазақ әдебиеті» пәнін оқытудың мақсаты – оқушылардың бойында гуманистік, адамгершілік-эстетикалық, ұлттық құндылықтарды тәрбиелеу; ұлттық әдеби туындылармен қатар әлем әдебиеті туындыларымен таныстыру; көркем шығарманы тануда қажетті біліммен қаруландыра отырып, шығарманы мазмұн мен түр бірлігінде көркемдік тұтастық пен көркемдік бейнені талдау, жинақтай білу, шығарма идеясын, жазушы ұстанымын бағалай білу дағдыларын қалыптастыру.
«Қазақ әдебиеті» пәні әдебиетті өнердің басқа салаларымен (кескін, театр, кино, музыка) салыстыра қарастырып, өз ойын еркін, дәлелді, сараптай, салыстыра отырып жеткізе білетін тұлғаның қалыптасуына үлес қосады. Сонымен қатар әдебиетті «Қазақ тілі», «Тарих», «Орыс әдебиеті», «География» пәндері, мәдени, қоғамдық және тәрбиелік шаралармен байланыстыра отырып, жүзеге асыру көзделеді.
Негізгі орта білім берудің (жаңартылған мазмұнның) үлгілік оқу жоспарына сәйкес оқу жүктемесінің көлемі:
1) 5-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;
2) 6-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;
3) 7-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68сағат;
4) 8-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;
5) 9-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат.
«Қазақ әдебиеті» пәнінің оқу бағдарламасы үш негізгі дағдыны басшылыққа алады:

  1. түсіну және жауап беру;

  2. анализ және интерпретация;

  3. бағалау және салыстыру.

«Түсіну және жауап беру» бөлімі аясындағы бөлімшелер білім алушылардың төмендегі дағдыларды үйренуіне мүмкіндік береді:
- көркем шығарманың мазмұны мен пішінін анықтау және талдау;
- әдеби шығарманың тұжырымдамасын айқындай білу;
- көркем шығармадағы образды ашу және сипаттау;
- шығарма үзінділерімен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
«Анализ және интерпретация» бойынша:
- әдеби шығарманың композициясын, композициялық амал-тәсілдерді талдау;
- шығармадағы автор бейнесін анықтау, оның рөлін талдау;
- көркем шығарманың тілін, көркемдегіш құралдардың қолданысын талдау;
- көркемдегіш құралдарды пайдалана отырып, шығармашылық жұмыс жазу.
«Бағалау және салыстыру» бойынша:
- шығарманың тарихи және көркемдік құндылығына баға беру;
- әдеби шығармаларды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру;
- шығарманың құндылығын талдап, әдеби эссе жазу;
- әдеби шығармаларды талдап, салыстыра отырып, сыни шолу және сыни мақала жазу дағдыларын дамыту.
Қазақ әдебиеті туындылары жасөспірімдердің рухани қажеттіліктері мен даму мүмкіндіктеріне сәйкестендіріле, қазақша ойлау және сөйлеу, жазу, тыңдағанын түсіну, монолог, диалог, пікірталас жасау дағдыларын қалыптастырып, талдап, тану негізіне сәйкес құрылған.
Үлгілік бағдарламада көркем шығарма санының аз болуы ұлттық құндылықтарымыздың оқушы бойына сіңірілуіне еш кедергі келтірмейтінін, ғылыми таным мен түсінік, салт-дәстүр мен ұлттық сана әдеби туындыларды талдап, зерделеп және бағалап, зерттей оқу арқылы ғана көңілге тоқылатынын ескеру керек.
Қазақ әдебиетінің әр кезеңінде жазылып, өзінің көркем құндылығын жоғалтпай келе жатқан туындылармен танысу арқылы оқушы әдеби талдау, сыни ойлау қабілеттеріне ие болып, шығармашылдық ізденіске қадам басады. Оқу мақсаттары белгілі бір тарау бойынша ұзақ мерзімді жоспарда көрсетілген тізімге сай жүзеге асады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   202




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет