ОҚу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесін


Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы



Pdf көрінісі
бет14/50
Дата06.12.2019
өлшемі3,46 Mb.
#53115
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   50
Байланысты:
ИМП-каз-сонгы-15.07


Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



базалық деңгейдегі жауапқа 1-6 балл; 

жоғары деңгейдегі жауапқа 7-10 балл. 



Базалық деңгей: 

-  Қазақстан  тарихындағы  негізгі  фактілерді,  құбылыстар  мен 

процестерді білуі, тарихи оқиғаларды уақыт шеңберімен баяндай алуы.  

Жоғары деңгей: 

- қосымша тарихи, хронологиялық, картографиялық деректер негізінде 

қоғамдық-саяси  жағдайды  сипаттау,  тарихи  оқиғаларды  талдау,  жүйелеу, 

себеп-салдарлық байланыстарды анықтау; 

- жинақтау, бағалау негізінде ой қорытынды жасау. 

Тарихи карталармен, терминологиямен жұмыс және тарихи тұлғаларды 

сиптаттау  барысында  билеттің  3-сұрағын  максималды  10  балмен  бағалауға 

келесі талаптар қойылады: 

-  тарихи картадан оқиғалар мен нысандарды көрсету; 

-  тарихи  фактілерді,  құбылыстар  мен  процестерді  тірек-сызбаларға 

түсіру, хронологиялық тізбек құру; 

-  тұлғаға  тарихи  сипаттама  беру  және  оның  тарихта  алатын  орнын 

бағалау; 

-  иллюстративті материалдар арқылы оқиға желісін баяндау.  

 

20-кесте – Бағалау критерийлері 



 

№ 

Критерийлер 



Балдары 

Жалпы білім деңгейі 



1 балл 

Нақты проблеманы білу және тарихи дереккөздерді пайдалану 



5 балл 

Логикалық және талдамалық ойлауы және баяндау стилі 



2 балл 

Тарихиматериалдыашудағдылары 



1 балл 

Сындарлы тұжырымдар мен қорытындылар жасау мүмкіндігі 



1 балл 

 

 



Ескерту: Билеттің әрбір 3 сұрағына жауап 10 (он) балмен бағаланады. 

Жалпы алғанда, 3 сұрақтың ең жоғары жиынтық балы 30 балды құрайды.  

Сұрақтарға  жауап  беру  барысында  жинақтаған  балды  бес  балдық 

бағалау жүйесіне ауыстыру шкаласы төменде көрсетілген.  



 

21- кесте – Есептеу шкаласы 

 

Бағалаудың  бес  балдық  жүйесі 



бойынша баға 

«2» 


«3» 

«4» 


«5» 

Жалпы балл 

0-4 

 

5–16 



17–24 

25–30 


Емтихан  жұмысының  ұзақтығы  сыныптағы  білім  алушы  санына 

(параллелдердегі) байланысты.  

Емтиханда  заманауи  техникалық  құралдар  мен  құрылғыларды 

қолдануға  тыйым  салынады.  Барлық  қосымша  қажетті  материалдарды 

(карталар, сызбалар, кестелер және т.б.) мұғалім дайындайды.  


105 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



«Қазақстан  тарихы»  пәні  бойынша  ұсынылатын  сайттар: 

http://www.tarih-begalinka.kz

http://www.e-history.kz



http://bilimsite.kz/tarih/

http://testcenter.kz/entrants/for-ent/



.  

«Дүниежүзі тарихы» пәнінен ұсынылатын сайттар:  

http://www.world-history.ru

http://historic.ru



http://historyatlas.narod.ru

http://testcenter.kz/entrants/for-ent/.



 

Сыныптан  тыс  оқу-тәрбие  жұмыстары  білім  алушыларды  қоғамдық  

өмірге  бейімдейтін,  жұмыс  тәжірибесін  жинақтайтын,  жаңа  жағдайдағы 

қарым-қатынасқа үйрететін, қызығушылықтар мен талаптарды іске асыратын 

әлеуметтік ортаның бір бөлігі болып табылады:  

«Тарих» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және 

жоспарлау  барысында  2019-2020  оқу  жылында  мерекеленетін  мерейтойлық 

шараларға көңіл бөлу ұсынылады:  

1.  Ұшқыш-шабуылдаушы, Кеңес Одағының Батыры Нүркен Әбдірұлы 

Әбдіровтің туғанына 100 жыл. (1919 жыл.9 тамыз); 

2.  Мемлекет  және  қоғам  қайраткері  Тұрар  Рысқұловтың  туғанына 

125 жыл. (1894 жыл.26 желтоқсан); 

3.  Республикалық  «Казахстанская  правда»    газетінің  шыққанына 



100 жыл. (1920 жыл.1 қаңтар); 

4.  Кеңес 

Одағының  Батыры,  «Ленин»  ордені  мен  бірқатар 

медальдардың  иегері  Сұлтан  Біржанұлы  Баймағамбетовтың  туғанына    100 



жыл. (1920 жыл.1 сәуір); 

5.  Қазақтың  ұлы  ақыны,  ағартушы,  ойшыл,  жазба  қазақ  әдебиетінің, 

қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси 

қайраткер Абай Құнанбайұлының туғанына 175жыл. (1845 жыл.10 тамыз); 

6.  Ұшқыш-шабуылдаушы,  КСРО  еңбек  сіңірген  әскери  ұшқыш,  екі 

мәрте  Кеңес  Одағының  Батыры,  «Ленин»,  төрт  мәрте  «Қызыл  Ту», 

«Александр  Невский»,  I  дәрежелі  «Отан  соғысы»,  «Қызыл  Жұлдыз» 

ордендері  мен  бірқатар  медальдардың  иегері  Леонид  Игнатьевич  Беданың 

туғанына 100 жыл. (1920 жыл.16 тамыз); 

7.  Кеңес 

Одағының  Батыры,  «Ленин»  ордені  мен  бірқатар 

медальдардың  иегері  Төлеген  Тоқтаровтың  туғанына  100  жыл.  (1920 

жыл.19 желтоқсан); 

8.  Иса  Тілембайұлы  және  Досан  Тәжиев  бастаған  Патшалық  Ресейге 

қарсы ұйымдастырылған Ұлт-азаттық көтеріліске 150 жыл. (1870 жыл). 

Мектепте  сыныптан  тыс  жұмыстар  төмендегі  шаралар  арқылы  жүзеге 

асады: 

-  базалық  кәсіпорындарда,  табиғат  аясында,  мәдени  мекемелерде, 



мұражайларда мектептен тыс сабақтар ұйымдастыру; 

- таңдауы бойынша еркін сабақтар, оқу пәндері бойынша сайыстар мен 

олимпиадалар жүргізу; 

- оқу бағдарламаларына сай қосымша арнаулы сабақтар өткізу; 

- кіріктірілген және пәнаралық оқу сабақтарын жүргізу және т.б. 

Сыныптан  тыс  жұмыстар  білім  алушылардың  пәнге  деген 

қызығушылығын  арттырып,  алған  білімдерін  тереңдетіп,  өздігінен  іздене 


106 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



білуге  үйретеді.  Сонымен  қатар,  теориялық  білімін  кеңейтіп,  толықтыра 

түседі және білім алушылардың жеке қабілетін дамыта түседі. 



  

Өзін-өзі тану 

 

«Өзін-өзі тану» пәнін оқытуда оқушылардың жас ерекшеліктеріне орай 



мектептің  жоғары  сатысындағы  11  сыныптың  базалық  мазмұнында  негізгі 

төрт  тарауды  қамтиды:  «Таным  тағылымдары»;  «Адам  болам  десеңіз...»; 

«Жарасымды өмір салтанаты»; «Кең дүние келбеті». 

Оқу  пәні  бойынша  оқу  жүктемесінің  көлемі:  аптасына  1  сағат,  бір 

жылға 34 сағат.  

Оқушылардың  білімін  бағалау.  Оқушылардың  білім  сапасын  бағалау 

Жалпы  білім  беретін  мектептің  «Өзін-өзі  тану»  пәні  бойынша  1-11 

сыныптарына 

арналған 

оқу 


бағдарламаларындағы 

11-сынып 

бағдарламасында 

белгіленген 

«Оқушылардың 

дайындық 

деңгейіне 

қойылатын  талаптар»  негізінде  жүргізіледі.  Бұл  талаптар  оқушылардың 

өмірде  жалпыадамзаттық  құндылықтарға  сүйенуге  талпыну  және  қоғамға 

қызмет  ету  дағдыларын  жетілдірудегі  танымдық  әрекеттерін  дамытуды 

саралауға  (мониторингіне)  қызмет  етеді.  Адамгершілік-рухани  білім  беру 

ерекшеліктеріне  сай  сандық  емес,  сапалық  бағалау  маңызды,  сондықтан  әр 

жартыжылдық қорытындыда «сынақ» деген баға қойылады. 

Оқушы  11-сынып  бағдарламасындағы  «Оқушылардың  дайындық 

деңгейіне  қойылатын  талаптардың»  жалпы  көлемінің  кем  дегенде  2/3 

бөлігіне сай өз жетістігін көрсете алса, онда «сынақ» деген баға қойылады. 

  

 

 «ТЕХНОЛОГИЯ» БІЛІМ  САЛАСЫ 



 

«Технология»  пәні  білім  алушылардың  өзіндік  еңбек  өміріне 

дайындалуларына,  олардың  жасампаз  және  қайта  құрылу  саласына 

байланысты, кәсіби тұрғыдан өзін-өзі анықтауға мүмкіндік береді. 

11-сыныптарда  пәнді  оқытудың  мақсаты  –  техника  мен  технология 

саласында  білім  алушылардың  функционалдық  сауаттылығын  қамтамасыз 

ету,  әр  түрлі  қызмет  түрлеріне  (білім  беру,  зияткерлік,  кәсіби)  бейімделу 

үшін технологиялық білім, білік және дағдыларды меңгерту арқылы жоғары 

сынып білім алушысының тұлғасын қалыптастыру, технологиялық ойлауды, 

орындалған жұмысқа шығармашылық көзқарасын дамыту. 

Мақсатқа сәйкес келесі оқыту міндеттері анықталған: 

– техника, технология және заманауи өндіріс негіздерінен жүйеленген 

білімді қалыптастыру; 

–  құрылымдық  материалдарды  өңдеу  технологиясы,  жобалау  іс-

әрекеттерін  іске  асыру  бойынша  жалпы  еңбектік,  жалпы  өндірістік  және 

арнайы біліктер мен дағдыларын қалыптастыру; 

–  технологиялық  ойлау  қабілетін  және  еңбекке  деген  шығармашылық 

көзқарасын дамыту; 


107 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



–  оқып  жүрген  технологиялармен  байланысты  мамандықтар  әлемі, 

еңбек нарығындағы олардың талап етілуі туралы түсініктерін қалыптастыру, 

өзінің  өмірлік  және  кәсіби  жоспарларын  саналы  түрде  анықтауына  ықпал 

ету; 


– еңбек ету және кәсіби іс-әрекеті үрдісінде эстетикалық, адамгершілік, 

экономикалық, экологиялық, дене және құқықтық тәрбие беру; 

–  білім  алушылардың  Қазақстан  халықтарының  ұлттық  мәдениетіне, 

салт-дәстүрлеріне деген құрмет көзқарасын қалыптастыру. 

«Технология»  пәнін  оқыту  барысына  азаматтардың  әлеуметтік 

тәжірибесініңбарлық  төрт  компоненті  кіреді:  танымдық  қызмет  тәжірибесі 

(түрлі  облыстағы  ақиқат  туралы  білімі),  танымал  қызмет  тәсілдерінорындау 

тәжірибесі, 

шығармашылық 

қызмет 


тәжірибесі 

мен 


нысандарға 

эмоционалды-құндылықтар  қатынасы  және  адам  қызметіне  арналған 

тәжірибе  құралдары.  Бұл  барлық  компоненттер  оқу  курсының  мазмұнында 

бар. 


Технологиялық  дайындықты  ұйымдастырудың  әдістері  мен  түрлерін 

білім  алушылардың  оқу-еңбек,  қызмет  көрсету  іс-әрекеттеріне  араласуға 

дайындығының деңгейіне байланысты анықтайды. 

Сабақтарды  өткізу  барысында  «Технология»  пәнін  оқытудың 

дидактикалық талаптарын сапалы іске асыруға ықпал ететін заманауи оқыту 

технологиялары,  ұйымдастыру  әдістері,  оқу  процестерін  қадағалау  және 

білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары қолданылады.  

Басым  әдістерге  –  жаттығу,  практикалық-оқу  жұмыстары,  жобалау 

әдістері  жатады.  Оқу  жылының  соңында  орындаған  жобаларына  қорғау 

ұйымдастыру  ұсынылады.  Жобаларды  білім  алушылар  жеке  немесе  топ 

болып орындай алады. 

11-сынып  білім  алушыларымен  кәсіби  бағдарлау  апталықтарын  өткізу 

барысында  кәсіби  шешім  қабылдауға  дайындығын  қалыптастыратын, 

сонымен қатар жұмысқа орналасу немесе білім алу траекториясының негізгі 

және  қосымша  (ықтималды)  нұсқаларын  таңдаудың  қажеттілігі  туралы, 

кәсіптік  ұтқырлық  және  бәсекелестікке  дайын  болуы  қажет  екендігі  туралы 

ой салатын тренинг сабақтар өткізу тиімді болып табылады. 

Сабақтарда  тұлғаның  жеке  қасиеттерін  және  зерттеушілік  дағдыларын 

дамытуға  бағытталған  мақсаттар  жүзеге  асырылады,  бұл  мақсаттар  оқылатын 

тақырыптар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында орындалады.  

«Технология» пәнінің мазмұнында мәдениет сабақтастығы принципіне 

сәйкес  адамгершілік  пен  ұлттық  мәдени  құндылықты  қалыптастыратын, 

соның  ішінде  адам  өмірі  мен  қоғамн  негізі  әрекетінің  құндылығы  болып 

саналатын еңбек құндылығы басты орын алады.  

11-сынып  қыз  балаларға  келесі  бөлімдер  бойынша  тақырыптар 

ұсынылады (22-кесте).  

 

22-кесте  –  11-сыныптағы  қыз  балаларға  арналған  бөлімдердің 



тақырыптары 

 


108 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



Ауыл мектептерінде 

Қала мектептерінде 

1. Тағам әзірлеу технологиясы.  

2.  Құрастыру,  моделдеу  және  иық  киім 

өнімдерін  жасау.  Қазақтың  ұлттық  киімін 

тігіп дайындау.  

1. Тағам әзірлеу технологиясы.  

2.  Құрастыру,  моделдеу  және  иық  киім 

өнімдерін  жасау.  Қазақтың  ұлттық  киімін 

тігіп дайындау.  

 

Қолөнер 



кәсібі 

әрбір 


халықтың 

мәдениетінің 

материалдық 

тасымалдаушысы  болып  табылады.  Сондықтан  білім  алушылардың  еңбек 

пен  технологиялық  мәдениетін  қалыптастыру,  оны  тұлға  ретінде 

еңбекқорлық,  азаматтық  және  патриоттық  қасиеттерге  тәрбиелеу  және 

мектеп  бітірушілердің  еңбек  нарығы  жағдайында  кәсіби  өзін-өзі  анықтауы 

мақсатында  технология  сабағында  көпғасырлық  халықтық  және  ұлттық 

қолөнерлерді міндетті түрде оқыту мен қолдануға назар аудару ұсынылады. 

Сабақтың,  сабақтан  тыс  және  сыныптан  тыс  іс-шаралардың  тәрбиелік 

мақсатын  «Рухани  жаңғыру»  бағдарламасымен  ұштастырып  жүзеге  асыру 

ұсынылады. 

«Технология» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру 

және  жоспарлау  барысында  2019-2020  оқу  жылында  мерекеленетін 

мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады. 

11-сыныптарда  «Технология»  пәні  бойынша  оқу  жүктемесінің  көлемі 

әрбір сыныпта  аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты құрайды.  

 

«ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ» БІЛІМ САЛАСЫ 

 

Дене шынықтыру 11-сыныптар 

Дене  шынықтыру  оқу  пәні  ретінде  жалпы  білім  беретін  мектепте 

маңызды  рөль  атқарады,  жалпыадамзаттық  мәдениет  саласында  белсенді 

шығармашылық  түрде  өзін-өзі  жүзеге  асыруға  дайын  тұлға  қалыптастыруға 

мүмкіндік береді. 



Оқыту мақсаты:  

– өз денсаулығына ықтиярлықпен қарау, оны нығайту мен ұзақ мерзім 

сақтай білу қажеттілігін тәрбиелеу; 

– физикалық және психикалық қасиеттерінің толық дамуын; 

–  салауатты  өмір  салтын  ұйымдастыруда  дене  тәрбиесі  құралдарын 

шығармашылықпен қолдану. 



Оқыту міндеттері: 

–  денсаулықты  нығайту,  ағзаның  қызметтік  мүмкіндіктерін  арттыру 

және негізгі физикалық (дене) қасиеттерін дамыту; 

– базалық спорт түрлерінің техникалық-тактикалық іс-қимыл әдістерін 

жетілдіру; 

–  денсаулығын  ұзақ  мерзім  сақтау  және  нығайту  қажеттілігіне,  өз 

денсаулығына ықтиярлықпен қарауға тәрбиелеу;  

– дене шынықтыру және спорт туралы, олардың тарихы, қазіргі дамуы 

мен  салауатты  өмір  салтын  қалыптастырудағы  рөлі  туралы  білімдерін 

шыңдау; 


109 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



–  тұлғаны  оң  қасиеттерге  тәрбиелеу,  оқу  және  жарыс  әрекеттерінде 

ұжымдық іс-қимыл мен ынтымақтастық межелерін сақтау. 

Оқу  бағдарламасы  екі  бөлімнен  тұрады:  «Дене  шынықтыру  туралы 

білім»  (ақпараттық  компонент),  «Дене  бітімін  жетілдіру  және  шеберлік» 

(әрекеттік компонент). 

Вариативті  компонент  дене  шынықтыру  мұғалімі  оқу  процесінің  сан 

алуан  түрлерін  қолдануға  және  оқытудың  заманауи  әдістері  мен 

педагогикалық 

технологияларын 

енгізуге 

бағдарлайды. 

Вариативті 

компонент  мектептің  тұрған  орны,  материалдық  базасы  мен  аймақтың 

орналасу  ерекшеліктерін,  мұғалімнің  мүмкіндіктері  мен  оқушының 

қызығушылықтарын 

ескеру 


қажеттілігіне 

негізделгендіктен, 

оқу 

материалдарын  жергілікті  білім  беру  мекемелері  ұсынады  және  оны  дене 



шынықтыру мұғалімі әзірлейді. 

Бағдарламалық 

талаптарды 

ескеріп, 

әрбір 

оқушының 



жеке 

мүмкіндіктері  мен  жыныстық  даму  ерекшеліктерін  бағамдай  отырып, 

мұғалім  өздігінен  жеке  талаптар  қойып  (қорытынды  тапсырмалар), 

талаптардың  өзіндік  шкаласын  құруына  және  сол  бойынша  оқушылардың 

жылдық  үлгерімін  бағалауына  болады.  Дене  шынықтыру  мұғаліміне  оқыту-

үйретудің  барлық  кезеңдерінде  оқушылардың  даму  деңгейлерінің  жеке  жас 

ерекшеліктерін  ескере  отырып,  сабақ  үлгерімдерін  шынайы  бағалауға 

мүмкіндік береді. 

Сабақтарда  тұлғаның  жеке  қасиеттерін  және  зерттеушілік  дағдыларын 

дамытуға  бағытталған  мақсаттар  жүзеге  асырылады,  бұл  мақсаттар  оқылатын 

тақырыптар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында орындалады.  

Бағдарламаның ұйымдастыру-әдістемелік талаптары: 

–  мұғалім  өз  тәжірибесіне  сүйеніп,  балалармен  нақты  жағдайдағы 

жұмыс  дағдысына  байланысты  ұсынылып  отырылған  бағдарламаның  кез 

келген  бөлімін    өзінің  материалдарымен  толықтыруға  (немесе  түзетулер 

енгізуге)  құқылы.  Оқушыларға  қойылатын  негізгі  талаптар  жүзеге  асыру 

барысында; 

–    мұғалім  апта  кестесіндегі  сабақ  санына  сәйкес  оқушылардың 

даярлығы  мен  сабақтың  нақты  жағдайына  қарай  өз  жұмысын 

ұйымдастырады; 

–  оқушылардың  қозғалыс  ойындарын  игеруін  тексеру  мақсатында 

бақылау-сынақ алу сабақтары өткізілуі тиіс; 

–  дене  тәрбиесі  сабақтарының  тиімділігі  екі  параметр  бойынша 

бағаланады:  жекелеген  бақылау  нормативтерінің  нәтижелері;  Президент 

сынамалары  нормативтерін  орындау  нәтижелері  (мұғалімнің  таңдауы 

бойынша). 

«Шаңғы дайындығы» және «Жүзу» тараулары бойынша сабақтарды толық 

мәнінде  жүргізуге  мүмкіндігі  жоқ  республиканың  аймақтарында  оларды 

алмастыру  ұсынылады.  Мектеп  ұжымының  педагогикалық  кеңесінің  шешімі 

бойынша  бұл  сабақтар  тиісінше  дала  жарысымен  (кросс  дайындығымен)  және 

гимнастикамен  (ырғақты,  атлетикалық,  кәсіби-қолданбалы)  алмастырылуы 

мүмкін.  


110 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



Бұл  бағдарламада  мектепте  дененің  шынығуы  мен  адамгершілікке 

тәрбиелеудің кешенді жүйесін құрайтын дене шынықтырудың барлық негізгі 

нысандарының  мазмұны  қамтылған  және  бұл  міндеттерді  барлық  оқу 

жылында біртіндеп шешуге мүмкіндік береді. Бағдарламаның үшінші сағаты 

оқушылардың  белсенділігін  арттыруға  (спорт  және  қозғалмалы  ойындар 

санын кеңейту арқылы) және сауықтыру процесіне бағытталған. 

Дене шынықтыру пәні сабақтары гендерлік қағидат бойынша (қалалық 

жерлерде  – әр топта 8 ұл (қыз) баладан кем емес, ауылдық жерлерде  – 5 ұл 

(қыз) баладан кем емес  болған жағдайда) өткізуде сыныпты екі топқа  бөліп 

оқыту жүзеге асырылады.  

«Дене  шынықтыру»  пәнін  оқыту  барысында  оқушыларды  топқа  бөлу 

барлық  қажетті  медициналық  құжаттардың  ұсынуымен,  медициналық 

тексерістің нәтижесі көрсетілген анықтаманың негізінде іске асырылады.  

Сабақтың,  сабақтан  тыс  және  сыныптан  тыс  іс-шаралардың  тәрбиелік 

мақсатын «Мәңгілік Ел» идеясымен ұштастырып жүзеге асыру ұсынылады. 

«Дене  шынықтыру»  пәні  бойынша  сыныптан  тыс  жұмыстарды 

ұйымдастыру  және  жоспарлау  барысында  2019-2020  оқу  жылында 

мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады. 

«Дене  шынықтыру»  пәні  сабақтарын  ұйымдастыру  және  өткізу 

мәселелері  бойынша  мұғалімдерге  әдістемелік  көмек  көрсету  мақсатында 

Ұлттық  ғылыми-практикалық  дене  тәрбиесі  орталығы  және  Ы.Алтынсарин 

атындағы  Ұлттық  білім  академиясы  әдістемелік  құралдар  әзірлеп, 

орталықтың 

сайтына 


(

www.nnpcfk.kz

және 



академия 

сайтына 


орналастырылған (nao.kz).  

Дене шынықтыру пәнінің оқу жүктемесі:  

11-сынып – аптасына 3 сағат, жылына барлығы – 102 сағатты құрайды. 

 

Алғашқы әскери дайындық 

 

Алғашқы  әскери  дайындық    (бұдан  әрі  –  АӘД)  меншік  түрі  мен 

ведомствалық  бағыныстылығына  қарамастан,  барлық  типтегі  жалпы  білім 

беретін  мектептерде,  орта  арнаулы  оқу  орындарында  (колледждерде), 

кәсіптік-техникалық  мектептерде  әскерге  шақырылуға  дейінгі  және  әскерге 

шақырылу  жасындағы  білім  алушы  жастардың  міндетті  оқытылатын  пәні 

болып табылады. 

Жалпы  білім  беретін  мектептің  11-сыныпта  «Алғашқы  әскери 

дайындық»  пәні  бойынша  оқыту  ҚР  Білім  және  ғылым  министрінің  2013 

жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламалары арқылы 

жүзеге асырылады. 

Қазақстан  Республикасының  білім  беру  мекемелерінде  жастарды 

алғашқы  әскери  қызметке  даярлау,  өткізу  және  ұйымдастыру  үшін  негіз 

болып табылған құжаттар мыналар:  

1)  «Әскери  қызмет  және  әскери  қызметшілердің  мәртебесі  туралы» 

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңы. 

2)  «Азаматтарды  әскери  қызметке  даярлау,  ұйымдастыру  және  өткізу, 



111 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



сондай-ақ,  алғашқы  әскери  дайындық  бойынша  оқу-материал  базасын  құру 

ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 

ақпандағы  №118  қаулысының  және  «Бастапқы  әскери  даярлықты 

ұйымдастыру  және  жүргізу,  сондай-ақ  оның  оқу-материалдық  базасын 

қалыптастыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс 

министрінің  2014  жылғы  19  желтоқсандағы  №  606  бұйрығының  күші 



жойылды, оны Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 

12  шілдедегі  №  347  бұйрығымен  ауыстыру  қажет  (Қазақстан 

Республикасының  Әділет  министрлігінде  2017  жылғы  20  қыркүйекте  № 

15725 болып тіркелген). 

Алғашқы  әскери  дайындық  теориялық  және  практикалық  сабақтарда 

іске 


асырылады. 

Теориялық 

сабақтар 

оқытудың 

дидактикалық 

материалдарын,  техникалық  құралдар  мен  инновациялық  әдістерді  қолдана 

отырып әңгімелеу және сұхбаттасу түрінде өткізіледі. Практикалық сабақтар 

қарулану  және  әскери-техникалық  мүлікті,  құралдарды  және  өзге  де 

жабдықтарды қолдана отырып оқу материалын игеруге бағытталған. 

Оқу  пәнінің  мақсаттары  –  Қазақстан  Республикасы  Қарулы 

Күштерінде  қызмет  ету  туралы  түсінігін  және  әскери  іс  негіздері  бойынша 

оқушылардың  білімдерін  қалыптастыру,  оқушылардың  өмірлік  қабілеттері 

мен дағдыларының дамуын қалыптастыруға ықпал ету.  

Оқу пәнінің міндеттері: 

–  оқушыларды  Қазақстан  Республикасы  Қарулы  Күштерінде  қызмет 

ету  үшін  алғашқы  әскери  дайындықтың  теориялық  тиянақты  білімдері 

негізінде, практикалық дағдыларды меңгере алатындай жағдайда даярлау; 

–  оқушыларды  Қазақстан  Республикасы  Қарулы  Күштерінің  қызметі 

туралы біртұтас түсінігінің өзара үйлесімді жүйесін қалыптастыру. 

Сабақтарда  тұлғаның  жеке  қасиеттерін  және  зерттеушілік  дағдыларын 

дамытуға  бағытталған  мақсаттар  жүзеге  асырылады,  бұл  мақсаттар  оқылатын 

тақырыптар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында орындалады.  

Оқу  пәнінің  мазмұны  мен  құрылымы  кіріспе  сабақ,  әскери  істің 

негіздері  бойынша  тараулар,  азаматтық  қорғаныс  және  медициналық  білім 

негіздерінен  тұрады.  Оқу  орындарын  қару  және  өзге  де  әскери-техникалық 

құралдармен, оқу құралдарымен қамтамасыз ету оқу орнының есебінен  іске 

асырылады. 

11-сынып  оқушыларының  АӘД  пәні  бойынша  нормативтер  мен 

практикалық  жаттығуларды  орындауларын  бағалау  мақсатында,  оқу 

жылының  соңында  4  сағат  көлеміндегі  қорытынды  тексеру  сабақтары 

(сынақ) қарастырылған.  

11-сыныпта  оқушылар  азаматтық  қорғаныс  және  медициналық  білім 

негіздері  сабақтарында  бейбіт  уақытта  және  соғыс  кездерінде,  табиғи 

апаттар,  ірі  көлемдегі  зілзалалар  және  жаудың  қазіргі  заманғы  қырып-жою 

қаруларын  қолданған  кезде  Қазақстан  Республикасының  халқын  қорғау 

бойынша  іске  асырылатын  іс-шаралар  үйретіледі.  Сонымен  қатар  төтенше 

жағдайлар  пайда  болған  аудандарда  және  зақымдану  ошақтарында  қалпына 

келтіру  жұмыстарын  жүргізу,  сондай-ақ  жарақаттанған  адамдарға  алғашқы 



112 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет