Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы
өткізіледі. Төменде бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау
рәсімдерінің саны берілген (2-кесте).
24-кесте – «Сауат ашу» пәні бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің
саны
Сынып
Бөлімдер/ортақ тақырыптар бойынша
жиынтық бағалау рәсімдерінің саны
1-тоқсан
2-тоқсан
3-тоқсан
4-тоқсан
1 -сынып
-
-
2*
2*
*Бөлімдер/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауда сөйлеу
қызметінің екі түрі біріктіріледі (мысалы, тыңдалым және айтылым; оқылым
және жазылым).
Жиынтық бағалау түрлері әр түрлі болуы мүмкін (диктант, тест, өзіндік
жұмыс, мазмұндама, сөздік диктант және т.б.), ең бастысы, олар әрбір
бөлімнің мақсаттары мен міндеттерін көрсетуі қажет. Жиынтық жұмыс үшін
мұғалім жеке дәптер немесе папка арнауды ұсына алады.
Қазақ тілі (Т1) (оқыту қазақ тіліндегі сыныптар үшін)
«Қазақ тіл» пәні бастауыш мектепте гуманитарлық білім берудің
бастапқы өзегі болып табылады. Бастауыш мектепте «Қазақ тілі» пәнін
оқытудың мақсаты – сөйлеу әрекетінің түрлерін: тыңдалым, айтылым,
оқылым, жазылымды дамыту арқылы тіл туралы бастапқы білімді меңгерту
және оны тілдік нормаларды сақтай отырып, оқу әрекеті мен күнделікті
өмірдеқолдану.
Пәнді оқытудың басты ерекшелігінің бірі білім алушылардың
сауаттылығын арттыру және тілін дамыту мақсатында жазба жұмыстарын
жүргізіп отыру болып табылады.
Оқу жүктемесінің көлемі:
1) 2-сыныпта – аптасына 4 сағаттан, оқу жылында – 136 сағатты;
2) 3-сыныпта – аптасына 4 сағаттан, оқу жылында – 136 сағатты;
3) 4-сыныпта – аптасына 4 сағаттан, оқу жылында – 136 сағатты
құрайды.
«Қазақ тілі» пәнін оқытуда педагогикалық тәсілдемелер мен
технологияларды қолдануға болады:
1) оқытудың коммуникативтік (қарым-қатынастық) тәсілдемесі –
әрекеттік тәсілдеме (сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша дамыту);
2) дамыта оқыту технологиясы (білім алушылар оқу әрекетінің жүйесін
игереді, өзінің іс-әрекетін жоспарлауды және оны басқаруды үйренеді);
3) зерттеушілік тәсілдеме (білім алушылар «нені білемін?, нені білгім
келеді?, нені үйрендім?» тұрғысынан өз әрекетін талдауға үйренеді);
4) саралап оқыту технологиясы (білім алушыларды қабілетіне,
мүмкіндігіне, ерекшелігіне қарай оқыту міндетін қою);
121
Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы
5) жүйелі-әрекеттік тәсілдеме (білім алушы білімді дайын күйінде
алмай, оны өзі өндіруден, өз оқу әрекетінің мазмұны мен түрлерін
ұғынудан, оның ережелер жүйесін түсіну мен қабылдаудан, жетілдіруге
белсенді қатысудан тұрады).
Пәннің мазмұны мәтін түрлері, көркем шығармалар мен аутентті
материалдар арқылы білім алушылардың сөздік қорын жаңа сөздермен
толықтыруды, оқығаны бойынша пікір білдіруді және оны дәлелдеуді,
белгілі бір тақырыпқа байланысты өз ойын толық, жүйелі, түсінікті етіп
ауызша және жазбаша жеткізе білуге дағдыландыруды, мәтін бойынша
сұрақтар құрастырып, мүмкін болатын жауаптарды болжап, өзін-өзі
бағалауды, мәтін бөлімдері арасында мағыналық байланыс орнатуды,
жоспар құруды, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруды қамтиды.
Тілдің
фонетикалық,
лексикалық,
грамматикалық
және
орфографиялық құбылыстары мен фактілері өзара байланыста оқытылады
және олардың білім алушыларының сөйлеу практикасында қолдануына
бағытталған.
Оқу мақсаты бір тоқсан ішінде сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша
үйлестіріледі. Сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша (тыңдалым, айтылым,
оқылым, жазылым) оқу мақсаттарын біріктіре алады. Бір сабақта
әртүрлі негізгі дағдылардың 2-3 оқу мақсатын біріктіруге болады. Білім
алушылардың оқу мақсатын меңгеру деңгейіне қарай мұғалім сағат санын
өзі бөле алады.
Пән бойынша 2-4-сыныптардағы жазба жұмыстарының көлемі келесі
кестеде көрсетілген (3-кесте).
25-кесте – «Қазақ тілі» пәні бойынша жазба жұмыстарының түрлері
және көлемі
Жазба
жұмыстарының түрлері
2-сынып
3-сынып
4-сынып
Сөздік диктант
5-7 сөз
9-12 сөз
12-15 сөз
Диктант
25-30 сөз
35-50 сөз
55-70 сөз
Көшіру
25-30 сөз
35-50 сөз
55-70 сөз
Мазмұндама
40-60 сөз
60-80 сөз
80-100 сөз
Шығарма
25-35 сөз
35-55 сөз
65-70 сөз
Ұсынылған жазба жұмыстарының түрлерін қалыптастырушы және
жиынтық бағалау жұмыстары ретінде жүргізуге болады. Мұғалім
қажеттілігіне қарай қосымша жазба жұмыстарының түрлерін өткізе алады,
сынып журналына олардың нәтижелері қойылмайды, ал аралық мониторинг
түрі бойынша білім алушылардың жетістіктерін және жүргізілген
жұмыстардың нәтижесі кері байланысты жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Оқыту сипатындағы шығармашылық жұмыстардың түрлерін және оның
кезеңдерін мұғалім қалауы бойынша жүргізеді.
Мұғалім жазбаша жұмыстарды өткізуде дескрипторлары бар
122
Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы
критерийлер құрастырады. Жазбаша жұмыстардың дескрипторлары анық
және нақты болуы тиіс. Олар тапсырманы орындаудың қай кезеңінде білім
алушы қиындыққа және оларды түзетуге тап болды дегенді анықтауға
мүмкіндік береді. Бұл білім алушылар мен ата-аналарға конструктивті кері
байланыс
беруге
мүмкіндік
береді.Төменде
ұсыным
сипатында
критерийлермен жұмыс жасаудың шамамен түрлері берілген (4-кесте).
26-кесте – Пән бойынша жазба жұмыстарының түрлері
№
Жұмыс түрлері
Критерийлер/дескрипторлар
1.
Диктант (грамматикалық
тапсырмаларымен)
- мәтінді бұрмалаусыз жазады: әріптерді
қосу және ауыстыру, тастап кету;
- әріптер мен дыбыстар арақатынасын
белгілей білу;
- грамматикалық тапсырмаларды орындау;
- оқылған материал бойынша тыныс
белгілерін қою;
- жазу кезінде сөздерді дұрыс жазу;
- сөздерді жазу барысында орфографиялық
нормаларды сақтай білу
2.
Мазмұндама
- мазмұндау кезінде ойды өзгертпей
сақтай білу;
- орфографиялық нормаларды сақтай білу.
3.
Шығарма
- жоспар құра білу;
- ой бірізділігін сақтай білу;
- орфографиялық нормаларды сақтай білу.
4.
Көру диктанты
Бұл диктант түрі білім алушылардың
көру, есту, есте сақтау, затты тану
сияқты
қабілеттерін
дамыту
мақсатында
жүргізіледі.
Көру
диктанты үшін әріп, буын, жеке
сөздер, сондай-ақ жазылуы қиын
сөздер мен сөз тіркестері және
шағын
мәтіндер,
жұмбақтар,
мақалдар,
жаттауға
берілгсн
өлеңдерді алуға болады.
- есте сақтау арқылы мәтін жаза білу;
- емлені жазу кезінде ережелерді қолдана
білу;
- оқылған материал бойынша тыныс
белгілерін қою;
- жазылған мәтін үлгісі бойынша тексеру.
5.
Шығармашылық диктант — үйрету
диктанттарының ішінде мазмұн,
құрылым, әдіс-тәсіл жағынан ең
күрделісі, білім алушылардың ойлау
қабілетін,
сөздік
қорын,
білім
деңгейі
мен
өздігінен
жұмыс
істеудегі шеберліктерін арттыру
көрсеткіші. Бұл диктанттың көп
нүктенің орнына тиісті әріптерді
қою, сөздерді дұрыс орналастыру
арқылы
сөйлем
құрау,
басы
жазылған мәтінді аяқтау сияқты
басқа
диктанттарға
ұқсамайтын
- белгілі бір сөзді немесе грамматикалық
нысанды таңдай біледі;
- сөздерді жазу кезінде орфографиялық
ережені қолдана алады.
123
Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы
өзгешеліктері болады.
6.
Графикалық (сызба) диктантты
сөйлемдегі сөздердің байланысын
сызба арқылы көрсету, керісінше,
берілген сызба бойынша сөйлем
құрау
сияқты
түрлі
нұсқада
жүргізуге болады
- емлені жазу кезінде ережелерді қолдана
білу;
7.
Суретті
диктант
(дыбыссыз
диктант) – мұғалімі үнсіз пәндік
суретті көрсетеді, білім алушылар
заттың атауын жазады.
-
суреттегі
бейнені
сөздермен
сәйкестендіре білу;
- бейнеленген суретті сөздермен жаза білу;
- емлені жазу барысында ережелерді
қолдана білу
8.
Еркін
диктант
мәтінді
жазу
барысында
білім
алушылар
жекелеген сөздерді ауыстыра алады,
сөйлемнің
құрылымын
өзгерте
алады. Мәтін әуелі тұтас оқылады,
сонан соң бөліктері бойынша (3-4
сөйлем); әрбір бөлігі қайталап
оқығаннан кейін жазылады. Білім
алушылар мәтіннің әр бөлігін есте
сақтау арқылы жазады. Бұл жұмыс
түрі білім алушыларды мазмұндама
жазуға дағдыландырады.
- сөздерді мағынасы жағынан таңдай
біледі/алмастыра алады;
- мәтіннің бөлігі бойынша есте сақтай
отырып, жаза біледі;
- сөздерді жазу кезінде орфографиялық
ережелерді қолданады;
- оқылған материал бойынша тыныс
белгілерін қоя біледі.
9.
Өздік диктант
Білім
алушылар
өтілген
материалдарға байланысты әріптер
мен буындарды, сөз бен сөз
тіркестерін
және
жекелеген
сөйлемдер мен жаттап алған өлең,
жұмбақ,
жаңылтпаш,
мақал-
мәтелдерді естеріне түсіріп, ойлана
отырып өз бетінше жазады.
Диктанттың бұл түрінің өткенді
қайталап, тіл ұстартуда маңызы зор.
Мұғалім өздік диктантты қай күні
болатынын, нені қайталап келу
керектігін білім алушыларға алдын
ала ескертіп қояды.
- емлені жазу кезінде ережелерді қолдана
біледі
10.
Іріктеу диктанты – есту немесе
көру диктантының түрі. Бүкіл
мәтінді жазу емес, тек қана оқылған
ережелер
орфограммасы
бар
сөздерді,
сөз
тіркестерін,
сөйлемдерді
жазғызу.
Қосымша
тапсырма қоса жүруі мүмкін.
- оқылған орфограммалары бар сөздерді
таңдай біледі;
- сөзді жазу кезінде орфографиялық
ережені қолдана біледі.
Пән бойынша жиынтық бағалау бөлім бойынша (БЖБ) және тоқсан
бойынша (ТЖБ) жиынтық бағалау рәсімдерінің нақты санымен әр тоқсанда
1 рет өткізіледі. Төменде бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау
рәсімдерінің саны (5-кесте).
124
Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы
27-кесте – «Қазақ тілі» пәні бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің
саны
Сыныптар
Бөлімдер/ортақ тақырыптар бойынша
жиынтық бағалау рәсімдерінің саны
1-тоқсан
2-тоқсан
3-тоқсан
4-тоқсан
2-сынып
2*
2*
2*
2*
3-сынып
2*
2*
2*
2*
4-сынып
2*
2*
2*
2*
*Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауда сөйлеу қызметінің
екі түрі біріктіріледі (мысалы, тыңдалым және айтылым; оқылым және
жазылым)
125
Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы
Әдебиеттік оқу
«Әдебиеттік оқу» пәнінің мақсаты – бастауыш сынып білім
алушыларының көркем шығарманы сезіммен қабылдауы, түсінуі, санасында
қайта
жаңғырта
алуы
және
шығармадан
қабылдағанын
өзінің
шығармашылық әрекетінде жүзеге асыруға ұмтылуы арқылы функционалдық
сауаттылығын қалыптастыру.
Оқу бағдарламасында әдеби-шығармашылық қабілеттерін дамыту
қарастырылған.
Нақты шығармаларды оқып
білу және
қажетті
шығармашылық тапсырмаларды орындау үшін мұғалім білім алушылардың
даярлық деңгейіне байланысты сабақтар санын анықтайды.
Оқу жүктемесінің көлемі:
1) 2-сыныпта – аптасына 3 сағаттан, оқу жылында – 102 сағатты;
2) 3-сыныпта – аптасына 3 сағаттан, оқу жылында – 102 сағатты;
3) 4-сыныпта – аптасына 3 сағаттан, оқу жылында – 102 сағатты
құрайды.
Оқу дағдысы негізгі оқу дағдысы болып табылады, сондықтан оны
қалыптастырғанда, кезең-кезеңмен жұмыс істеу маңызды: дұрыс оқу
(дыбыстар мен әріптерді сәйкестендіру, буындар құрауы); түсініп оқу
(оқылған сөздің мағынасын түсіну және олардың мағынасын түсіндіру);
шапшаң (тұтас сөздерді дұрыс және түсініп оқу); мәнерлеп (дұрыс, түсініп
және шапшаң оқуға және ақпараттың мазмұнына өзінің көзқарасын білдіру).
Білім алушылардың оқу дағдыларының қалыптасуын ескере отырып,
мұғалім төмендегі міндеттерді қояды:
- екінші сыныпта сөз бен сөз тіркестерін тұтас оқуға біліктерінің
қалыптасуын; оқу қарқыны бойынша оқылған мәтіннің мазмұны түсінуін,
оқу кезінде кідіріс жасай білуін, тиісті тыныс белгілерін қоюын,
интонациясын, кейіпкерлерінің ерекшеліктері тән қассиеттерді білуін
тексереді;
- үшінші сыныпта негізгі құралдардың мәнерлілігін пайдалануда
өлеңдер және шығармалар мәтінін оқу мәнерлілігін тексеру, дауыстап және
іштей оқуда оқылған мәтіннің мәнін түсінуін, сонымен қатар, оқу техникасын
тексерудің негізгі міндеттерін тұтассөздермен оқи білуінің қалыптасуын
тексереді;
- -төртінші сыныпта оқу дағдысы: шығарманы іштей көз жүгіртіп,
шолып, түртіп алып, сұрақтар қоя отырып, қажетті ақпаратты тауып, белгі
қойып оқу, талдау жасап оқу, сын тұрғысынан бағалап оқу.
28-кесте – Оқу дағдыларының нормалары
Сыныптар
І
жартыжылдық
ІІ
жартыжылдық
2-сынып
40-45 сөз
50-55 сөз
3-сынып
60-65 сөз
65-70 сөз
4-сынып
75-80 сөз
80-90 сөз
126
Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы
Ескерту: шылау, одағай, еліктеу сөздер, қос сөздер жеке сөз ретінде
саналады. Білім алушылардың оқу техникасы оқу дағдысын қалыптастыру
бойынша одан әрі оқыту алгоритмін құру үшін критерий болып
табылатынын ескеру маңызды.
Оқу қарқыны (жылдамдығы) оқу тәсіліне, түсінуіне және
мәнерлілігіне тікелей байланысты екенін және сол арқылы оқу дағдысының
толыққанды қалыптасатынын есте ұстау қажет.
Білім алушылардың дайындық деңгейіне байланысты қажет болған
жағдайда, мұғалім таңдауы бойынша басқа да әдеби шығармаларды оқуды
тізбеге қосуға болады. Ол шығармалар білім алушылардың жас
ерекшеліктеріне сәйкес болуы керек.
«Әдебиеттік оқу» пәні бойынша мұғалім әр түрлі қосымша
жұмыстарды жүргізуі мүмкін және тапсырмалардың критерийлері мен
дескрипторлары даалдын ала дайындалады. Мұғалім шығармашылық
жұмыстарды өткізу кезеңі мен түрлерін өзі анықтайды. Төменде ұсыным
сипатында критерийлермен жұмыс жасаудың шамамен түрлері берілген (7-
кесте).
29-кесте – Пән бойынша жұмыс түрлерінің үлгісі
№
Оқудың түрлері
Критерийлер/дескрипторлар
1.
Алгоритм бойынша әңгіме құрау
- алгоритм бойынша әңгіме құрай алады;
-
әңгімедегі оқиғалардың дәйектілігін
анықтайды;
- әңгімені аяқтай алады;
- құралған әңгімені жазады
2.
Кейіпкердің атынан хат
- сөйлемдерді нақты әрі анық құрайды;
- дәйектілікті сақтайды;
- кейіпкердің іс-әрекетін бағалай алады,
қорытынды жасай алады
3.
Кейіпкерге хат
Мұғалім шығарманы өз қалауы
бойынша
таңдайды.
Ал
білім
алушылар хат жазатын кейіпкерін өз
бетінше таңдайды.
- өз хатына ат қоя алады;
-
тірек сөздерді пайдалана отырып,
ұсынылған тақырып бойынша хат жазады;
- өз ойын қисынды және жүйелі түрде
жеткізеді;
- сөйлемнің ойын дәл жеткізеді;
- кейіпкердің іс-әрекетін сипаттайды;
- кейіпкердің іс-әрекетін бағалай алады,
қорытынды жасай алады
4.
Санамақ құрастыру
Санамақ –баланың есептеу, ойлау
қабілетін дамытуға арналған тілдік
құралы.
- санамақтарды
мақал-мәтелдерден,
жұмбақтардан, т.б. ажырата алады;
- санамақ
құрастырудың
принципін
түсінеді;
- өзінің
құрастырған
санамағына
таныстырылым жасайды
5.
Диалог
- диалог түрінде сөйлесе алады;
- диалогтің басында, ортасында және
соңында айтылатын сөйлемдерді дұрыс
қолданады;
127
Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы
- ойын түсінікті және дұрыс жеткізе
алады;
- сөздік қорын көрсете алады
6.
Кітап жасау
Шығармашылықжобаның
бұл
түрін(жеке немесе топтық) әртүрлі
техникада орындауға болады. Бұл өзі
суреттерін салып, қолымен жазылған
кітап
болуы
мүмкін.
Кітапты
аппликацияменәрлеуге болады. Кітап
әртүрлімазмұнда бола алады:«Бұл
қандай аң?»; «Ақ» сөзімен тұрақты
сөз тіркестері, иллюстрацияланған
(суретті) сөздік.
- шығармашылық жобаның тақырыбын
анықтайды;
- кітаптың
мазмұнын
ойластырады
(ресурстарды таңдайды);
- суреттермен әрлейді;
- суреттер мазмұнына сәйкес келеді
7.
Берілген рифма бойынша өлең
(буриме) шығару және басқа да өлең
түріндегі
шығармаларды
ойлап
табу; сондай-ақ бірінші жолдың
екінші жолын ойлап табу және т.б.
- екі
немесі
бірнеше
сөздердің
қосымшаларынан, соңғы буындарынан
ұйқасым таба алады;
- берілген рифмаға сәйкес сөздерді таңдай
алады;
- берілген
тақырыпқа сәйкес өлеңді
жалғастыра алады
8.
Ертегілер елінде
Әртүрлі ертегілерден сюжеттерді
және кейіпкерлерді таңдайды, оларды
біріктіріп, ертегі ойластырады. Білім
алушылар кейіпкерлерін алмастыра
отырып, өздерінің сүйікті ертегілерін
ала алады.
- әртүрлі ертегілердің кейіпкерлерін бір
сюжетке біріктіре алады;
- ойластырған ертегісі түсінікті;
- оқиғалардың дәйектілігін сақтайды
9.
Аяқталмаған әңгіме
- ұсынылған бастамасы бойынша әңгімені
жалғастырады;
- әңгімедегі
оқиғалардың
дәйектілігін
анықтайды;
- әңгімені аяқтай алады
10.
Оқылған шығармаға диафильм салу
- мәтінді мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап
береді;
- мәтінді аяқталған мазмұндық бөліктерге
бөле алады;
- әр бөліктің негізгі ойын анықтай алады;
- әр бөлікке ат қояды;
- дәйекті жоспар құрады;
- диафильм салады
Пән бойынша жиынтық бағалау бөлім бойынша (БЖБ) және тоқсан
бойынша (ТЖБ) жиынтық бағалау рәсімдерінің нақты санымен әр тоқсанда
1 рет өткізіледі. Төменде бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау
рәсімдерінің саны (8-кесте).
30-кесте – «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша жиынтық бағалау
рәсімдерінің саны
128
Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы
Сыныптар
Бөлімдер/ортақ тақырыптар бойыншажиынтық бағалау рәсімдерінің саны
1-тоқсан
2-тоқсан
3-тоқсан
4-тоқсан
2-сынып
2*
2*
2*
2*
3-сынып
2*
2*
2*
2*
4-сынып
2*
2*
2*
2*
* Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауда сөйлеу
қызметінің екі түрі біріктіріледі (мысалы, тыңдалым және айтылым; оқылым
және жазылым)
«МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА» БІЛІМ САЛАСЫ
«Математика және информатика» білім беру саласының мазмұны
«Математика» және «Ақпаратты-коммуникациялық технологиялар» пәндері
арқылы жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |