ОҚу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесін


Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы



Pdf көрінісі
бет18/50
Дата06.12.2019
өлшемі3,46 Mb.
#53115
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   50
Байланысты:
ИМП-каз-сонгы-15.07


Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



«Құстар асханасы» 

Жобаның мақсаты –мектеп немесе үйдің 

ауласындақұстардың тұрақты «асханасын» жасау 

және  ұйымдастыру. Жобаның бірінші кезеңі – 

құстарғаарналған үйшіктерді дайындау бойынша 

әдебиеттерді зерделеу, тәжірибе алмасу, жем жинау. 

Жобаның екінші кезеңі – дайындалған үйшіктердің 

көрмесі.Жобаның үшінші кезеңі– «асхананың»  

салтанатты ашылуы (презентация) 

- құстардың үйшігітуралы 

ақпаратпен жұмыс жасай 

алады; 

- үйшікті жасайалады; 



- үйшікті таныстыра біледі 



«Мен өзенді қорғаймын» экологиялық міндеті  

Төменгі жағын үнемі су шайып жататын жарды 

немесе жағалауды қалай бекітуге болатыны туралы  

ұсыныстарыңызды айтып көріңіз. 

- өзенді құтқару үшін 

өсімдіктер тамырының 

пайдаланылатынын біледі; 

- өсімдіктің белгілі бір түрін 

(тамырымықты өсімдіктер) 

пайдалану керектігін 

дәлелдей алады; 

- қандай өсімдіктіңсол жерде 

жақсы жерсінетінін біледі; 

- өз жауабын түсіндіре біледі 



«Жасыл досқа» хат  

Мұғалім білім алушыларды белгілі бір жағдаятпен 

таныстырады. Балаларға хат жазуды, мысалы, ағашқа 

хат жазуды ұсынады. Жұмыс шағын шығарма түрінде 

(ойын элементтерінің болғаны жақсы) жүргізілуі 

мүмкін: конверткехат салынып, суреттермен 

толтырылады, мекенжайы толтырылады. 

- қандай да бір жағдаятқа ене 

алады; 


- хат жаза біледі 



«Экологиялық мамандық»коллажы 

Жобаның бірінші кезеңі – экологиялық мамандықтар 

деп санауға болатын мамандық түрлері (орман 

шаруашылығының, қорықтардың қызметкерлері, 

экологиялық қызмет, көгалдандыру қызметкерлері, 

хайуанаттар бағының қызметкерлері, дәрігер, 

жүргізуші, ғарышкер, аула тазалаушы, бағбан, 

зертханашы және т. б.)туралы білу. Балалар осы 

мамандықтар туралы материал жинайды. Жобаның 

екінші кезеңі мамандықты қорғау болып табылады. 

Бұл кезде білім алушыларосы мамандықтар туралы 

әңгімелейді, фактілер келтіреді, суреттер, плакаттар, 

фотосуреттер көрсетеді, сюжеттерді ойнап көрсетеді. 

- экологиялық мамандықтар 

туралы ақпарат жинай алады; 

- осы 

мамандықтыңтаныстырылым



ын жасай біледі 



Табиғаттың «Шағым кітабы». 

Білімалушылар «Шағым кітабына» туған өлкесінің 

аумағында өсетін өсімдіктер мен тіршілік ететін 

жануарлардан келіп түсетіншағымдарды жазады. 

Жобаның бірінші кезеңі – қоршаған ортаның 

(жануарлар, өсімдіктер)жағдайын бақылау 

мақсатында экскурсия жасау, қосымша ғылыми 

әдебиеттерді зерделеу. 

Жобаның екінші кезеңі – өсімдіктер мен жануарлар 

атынан шағымдарды сипаттау әңгімесін жазу.  

Түскен шағымдарды талқылау және оларға жауап 

беру. 

Үшінші кезең – материалдарды безендіру, 



- экскурсияда көргендерін 

салыстыра біледі; 

- қосымша әдебиеттермен 

жұмыс жасай алады; 

- өсімдіктер мен жануарлар 

атынанәңгіме жаза алады; 

- өзінің шағын кітапшасын 

жасай алады 



137 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



балалардың шығармашылық жұмыстары мен 

суреттері орналастырылған кітап жасау. 

10 

Экологиялық жағдаят 



Жерге тасталынған банан қабығыбіздің климатта  

шамамен2 жылда ыдырайды.  

Пластикалық пакет шамамен 96 жылға ұзағырақ 

уақыттаыдырайды. Пакеттің ыдырауына, шіруіне 

неше жыл қажет? 

- пакеттіңшіруіне неше жыл 

қажет екенін біледі; 

- табиғатты қорғау 

жөніндебіледі 

 

Пән  бойынша  жиынтық  бағалау  бөлім  бойынша  (БЖБ)  және  тоқсан 



бойынша (ТЖБ) жиынтық бағалау рәсімдерінің нақты саны әр тоқсанда 1 рет 

өткізіледі.  1-сыныпта  пән  бойынша  жиынтық  бағалау  үшінші  тоқсанда 

өткізіледі.  Төменде  бөлім/ортақ  тақырып  бойынша  жиынтық  бағалау 

рәсімдерінің саны (35-кесте). 

 

35-кесте  –  «Дүниетану»  оқу  пәні  бойынша  жиынтық  бағалау 



рәсімдерінің саны 

 

Сынып 



Жиынтық бағалау рәсімдері 

І тоқсандағы ЖБ 

саны 

ІІ тоқсандағы ЖБ 



саны 

ІІІ тоқсандағы ЖБ 

саны 

ІV тоқсандағы ЖБ 



саны 

1-сынып 




2-сынып 




3-сынып 




4-сынып 




 

«Дүниетану»  оқу  пәнін  оқу  барысында  4-сыныпта  кіші  мектеп 



жасындағы  білім  алушыларға  жақын  және  түсінікті  («Адам  және  оның 

отбасы», «Біздің мектеп», «Мемлекет және қоғам», «Салауатты өмір салты» 

және  т.б.)  «адам  және  қоғам»  саласы  бойынша  бірқатар  сұрақтарды  енгізу 

ұсынылады.

 

Оқу  материалының  мазмұны  мұғалім  мен  білім  алушының 



сабақтағы  қызметін  шектемейді,  ал  қарым-қатынастың  түрлі  формаларын 

қарастырады:  пікірмен  оқу,  қайта  жазу,  сұрақтарға  жауап  беру,  рөлдік 

ойындар.

 

Осының  барлығы  дәстүрлі  және  дәстүрлі  емес  әдістерді 



пайдалануға  мүмкіндік  береді  және  білім  алушылар  мен  шығармашыл 

ұстаздардан  үлкен  өзіндік  жұмысты  талап  етеді.  Оқу  пәнін  оқу  кезінде 

тарихтан  алынған  материалдарды  пайдалана  отырып,  рөлдік  және  іскерлік 

ойындар өткізу ұсынылады.

  

Сондай-ақ  сандық  білім  беру  ресурстарын  пайдалану  ұсынылады.



 

Сандық білім беру ресурстары жиынтығында шартты түрде келесі блоктарды 

бөлуге болады: 

1.  интерактивті  компоненттер  –  сұрақтар  мен  тапсырмалар,  бақылау 

және өзіндік жұмыстар, интерактивті модельдер мен анимациялар; 

2.  демографика - иллюстрациялар, анимациялар, бейнеклиптер; 

3.  мәтіндер  -  мәтіннің  параграфтары,  дыбыс  мәтіндері,  ғалымдардың 

өмірбаяндары, кестелер; 

4.  мұғалім үшін материалдар-презентациялар және сабақтар. 


138 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



5.  Интерактивті компоненттер 

БОР өзара байланысты оқу объектілерінің жиынтығы болып табылады: 

•  символдық нысандар (белгілер, таңбалар, мәтіндер, графиктер); 

•  бейнелі Нысандар (фото, суреттер); 

•  аудио ақпарат (ауызша мәтіндер, диалогтар, музыка); 

•  бейне Нысандар (анимациялар, модельдер, бейнесюжеттер); 

•  «виртуалды  шындық»  нысандары  (тренажерлер,  интерактивті 

модельдер, конструкторлар). 

 

 

 

Көркем еңбек 

«Көркем еңбек» – «Бейнелеу өнері» және «Еңбекке баулу» сияқты оқу 

пәндерін біріктіретін кіріктірілген пән. 

«Көркем  еңбек»  пәні  әртүрлі  шығармашылық  әрекеттің  түрлері 

барысында 

көркем-технологиялық 

білім, 

білік 


және 

дағдыларды 

қалыптастыруға бағытталған. 

Оқу 


пәні 

түрлі 


шығармашылық 

іс-әрекеттегі 

кеңістіктік-

бейнелікойлауын, 

шығармашылық 

ойлауын, 

рухани-адамгершілік 

мәдениетін,  елесін,  қиялын    және  аңғарымпаздығын,  жеке  тұлғаның 

қалыптасуын  және  өз  ойын  білдіруін  дамытуды  қамтамасыз  ететін  көркем-

технологиялық білім, білік және дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. 

 «Көркем еңбек» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:  

1) 1-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 33 сағат;  

2) 2-сыныпта  – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;  

3) 3-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты;  

4) 4-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты құрайды. 

Түрлі  материалдармен  жұмыс  істеу  білім  алушылардың  технологиялық 

ойлауын,  көркем-эстетикалық  талғамын,  шығармашылық,  есте  сақтау 

қабілеттерін,  кеңістіктік  қиялын,  қиялы  мен  қол  моторикасын  дамытуға, 

көзбен нақты мөлшерлеу қабілетін жетілдіреді. 

Оқу  мақсаттары  білім  алушыларда  белгілі  бір  дағды  қалыптастыру 

үшін  әрекет  түрін,  орындау  техникасын,  шығармашылық  жұмысты 

жасаудың материалын мұғалімнің өзі таңдайтындай етіп тұжырымдалған. 

«Көркем  еңбек»  пәні  бойынша  оқыту  процесінде  білім  алушылардың 

АКТ  құралдарын  қолдану  дағдыларын  дамыту  қажет.  Ең  алдымен,  бұл 

көркем жұмыстарды жасау кезінде цифрлық компьютерлік технологияларды 

пайдалану,  слайдтық  презентацияларды  жасау  дағдыларын  дамыту, 

шығармашылық  жұмысты  жасау  үшін  басқа  білім  алушылармен 

ынтымақтастық, қарым-қатынас жасау мен ақпарат алмасу жәнет.б. 

«Көркем  еңбек»  сабақтарындамұғалімнің  өзі  анықтайтын  әртүрлі 

көркемдік-шығармашылық  әрекеттер  қарастырылады.  Бұл  ретте  көркемдік-

шығармашылық әрекеттің негізгі үш түрі:  

-  құрылымдау; 



139 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



- бейнелеу; 

- сәндеу әрекеттері міндетті түрде  іске асырылуы қажет. 

«Көркем  еңбек»  пәні  бойынша  қалыптастырушы  бағалау  өткізіледі. 

Пән  бойынша  білім  алушылардың  қалыптастырушы  бағалау  нәтижелері 

білім  алушылар  мен  ата-аналарға  берілетін  кері  байланыс  үшін  материал 

болып саналады. 

«Көркем  еңбек»  пәні  бойынша  жартыжылдық  соңында  және  оқу 

жылының  соңында  «есептелінді»/«есептелінген  жоқ»  бағасы  сынып 

журналына  қойылады. 

Мұғалім  және  білім  алушылар  әртүрлі  жұмыс  түрлерін  орындау 

барысында  еңбек  гигиенасының  және  қауіпсіздік  техникасының  ережелерін 

сақтаулары қажет. 



«ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ» БІЛІМ САЛАСЫ 

 

«Дене  шынықтыру»  білім  саласының  мазмұнына  «Дене  шынықтыру» 

пәні енгізілген.  

Дене шынықтыру 

Дене 


шынықтыруды 

оқытудың 

мақсаты 

денені 


салауатты 

шынықтыруға,  спорттық-спецификалық  қозғалу  дағдылары  мен  дене  бітімі 

қабілеттерін  меңгеруге  бағытталған  дене  шынықтырудың  негіздерін 

қалыптастыру болып табылады. 

«Дене шынықтыру» пәнін оқытудың міндеттері: дене шынықтыру және 

спорт  саласындағы  теориялық  білімдері  мен  тәжірибелік  дағдыларын 

дамыту; өзінің дене және психикалық денсаулығын нығайту үшін ұмтылуға 

ынталандыру;  білім  алушылардың  төзімділікке,  ширақтыққа,  күштілікке, 

ептілікке  және  икемділікке  ықпал  ететін  қозғалыс  дағдыларын  дамыту; 

Отанға  деген  патриоттық  сезімін,  құрметтеуге,  жауапкершілік  пен  өзара 

түсіністікке  тәрбиелеу;  білім  алушылардың  өз  өмірлерінде  салауатты  өмір 

салтын  ұстануға  және  үйренген  дене-қимыл  дағдыларын  алдағы  уақытта 

қолдануға  ынталандыру;  жалпы  адамзат  мәдениетінің  бөлігі  ретінде  дене 

шынықтыру туралы түсініктерін қалыптастыру. 

Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына:  

1) 1-сыныпта 3 сағаттан, оқу жылында 99 сағатты;  

2) 2-сыныпта – аптасына 3 сағаттан, оқу жылында 102 сағатты;  

3) 3-сыныпта – аптасына 3 сағаттан, оқу жылында 102 сағатты; 

4)  4-сыныпта  –  аптасына  3  сағаттан,  оқу  жылында  102  сағатты 

құрайды. 

Дене шынықтыру мұғалімдері білім алушы организмінің анатомиялық- 

физиологиялық ерекшеліктеріне (жетілуіне) сәйкес өздерінің педагогикалық 

тәсілдерін бақылауы және өзгертуі тиіс. 

«Дене шынықтыру» пәнінің сыныптар бойынша мазмұны: 

1-2-сыныптар үшін:  денсаулық туралы білу; қауіпсіздік ережесі; дене 

тәрбиесі  дегеніміз  не;  күн  тәртібі;  жүру  және  жүгіру;  секіру  және  лақтыру; 

ойын  арқылы  қарым-қатынас  дағдыларын  дамыту;  сюжеттік-рөлдік 

қозғалмалы  ойындар;  бірқатар  гимнастикалық  фигураларды  үйрену;  қазақ 



140 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



ұлттық қозғалыс ойындары; доппен және секіртпемен орындалатын ойындар 

мен  тапсырмалар;  ойын  арқылы  қарым-қатынас  пен  әлеуметтік  дағдылар; 

қауіпсіздік ережесі; ойын арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту; ойын 

арқылы 


коммуникативті 

дағдыларын 

дамыту 

ойындары; 



ойынға 

шығармашылық идеялар; жеке қозғалыс белсенділігі; салауатты өмір салтын 

қалыптастыру;  ашық  ауада  физикалық  қозғалыс;  жылдамдық,  күш  пен 

ептілік;  секіруді  дамыту  үшін  тапсырмалар;  эстафета  және  қозғалмалы 

ойындар;  

Пән бойынша бағдарламаның әрбір үшінші сағаты білім алушылардың 

қозғалыс  белсенділігін  (спорттық  және  қозғалыс  ойындарының  санын 

арттыру есебінен) және сауықтыру процесін арттыруға бағытталған. 

Оқу  бағдарламасында  қарастырылған  шаңғы/коньки/кросс  дайындығы 

сабақтары 

өңірлердің 

климаттық 

жағдайларына 

сәйкес 


өзара 

алмастырылады. 

Мұғалімнің  әр  сабақ  сайын  жүргізетін  бақылау  жұмыстары  жүйелі 

түрде  іске  асырылады  және  білім  алушының  тапсырмаларды  қаншалықты 

дұрыс орындап жатқандарын түсінуге, олардың білім алу траекторияларына 

түзетулер енгізуге мүмкіндік береді. 

«Есептелінді»  және  «есептелінген  жоқ»  деген  сынақ  қойған  кезде 

критериалды  бағалау  қағидасына  сүйену  керек.  Яғни,  білім  алушы 

«есептелінді»  деген  сынақ  алу  үшін  сабаққа  қатысып  қана  қоймай,  дене 

дамуы бойынша білім мен біліктілік негіздерін игеруі керек. 

«Дене шынықтыру» пәні бойынша тоқсан соңында және оқу жылының 

соңында  «есептелінді»/«есептелінген  жоқ»  бағасы  сынып  журналына  

қойылады. 

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 



31  қазандағы  №604  бұйрығымен  бекітілген    МЖМБС  редакциясында  және 

бастауыш, негізгі және жалпы орта білім берудің Үлгілік оқу жоспарларында 

«Ағылшын  тілі»  оқу  пәні  «Шетел  тілі»  деп  өзгертілген.  Білім  беру 

ұйымдарының:  «Ағылшын  тілін»,  «Неміс  тілін»,  «Француз  тілін»  таңдау 

құқығы  бар.  Тілді  таңдауды,  оқушылардың  қажеттіліктерін  және  ата-

аналардың сұраныстарын ескере отырып, жалпы білім беретін мектеп жүзеге 

асырады.   

2019-2020  оқу  жылында  1-4  сыныптар  жаңартылған  білім  беру 

мазмұнының келесі Үлгілік оқу бағдарламалары бойынша оқиды: 

-  Бастауыш  білім  беру  деңгейінің  1-4-сыныптарына  арналған 

«Ағылшын тілі»  пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы. 

Бастауыш  білім  беру  деңгейінің  1-4-сыныптарына  арналған  «Француз  

тілі» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы және бастауыш білім беру деңгейінің 

1-4-сыныптарына  арналған  «Неміс    тілі»  пәнінен  Үлгілік  оқу  бағдарламасы 

жаңа болып табылады. 

Оқу  бағдарламалары  сөйлеу  қызметінің  барлық  түрлері  (тыңдалым, 

айтылым, оқылым, жазылым) бойынша дағдылар мен қабілеттерді дамытуды 

көздейді. 

Бағдарламаның 

лексика-грамматикалық 

мазмұндалуы 


141 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



қарапайымнан күрделіге қарай жүргізіледі. «Француз тілі» және «Неміс тілі» 

оқу пәндері бойынша бастауыш білім беру деңгейінің бағдарламалары білім 

алушылардың  тілдік  дағдыларын  дамытуға,  олардың  өзіне  деген 

қызығушылығы  мен  сенімділігін  арттыруға,  сондай-ақ  француз  және  неміс 

тілін  үйренуге  оң  көзқарасты  қалыптастыруға  бағытталған.  Оқу 

бағдарламаларының  мазмұны  жалпы  тақырыптар  аясында  қарым-қатынас 

жасаудың  қарапайым  білігін  қалыптастыру  үшін  базалық  қабілеттер  мен 

дағдыларды жасауды және дамытуды қамтамасыз етеді. 

Оқу  бағдарламалары  ҚР  БҒМ  бұйрығымен  бекітілген  және  ҚР  Білім 

және  ғылым  министрлігінің  және  Ы.  Алтынсарин  атындағы  ұлттық  білім 

академиясының сайттарында орналастырылған. 

Шетел  тілі  оқу  бағдарламаларының  құрылымында  «Ағылшын  тілі», 

«Неміс  тілі»  және  «Француз  тілі»  пәндерінің  базалық  мазмұны  маңызды 

аспект болып табылады. Оқу пәндері білім алушыларда өз халқының рухани 

құндылықтары  мен  мәдениет  диалогі,  ұлттық  бірегейлігі,  азаматтылық, 

моральдық және сөйлеу әдебінің нормалары туралы түсінік қалыптастыруға 

ықпал етеді.

 

Шетел  тілі  бағдарламалары  білім  алушыларға  төмендегі  тәсілдер 



арқылы тілді меңгертуге бағытталған: 

-  талдау, бағалау және шығармашылық ойлау дағдыларының дамуына 

ықпал ететін әртүрлі тапсырмалар; 

-  ауқымды жазбаша және ауызша дереккөздермен жұмыс жасау. 

Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі:  

1) 


1-сыныпта – аптасына 2 сағаттан, оқу жылында 66 сағатты; 

2) 


2-сыныпта – аптасына 2 сағаттан, оқу жылында – 68 сағатты; 

3) 


3-сыныпта – аптасына 2 сағаттан, оқу жылында – 68 сағатты; 

4) 


4-сыныпта  –  аптасына  2  сағаттан,  оқу  жылында  –  68  сағатты 

құрайды. 

Бастауыш  білім  беруді  аяқтағаннан  кейін  білім  алушылар  шетел  тілін 

тілді меңгерудің жалпыеуропалық жүйесіне (Common European Framework of 

Reference, CEFR) сәйкес А1 тілдік деңгейінде меңгеруі тиіс. 

Білім  алушылар  сандар,  түстер,  уақыт,  ауа  райы,  тағам,  киім, 

жануарлар,  өсімдіктер,  дене  мүшелері,  жеке  ақпараттар,  отбасы,  достар, 

мектеп,  ойындар,  саяхат,  транспорт,  спорт,  мерекелер,  салт-дәстүрлер, 

ғимараттар,  өнер,  музыка,  аңыздар,  зерттеушілер  мен  өнертапқыштар 

тақырыптарына байланысты лексиканы меңгереді. 

Бастауыш мектеп бағдарламасында тілдік дағдыларды дамыту үш тілде 

ортақ тақырыптарды оқу арқылы жүзеге асырылады: қазақ тілі (Т1, Т2), орыс 

тілі (Я1, Я2) және шет тілі (L3). Бастауыш мектептің оқу жоспарларында (1-4 

сыныптар)  пәнаралық  байланыс  (Cross  Curricular  Links)  әр  тақырыпта 

көрсетілген. 

 

36  -  кесте  –  1-4-сыныптардың  оқу  бағдарламасындағы  пәнаралық 



байланыс 

 

 



142 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



 «Ағылшын  тілі»  оқу  пәні 

бойынша тақырыптар 

«Француз  тілі»  оқу  пәні 

бойынша тақырыптар 

«Неміс 

тілі» 


оқу 

пәні 


бойынша тақырыптар 

1 класс 


All about me 

Tout sur moi 

Alles über mich 

My school 

Mon école 

Meine Schule 

My family and friends 

Ma famille et mes amis 

Meine  Familie  und  meine 

Freunde 


The world around us 

L’environnement 

Umgebung 

Travel 


Voyage 

Reise 


Tradition and folklore 

Les fêtes et les traditions 

Traditionen und Folklore 

Food and drink 

Repas 

Essen und Getränke 



Health and body 

Un  esprit  sain  dans  un  corps 

sain 

Ein  gesunder  Geist  in  einem 



gesunden Körper! 

2 класс 


All about me 

Se présenter, parler de soi 

Alles über mich 

My family and friends 

Ma famille et mes amis 

Meine  Familie  und  meine 

Freunde 

My school 

Mon école 

Meine Schule 

The world around us 

L’environnement 

Umweltbedingungen 

Health and body 

Un  esprit  sain  dans  un  corps 

sain 


Ein  gesunder  Geist  in  einem 

gesunden Körper! 

Tradition and customs 

Les traditions et les coutumes  Sitten und Bräuche 

The natural environment 

L’environnement. Les saisons  Umwelt 

Travel 

Vacances et voyage 



Reisen 

3 класс 


Animals 

Vive la nature! 

Belebte Natur 

Light & Dark 

La ville 

Licht und Schatten 

Time 

Ma journeé de travail 



Zeit 

Buildings 

Nous faisons des courses 

Architektur 

Art & Music 

L’art 


Kunst 

Explorers & Inventors 

Les Grands Hommes 

Berühmte Persönlichkeiten 

Water, water everywhere 

Culture et repos 

Wasser – Quelle vom Leben 

Having fun 

Bientôt les vacances! 

Erholungskultur, Feier   

4 класс 

Kazakhstan  in  the  World  of 

Sport 

Sport 


Sport in Kasachstan 

Values in Myths and Legends 

La Francophonie 

Werte  in  den  Mythen  und 

Legenden 

Treasure and Heritage 

Un ami étranger 

Kulturerbe 

Professions  and  ways  of 

Communication 

Le monde des métiers 

Berufswelt 

und  

Kommunikationen 



Hot and Cold 

Phénomènes naturels 

Naturerscheinungen 

Healthy World 

Un  esprit  sain  dans  un  corps 

sain 


Ein  gesunder  Geist  in  einem 

gesunden Körper! 



143 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



Journey into Space 

Mes loisirs 

Weltraumreise 

Machines 

Les transports 

Autos 


 

Шетел  тілі  бойынша  сабақтарды  жоспарлауға  төмендегі  ұсынымдар 

беріледі: 

1)  1-сыныпта  оқу  және  жазу  дағдыларын  дамыту  қарастырылмайды, 

«Оқу»  бөлімі  бойынша  оқыту  мақсаттары  таныс  сөздер  мен  сөз  тіркестерін 

танып білуге ғана бағытталған; 

2)  сабақта  ұсақ  моториканы  дамытуға  байланысты  іс-әрекеттер, 

ойындар, әндер, санамақтар, ұйқастырмаларды қолдану; 

3) оқу  тапсырмаларын  орындауда  білім  алушылардың  жұмыстарын 

ынталандыру,  білім  алушыларды  ынталандыру  мен  қолдаудың  әртүрлі 

нысандарын  қолдану  арқылы  білім  алуға  қолайлы  және  жайлы  атмосфера 

жасау, жарыс сипатындағы тапсырмаларды қосу; 

4)  бастауыш  сынып  білім  алушыларының  психологиялық  және  жас 

ерекшеліктерін  (жоғары  эмоционалдылық,  қозғалғыштық,  сезімталдық, 

шаршағыштық)  ескере  отырып,  оқытудың  әдіс-тәсілдерін,  формаларын 

ойластыру; 

5)  бастапқы  кезеңде  қателесу  білім  беру  процесінің  бір  бөлігі  болып 

табылатындықтан,  білім  алушылардың  қателерін  түзетпеу.  Коммуникативті 

құзыреттілікті меңгерудің негізгі шартының бірі  білім алушының білім беру  

процесіне белсенді қатысуы болып табылады; 

6)  сабақта  білім  алушыларға  таныс  ағылшын  тіліндегі  сөздерді, 

фразаларды  және  нұсқауларды  жиі  қолдану  қажет,  бұл  білім  алушылардың 

тапсырмаларды  орындаған  кезінде  сөздер  мен  фразаларды  тиімді  есте 

сақтауға және тануына мүмкіндік береді; 

7) мұғалімнің  өз  сөзін  модельдеуі,  тиісті  интонацияны,  дауысты, 

айтылуын және ым- ишараларды пайдалана отырып, сөздер мен фразаларды 

баяу және анық айту; 

8)  мимиканы, эмоцияны, ым-ишараны, түрлі-түсті көрнекі құралдарды 

(суреттер,  ойыншықтар,  постерлер)  белсенді  пайдалану,  бұл  білім 

алушылардың назарын неғұрлым тиімді шоғырландыруға және оларды жаңа 

сөздерді меңгеру процесіне тартуға ықпал етеді; 

9) білім 

алушылардың  қызығушылығын  ынталандыру,  жұмыс 

нәтижелерін  көрсету,  өткен  материалды  бекіту  мақсатында  сыныптағы 

арнайы  бөлінген  орындарда  («сөйлейтін  қабырғалар»,  көрмелер  және  т.  б.) 

оқушылардың жұмыстарын орналастыру және жаңартып отыру; 

10)  іздестіру, өңдеу,  тазарту, ақпарат жасау және  ұсыну, ақпарат және 

идея алмасу сияқты АКТ-ға негізделген дағдыларды қолдануға ықпал ету; 

11)  әр  сабақта  қысқа  аудио  және  бейне  материалдарды,  логикалық 

ойлауды  дамытуға  арналған  тапсырмаларды  және  флэш  карталар  мен  басқа 

да  көрнекі  құралдарды  қолдана  отырып,  өткен  тақырыптар  бойынша 

қысқаша театрландырылған көрсетілімдерді үнемі қолдану.

 

Пән бойынша жиынтық бағалау әр тоқсанда 1 рет тоқсандық жиынтық 



144 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет