ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ҧйымдарында оқу-тәрбие процесін


Білім  алушылардың  тілдік  және  пәндік  қҧзыреттілігін  бағалау



Pdf көрінісі
бет3/48
Дата23.10.2019
өлшемі5,04 Mb.
#50520
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48

Білім  алушылардың  тілдік  және  пәндік  қҧзыреттілігін  бағалау 

ерекшеліктері 

Пән мен тілді кіріктіріп оқыту аясында білім алушылардың жетістіктерін 

бағалаудың келесі ерекшеліктері бар: 

1.  Пән  бойынша    білім  алушылардың  оқу  жетістіктері  пәнді  оқыту 

мақсаттары  жүйесіне  сәйкес  бағалау  критерийлері  негізінде  қалыптастырушы 

және жиынтық бағалау барысында бағаланады. 

2. Тілдік дағдылар жиынтық бағалау кезінде бағаланбайды, бірақ мұғалім 

тілдік дағдылардың даму барысын бақылап, пәнді оқу кезінде қалыптастырушы 

бағалау  үдерісінде  кӛмектеседі, қолдайды, бағалайды. 

3. Пәндік және тілдік құзыреттіліктерді кешенді түрде бағалауды жүргізу 

үшін шетел (ағылшын) тілінде оқытылатын пәндерге қатысты пән мазмұны мен 

тілдік  ерекшеліктерге  сәйкес  тіл  пәндері  мұғалімдерімен  бірлесіп 

дескрипторлар әзірлеу қажет.

  

Әрбір  мектеп  ӛзіндік  ресурстық  базасын  дамыту  үшін  ЖМБ  пәндерін 



ағылшын тілінде оқыту бойынша тапсырмалар, жаттығулар, мәтіндер, бағалау 

жұмыстарының  электронды «Банкін» жинай алады.   

2019-2020  оқу  жылында  мұғалімдер  ЖМБ  пәндерін  ағылшын  тілінде 

оқыту үшін желілік кәсіби қауымдастықтарға тіркеліп, сандық платформаларды 

пайдалана алады: 

1. 


https://www.khanacademy.org/

 

2. 



https://bilimland.kz

 

3. 



https://www.stem.org.uk/

 

4. 



https://www.pinterest.com/

 

 



 

20 

 

 



  

Назар аударыңыздар! 

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта 

және қосымша білім беру ұйымдарында педагогикалық кеңес қызметінің және 

оны  сайлау  тәртібінің  үлгілік  қағидаларын  бекіту  туралы»  Қазақстан 

Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  міндетін  атқарушының  2008 

жылғы  16  мамырдағы  №  272  бұйрығына  ӛзгерістер  енгізу  туралы  Қазақстан 

Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2018  жылғы  2  шілдедегі  №  317 

бұйрығына  сәйкес    білім  беру  ұйымдарының  педагогикалық  кеңесі  білім  беру 

ұйымдары  басшыларының  бұйрығымен  бір  оқу  жылына  сайланады  және 

бекітіледі.  

Педагогикалық кеңес:  

 



оқу-тәрбие жұмыстарын жоспарлау және жүзеге асыру;  

 



жұмыс оқу жоспарларын бекіту; 

 



білім беру қызметтерінің сапасы; 

 



инклюзивті,  арнайы  білім  беруді  қамтамасыз  ету  үшін  білім 

алушылардың 

(тәрбиеленушілердің) 

үлгерімдері 

мен 

психология-



педагогикалық  ерекшеліктері  туралы мәліметтер негізінде білім  алушылардың 

(тәрбиеленушілердің) жеке басының ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие 

және түзету-дамыту жұмыстарын ұйымдастыруға ұсынымдар әзірлеу; 

 



білім  алушылардың  аралық  және  қорытынды  аттестаттауын  ӛткізу, 

оларды емтихандарға жіберу, білім алушыларды ұсынылған құжаттар негізінде 

емтихандардан  босату,  білім  алушыларды  келесі  сыныпқа  кӛшіру  немесе 

оларды қайталау курсына қалдыру, білім алушыларды грамоталармен, мадақтау 

қағаздарымен  марапаттау,  негізгі  орта  білімді  үздік  аяқтағаны,  негізгі  орта 

білімді аяқтағаны, жалпы орта білім беруді үздік аяқтағаны, жалпы орта білім 

беру жӛнінде аттестаттар, белгіленген үлгідегі анықтамалар беру туралы шешім 

қабылдау;  

 

оқу жүктемелерін бӛлу, педагогтерді аттестаттауға, марапаттауға және 



кӛтермелеуге дайындау

  10-11 



сыныптарда 

«Химия», 

«Физика», 

«Биология» 

және 

«Информатика»  оқу  пәндері  бойынша  білім  беру  ұйымының  ағылшын  тіліне 



оқуға кӛшуі; 

 



экстернаттық  оқыту  түрінде  білім  алушыларды  аралық  және 

қорытынды аттестаттауға жіберу, ӛткізу; 

 

зияткерлік, ғылыми, спорттық жарыстарға, музыкалық-шығармашылық 



конкурстарға қатысатын білім алушыларға арнап жеке жұмыстар ұйымдастыру

 



сабақ кестелерін келісу; 

 



білім  алушыларды  (тәрбиеленушілерді)  қабылдау,  ауыстыру  және 

мектепті бітіруі; 

 

білім  алушылардың  (тәрбиеленушілердің)  эмоционалдық-еркін  және 



тұлғалық дамуын зерттеу сияқты мәселелерді қарастырады. 

21 

 

 



Қазіргі  таңда  педагогикалық  кеңестерге  жүктемесі  тӛмендетілген  ҮОЖ 

таңдауда,  топтарға  бӛлу  мәселелері,  жоғары  сыныптарда  физика,  химия, 

биология,  информатика  пәндерін  ағылшын  тілінде  оқыту  және  білім  беру 

ұйымдары  қызметінің  басқа  да  мәселелері  бойынша  ӛздігінен  шешім 

қабылдауға мүмкіндік беретін   академиялық еркіндік беріледі.  

 

 



 

 

Білім алушылардың жетістіктерін критериалды бағалау жҥйесі  

 

2019-2020 оқу жылында критериалды  бағалау жүйесі 1, 2, 3, 5, 6, 7, 8, 9, 

10-сыныптарда жүзеге асырылады.  

Критериалды  бағалау  жүйесі  қалыптастырушы  бағалауды  және  ішкі 

жиынтық бағалауды қамтиды.  

Критериалды  бағалау  білім  алушылардың  ӛз  әрекетін  бақылау  және 

бағалай  білу,  функционалдық  сауаттылығын  және  кең  спектрлі  дағдыларын 

қалыптастырудағы  оқыту  процесінде  туындайтын  қиындықтардың  себептерін 

анықтау және жоя білу қабілетін қалыптастыруға мүмкіндік береді. 

Білім  алушыларға  дер  кезінде  қолдау  кӛрсету,  оқытудағы  алға  басуын 

кӛрсету,  оқыту  нәтижесі  бойынша  ата-аналарын    хабардар  ету    мақсатында 

әрбір сабақта бағалау элементтерін қолдану ұсынылады. 

Бағалау  жүйесі  балаларды  оқуда  табысқа  жетуге  ынталандырады, 

білімдегі  кемшіліктерді  анықтауға  және  олардың  жетістіктерін  кӛрнекі  түрде 

кӛрсетуге  бағыттайды.  Білім  алушы  мен  мұғалім  жеке  және  бірлесіп  одан  әрі 

даму үшін алдағы іс-әрекеттердің жоспарын әзірлей алады. 

Критериалды  бағалау  білім  алушылардың  дағдыларын  дамыту  деңгейін 

бағалауға  мүмкіндік  береді.  Әр  сабақ  оқу  мақсаттарын  айту/кӛрсету  мен  оған 

жетудің  критерийлерін  таныстырудан  басталуы  керек.  Білім  алушы  қойылған 

оқыту  мақсаттарын  түсінуге,  оны  ой  елегінен  ӛткізіп,  оған  қалай  жету 

керектігін білуі қажет. 

Критериалды бағалау технологиясы білім алушылардың жетістіктерін оқу 

материалын  қалай  игергенін,  практикалық  дағды  қалай  қалыптасқанын 

анықтауға  мүмкіндік  беретін,  нақты  анықталған,  алдын  ала  танылған 

критерийлермен салыстыруға негізделген. 

Әрбір  білім  алушы  дайындығының  жалпы  деңгейіндегі  ӛзгерістерді  де, 

бұрынғы жетістіктерімен салыстырғанда оның жетістіктерінің динамикасын да 


22 

 

 



атап ӛту маңызды. 

Мұғалімге  мақсатқа  бағытталған  белсенділікті,  бастамашылықты, 

мақсатқа жетудегі дербестікті  ұстану маңызды. 

Бағалау  жүйесі    ата-аналармен  түсіндірме  жұмыстарын  жүргізуді 

қарастырады.    Білім  алушылардың  ата-аналарына  бағалау  жүйесінің  мақсаты 

мен  негізгі  принциптері  түсіндіріледі,  ата-аналарға  арналған  практикалық 

тренинг немесе мастер-класс ӛткізіледі. 

Жиынтық  бағалаудың  қорытындылары  білім  алушыларға,  ата-аналарға 

немесе баланың заңды ӛкіліне қағаз/электронды форматта ұсынылады.  

 

Мұғалім бағалауды мұғалімдерге, ата-аналар мен білім алушыларға кӛмек 



ретінде 

әзірленген 

нормативтік-құқықтық 

актілер 


мен 

әдістемелік 

материалдарға сәйкес ӛткізуі тиіс:  

-  «Білім  алушылардың  үлгеріміне  ағымдық  бақылау,  аралық  және 

қорытынды  аттестаттау  ӛткізудің  үлгілік  қағидаларын  бекіту  туралы» 

Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2008  жылғы  

18  наурыздағы  №  125  бұйрығына  ӛзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  туралы  

Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2018  жылғы  14 

маусымдағы № 272 бұйрығы; 

– 

 «2019-2020  оқу  жылында  Қазақстан  Республикасының  жалпы  орта 



білім  беретін  ұйымдарында  оқу  процесін  ұйымдастырудың  ерекшеліктері 

туралы» әдістемелік нұсқау хат; 

– 

Жаңартылған  білім  беру  мазмұны  аясында  орта  мектептерге  арналған 



критериалды бағалауды құжаттандыру және рәсімдеу бойынша нұсқаулық;  

– 

Бастауыш  сынып  мұғалімдеріне  арналған  критериалды  бағалау 



бойынша басшылық; 

– 

Негізгі және орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау 



бойынша басшылық: оқу-әдістемелік құрал; 

– 

Сыныптар,  пәндер  мен  тілдер  бӛлінісінде  қалыптастырушы  бағалауға 



арналған тапсырмалар жинағы; 

– 

Сыныптар, пәндер мен тілдер бӛлінісінде жиынтық бағалауға арналған 



тапсырмалар жинағы; 

– 

Сыныптар, пәндер мен тілдер бӛлінісінде жиынтық бағалауға арналған 



әдістемелік ұсынымдама.  

Әдістемелік құралдарды  nao.kz, smk.edu.kz сайттарынан таба аласыздар. 

Мұғалім: 

 



бағалау үшін оқыту мақсаттарының тізбесін анықтауы

 



бағалау деңгейлерін анықтауы (Блум таксономиясына сәйкес); 

 



бағалау  критерийлерін  әзірлеуі  (оқыту  мақсаттарына  сәйкес)  немесе 

«НЗМ» ДББҰ әзірлеген критерийлерді қолдануы; 

 

білім алушылардың санын және кері байланыс беру жиілігін анықтауы; 



 

үйде  оқитын  білім  алушылар  үшін  үйде  оқыту  жүктемесін  және 



оқытылған  оқу  материалын  ескере  отырып,  сараланған  және/немесе  жеке 

тапсырмаларды әзірлеуі; 

 

сараланған  және/немесе  жеке  тапсырмаларды  қолдану,  сондай-ақ 



23 

 

 



ерекше білім алу  қажеттіліктері бар білім алушылардың ерекшеліктерін ескере 

отырып, бағалау критерийлеріне ӛзгерістер енгізуі керек. 

Мұғалім  білім  алушылардың  бӛлім/тоқсан  бойынша  жиынтық  бағалау 

жұмыстарын  тексеруде    және  қорытынды  балдарын  қоюда,  соның  ішінде  оқу 

тапсырмаларының  шарттарын  белгілеуде  тҥзетілген  жерлерді  ескеруге 

болмайтынын  білуі тиіс.  

Білім алушылар мен педагогтердің портфолиосын жүргізу міндетті емес.  

  Назар  аударыңыздар!  Білім  берудің  барлық  деңгейлерінде 

жұмыс дәптерлерін пайдалану міндетті емес. 

Оқу жылының қорытындылары бойынша аралық аттестация ӛткізілмейді. 

Бағалау барысында мұғалімге бірқатар негізгі нұсқауларды ескерген жӛн: 

1.  Білім  алушылар  бағалау  процесіне  белсенді  қатысады,  соның  ішінде, 

үнемі ӛзін-ӛзі бағалау жұмыстарын ӛткізеді.  

2. Білім алушының жеке тұлғасы емес, жұмысы ғана бағаланады;  

3.  Білім  алушының  жұмысы  басқа  білім  алушылардың  жұмыстарымен 

емес, тек жақсы орындалған жұмыс үлгісімен салыстырылады. 

4.  тапсырмалардың  әртүрлі  формалары  мен  түрлері  қолданылады  және  

мінсіз  орындаған  тапсырмалардың  нақты  және  айқын  сипаттамалары 

әзірленеді; 

5. Бағалау критерийлерінің білім алушыларға алдын ала белгілі болады; 

6.  Ӛзін-ӛзі  бағалау  білім  алушылардың  тұлғасын  дамытудың  міндетті 

шарты ретіндегі білім алушылардың рефлексиясын да кӛрсетеді; 

7.  Білім  алушылардың    жетістіктерін  бағалау  үшін  бӛлім  бойынша 

жиынтық бағалаудың (БЖБ) және тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың (ТЖБ) 

оқу тапсырмаларына ӛтілген (меңгерілген) оқу мақсаттары енгізілуі тиіс. Оқыту 

критерийлері оқыту мақсаттарына сай болуы тиіс.  

Оқыту  мақсаттарының  құрылымында  білім  алушылардың  іс-әрекеттері 

кӛрсетілген: байқау, талдау жасау, салыстыру, маңызды белгілерді бӛлу, тану, 

анықтау, үлгілеу, түсіндіру және т.б. 

Нәтижелерді  бағалау  критерийлері  білім  алушыларға  дайындық 

деңгейінің мұғалім ұсынған талаптарына сәйкес екендігін белгілеуге, мұғалімге 

оқыту  процесіне  түзетулер  енгізуге,  жұмыс  күрделілігінің  деңгейін  дұрыс 

таңдауға мүмкіндік береді. 

8.  Оқу  жетістіктерін  тексеру  немесе  ӛздігінен  тексеруге  арналған 

критерийлерді білім алушылармен бірлесіп әзірлеуге болады. 

9.  Сабақ  барысында  білім  алушылардың  оқу  жетістіктерін  ӛздері 

бағалауын  ұйымдастыруды  ойластыру  және  оқу  тапсырмаларын  таңдау 

маңызды.  

10.  Мұғалімге  сабақта  білім  алушылардың  ӛздерінің  бағалауларын 

салыстыру үшін мүмкіндік беру, ӛз қателіктерінің себебін табу үшін рефлексия 

ұйымдастыру ұсынылады. 



24 

 

 



Мұғалім  білім  алушылардың  оқу  жетістіктерінің  бағалау  критерийлерін 

ӛзі таңдап, әзірлей алады. 

1. Диагностикалық  құралдар  тек  бақылауды,  диагностиканы  ғана  емес, 

сондай-ақ  оқыту  мен  тәрбиелеу  функцияларын  орындайтын  тапсырмаларды 

қамтуы керек, яғни:  

-  тапсырмалар  білім  алушыға  белгілі  бір  жаңа  ақпаратты  бере  алады, 

мәселен:  «Мәтінді  пайдаланып,  Арал  теңізінің  түбі  біртіндеп  тұз  шӛліне 

айналатынын түсіндіріңіз? (4 сӛйлемнен кӛп болмауы тиіс)»; 

-  тапсырмалар білім алушылардың жаңа сұлбаларды жасауын болжайды, 

мысалы, «Есепті шаманың бірнеше арақатынасына қалыптастырыңыз («кӛп» 



немесе «аз» байланыстарын қолдана отырып) және оны шешіңдер». 

2. 


Білім 

алушылардың 

дайындық 

деңгейіне 

қарай 

мұғалім 


қалыптастырушы  бағалау  шеңберінде  белгілі  бір  уақыт  аралығында  аралық 

нәтижелерге қол жеткізуді жорамалдай алады.

 

  

Критериалды бағалау қҧралдары 



Мұғалімнің  ауызша  бағалауы  белгілі  бір  оқу  нәтижелеріне  қол  жеткізу 

үшін  кӛтермелеумен  байланысты болуы  керек.  Баланың  бүгінгі  жетістіктерін 

оның кешегі болған жетістіктерімен салыстыру қажет.  

Негативті  баға  білім  алушының  ынтасына,

 

 

жауапкершілігіне, 



табандылығына  ғана  қатысты  болуы  мүмкін.  Мұғалімге  классикалық 

сӛздермен  тоқтап  қалмай,  сӛздік  бағалау  қорын  толықтыру  қажет.  Білім 

алушының  оқу  жетістіктеріне  қатысты  ӛзінің  эмоционалдық  қатынасын, 

уайымын кӛрсету қажет. «Бүгін сенде кешегіге қарағанда, ӛте жақсы шықты», 

«сенің  бұл  алгоритмді  түсінгеніңе  қуаныштымын»,  «Сенің  пікірің  қызықты» 

(болжам, жорамал),  «Қандай тамаша идея, оқулықтың авторы бұл туралы әлі 

ойламаған»,  «Есептеу  ӛте  қиын  болды,  бірақ  сен  алғашқы  екі  іс-әрекеттерді 

орындап шықтың», «Сен тапсырмалардың жартысын дұрыс орындадың, келесі 

жолы барлығын ӛзің жасай аласың», «Сен ӛте тырыстың және сенде барлығы 

міндетті түрде орындалады, осылай жалғастыра бер». 

Мұғалім келесі қағидаларды басшылыққа алуы мүмкін: 

-  білім  алушыны  бірден  мақтаңыз,  тіпті  болмашы  нәтижеге  қол 

жеткізгеннен кейін де мақтаған жӛн; 

-  білім  алушынының  жеке  қасиеттерін  емес,  оның  оқу  жетістіктерін 

мақтаңыз; 

- оның қол жеткізген нәтижесіне риза екеніңізді айтыңыз. 

Баланы  шын  мәнінде  не  үшін  мақтауға  болатынын  атап  ӛту  маңызды, 

содан кейін жаңа міндет қоюға болады.  

Мұғалім  білім  алушының  кемшіліктерін  оң  мақсаттарға  қайта 

пайымдауды үйренуі керек. 

Мұғалім  білім алушыларға 

 ӛзара әрекеттестік

тің, конструктивті қарым-

қатынастың және оң/жағымды бағалаудың үлгісін кӛрсетуі керек. 

Жазбаша  кері  байланыс,  рубрика  білім  алушының  белгілі  бір  кезеңдегі 

жетістіктерінің нәтижелеріне сипаттама болып табылады. Мұғалім онда білім 

алушының табыстарын сипаттайды, қажетті ұсыныстар береді. 


25 

 

 



Айдарлар  үлгілерін  мұғалім  қалыптастырушы  бағалау  бойынша  кері 

байланыс беру үшін оқытудың барлық мақсаттарымен құрастыра алады. 

Білім  алушылар  мен  ата-аналарды  барлық  оқу  кезеңінде  оқушылардың 

оқу  жетістіктерінің  деңгейі  туралы  түсінуді  қамтамасыз  ету  маңызды,  бұл 

толтыруға қосымша уақытты қажет етпейтін электрондық нұсқада дайындалған 

айдарларды ұсыну арқылы мүмкін болады, ал білім алушының оқу материалын 

меңгерудегі  бағалау  сипаттамаларының,  жетістіктері  мен  проблемаларының 

барлық спектрін қамтиды.  

Қалыптастырушы

  бағалау  білім  алушылардың  оқу  мақсаттарындағы 

жетістіктеріне мониторинг ӛткізу үшін және сабақта сараланған жұмысты одан 

әрі  тізіп  қою,  соның  ішінде  орындалған  үй  жұмысының  қорытындысы  және 

педагогтің  жазбаша  түріндегі  (дәптерлеріне  немесе  күнделіктеріне)  немесе 

ауызша ұсыныстарына мониторинг ӛткізу үшін жүргізіледі. 

Бақылау

  -  қалыптастырушы  бағалау  түрінің 



ажырамас  бӛлігі  болып 

табылады.  Бақылаудың  формальды  және  формальды  емес  түрлері  бар. 

Формальды  емес  бақылау  барлық  уақытта  сабақтарда  арнайы  фокуссыз-ақ 

жүреді. Формальды бақылау  - мұғалім қандай да бір дағдылардың қаншалықты 

дамығанын кӛруге мақсат қояды. 

Кері  байланыстың  формаларын,  түрлерін  мұғалім  пайдалана  отырып,  ӛз 

қалауы  бойынша  таңдайды.  Бұл  ретте  кері  байланысты  ұсынудың  оң  және 

дұрыс/сыпайы сипатына назар аударған жӛн. 

3-кестеде 

оқу  бағдарламасына  енгізілген  ойлау  дағдыларының 

деңгейлері,  сондай-ақ  қалыптастырушы  және  жиынтық  бағалау  кезінде 

бағалану қажет даму немесе қалыптасқандығы дәрежесі ұсынылған. 

 

3-кесте.  



Блум таксономиясы бойынша ойлау қызметінің деңгейлері 

 

Дағдылар 



Сипаттама 

Білу 


Нақты  дәлелдерді,  ақпараттарды  және  олардың  сипаттамаларын  білу 

және еске түсіру  

Түсіну  

Дұрыс  есінде  жаңғырту  арқылы  түсінуін,  болжамы  немесе  ақпаратты 

интерпретациялауды кӛрсету  

 

 



Қолдану 

Ақпаратты  және  бұрын  алынған  білімді  жаңа  немесе  таныс  емес 

жағдаятта немесе контексте қолдану және пайдалану 

Талдау 


 

 

 



Ақпараттық  материалды  құрамдас  бӛліктерге  бӛлу  қабілетін  кӛрсету, 

себептерді  немесе  мотивтерді,  ой-тұжырымдарды  анықтау  жолымен 

әртүрлі  қорытынды  алу  үшін  ақпаратты  зерттеу,  және/немесе  жалпы 

ереже-қағидаларды негіздеу үшін дәлелдеме табу. 

Синтез 

Жаңа  контексте  бұрын  алынған  білімнің  әртүрлі  бӛліктерін  қайта  құру 



қабілетін кӛрсету 

Бағалау 


Белгілі  бір  критерийлер  бойынша  идеялар  немесе  фактілердің 

маңыздылығы туралы ой-пікір қалыптастыру 

 

Білім  алушылардың  дайындық  деңгейі  әрбір  білім  беру  ерекшелігін 



ескере отырып жобаланған, күтілетін оқыту нәтижелері арқылы анықталады. 

Тӛменде  берілген  ойлау  дағдыларының  барлық  деңгейлерін  дамыту 



26 

 

 



бойынша  күтілетін  нәтижелерді  анықтау  үшін  қолданылатын  етістіктердің 

кестесі мұғалімге бағалау критерийлерін құрастыруда кӛмектеседі (4-кесте). 

 

4-кесте.   Блум бойынша ойлау дағдыларының деңгейі таксономиясы 



 

Р/с 

Ойлау 

дағдылар

ының 

деңгейі 

Ойлау  дағдыларының  деңгейлеріне  сәйкес  келетін 

етістіктер тізбесі 



Білу 

Санап  шығу,  есте  сақтау,  айту,  кӛрсету,  қайталау,  аяқтау, 

жаңғырту, әңгімелеу, еске түсіру және т. б. 

   


Тҥсіну 

 

Талқылау,  айқындау-анықтау,  әңгімелеу,  түсіндіру,  сұрау, 



тұжырымдау, түрлендіру, кӛрсету және т. б. 

 



Қолдану 

Қолдану,  есептеу,  ӛзгерту,  таңдау,  жіктеу,  аяқтау,  кӛрсету, 

табу,  сахналау,  іске  қосу,  зерттеу,  эксперимент  ӛткізу, 

иллюстрациялау  -  безендіру,  түсіндіріп  беру,  әрекет  жасау, 

аздап  жаттықтыру

,  ара  қатынасын  белгілеу,  жоспарлау, 

кӛрсету, нобайын жасау, шешу, пайдалану және т.б. 

   



Талдау  

 

Талдау, 



топтастыру, 

есептеу, 

категориялау, 

жіктеу, 


салыстыру,  байланыстыру,  қарсы  қою,  талқылау,  ажырату, 

зерттеу,  тәжірибе  жасау,  түсіндіру,  шығару,  реттеу, 

күмәндану, анықтау, таңдау, бӛлу, тексеру және т. б. 

 



 

Синтез 

Топтастыру, жинау, комбинациялау/ араластыру, құрау, құру, 

жасау,  әзірлеу,  тұжырымдау,  қорыту,  біріктіру,  ойлап  табу, 

ӛзгерту-модификациялау, 

ұйымдастыру, 

жоспарлау, 

дайындау,  ұсыну,  қайта  топтау,  кӛшіріп  жазу,  орнату, 

анықтап алу және т.б. 



Бағалау 

Дәлелдеу,  таңдау,  салыстыру,  қорытынды  жасау,  ,  сендіру, 

дәйектеу,  шешу,  негіздеу,  түсіндіру,  ӛлшеу,,  алдын  ала 

болжау, 


реті  бойынша  бӛлу

,  ұсыну-ұсыныс  жасау, 

бӛліп/атап  кӛрсету,  жинақтау,  қолдау,  тексеру,  бағалау, 

кеңес  беру,  экспертиза  жасау,  рецензиялау,  зерттеу,  алып 

шығу. 

 

Мұғалім білім алушылармен бірлесіп оқыту мақсаттарына жетудегі табыс 



критерийлерін  талқылай  алады  және  қажет  болған  жағдайда  оларды 

толықтырады. 

 Қалыптастырушы  бағалау  кезінде  мұғалім  бағалауда  жеке  тәсілдемені 

ескеруі  тиіс.  Егер  мұғалім  кейбір  білім  алушыларға  қандай  да  бір  дағдысын 

дамыту үшін кӛп уақыт қажет екенін кӛрген болса, бұл оқу мақсатын басқаша 

бағалауға  және  білім  алушылардың  оқу  жетістіктерін  бағалау  критерийлерін 

әзірлеу кезінде түзетулер енгізуге шешім қабылдауы керек. 

 

Қалыптастырушы  және  жиынтық    бағалаудың  тапсырмаларын 

мҧғалімдер  ӛздігінен  әзірлейді. 

Қалыптастырушы

  бағалау  бойынша  есеп 

беру қҧжаты болуының қажеттілігі жоқ. 

 

Қалыптастырушы

  бағалау  кезінде  мұғалімнің  ӛзі  білім  алушылардың 

санын және кері байланыс жиілігін анықтайды. 

Қалыптастырушы

  бағалаудың  нәтижелерін  тіркеу  формасын  мұғалім  ӛзі 

(сандық,  графикалық,  балдық)  дербес  анықтайды. 

Қалыптастырушы

  бағалау 


27 

 

 



нәтижелері мұғалімнің есептік құжаты болып табылмайды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет