2019-
2020 оқу жылында мектепке дейінгі білім беру жүйесінің қызметін
реттейтін нормативтік құқықтық құжаттардың тізбесі
1.
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №
319 Заңы (04.07.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен).
2.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі «Қазақстан
Республикасындағы тіл туралы» № 151 Заңы.
3.
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 28 маусымдағы 23-V «Қазақстан
Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы» Конституциялық заңы.
4.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі № 306
«Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» Заңы.
5. «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу
арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі №
343 Заңы.
6. «
Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығы.
7.
«Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандарттарын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2018 жылғы 31қазандағы № 604 бұйрығы.
8
. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары» ҚР БҒМ
2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығы.
9.
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы» ҚР
БҒМ 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығы.
10.
«
Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан
өткізу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі
орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық
және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске
асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен
оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016
жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Білім және
ғылым министрінің 2017 жылғы 17 қазандағы № 530 бұйрығы.
11.
«Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын
бекіту туралы» ҚР БҒМ 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығы.
12.
«Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім
беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту
туралы» ҚР БҒМ 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығы.
45
3
1-4-СЫНЫПТАРДА
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҦНЫ
БОЙЫНША
БІЛІМ
БЕРУ
ПРОЦЕСІН
ҦЙЫМДАСТЫРУ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2019-2020 оқу жылында 1-4-сыныптар жаңартылған білім мазмұнындағы
оқу бағдарламалары мен жоспарлары бойынша оқитын болады.
Еліміздің жалпы білім беру ұйымдарының бастауыш мектептерінде оқу
процесі ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604
бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру
стандартына сәйкес жүзеге асырылады.
ББ МЖМС талаптарын негізге ала отырып, бастауыш білім беру білім
алушыларды жан-жақты дамытуды, қоғамда ӛзіне лайықты орнын табуға
қабілетті жеке тұлғаның қалыптасуы үшін негіз қалауды, оқыту мен
тәрбиелеудің сапасын арттыруды, қолданбалы сипаттағы тапсырмаларды шешу
үшін алған білімдерін қолдана білуін дамытуды қамтамасыз етуі тиіс.
Бастауыш мектептегі білім беру процесі ҚР білім беру саласындағы
қолданыстағы нормативтік-құқықтық базаға сәйкес жүзеге асырылады (осы
материалдың 4-5 беттері).
Оқу пәндері бойынша жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламаларының
ерекшеліктері:
- оқу бағдарламасы «шиыршық» қағидаты негізінде әзірленген, яғни
тақырыптар мен сыныптар бойынша білім мен біліктер бірте-бірте ӛсіп,
дағдылар күрделеніп отырады;
- оқыту мен тәрбие бірлігі қағидатын іске асыруды қамтамасыз етеді;
- үштілді білім беруді іске асыру кӛзделген;
- пәндер бойынша күтілетін нәтижелер түрінде оқу мақсаттарының
жүйесі берілген;
- пәндік білім, білік және дағдылардың кең спектрін қалыптастыруға
бағытталған: білімдерін функционалды және шығармашылықпен қолдану, сын
тұрғысынан ойлау, жобалау және зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды пайдалану, қарым-қатынастың әртүрлі
тәсілдерін қолдану, жеке және топта жұмыс жасай білу, проблемаларды шешу
және шешім қабылдау;
- ортақ тақырыптардың болуы;
46
- негізгі құндылықтар негізінде кең спектрлі дағдылармен бірлікте жеке
тұлғалық қасиетті дамыту: «қазақстандық патриотизм және азаматтық
жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек пен шығармашылық»,
«ашықтық», «ӛмір бойы білім алу».
Жаңартылған оқу бағдарламаларының маңызды сипаттамасы олардың
икемділігі мен әмбебаптылығы болып табылады. Мұғалімдерге сағат саны мен
бӛлімшелерді оқытудың реттілігін, бӛлім мен тиісті тоқсан аясында
тақырыптарды және оқу мақсаттарын ӛз бетінше анықтауға мүмкіндік беріледі.
Мұғалімдер бірнеше оқу мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған тапсырмалар
әзірлей алады. Оқу бағдарламасы мұғалімдерге оқу мақсаттарына жетуге
жетелейтін жиынтықта бірнеше сабақтың/сабақтардың мақсаттарын орындауда
оқу мақсаттарын ӛзгертуге мүмкіндік береді. Мұғалім оқу материалдарын
қайталау және бекітуді қарастыруы қажет.
Тілді оқытудың негізі білім алушылардың әр оқу пәнінің құралдары –
әртүрлі оқу жағдаяттарында біліммен және дағдылармен алмасу, тілдік және
сӛйлеу нормаларының жүйесін дұрыс қолдану арқылы сӛйлеу қызметін
дамытудың жетекші қағидаты ретінде қарастырылатын коммуникативтік тәсіл
болып табылады.
Тілдерді оқыту сӛйлеу қызметінің тӛрт түрін дамыту арқылы жүзеге
асырылады: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым. Мұғалімге білім
алушылардың сӛйлеуін дамытуға ықпал ететін, оларға жақын табиғи
жағдаяттар негізінде оқыту ортасын құру маңызды.
Оқу бағдарламасы пәндер бойынша ұзақ мерзімді жоспарға және ЖӘК
сайтында (smk.edu.kz) орналасқан орта мерзімді жоспарға сәйкес жүзеге
асырылады.
Ұзақ мерзімді жоспар сыныптар және тоқсандар бойынша оқыту
мақсаттарын қамтиды.
Орта мерзімді жоспарлау ұзақ мерзімді жоспарда анықталған бағдарларды
нақтылайды. Орта мерзімді жоспарларда белгіленген мерзімнің негізгі
міндеттері тұжырымдалады. Мұнда әр тоқсанның немесе бӛлімнің
тақырыптары кӛрсетіледі. Бӛлімдер ішінде сағаттарды бӛлуді мұғалімнің еркіне
қарай ӛзгертуге болады.
Орта мерзімді жоспарларда дағдылар, оқу мақсаттары, сабақта
ұсынылатын іс-әрекет түрлері, мұғалімдерге арналған белгілер (оқыту
әдістемесі бойынша), оқу ресурстары берілген.
Сабаққа қажетті үлгілік материалдар тізбесі «Ресурстар» бағанында
жазылған, мұғалімдердің жұмыста қолдануына кӛмек ретінде интернет-
ресурстарға сілтемелер берілді. Оқу мақсаттары бойынша жұмысты жоспарлау
және оларды мұғалім ӛз сыныбындағы білім алушылардың даму деңгейлеріне
қарай дамытуды жүзеге асыруы тиіс. Пән бойынша орта мерзімді жоспарлар
ұсыныс ретінде беріледі.
Қысқа мерзімді жоспарды немесе сабақ жоспарын мұғалімнің ӛзі
әзірлейді. Қысқа мерзімді жоспарды әзірлегенде мұғалімге саралап оқыту
тәсіліне және білім алушылардың жеке ерекшеліктерін ескеруге назар аудару
ұсынылады. Сабақты қысқа мерзімді жоспарлау мұғалімнің оқу мақсаттарына
47
тиімді қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Мұғалім әр сабақтан кейін білім
алушылардың оқу материалын меңгеруде туындаған қиындықтары мен оқу
жетістіктерін анықтау үшін сабаққа талдау (рефлексия) жасап отырғаны жӛн.
Бастауыш сыныптарда сабақтың форматы оқыту процесінде білім
алушыларды белсенді тартуды, олардың талқылауларға қатысуын, ӛткен
материалды талдауын және қорытуын, зерттеу жүргізуін, бағалауда пікірлерін
айтуын, ӛзін бағалауды, ӛзара бағалауды және т.б. болып табылады.
Сабақтың міндетті элементі кері байланыс болуы тиіс, ол мұғалімнің
білім алушыны қолдауға бағытталған іс-әрекетін түзетуге мүмкіндік береді
және білім беру процесін жетілдіруге себін тигізеді. Қалыптастырушы бағалау
кезінде мұғалім білім алушылардың санын және кері байланыс беру жиілігін
ӛздігінен анықтайды.
Оқу процесін ұйымдастыру кезінде мұғалімге пәнаралық байланыстарды
іске асыратын ортақ тақырыптарға кӛңіл аудару қажет. Оқу пәндерінің
компонентін кіріктіруші ретінде ортақ тақырыптар да тоқсандар бойынша
бӛлінген. Әр тоқсан бойынша екі ортақ тақырып берілген, оның әрқайсысына
сағат саны шамамен бірдей бӛлінеді. Сегіз ортақ тақырыпқа бӛлінетін сағат
санын мұғалім білім алушылардың дайындық ерекшеліктеріне қарай ӛзі
ӛзгертіп отырады (6-кесте).
6-кесте. Сыныптар бойынша ортақ тақырыптар
№
1-сынып
2-сынып
3-сынып
4-сынып
1
Ӛзім туралы
Ӛзім туралы
Жанды табиғат
Менің Отаным –
Қазақстан
2
Менің мектебім
Менің отбасым
және достарым
Жақсыдан үйрен,
жаманнан жирен
Құндылықтар
3
Менің отбасым
және достарым
Менің мектебім
Уақыт
Мәдени мұра
4
Бізді қоршаған
әлем
Менің туған елім
Сәулет ӛнері
Мамандықтар
әлемі
5
Саяхат
Дені саудың жаны
сау
Ӛнер
Табиғат
құбылыстары
6
Салт-дәстүр және
ауыз әдебиеті
Салт-дәстүр және
ауыз әдебиеті
Атақты тұлғалар Қоршаған ортаны
қорғау
7
Тағам мен сусын
Қоршаған орта
Су – тіршілік
кӛзі
Ғарышқа саяхат
8
Дені саудың жаны
сау
Саяхат
Демалыс
мәдениеті.
Мерекелер
Болашаққа саяхат
Ортақ тақырыптар бойынша оқу мақсаттарын меңгерту үшін базалық
оқулықта, сондай-ақ қосымша ресурстарда (оқу-әдістемелік кешендер,
хрестоматиялар және т.б.) ұсынылған әртүрлі жанрдағы мәтіндер
пайдаланылады. Мәтінді дайындау мен таңдауда ортақ тақырыптармен
байланысына ерекше мән берілуі тиіс.
Ортақ тақырыптар бойынша жұмыс жеке оқу қызметін ұйымдастыруды
48
қажет етпейді, керісінше, пән бойынша және тәрбиелік міндеттерге қол жеткізу
үшін оқыту мүмкіндігін кеңейтуге мүмкіндік береді. Осылайша, жаңа бӛліммен
жұмыс істей бастағанда, мұғалім оқушылардың шынайы ӛмірмен байланыс
жасауға мүмкіндік беретін бірқатар негізгі сұрақтарды негізге алады. Бұл
сұрақтар мұғалімге оқу міндеттеріне жету үшін ресурстардың кең ауқымын
анықтауға кӛмектеседі. Сұрақтардың саны маңызды емес, нақты сынып пен
құрылған оқыту ортасы үшін қандай мәселелер қолайлы екенін түсіну
маңызды.
1-сыныпта (СанЕмН) оқу жүктемесін біртіндеп «сатылы» ҧлғайту әдісін
жҥзеге асыру мақсатында бейімдеу кезеңін ұйымдастыру ұсынылады.
Бейімдеу кезеңінен сәтті ӛту үшін қыркүйек-қазан айларында соңғы сабақтар
стандартты емес түрде (ойын сабақ, қиял-сабақ, мереке-сабақ, театрланған
сабақ, саяхат сабақ, экскурсия сабақ, импровизация сабақ) жүргізген жӛн.
Мектепте білім алушыны оқуға бейімдеу үшін қолайлы орта жасауға ерекше
назар аудару қажет, ол білім алушының оңтайлы дамуына, ойдағыдай білім
алуына және тәрбиеленуіне ықпал етеді. 1-сыныпта барлық жұмыс кезеңінің
міндеті – кіші мектеп оқушысының оқу әрекетіне деген ішкі уәждемесін
қалыптастыру.
1-сыныптың бірінші жартыжылдығында жиынтық бағалау жүргізілмейді
және үй тапсырмасы берілмейді. Мұғалім ӛз жұмысын әр білім алушының
сабақта қажетті білімді толыққанды меңгеруін қамтамасыз ететіндей
жоспарлайды. Алайда, мұғалім біртіндеп жеке және топтық жұмыс бойынша
рефлексия дағдыларын қалыптастыру бойынша жұмысты ұйымдастыру арқылы
бағалау рәсіміне дайындағаны жӛн. Мысалы, «мен жасай аламын ....», «біз
дайынбыз....», «мен айтып .... бере аламын», «біз айта аламыз...». Рефлексия
кесте түрінде ұсынылуы мүмкін, бұл да бағалау алдында түсіндіру жұмысы
болып табылады.
1-сынып білім алушысының кӛру қабілетін, қолының ұсақ моторикасын
дамыту үшін сергіту сәтін уақтылы ӛткізу керек, 1-сынып білім алушыларын
ұзақ уақыт жазу мен сурет салудан жалықтырып алмау керек. 1-сыныпта оқыту
кезінде іс-әрекеттің ойын түрлері басым болуы тиіс.
Бірінші сыныпқа ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын
балалар, алты жастан бастап және басқа да оқумен қамтылмаған балалар
қабылданатынына назар аударған жӛн, яғни бір сыныпта әртүрлі жастағы
балалар болуы мүмкін. Осыған байланысты білім алушылардың жеке
ерекшеліктерін және оқу материалын қабылдауға дайындығын ескеру маңызды.
Бірінші сынып оқушыларының кҥнделікті оқу жетістіктері бойынша
ата-аналарға кеңес беру жҧмыстарын жҥргізу ҧсынылады.
2-сыныптан бастап білім алушылар үй тапсырмасын орындайды,
сондықтан сабақ кестесін құруға ерекше назар аудару қажет, сондықтан үй
тапсырмасын орындауға едәуір уақыт шығындауды талап ететін пәндерді бір
күнге топтастырмау мүмкіндігін қарастыру қажет. Білім алушыларға үй
тапсырмалары орындау мүмкіндігін ескере отырып, мынадай шамада беріледі:
2-сыныпта – 50 минут, 3-сыныпта – 70 минут, 4-сыныпта – 70 минут (ҚР БҒМ
2017 жылғы 24 сәуірдегі № 182 бұйрығы). Демалыс және мереке күндері үй
49
тапсырмасын беру ұсынылмайды.
Бастауыш мектепте сабақты ұйымдастыру жүйелі іс-әрекеттік және
практикалық бағдарланған тәсілдер аясында жүзеге асырылады. Сабақтың
мақсатты бағыты білім алушылардың оқу-танымдық және оқу-практикалық іс-
әрекеттерін ӛз бетінше қалыптастыру және дамыту; белсенді оқыту әдістерін
қолдану: проблемалық-диалогтық, ішінара іздеу, іздестіру, жобалау, зерттеу.
Білім алушылардың сабақтағы жұмыстары жеке, жұптық, топтық, дара және
саралап оқыту арқылы ұйымдастырылады. Жаңа білім беру стандартына
бағдарланған сабақтың маңызды белгілері оның мазмұнында бастауыш сынып
білім алушыларын кең спектрлі дағдыларға үйрету элементтерінің болуы.
Бастауыш мектептің жаңартылған білім мазмұнына кӛшуіне байланысты
бастауыш сынып мұғалімдері әдістемелік жұмыстарының жүйесін құру
маңызды орын алады. Бұлар кері байланыс бере отырып, сабаққа қатысу,
бақылау
және
талдау,
семинарлар,
тренингтер,
педагогикалық
қауымдастықтардың отырыстары, коучингтер, шеберлік сағаттары, дӛңгелек
үстелдер мен ББ МЖМС енгізу мен іске асырудың басқа да жекелеген
бағыттары бойынша іс-шаралар болуы мүмкін.
Мектептегі әдістемелік қолдаудың формалары сыныптың, сондай-ақ
әр оқушының оқу жетістіктерін қадағалау бойынша міндеттерді шешуі
керек.
Балалардың денсаулығын сақтауға және нығайтуға, психологиялық-
педагогикалық қолдауға назар аудару қажет. Шаршаудың, сколиоздың, жүрек-
қан тамырлар жүйесі, кӛз ауруларының алдын алу мақсатында жаттығулар
жүргізуге (динамикалық, тыныс алу жаттығулары, қол саусақтарына
байланысты жаттығулар, қол және кӛзге арналған гимнастикалық жаттығулар
және т. б.) кӛп кӛңіл бӛлу керек.
«ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ» БІЛІМ САЛАСЫ
«Тіл және әдебиет» білім саласының мазмұны «Сауат ашу», «Обучение
грамоте», «Қазақ тілі» (Т1), «Русский язык» (Я1), «Әдебиеттік оқу»,
«Литературное чтение», оқыту орыс тілінде емес сыныптарда «Орыс тілі» (Я2),
оқыту қазақ тілінде емес сыныптарда «Қазақ тілі» (Т2), «Ағылшын тілі» оқу
пәндері арқылы жүзеге асырылады.
Тілдік пәндерді оқытудың ерекшелігі коммуникативтік тәсілді жүзеге
асыру болып табылады. Коммуникативтік дағдыларды ортақ тақырыптарды
оқыту барысында қалыптастыру қажет. Коммуникативтік тәсіл білім
алушылардың оқу сауаттылығын дамыту мақсатын кӛздейді, яғни мәтіндерді
түсіну және оларға рефлексия жасау қабілетін дамытуға, олардың мазмұнын ӛз
мақсаттарына қол жеткізу үшін пайдалануға, білімдерін және мүмкіндіктерін
арттыруға, қоғам ӛміріне белсенді қатысуға бағытталған.
«Сауат ашу» оқу пәні (оқыту қазақ тілінде)
«Сауат ашу» пәнінің оқу бағдарламасы – тілдік және әдебиеттік білімге
дайындықтың алдын-ала кезеңі, сондай-ақ одан кейінгі оқытудың негізі болып
50
табылады.
Пәнді оқытудың ерекшелігі білім алушылардың тыңдалым, айтылым,
оқылым және жазылым дағдыларын меңгеру процесінде функционалдық
сауаттылығын қалыптастыру болып табылады, ол алған білім, білік,
дағдыларын түрлі ӛмірлік жағдаяттарда пайдалануға мүмкіндік береді.
«Сауат ашу» пәні бойынша оқу жүктемесінің кӛлемі аптасына 6 сағаттан,
оқу жылына 198 сағатты құрайды.
Сауат ашу үш кезеңге бӛлінеді: әліппеге дейінгі кезең, әліппе кезеңі,
әліппеден кейінгі кезең. Дыбыс және әріппен таныстыруға бӛлінетін сағат
санын білім алушылардың оқу материалын, оқу мақсаттарын меңгеру деңгейіне
және әр кезеңнің тапсырмаларын орындау деңгейіне байланысты мұғалімнің ӛзі
реттей алады.
Бірінші жартыжылдықта оқу жылдамдығы тексерілмейді. Екінші
жартыжылдықтың соңында оқу дағдысының қалыптасу нормасы минутына
25-30 және одан артық сӛзді құрайды. Ескерту: шылау, одағай, еліктеу сӛздер,
қос сӛздер жеке сӛз ретінде саналады.
Бірінші сыныпта буынға бӛліп оқудың қалыптасуы тексеріледі: бағдарлама
талаптарына сәйкес келетін оқу қарқыны кезінде оқылатын мәтіннің жалпы
мәнін түсінуі, жекелеген сӛздер мен сӛйлемдердің мағынасын түсінуі.
1-сынып білім алушылары:
1) 2-6 сӛзден тұратын сӛйлемдерді буындық тәсілмен тұтас оқу;
2) 4-8 сӛйлемнен тұратын қысқаша мәтіндерді буындық тәсілмен тұтас
оқу;
3) сӛйлем, шағын мәтіндер (3-4 сӛйлем) құрастырып жазу;
4) есту, есте сақтау арқылы сӛздерді (3-7 сӛз) жатқа жазу;
5) жай сӛйлемдерді (1-2 сӛйлем) жатқа жазу;
6) баспа әріптерімен берілген мәтінді (10-15 сӛз) кӛшіріп жазу;
7) күрделі, айтылуы мен жазылуы әртүрлі сӛздерді тыңдау арқылы жазу
(8-10 сӛз);
8) сӛйлемдерді (3-4 сӛзден тұратын), шағын мәтіндерді (10-15 сӛз) тыңдау
арқылы жазу;
9) белгілі бір тақырыпқа сӛйлемдер құрастыру және жазу (2-4 сӛйлем)
жұмыстарын орындай алуы керек.
Білім алушылардың үлгерімін тоқсан аяқталғаннан кейін және
бӛлімдер/ортақ тақырыптар бойынша оқу материалының мазмұнын меңгеру
деңгейін анықтау үшін ағымдық бақылау жиынтық бағалау түрінде жүргізіледі.
1-сыныпта пән бойынша жиынтық бағалау ҥшінші тоқсаннан бастап
ӛткізіледі.
Тӛменде бӛлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау саны берілген.
7-кесте. «Сауат ашу» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Сынып
Бӛлімдер/ортақ тақырыптар бойынша
жиынтық бағалау саны
1-тоқсан
2-тоқсан
3-тоқсан
4-тоқсан
51
1 -сынып
-
-
2*
2*
*Бӛлімдер/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауда сӛйлеу
қызметінің екі түрі біріктіріледі (мысалы, тыңдалым және айтылым; оқылым
және жазылым).
Жиынтық бағалау түрлері әр түрлі болуы мүмкін (диктант, тест, ӛзіндік
жұмыс, мазмұндама, сӛздік диктант және т.б.).
«Обучение грамоте» оқу пәні (с русским языком обучения)
Учебная программа по предмету «Обучение грамоте» является
подготовительным этапом для дальнейшего языкового и литературного
образования, а также представляет собой основу для всего последующего
обучения.
Особенностью
изучения
предмета
является
формирование
функциональной грамотности в процессе освоения навыков аудирования
(слушания), говорения, чтения и письма, которая позволяет использовать
приобретенные знания, умения и навыки в различных жизненных ситуациях.
Объем учебной нагрузки по предмету составляет 6 часов в неделю,
198 часов в учебном году.
Выделяются три периода: добукварный, букварный, послебукварный.
Количество часов на знакомство со звуком и буквой учитель может
регулировать сам в зависимости от уровня усвоения учебного материала,
достижения целей обучения обучающимися и выполнения задач каждого
периода.
В первом полугодии техника чтения не проверяется. Норма скорости
чтения во втором полугодии составляет 30-35 и более слов в минуту. В первом
классе проверяется сформированность слогового способа чтения: осознание
общего смысла читаемого текста при темпе чтения, соответствующего
программным требованиям; понимание значения отдельных слов и
предложений.
На конец 1-го полугодия ученик должен:
1) писать под диктовку слова, написание которых не расходится с
произношением (3-5 слов);
2) писать предложения (из 2-3 слов);
3) списывать с печатного текста (не более 10-15 слов и знаков) на
изученные буквы.
На конец 2-го полугодия:
1) писать под диктовку двусложные слова с безударными гласными,
слова с мягким знаком на конце и в середине слова, слова с парными
согласными (звонкими и глухими согласными на конце слова), йотированными-
гласными (8-10слов);
2) писать предложения (из 3-4 слов), текст (не более 10-15 слов и знаков);
3) передавать содержание текста по вопросам (15-20 слов и знаков);
4) составлять
и записывать предложения на заданную тему
(2-4 предложения).
52
Текущий контроль успеваемости обучающихся проводится в форме
суммативного оценивания для определения и фиксирования уровня усвоения
содержания учебного материала по завершении четверти, изучения разделов
(сквозных тем).
Достарыңызбен бөлісу: |