Оқу жылының басына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындарында оқу процесін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық-әдістемелік ұсынымдар


ТжКОББ ұйымдарында академиялық дербестікті енгізуге қатысты



бет2/7
Дата06.12.2022
өлшемі54,22 Kb.
#161421
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
2021-2022

2. ТжКОББ ұйымдарында академиялық дербестікті енгізуге қатысты
Академиялық дербестікті енгізу техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 23 шілдедегі №362 бұйрығымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы
№ 604 бұйрығына енгізілген өзгерістер) (бұдан әрі - МЖМБС) сәйкес жүзеге асырылатын болады.
Білім беру бағдарламаларын МЖМБС, кәсіптік стандарттар (бар болса), WorldSkills кәсіптік стандарттар (бар болса) талаптарының негізінде жұмыс берушілердің қатысуымен ТжКОББ ұйымдары дербес әзірлейді.
Білім беру бағдарламасына: паспорт, оқу жұмыс жоспары және оқу жұмыс бағдарламалары кіреді.
2021-2022 оқу жылында білім беру бағдарламаларына мынадай базалық модульдерді енгізу көзделеді:
1) дене қасиеттерін дамыту және жетілдіру;
2) ақпараттық-коммуникациялық және цифрлық технологияларды қолдану;
3) экономиканың базалық білімін және кәсіпкерлік негіздерін қолдану;
4) қоғам мен еңбек ұжымында әлеуметтену және бейімделу үшін әлеуметтік ғылымдар негіздерін қолдану.
«Қоғам мен еңбек ұжымында әлеуметтену және бейімделу үшін әлеуметтік ғылымдар негіздерін қолдану» модулін қосу орта буын мамандарын даярлау кезінде білім беру бағдарламаларында көздеу қажет.
Осы модульді оқыту нәтижелерінің бірі толеранттылықты, белсенді жеке позицияны қалыптастыратын моральдық-адами құндылықтар мен нормаларды түсіну болып табылады. Бұл нәтижеге қол жеткізу үшін білім беру ұйымдарына мынадай өлшемдерді: әлемдік және дәстүрлі діндердің тарихын, сондай-ақ олардың қазіргі жай-күйін түсінуді енгізуге болады.
ТжКОББ ұйымының қалауы бойынша базалық модульдер әскери мамандықтарды қоспағанда, мамандық бейініне байланысты кәсіптік модульдерге біріктіріледі.
Қосымша базалық модульдерді қосуға рұқсат етіледі.
Базалық немесе кәсіптік модульдерді, факультативтік сабақтарды игеру шеңберінде ТжКОББ ұйымының қалауы бойынша білім алушылардың мемлекеттік тілді қосымша оқып-үйренуі мүмкін.
Кәсіптік модульдердің тізбесі мен мазмұнын ТжКОББ ұйымы дербес айқындайды. Бұл ретте ТжКОББ ұйымдарының академиялық дербестігін ескере отырып, кәсіптік стандарттар негізінде әзірленген мамандықтар бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын пайдалану ұсынылады. Жобалар «Talap» КЕАҚ сайтында орналастырылған: kasipkor.kz (қосымша – «Білім беру мазмұны»- «НҚА жобалары 2021» - «ҮОЖ»).
ТжКОББ ұйымы міндетті оқытуға бөлінген кредиттердің/сағаттардың жалпы санын сақтай отырып, модульдер және/немесе пәндер көлемін дербес айқындайды. Әрбір модульдің жалпы көлемі кредиттердің бүтін санын құрайды.
Оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламалары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізуі үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» № 130 бұйрығына сәйкес әзірленеді.
Жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу үшін «Тalap» КЕАҚ сайтында орналастырылған «Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша жұмыс оқу жоспарын әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды», «ТжКОББ ұйымдарының академиялық дербестігін ескере отырып, өзектендірілген ҮОЖ негізінде жұмыс оқу бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды» пайдалану ұсынылады: kasipkor.kz (қосымша – «Білім беру мазмұны» - «НҚА жобалары 2021» - «ТжКОБ мамандықтары бойынша ОЖЖ әзірлеу бойынша әдістемелік ұсынымдар»).
Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдарды оқыту үшін білім алушылардың психофизикалық даму ерекшеліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, бейімделген бағдарламалар әзірленеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет