Оқу жылының басына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындарында оқу процесін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық-әдістемелік ұсынымдар


«Әлеуметтік студенттік кредит» жобасын іске асыруға қатысты



бет6/7
Дата06.12.2022
өлшемі54,22 Kb.
#161421
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
2021-2022

6. «Әлеуметтік студенттік кредит» жобасын іске асыруға қатысты
«Әлеуметтік студенттік кредит» жобасын (бұдан әрі - жоба) іске асыру мақсатында студент жастарды волонтерлік қозғалысқа тарту және Жобаға қатысу жөніндегі жұмысты жүргізу үшін білім басқармасынан жауапты адамды тағайындау қажет.
Бұл жоба әлеуметтік студенттік кредит беру түрінде оларды материалдық көтермелеу жолымен ерікті әлеуметтік бағытталған, қоғамдық пайдалы қызметке тартылған колледждер, жоғары оқу орындары студенттерінің үлесін арттыруды көздейді (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 8 тамыздағы «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің салалық көтермелеу жүйесін бекіту туралы» № 324 бұйрығы).
Осыған байланысты оқу жылының басынан бастап квота орындарын бөлуге сәйкес оқу орындарының жобаға қатысуы бойынша жұмысты ұйымдастыру қажет (ҚР БҒМ 19.07.2021 ж.4-13-5/2823 хаты).
Жоба бойынша уақтылы төлемдерді жүзеге асыру үшін жауапты тұлғалар есепті айдың 20-күнінен кешіктірмейтін мерзімде мынадай құжаттарды қағаз түрінде «Қаржы орталығы» АҚ-ға жеткізуді қамтамасыз етуі қажет:
1. ТжКОББ ұйымының ілеспе хаты.
2. Студент волонтерлік қызметті жүзеге асырған ұйымның растау хаты.
3. Студенттің жеке куәлігі (көшірмесі).
4. Студенттің жеке шотының болуы туралы мөрі бар банктен үзінді көшірме.
5. Студенттің мәртебесін растайтын ТжКОББ ұйымының анықтамасы (қолы мен мөрі бар).
6. Қатысушы студенттің атқарған жұмысы туралы есеп.
7. Үш фотосурет (суретте әлеуметтік бағдарланған, қоғамдық пайдалы қызмет туралы ақпарат болуы керек).
8. Оқу орнының банктік шотының болуы туралы анықтама.
Барлық туындаған сұрақтар бойынша жоба үйлестірушісі - Құрмансеит Ақжол Ахатұлына хабарласу қажет, байланыс деректері: «Қаржы орталығы» АҚ, Мәңгілік Ел даңғылы, 18, тел.8 (7172) 695-127, тел. сот. 8 775 128 61 88.


7. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысы

Колледждің барлық құрылымдық бөлімшелерінің күш-жігерін біріктіруге мүмкіндік беретін тәрбие жұмысының тиімділігін арттыру бойынша ТжКОББ оқу орындарына әдістемелік көмек көрсету мақсатында Министрлік Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 18 қаңтардағы № 24 «Жастар ісі жөніндегі Комитеттің, «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық клубының, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы қызығушылықтар бойынша клубтардың жұмысын ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» бұйрығы (бұдан әрі – әдістемелік ұсынымдар).


Әдістемелік ұсынымдар студенттердің алған білімдерін, біліктері мен дағдыларын қазақстандық қоғамның дамуы үшін іске асыруға мүмкіндік беретін іс-әрекетті ұйымдастыру тәртібін, нысандарын, тәрбие нысандары мен жұмыс әдістерінің кешенін қамтиды.
Осыған байланысты оқу орындарында Жастар ісі комитеттерін, «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық клубтарын, қызығушылықтары бойынша клубтар құру бойынша жұмыс жүргізуді ұсынамыз. Осы бағыттағы жалпы басшылық пен қызметті үйлестіру басшылардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларына бекітілсін.
Сонымен қатар, жеке тұлғаның үйлесімді дамуын, қазақстандық патриотизмді, азаматтық бірегейлікті және толеранттылық мәдениетін (Қазақстандағы мекетеп оқушылары мен студенттердің пікірсайыс қозғалысының жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасының тұжырымдамасы) қалыптастыруды қамтамасыз ететін неғұрлым тиімді зияткерлік құрал ретінде студент жастар арасында пікірсайыс қозғалысын дамыту жөнінде шаралар қабылдау, сондай-ақ өңірдегі пікірсайыс қозғалысының дамуын үйлестіруге жауапты қызметкерді тағайындау қажет.


8. Қашықтықтан оқыту кезінде карантин кезінде туындаған білім алушылардың білімдеріндегі, дағдыларындағы және практикалық дағдыларындағы олқылықтардың орнын толтыру жөніндегі іс-шараларға қатысты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет