Оқу жылының басына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындарында оқу процесін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық-әдістемелік ұсынымдар


ТжКБ оқу-әдістемелік кабинеттеріне (облыстық, қалалық)



бет7/7
Дата06.12.2022
өлшемі54,22 Kb.
#161421
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
2021-2022

ТжКБ оқу-әдістемелік кабинеттеріне (облыстық, қалалық):
- білім алушылардың білімін толықтыру және олқылықтарды жою процесін әдістемелік сүйемелдеу бойынша жүйелі жұмысты ұйымдастыру;
- ТжКОББ ұйымдарында қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша озық тәжірибені зерделеуді және таратуды қамтамасыз ету;
- тәжірибелі педагогтердің, оның ішінде «Қазақстан Республикасының үздік педагогы» атағының иегерлерінің қатысуымен оқытудың инновациялық технологияларын пайдалану бойынша мастер-класстар, вебинарлар, семинарлар, ашық сабақтар ұйымдастыру;
- білім алушылардың білімдеріндегі, дағдыларындағы және практикалық дағдыларындағы олқылықтардың орнын толтыру бөлігінде іс-шараларды ұйымдастыру бойынша өңірлік жоғары оқу орындарымен өзара іс-әрекет жасау.
Білім беру ұйымдарына:
Білім алушылардың білімдеріндегі, біліктеріндегі және практикалық дағдыларындағы олқылықтарды анықтау, жою және толықтыру бойынша жүйелі негізде іс-шаралар ұйымдастыру:
- білім алушылардың біліміне, білігіне және практикалық дағдыларына мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету;
- ТжКОББ ұйымдарының колледждердің ресурстық орталықтарымен және әлеуметтік әріптестермен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
- педагогтер, өндірістік оқыту шеберлері, тәлімгерлер мен ата-аналар үшін вебинарлар, семинарлар, конференциялар ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізу;
- модульдер/пәндер бойынша, оның ішінде әлеуметтік әріптестер базасында консультациялар мен қосымша сабақтар өткізуді қарастыру;
- білім беру ұйымдарының 1-2 курс білім алушыларына, мектеп оқушыларына консультациялық және/немесе репетиторлық қызметті жүзеге асыру бойынша педагогикалық колледждер білім алушыларының волонтерлік қызметін ұйымдастыру;
- білім беру платформаларының контентін пайдалану бойынша мониторинг жүргізу және т. б.
Бейіндер бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктерге:
- ТжКОББ ұйымдарына білім алушылардың білімдеріндегі, біліктеріндегі және практикалық дағдыларындағы олқылықтарды жою бойынша қосымша ресурстарды, оның ішінде цифрлық ресурстарды: әдістемелік құралдар, тапсырмалар жинақтары, жаттығулар жинақтары, дидактикалық материалдар және басқаларын әзірлеу бойынша консультативтік көмек көрсетуді жүзеге асыру;
- ТжКОББ ұйымдарында қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша озық тәжірибені зерделеуді және таратуды қамтамасыз ету;
- оқу-әдістемелік жұмысты жетілдіру және ТжКОББ ұйымдарына консультациялық көмек көрсету бойынша конференциялар, семинарлар ұйымдастыру және өткізу жөніндегі жұмысты жалғастыру.
Педагогтерге:
- олқылықтарды анықтау мақсатында білім алушылардың біліміне, білігіне және практикалық дағдыларына мониторинг жүргізу;
- қажеттілігіне қарай білім алушылардың білімдеріндегі, біліктеріндегі және практикалық дағдыларындағы олқылықтарды жою бойынша: сабақ жоспарларын түзету, консультациялар, факультативтік сабақтар, қосымша сабақтар(білім беру ұйымдарында немесе әлеуметтік серіктестер базасында), экскурсиялар, мастер-класстар және т. б. іс-шаралар өткізу;
- білім беру контентін қалыптастыру және өзектендіру бойынша жұмысты жалғастыру (бейнесабақтар, электрондық кітаптар, қосымша материалдар);
- оқу процесін ұйымдастыруда қол жетімді сандық ресурстарды пайдалану.
«Талап» КЕАҚ:
- бейнесабақтарды, электрондық оқулықтар мен қосымша материалдарды каталогқа орналастыру бойынша жұмысты жалғастыру;
- оқытудың инновациялық, цифрлық технологиялары мен оқыту әдістемелерін енгізу бойынша ТжКОББ ұйымдарының педагогтері мен өндірістік оқыту шеберлеріне арналған курстық оқытуды жүргізуді жалғастыру.


Результаты согласования
31.08.2021 09:34:21: Жунусов Е. Г. (Департамент технического и профессионального образования) - - cогласовано без замечаний


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет