Оқу жылының басына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындарында оқу процесін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық-әдістемелік ұсынымдар


«Жас маман» жобасы шеңберінде әзірленген білім беру бағдарламаларын енгізуге қатысты



бет5/7
Дата06.12.2022
өлшемі54,22 Kb.
#161421
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
2021-2022

3. «Жас маман» жобасы шеңберінде әзірленген білім беру бағдарламаларын енгізуге қатысты
«Жас Маман» жобасын іске асырудың негізгі сәттерінің бірі 2021-2022 оқу жылынан бастап «Talap» КЕАҚ сайтында орналастырылған «Жас Маман» жобасы аясында 54 мамандық бойынша әзірлеген 180 ТжКОББ ұйымдарында білім беру бағдарламаларын енгізу болып табылады https://kasipkor.kz («Жобалар» қойындысы – «Жас маман» жобасы – «Шетелдік серіктес әзірлеген материалдар»). Шетелдік серіктестің 54 мамандығы бойынша әзірленген білім беру бағдарламаларының саны 1 кестеде келтірілген.
1-кесте.



Аймақ

Колледждер саны

Білім беру бағдарламаларының саны

1

Ақмола облысы

11

30

2

Ақтөбе облысы

10

31

3

Алматы облысы

12

18

4

Атырау облысы

10

38

5

Шығыс Қазақстан облысы

10

24

6

Жамбыл облысы

11

20

7

Батыс Қазақстан облысы

10

21

8

Қарағанды облысы

15

29

9

Қостанай облысы

10

26

10

Қызылорда облысы

10

23

11

Маңғыстау облысы

10

19

12

Павлодар облысы

10

13

13

Солтүстік Қазақстан облысы

9

18

14

Түркістан облысы

9

13

15

Алматы қаласы

18

28

16

Шымкент қаласы

7

14

17

Нұр-Сұлтан қаласы

8

17

Барлығы

180

382

Оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу процесін қамтамасыз ету және оқу процесіне одан әрі енгізу мақсатында «Talap» КЕАҚ «Жас маман» жобасы шеңберінде ТжКОББ білім беру бағдарламалары бойынша оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу бойынша әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрі – әдістемелік ұсынымдар) әзірленді.


Сонымен қатар, «Жас маман» жобасына қатысатын ТжКОББ ұйымдарына «Тalap» КЕАҚ ұйымдастыратын және өткізетін біліктілікті арттыру курстарына (қыркүйек-қараша) ТжКОББ ұйымдарының педагогтері мен басшыларының қатысуын қамтамасыз ету ұсынылады (2-кесте).
«Жас маман» жобасына қатысатын 2000 техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері мен басшыларының біліктілігін арттыру курстары:
1) «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымын трансформациялау процесіндегі басшының рөлі»;
2) «Білікті кадрлар даярлаудың халықаралық тәжірибесін пайдалануда педагогтарды кәсіби дамыту».

2 кесте.




Аймақтың атауы

Колледждер саны

Педагогтер саны

Басшылар саны



Тыңдаушылардың жалпы саны

1

Ақмола облысы

11

72

50

122

2

Ақтөбе облысы

10

62

50

112

3

Алматы облысы

12

82

50

132

4

Атырау облысы

10

60

50

110

5

Шығыс Қазақстан облысы

10

60

50

110

6

Жамбыл облысы

11

74

50

124

7

Батыс Қазақстан облысы

10

60

50

110

8

Қарағанды облысы

15

95

75

170

9

Қостанай облысы

10

60

50

110

10

Қызылорда облысы

10

60

50

110

11

Маңғыстау облысы

10

60

50

110

12

Павлодар облысы

10

60

50

110

13

Солтүстік Қазақстан облысы

9

50

50

100

14

Түркістан облысы

9

58

42

100

15

Алматы қаласы

18

125

75

200

16

Нұр-|Сұлтан қаласы

8

60

30

90

17

Шымкент қаласы

7

55

25

80


Барлығы

180

1153

847

2000



4. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауға қатысты
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы «Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» №125 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
2021-2022 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша аралық аттестаттау: қазақ тілінде оқытатын топтар үшін қазақ тілі, орыс тілі және әдебиеті; орыс тілінде оқытатын топтар үшін орыс тілі, қазақ тілі және әдебиеті; Қазақстан тарихы, математика және тереңдетілген деңгейдегі пәндер бойынша емтихандар өткізуді көздейді.
Бақылау жұмыстары, сынақтар және курстық жобалар (жұмыстар) пәнді және/немесе модульді оқытуға бөлінген оқу уақыты есебінен, емтихандар аралық және/немесе қорытынды аттестаттауға бөлінген мерзімде өткізіледі.
Сынақтар тізбесі оқу жұмыс жоспарына сәйкес жалпы білім беретін/арнайы пәндер және (немесе) модульдер, базалық модульдер бойынша, сондай-ақ курстық жобаларға (жұмыстарға), кәсіптік практикадан сараланған бағалары/баллдармен («өте жақсы», «жақсы», «қанағаттанарлық» және «қанағаттанарлықсыз») жүргізіледі.
Сынақтар үлгерімді ағымдағы бақылау бағалары негізінде қойылады.
Аралық аттестаттауды өткізу кезінде емтихан билеттері бойынша тапсырмаларды орындау үшін ауызша емтиханға әрбір білім алушыға 25 (жиырма бес) минуттан аспайтын уақыт бөлінеді, жазбаша емтихан өткізуге:
1) шығармаға және (немесе) эссеге 6 астрономиялық сағат;
2) тестілеуге 4 академиялық сағат;
3) мазмұндауға 3 астрономиялық сағат;
4) диктантқа 2 астрономиялық сағат бөлу көзделеді.
Жазбаша (тест тапсырмалары) емтихан жұмыстары білім беру ұйымының мөртабасы қойылған қағазда орындалады.
Біліктілік емтихандары әрбір біліктілік бойынша практикалық жұмыс немесе демонстрациялық емтихан нысанында ТжКБ ұйымының оқу-өндірістік шеберханаларында, зертханаларында және оқу орталықтарында және/немесе кәсіпорындардың өндірістік алаңдарында өткізіледі.
Аралық аттестаттау шеңберінде біліктілік емтиханын өткізу кезінде тапсырманы орындау үшін 1 емтихан алушыға 6 сағаттан аспайтын, ал демонстрациялық емтихан нысанында 1 емтихан алушыға 12 сағаттан аспайтын уақыт бөлінеді. Демонстрациялық емтихан МЖМБС-ға біліктілік емтиханының бір түрі ретінде енгізілген және әрбір біліктілік бойынша ТжКОББ ұйымдарының оқу-өндірістік шеберханаларында, зертханаларында және оқу орталықтарында, кәсіпорындардың өндірістік алаңдарында өткізіледі.
Қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру кезінде медициналық білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларды қоспағанда, біліктілік емтиханын, оның ішінде демонстрациялық емтихан және/немесе жалпы кәсіптік және арнайы пәндер және/немесе модульдер бойынша қорытынды емтихандар нысанында өткізу немесе дипломдық жобаны (жұмысты) орындау және қорғау немесе арнайы пәндердің және/немесе модульдің біреуі бойынша қорытынды емтихан тапсыра отырып, дипломдық жұмысты орындау және қорғау көзделеді.


5. Дуальды оқыту шеңберінде оқу процесін ұйымдастыруға қатысты
Ағымдағы жылы дуальды оқытуды ұйымдастыруға қатысты келесі нормативтік құқықтық актілерге:
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 50 «Дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес дуальды оқыту кезінде студенттердің практикадан өту мерзімі еңбек өтіліне есептеу;
2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 93 «Мектепке дейінгі ұйымдар, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартының, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы өткізуге арналған үлгілік шарттың және дуальды оқыту туралы үлгілік шарттың нысандарын бекіту туралы» бұйрығының білім алушының өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өту мерзімдерін көрсете отырып, дуальды оқыту туралы шартқа қосымша бөлігінде өзгерістер енгізілді.
Дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидаларына сәйкес (ҚР БҒМ 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 50 бұйрығы) дуальды оқыту туралы шарт білім алушының еңбек қызметін растайтын құжат болып табылады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 93 «Мектепке дейінгі ұйымдар, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартының, кәсіптік практиканы өткізуге арналған үлгілік шарттың және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары үшін дуальді оқыту туралы үлгілік шарттың нысандарын бекіту туралы» бұйрығының 2-тарауының 5-тармағына сәйкес, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы мемлекеттік мекемесінің бұйрығымен кәсіпорын (ұйым) білім алушының кәсіпорын (ұйым) базасында өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өту мерзімдерін көрсете отырып, дуальды оқыту туралы шартқа қосымшаны толтырады.
Өндірістік оқыту және кәсіптік практика аяқталғаннан кейін білім алушыға дуальды оқыту туралы шартқа қосымша беріледі, оны білім алушы жұмысқа орналасу кезінде ұсынады.
Бұл колледж түлектерінің жұмысқа орналасу мүмкіндігін арттырады.
Дуальды оқыту кезіндегі шығыстарды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 бұйрығымен бекітілген оқытудың кредиттік технологиясын ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды жан басына нормативтік қаржыландыру, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, сондай-ақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру әдістемесіне сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары кәсіпорындарға (ұйымдарға) өтейді.
Дуальды оқыту үшін Қазақстан Республикасының Өңірлік кәсіпкерлер палатасының тізілімінде тіркелген дуальды оқыту туралы үш жақты жасалған шарттар негіз болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет