Мектептің психологиялық қызмет жұмысын талдау Психологиялық қызметінің мақсаты: оқушылардың психологиялық денсаулығын сақтау, білім беру ұйымдарында қолайлы әлеуметтік-психологиялық климат құру және білім үдерісінің қатысушыларына қолдау көрсету.
Психологиялық қызметінің негізгі міндеттері: 1. Балалардың әрбір жас кезеңінде бағалы тұлға болуына және интеллектуалды дамуына көмек көрсету. Өзін-өзі тәрбиелеу жәнеөздігінен даму қабілеттерін қалыптастыру.
2. Ақпараттық қоғамы тез дамыған жағдайда оқушыларға психологиялық көмек көрсету.
3.Тұлғаның психологиялық-педагогикалық жағынан зерттеу негізінде әрбір оқушыға жеке көзқараспен қарау.
4. Оқушылардың шығармашылық потенциалын дамыту жәнепсихологиялық диагностикасын жүргізу.
5. Оқушылардың психологиялық қиыншылықтарын және мәселелерін шешу бойынша психологиялық түзету жұмысын жүргізу.
6. Оқушылардың психологиялық денсаулығын сақтау
7.Психологиялық мәселелерді шешуде және оқу-тәрбие жұмысының оңтайлы әдістерін таңдауда ата-аналар мен мұғалімдерге кеңес беру.
8. Білім беру үдерісінің субъектілердің психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін арттыру.
Бағыттары: Психодиагностика
Бастауыш мектеп оқушыларына психологиялық қолдау көрсету барысында үрейшіл балаларды анықтай алатын, балалардың жеке мінездерін зерттейтін, баланың өзін бағалай алатын әдістер қолданылды: «Отбасы суреті», «Ағаш»; бастауыш сынып оқушыларының мотивация деңгейін бағалау үшін Н.Г. Лусканованың сауалнамасы.
2017 жылдың қыркүйек және қазан бойы оқушылардың мектепке бейімделуі мақсатында бірінші сынып оқушыларының арасында бірқатар іс-шаралар өткізілді:
- бірінші сынып оқушыларына бейімделу ертегілерін оқыту: («Орман мектебі») - оқушыларды мектеп өміріне тарту мақсатындаертегілерге талдау жасалды. Оқушылар ертегілерді мазмұндауда белсенді қатысты. Ертегі желісі бойынша өз пікірлерін білдірді.
- бақылау және үзіліс кезінде ойын жүргізу:оқушылардың жеке қабілеттерін зерттеу және сынып ұжымын біріктіру мақсатында
- диагностикалық жұмыс: оқушылардың мотивация деңгейін зерттеу: диагностиканы жүргізу барысында Лусканованың сауалнамасы қолданылды.Барлығы 93 оқушы қатысты.
өзін оқушы ретінде қабылдайды, 1 сынып оқушыларының жалпы санынан жоғары мотивациясы бар оқушылар – 32% (30 оқушы)
37 оқушы – өзін оқушы ретінде қабылдайды (40%)
мектепке деген көзқарасы оң, бірақ оқудан тыс тараптарына бейім – 17 оқушы (18%)