Оқу жылының қорытындысын педагогикалық талдау талдау мақсаты


ЛОГОПЕДИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖҰМЫСЫН ТАЛДАУ



бет14/14
Дата28.11.2022
өлшемі403,01 Kb.
#160078
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
ЛОГОПЕДИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖҰМЫСЫН ТАЛДАУ

2017 жылдың 1 қыркүйектен 15 қыркүйекке дейін №26 және №4 ЖОББМ бастауыш сынып оқушылары алғашқы логопедиялық тексерістен өтті. Логопедиялық тексерунәтижесі бойынша дыбысталудағы бұзушылыққа сәйкес балалардың психологиялық – педагогикалқ ерекшеліктерін есепке алып балалар топқа және шағын топқа бөлінді (3 - 5 бала). Барлық түзетушілік жұмыстар логопед мұғалімнің жұмыс бағдарламасына және 2017 – 2018 оқу жылына арналған күнтізбелік – тақырыптықжоспарына сәйкес сондай-ақ, мектеп жұмысының режимін негізге алынып, алдын ала жүргізілген диагностика негізінде құрылған. Балалардың сабаққа қатысуын логопед мұғалім, сынып жетекшілер және ата-аналар тексерді.


2017 – 2018 оқу жылы бойы №26 ЖОББМ логопунктіне 34 оқушы қатысты. I жартыжылдықта сабаққа 29 оқушы қатысты. Жоспарланған мерзімде (желтоқсан-қаңтар) әр баланың сөйлеу тілінің даму динамикасын анықтау мақсатында логопедиялық мониторинг жүргізілді.
Бірінші жартыжылдық соңында 7 оқушы оқытып шығарылды. Оның ішінде:
- сөйлеу тілі таза – 6 оқушы
- сөйлеу тілі аса таза – 1 оқушы

II жартыжылдықта 27 оқушы қатысты.


Логопедиялық диагноз Қыркүйек, 2017 ж. Қаңтар, 2018 ж.
Балалардың жалпы саны 29 27
НОНР 5 5
ФНР 4 0
ФФНР 15 17
Жазба жұмысының бұзылуы 5 5
Оқу жылының соңында (мамыр) түзетушілік-логопедиялық жұмыстың тиімділігін бақылау үшін қорытынды диагностика жүргізілді. Нәтижесінде балалардың сөйлеу тілінің дамуында оң нәтиже байқалды:
Оқу жылының соңында 20 оқушы оқытылып шығарылды:
- сөйлеу тілі таза – 14 оқушы
- сөйлеу тілі аса таза – 6 оқушы
7 оқушы өз оқуын келесі оқу жылында жалғастырады.
16 мамырдан 25 мамырға дейін оқушылардың ауызша және жазбаша тілін жалпы диагностикадан өткізілді. Жазға ұсыныстар берілді. 2018 жылғы қыркүйек айында жаңа оқу жылында жеке сабақтар өткізу, оқушылардың санын анықтау, топтарға және шағын топтарға бөлу үшін диагностика жұмысы өз жалғасын табады.
2017 – 2018 оқу жылында логопедиялық жұмыс қол моторикасының дағдыларын және қол саусақтарын, каллиграфия, артикуляциялық моторикасын жетілдіруіне сондай-ақ, оқушылардың сөздік қорын молайтуына, сөзді өзгертіп, сөз құрастыруына, тілдің грамматикалық құрылысын қалыптастыруына, синтаксистік құрылымның нақты модельдерін меңгертуіне, өз бетінше байланыс тілдерін дамытуына, жазбаша және оқу дағдыларын қалыптастыруына бағытталған.
Жоспарланған және мақсатқа бағытталған логопедиялық жұмысы оқу жылының басында келесі құжаттарды әзірледі:
- жұмыс аптасының кестесі және циклограммасы
- 2017 – 2018 оқу жылында ауызша және жазбаша тілінің дамуында кемістік бар логопедиялық сабақтарға жазылған балалар тізімі.
- логопедиялық сабақтардың кестесі
- 2017 – 2018 оқу жылына арналған логопед мұғалімнің жылдық жұмыс жоспары
- топ және шағын топтардың күнтізбелік – тақырыптық жоспары
- логопедиялық көмекке мұқтаж болған балалар тізімі (жасы, сөйлеу тілінің бұзушылық сипаты)
- сабақтарға арналған жеке дәптерлер
- балалардың сабаққа қатысу журналы
- әр балаға арналған сөйлеу картасы
- жеке жұмыс картасы
- балалардың сөйлеу тілін тексеру журналы
Жылдық жұмыс жоспарына сәйкес қыркүйек айынан мамырға дейін сабақтың нәтижелігі бойынша мұғалімдерге және ата-аналарға жүйелі түрде кеңес беріліп жеке сөйлесу жұмысы жүргізілді.
2018 жылдың қаңтар айында «Заманауи сабак және IT технологиялар» қалалық интернет – фестиваліне қатысып 1 орынға ие болдым. Жыл бойы өз білімін жетілдіру бойынша жұмыс жүргізілді: жаңа әдістемелік оқу-құралдарын зерттеп, инновациялық технологиялармен таныстым. Қала және облыс логопед мұғалімдерінің семинарлар және әдістемелік кеңес жұмыстарына белсенді қатыстым.
Логопедиялық кабинетінде тақырыптық бұрыштар рәсімделіп, әдістемелік және түзетушілік бойынша әдебиеттер, дидактикалық оқу – құралдар, мұғалімдер мен ата-аналарға арналған көмек ретінде логопедиялық ойындар таңдалған. Кабинетте қол жуатын умывальник жоқ, бұл жұмыс жасауға қиындық туғызады.
Оқу жылы бойы қала мектептерінің логопунктімен байланысын үзбей, әріптестерімнің сабақтарына қатысып, өзімнің әзірленген жұмыстарымен бөлістім. Жас логопед мұғалімдеріне өз кеңестерін бердім.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет