Оқу жылының қорытындысын педагогикалық талдау талдау мақсаты


Ашушаңдық: Жоғарыдеңгей: 4 оқушы -1%; Орташадеңгей: 30 оқушы -10%; Төмен деңгей: 273 оқушы -89%. Үрейшілдік



бет12/14
Дата28.11.2022
өлшемі403,01 Kb.
#160078
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Ашушаңдық:
Жоғарыдеңгей: 4 оқушы -1%;
Орташадеңгей: 30 оқушы -10%;
Төмен деңгей: 273 оқушы -89%.
Үрейшілдік:
Норма: 215 оқушы -70%;
Орташа деңгей: 80 оқушы -26%;
Жоғары деңгей: 12 оқушы -4%.
Өз-өзін бағалау:
Өзін дұрыс ұстау: 107 оқушы - 35%;
Орташа деңгей: 160 оқушы -52%;
Төмен деңгей: 40 оқушы -13%
Осы мәліметтер сынып жетекшілеріне ұсынылды және әр сыныптың жеке іс қағаздарына салынды.Сондай-ақ жиналыста ата-аналарға хабардар етілді. Оларға ашушаңдық, үрейшілдік деңгейі жоғары және өз-өзін бағалау деңгейі төмен оқушылармен жасалатын практикалық жаттығулармен ұсыныстар берілді. Оқушылардың тізімі құрылып осы балалармен түзету жұмыстары жүргізілді.
4 сынып оқушыларының психодиагностикалық зерттеуден өткен нәтижесі бойынша
Зерттеу жұмысын өткізу мерзімі: наурыз – сәуір, 2018
Зерттеу мақсаты:
Орта буынға көшу кезінде білім беру үдерісінің және оқушылардың психологиялық денсаулық жағдайын зерттеу.
Міндеттер:
- оқушылардың интеллектуалдық және жеке эмоционалдық даму деңгейін анықтау;
- ББМ педагогикалық тиімділігін анықтау;
- қиыншылық сезетін балаларды анықтау, қиыншылық деңгейін анықтау;
- оқыту, тәрбиелеу, өзін ұстау және дамудың әр кезеңдерінде үлгермеушілік себептерін анықтау;
- орта буынға көшу барысында оқушылардың психологиялық дайындық деңгейін анықтау.
Психодиагностикалық оқу әдістемелер пайдаланылды:
1. Топтық интеллектуалдық тест (ТИТ), (М.К.Акимова, Е.М.Борисова).
2. Орта және жоғары сыныптарында оқу мотивациясының диагностика әдісі (Ч.Д.Спилбергер, А.Д.Анд­реева).
3.Мотивация деңгейін бағалау үшін сауалнама (Лусканова).
4. Өз өзін бағалауын анықтау үшін әдістеме.
Мектеп өміріндегі қиын кезеңдерінің бірі – бастауыш мектеп оқушыларының орта буынға көшуі. Онда психологиялық жүктемесі қиын. Жасөспірімдік жасының (11-14 жас) психологиялық ерекшеліктері: құрдастармен әңгімелесу, адамдармен қарым – қатынас жасау және өзін ұстау нормаларының жаңа түрлерін меңгеру; өз-өзіне баға беруін, мінезін қалыптастыру; теориялық жағын талқылап, өздігінен талдай алатын логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Сондықтан оқытуда және дамытуда жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктеріне байланысты бастауыш пен негізгі мектеп арасында сабақтастықты қамтамасыз ету қажет.
1. Оқушылардың ақыл-ойы дамуы
Зерттеу жұмыстарына 100 адам қатысты (57 – ұлдар, 43 – қыздар).

    1. Ақыл – ойларының деңгейі.

4 – 5 сынып оқушыларының ақыл-ойларын дамыту деңгейін және дәрежесін зерттеу үшін топтық интеллектуалдық тест жүргізілді. Оқу бағдарламасы, бастауыш буын мен жалпы білім берудегі 5 сыныптың психологиялық талдау негізінде таңдалған, ұғымдар негізінде құрылған тапсырмалар берілді. Тапсырмалар орындау нәтижесінде баланың зерттеушілік жұмыстар жүргізу барысында қаншалықты сөздер мен ұғымдарды меңгергені, сондай-ақлогикалық тапсырмаларды орындағаны анықталды. Зерттеушілік жұмыстан өткен оқушылардың 97%- ақыл–ойы даму деңгейі психологиялық нормаға сай.27% - ақыл–ойы даму деңгейіжоғары болса, 42%ақыл–ойы даму деңгейі орташадан жоғары. Яғни, осы балалар мектепте жақсы және үздік оқи алады.


65% - ақыл-ой даму деңгейі нормаға жақын (орташа). Білім беру ортасын тиімді етіп құру, балалардың жеке ерекшеліктерін есепке алу және оқу мотивациясын қолдау жағдайда осы балалардың психологиялық дамуы арқасында олар оқуда жақсы нәтижелер көрсетуде.
17% - ақыл–ойы даму деңгейі төмен. Осы балаларға қосымша түзету жұмыстарын жүргізу қажет. Оқу үдерісінде ата-аналар, мұғалімдер мен психолог тарапынанбаса назар аударылып бақылау жүргізу қажет.
Әлеуметтік – психологиялық нормадан қалып қою себептері мынадай болуы мүмкін:
- баланың психофизиологиялық ерекшеліктері;
- мектепке психологиялық жағынан дайындық деңгейі төмен;
- оқуға және т.б. деген мотивациясы төмен.
2. Мотивация және эмоционалдық қатынас
2.1.Білім алудағы эмоциялары
Танымдық белсенділігін, үрейшілдік пен жағымсыз эмоциялардың дәрежесін зерттейтін әдістеме.
2.1.1. Үрейшілдік
Үрейшілдіктің орташа деңгейі оқушылардың басым бөлігінде (40%). Үрейшілдік деңгейінің нормасынан ауытқу кезінде немесе жоғары дәрежесіне жеткен жағдайда аса назар аударылу қажет.
2.1.2. Танымдық белсенділік
Оқушылардың63% - танымдық белсенділік деңгейі жоғары. Олардың басым бөлігі 4 сыныптарда (бұл балалар үнемі танымды, өз-бетінше жұмыс жасайды және бастамашы). Балалардың 20% танымдық белсенділік деңгейі төмен. Оқу үдерісінің басында олар қызығушылық танытпайды.Танымдық белсенділік деңгейі төмен және үрейшілдік деңгейі жоғары, ашушаң балалар аса бақылауға алыну керек. Мұндай эмоционалдық жағдайды туындайтын себептерін анықтау бойынша психолог, мұғалімдер мен ата-аналар одан әрі қосымша және түзету-дамытушылық жұмыстар жүргізу керек.
2.1.3. Ашу
Балалардың 14% мектепке қатысты ашуы байқалмайды.
Балалардың 6 % кейбір кезде мектепке қатысты ашуы байқалады.
Оқуға қатысты негативтік көзқарастарын білдіретін оқушылардың жалпы санынан 25% аса алаңдаушылық туғызады. Олар ешкімді тыңдамайды, сабақ үстінде тәртіп сақтамай, үзілісте сыныптастарымен ренжісіп қалады.
2.2. Мотивация
Оқушылар мотивация дәрежесі бойынша іріктелді: оқуға қатысты танымды мотивациясы бар, эмоционалдық қарым-қатынасы жағымды –71%, оқуға қатысты көзқарасы позитивті, әлеуметтік нормативке сай – 35% (әсіресе қыздар);4 сынып оқушыларының оқуға қатысты мотивациясы орташа–20%.Мотивациясы төмен, эмоционалдық көзқарасы жағымсыз – 20% (әсіресе ұлдар), оқуға қатысты көзқарасы тым жағымсыз – 11% (бір оқушы).
2.3. Оқуға қатысты эмоционалдық деңгейлері
Сапалық көрсеткіш ретінде мотивация деңгейінің төмен болу себептерін анықтау үшін оқушылардың оқуға қатысты эмоционалдық қатынастарын есепке алу керек:
- оқуға қатысты эмомоционалдық көзқарасы позитивті – 48% (әсіресе қыздар)
- балалардың 25% танымдылық белсенділігі төмен;
- оқуға қатысты эмоционалдық көзқарасы жағымсыз – 12% (әсіресе қыздар);
- мектепке және оқуға қатысты көзқарасы тым жағымсыз және мектептегі үрейшілдік байқалмайды;
- мектептегі үрейшілдік – 5%.
Үрейшілдік және оқуға қатысты мотивациясы төмен болу себептері:
- отбасылық жағдай (баланы оқыту бойынша ата-аналардың эмоционалдық тұрақсыздығы);
- баланың мектептегі үлгермеушілігі (бағаға қанағат болмауы);
- мұғалімдермен өзара қарым-қатынасы (дауласу, әділсіздік);
- құрдастар арасындағы өзара қарым-қатынасы (жағдайы, ұжымдағы мәртебесі, тәуелділік).
Оқушылардың 38% өз мүмкіншіліктерін дұрыс бағалайды. Оқушылардың 45% жеке тұлға ретінде даму болашағы жақсы. 4 сынып оқушыларының 10% өз алдына жоғары, қол жетпейтін мақсаттар қояды (өз күштерін және мүмкіншіліктерін тым жоғары бағалайды) немесе өз мүмкіншіліктеріне аса жоғары баға бермейді. Оқушылардың 45% үлкен жетістіктерге ұмтылмайды, өз күштеріне және өзін одан әрі жетілдіру үшін өзінің мүмкіншіліктеріне сенбейді. Төртінші сынып оқушыларының47% өз-өзін үйлесімді бағалайды, яғни жеке тұлға ретінде дамуына жағдай жасайды. Оқушылардың 17% өз-өзін өте жоғары бағалайды. Өзіне деген жақсы қарым-қатынасты талап етеді. Төртінші сынып оқушыларының6% өз-өзін бағалау деңгейі төмен, яғни бұл оқушылардың үрейшілдік деңгейі жоғары және әлеуметтік-психологиялық бейімделу деңгейі төмен.Оқушылардың 15% өз-өзін дифференциалды бағалау деңгейі жоғары (кейбір кезде өз мүмкіншіліктерін және қабілеттерін тым жоғары бағалайды, кейбір кезде керісінше өзін бағаламайды, яғни тұлға ретінде үйлесімді дамуына мүмкіндік жасамайды.
4. Мектептегі мотивация деңгейін зерттеу бойынша Лусканованың сауалнамасы (жалпы)
15 адам (42,9 %) – мектептегі мотивация деңгейі, оқу белсенділігі жоғары
13 адам (37,1 %) – мектептегі мотивациясы жақсы.
7 адам (20 %) – мектепке қатысты көзқарасы жағымды, бірақ мектептегі сыныптан тыс іс—шараларға жақын.
4 сынып оқушылары арасында өткізілген әлеуметтік-психологиялық зерттеу нәтижелерін талдай отырып, оқушылардың әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін атауға болады:
- балалардың 15% ғана мектепте жақсы және үздік оқи алады. Орыс тілі пәні қиыншылық туғызады.Аталған пән бойынша білім деңгейі жеткіліксіз.
- төртінші сынып оқушыларының басым бөлігінде үрейшілдік деңгейі орташа (45 оқушы), танымдық белсенділігі жоғары (77%), Оқушылардың 43% сабақта кері эмоционалдық қобалжу байқалмайды. Оқушылардың басым бөлігінде мотивациясы біраз төмен. (зерттелген төртінші сынып оқушыларының 66%);
- төртінші сынып оқушыларының ((47%) өз-өзін бағалау деңгейі үйлесімді, әлеуметтік–психологиялық бейімделу деңгейі жақсы.
Ақыл-ой, жеке және эмоционалдық тұрғыдан дамуында туындаған мәселелердің себептері:
1. Оқушылардың ақыл – ойын дамыту деңгейі жеткіліксіз.
2.Мұғалім баланың жеке ерекшеліктерін ескермейді
3. Мектептегі негізгі пәндерін оқыту деңгейі жеткіліксіз, сондай-ақ, орыс тілі және математика салаларында қалыптасқан оқыту дағдылары жеткіліксіз.
4. Оқушылардың мүмкіншіліктерін марапаттау және қате бағалауда жазасын беру бойынша нақты жүйенің болмауы
5.Оқуға қатысты танымдық мотивациясы төмен.
Бейімделу табыстығы қолайлы жағдайға және баланың отбасы мен мектептегі іс-әрекеті мен оқу мазмұнына байланысты. Бесінші сынып оқушылары тез бейімделу үшін танымдық процесі қалыптасқан, әлеуметтік-психологиялық дамуының деңгейі жақсы және ата-аналар мен мұғалімдер тарапынан қолдау болу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет