Оқу жылының қорытындысын педагогикалық талдау талдау мақсаты



бет13/14
Дата28.11.2022
өлшемі403,01 Kb.
#160078
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Кеңес беру жұмысы. Осы уақыт аралығында отбасындағы ата-аналар мен балалар арасындағы өзара қарым-қатынас, оқушыларды олимпиада, байқау және ғылыми жобаларды қорғау жұмысына даярлау мәселелері бойынша кеңес беру жұмысы жүргізілді. Сонымен қатар оқушылар ұжымын зерттеу бойынша сынып жетекшілеріне де кеңес берілді. Осы уақыт аралығында 70 кеңес беру жұмыстары жүргізілді.
Ағартушылық жұмысПед.ұжым келесі бағыттар бойынша жұмыс жасады: психологиялық білімін насихаттау, ақпараттық стенд әзірлеу, пед.кеңес пен семинарларда сөз сөйлеу.Жыл бойы пед.кеңес жұмыстарына диагностика нәтижесімен қатыстым.Бұл нақты жүйеде жұмыс жасауға мүмкіндік береді.
Ағартушылық жұмыс әдістемелік қызметінің жоспарына сәйкес жүргізілді. Шағын пед.кеңесте орта буынға көшу кезінде оқытудың сабақтастығы бойынша сөз сөйледім. Мектеп қызметкерлері үшін (вахтерлер) кәмілет жасқа толмағандар арасында суицидті алдын алу бойынша бағдарламасын енгізу туралы мәлімет берілді. Ақпан айында психология апталығы өткізілді. Қыркүйек айында «Бірінші сынып оқушыларының мектепте бейімделу қиыншылықтары» тақырыбы бойынша ата-аналар жиналысы өткізілді. Халықаралық қамқоршылық күніне орайәлеуметтік педагог, директор және психолог 25 қазанда қамқоршылыққа алған ата-аналары үшін «Ата-аналар махаббатындағы даналық» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өткізді. Аталған тақырыбы бойынша презентация көрсетілді. Мектепте «Сенім жәшігі» жұмыс жасайды. Оған әр оқушы жазбаша түрінде өзінің өтінішін қалдыра алады. Алайда біздің оқушыларымыз психологтың көмегіне жүгінеді.Психологпен сөйлесу кезінде нақты ұсыныстар және психологиялық көмек алады. Сонда да жәшік күн сайын ашылады және психолог «Сенім жәшігі» ашылғаны туралы акт толтырады.
Түзету-дамытушылық жұмыс
Бірінші сынып оқушыларының бейімделу бойынша жұмыс жүргізілді (сабаққа қатысу, оқушылар мен ата-аналарды тестілеу, мұғалімдер мен ата-аналарға кеңес беру, мәселелерді анықтау және түзету жұмысы).Ойын, релаксация, ертегітүрінде сабақтар өткізу нәтижесінде бірінші сынып оқушыларының бейімделу деңгейі 20%артты. ПДТ, мүмкіндігі шектеулі балалармен жеке және топтық жұмыстар жүргізілді. Тізім құрылып,әр бейсенбі күні сағат 12:30 топтық жұмыс жүргізілсе, сәрсенбі күндері 12:30 жеке жұмыс жүргізілді. Оқушылар тізімі құрылып, осы оқушылармен түзету жұмысы жүргізілді.
Жыл бойы білім үдерісін педагогикалық-психологиялық жағынан қолдау көрсету бойынша жоспарланған жұмыстар өткізілді. Жоспарланғанның бәрі орындалды. Психолог кабинетінде әдістемелік оқу-құралдары толтырылып, релаксация үшін аудиодискілер алынды.Психологиялық сабақтар (сабақ кестесі) өткізу үшін әкімшілікпен келісемін. Мұғалімдермен, оқушылармен және ата-аналармен бірлесіп сынып сағаттар және жеке жұмыстар ұйымдастыру арқылы пән мұғалімдері және сынып жетекшілермен өзара қарым-қатынасымды орнаттым. Кейбіреулері тұрақты ата-аналар болса, кейбір ата-аналар мұғалімдердің талаптарына және психологтың ұсыныстарына наразылығын білдіреді. Әрине бұл маңызды мәселені шешу мен үшін алда қойылатын міндеттерімнің бірі. Менің көмегіме жүгінген барлық адамдарға оң нәтижесін беретін жеке кеңестер бердім.Кейбір қиын жағдайларда әкімшілікке жүгіндік. Мектепте түрлі ауытқулары бар балалар жеткілікті. Олармен де аса көлемді жұмыс жасаймыз: әңгімелесулер, үйлеріне бару, кейбір кезде өз балаларын түсінбейтін ата-аналармен жұмыс. Балалармен алдын алу әңгіме жүргізіліп, жеке кеңестер берілді. Күн сайын олардың сабаққа қатысуы тексерілді. Құқық сақтау органдарын шақырумен іс-шараларға, алдын алу кеңесі жұмыстарына қатыстым. Осындай балалармен жұмыс жасаған пән мұғалімдеріне және ата-аналарына ұсыныстар, кеңестер берілді.
Құқықбұзушылықтың көбею себептері:

  • отбасының тәрбие беру рөлі төмен

  • жазаны қорқыту арқылы емес, адам болып әр нәрсеге төзе білуге, өмір сүруге үйрету қажет

  • тәрбиелік жұмысында бастапқыда құқықбұзушылықты алдын алу бойынша тиімді бағдарламалар қолданукерек

  • әрбір сынып жетекшілер адамгершілік тәрбие беру жұмысына назар аудару қажет

  • осы бағытта ата-аналарды тарту. Балалар сабақтан тыс жұмыстарға қатысу керек (спорт, шығармашылық).

Осының бәрі оң нәтиже беру мүмкін. Сондай-ақ, мектептің әрбір қызметкері балаларды өз баласындай көріп, олардың жасаған теріс қылықтарына дер кезінде мән берсе, құқықбұзушылық пен қылмыс болмайды. Мектеп сайтында «Психологтың парақшасы» өз жұмысын жалғастыруда. Бұл парақша үнемі жаңартылып отырады. Осы парақшада балаларға, ата-аналар мен мұғалімдерге ұсыныстар беріледі. Мектеп психологтың қатысуымен өткізілетін іс-шаралар мерзімі көрсетіледі.


Жаңа оқу жылында келесі мақсаттар мен міндеттер қойылған:

  1. Психологиялық қызметінің жұмысын мұғалім-ата-аналар-оқушы арасында орын алатын дау мәселелерін шешілуіне бағыттау

  2. Бастауыш мектептегі девианттық мінезі бар балаларға психологиялық – педагогикалық қолдау көрсетуін күшейту. Міндетті түрде сабақтан тыс жұмыстарға тарту.

  3. Білім беру және тәрбие беру мәселелерін шешу мақсатында психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету.

  4. Мүгедек балаларды оқыту жұмысын жалғастыру

  5. Әр балаға жеке тұрғыдан қарау мақсатында мұғалімдер мен ата-аналарға жалпыоқыту жұмысын жүргізу.

  1. Салауатты өмір салтын насихаттау жұмысына аса назар аудару.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет