Үш жыл бойынша құқықбұзушылықтың салыстырмалы талдауы
Мектеп есебінде
тұрғандар саны
КЖТБ есебінде
тұрғандар саны
Қылмыс жасалды
2015-16
2016-17
2017 - 18
2015-16
2016-17
2017- 18
2015-16
2016-17
2017- 18
8
9
3
1
1
-
-
-
-
Ай сайын құқықбұзушылықты алдын алу кеңесі жүргізіледі. Отырыстың хаттамалары бар.
Мектептегі тәрбие жұмысының бағыттарының бірі – отбасылық тәрбие беру.
Ата–аналардың психологиялық–педагогикалық құзыреттілігін артуына және балалардың тәрбиесіне жауапкершілікпен қарауға бағытталған. Осының бәрі мектепте құрылған Отбасыны қолдау қызметінің жұмысы, ата – аналарға арналған құқықтық жалпыоқыту және жалпымектептік пен сыныптық ата – аналар жиналыстары арқылы жүзеге асырылды. Отбасыны қолдау қызметінің назарында КЖТІБ, МІБ есебінде тұрған балалар, тұрмысы нашар және әлеуметтік қорғалмаған отбасының балалары бар. Мектеп психологы балалар мен ата – аналарымен жеке, топтық, сынып ұжымымен және мұғалімдермен үлкен жұмыс атқарды. Көмек ретінде мектеп психологтары И.И.Иовенко және Ж.П.Омарханова 1–11 сынып жетекшілеріне оқушылардың мектептегі психологиялық – педагогикалық бейімделуі туралы ұсыныс берді.
Әлеуметтік педагог Н.А.Стремцова және психолог И.И.Иовенко тұрмысы нашар және әлеуметтік қорғалмаған отбасылармен жұмыс жасады. Олар балалар құқығын сақталуын бақылап, жетім (қамқорлыққа алынған) балалардың тұрмыс жағдайын тексерді. Мұғалімдердің жоғары назарын талап ететін оқушылардың бос уақыты және каникул кезіндегі бос уақыттың қамтылуы тексерілді. Қазіргі жағдайда балалардың әлеуметтік мәселелерінің шешімі, ең алдымен, балалардың құқығын сақтау және қорғау аспектіде қарастырылады.
Мұндай құқықтар БҰҰ Бас Ассамблеясымен қабылданған «Бала құқықтары туралы» Конвенциясында қарастырылған. Әлеуметтік педагог Н.А.Стремцованың жұмысы балалар құқықтарын қамтамасыз етуіне және қорғауға бағытталған.Оқу жылының басында қамқорлыққа алынған балалардың өмір сүру жағдайы тексеріліп тексеру актілері құрылады. Қамқорлыққа алынған барлық балалардың тұрмыс жағдайы қанағаттарлықтай немесе жақсы. Көбінесе әжесінің, тәтесі мен әпкесінің үйлерінде тұрады.
Күн сайын мектептің шағынауданында рейд жұмыстары жүргізіледі.
Оқушыларға еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие берудің міндеттері – еңбек дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның экономикалық
тұрғыдан ойлауы, өздігінен кәсіби таңдау сана–сезімі, экологиялық
мәдениеттілігін дамыту.
Мектептің қосымша білім беру жүйесі оқушылардың өздігінен кәсіби
таңдауына мүмкіндік береді. Сабақтан тыс жұмыстары бағыттар бойынша
ұйымдастырылған: спорттық, көркем шығармашылық, құқықтық, СӨС, әскери – патриоттық, психологиялық және пәндер бойынша үйірмелер.
Мектепте барлығы 49 үйірмелер және секция жұмыс жасайды. Оған 637 оқушы тартылған (89%). Үйірме және секция сабақтары кестеге сай жүргізілді.
Көпшілікке танылған секция түрлерінің бірі – шыңға өрмелеу. Секция жетекшілері – дене шынықтыру мұғалімдері М.Ф.Иванникова және А.И.Литвинов. Балалар аталған секцияңа аса қызығушылықпен қатысады. Жыл сайын мектеп оқушыларымыз Қазақстан бойынша жорыққа шығады. Туған өлкені зерттеп, «Аңызға айналған жерлер» ғылыми жобасына материалдар жинау 3 шілдеден бастап 10 шілдеге дейін Баянауыл ауданына барды.
Үйірме, спорттық секциялар жұмысын талдай отырып оң нәтиже беруге болады: сабақтан тыс жұмысының кестесі бекітілді, балалардың басым бөлігі қамтылған, барлық жұмыс оқушылардың қабілеттерін және қызығушылықтарын дамыту үшін құрылған. Сонымен қатар балалардың үйірме және спорттық секцияларына жиі қатысуы, жұмыс түрлерін қолдануы, балаларды сабақтан тыс уақытында өткізілетін сабақтарға тарту, қалалық байқаулар мен жарыстарға қатысу бойынша жұмыс жасау керек.
Құқықтық жалпыоқыту жұмыс бағыттарының бірі – діни экстремизмді және лаңкестікті алдын алу. Мектептегі діни экстремизмді алдын алу бойынша жұмыстар жүргізу мақсатында діни мәселелері бойынша департаментпен бірлесіп діни экстремизмді алдын алу бойынша іс-шаралар жоспары құрылған және бекітілген. Іс-шаралар жоспарына сабақта және сынып сағатында тақырыптық әңгімелер жүргізу, ведомстволық өкілдерімен кездесу, мерзімдік баспа материалдарын талқылау т.с.с. жұмыстар енгізілді. Мектепте діни бірлестігіне қатысатын оқушылар жоқ.Хиджаб киетін оқушылар жоқ.
Мектеп мақсаттарының бірі – үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеу, баланың денсаулығын нығайту,салауатты өмір салтын қалыптастыру. Мектепте СӨС орталығының 2 үйірмесі қызмет етеді: «Денсаулыққа жол», «Табиғат терапиясы». Олар СӨС жұмысын насихаттауға және дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Қазіргі уақытта мектепте «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Талдау барысында СӨС орталығының жұмысы СӨСҰО бекітілген оқу жылының жоспарына сәйкес жүргізіліп жатқанын көрсетті. Жоспарға сәйкес онкоауруларын алдын алу, зиянды заттар қолдануын, туберкулез, АИТВ/ЖИТС, жыныс қатынастары арқылы жұғатын ауруларды алдын алу бойынша айлықтар өткізілді. Осы айлықтар аясында тақырыптық сынып сағаттар, суреттер және плакаттар сайысы, дөңгелек үстелдер, акциялар өтті. Ай сайын нарколог–фельдшер З.Н.Гарусова оқушыларды алдын ала тексеруден өткізеді.
Мектепте оқушылардың ыстық және қоғамдық тамақтандыруы ұйымдастырылған. Күн сайын аз қамтылған отбасынан 82 бала, 13жетім бала, ата–ананың қамқорлығынсыз қалған балалар және жалға алушы есебінен 8 оқушы тегін тамақтандырылады. Мектеп жұмысының басымдық бағыттарының бірі –балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын және жұмысын ұйымдастыру.
«Жаз-2018» әлеуметтік жобасы жоспары бойынша мектеп жанындағы сауықтыру лагерінде екі маусым кезінде 284 бала демалды. Оның ішінде 11 жетім балалар болса, 82 бала аз қамтылған отбасынан шыққан. Мектеп жанындағы «Айгөлек» лагерінің жұмыс жоспары «Жазlife»жобасының кешендік бағдарламасына сәйкес құрылған. Мектеп жанындағы лагерь жұмысының басты бағыты интеллектуалдық – шығармашылық. Лагерьде мәдени-танымдық, патриоттық, қызықты және спорттық бағытында іс-шаралар өткізілді. Балалар мен ата-аналардың пікірі бойынша лагерьдегі іс-шаралар өте танымды, әрі қызықты өткізілді.
Оқушылардың денсаулығын нығайту және олардың сауықтыруын ұйымдастыру үшін, сондай-ақ балалардың шығармашылық және интеллектуалдық потенциалдығын дамыту үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында маусым айында «Болашақ» бейіндік лагері ұйымдастырылған. Оған 85 бала қамтылған. Бейіндік лагерінің бағыттары: көркем-эстетикалық, адамгершілік – құқықтық, жаратылыс-математикалық, спорттық. Келесі жасақ топтары құрылған: «Патриот», «Болашақ», «Олимп», «Жас құтқарушы».
26 мамырдан 31 тамызға дейін 3–7 сыныптың 385оқушысы мектеп жанындағы тәжірибелік телімде жұмыс жасады.
Маусым айы бойы жоғары сынып оқушыларының 2 еңбек бірлестіктің жұмыстары ұйымдастырылды. Онда 8 сыныптардың51оқушысы жұмыс жасаған.Олар спортзалды, мектеп жиһаздарын жөндеуден өткізіп, жаңа оқу жылына дайындық жұмыстарын жүргізді.
«Жасыл ел» бағдарламасы бойынша қаланы аббаттандыру бойынша жасақтар құрылған. Оған аз қамтылған, көп балалы отбасының балалары, МІБ және тәуекел тобының есебінде тұрған балалар тартылды.
Жазғы уақыт бойы мектеп шағынауданының балалары үшін 16.00-ден 20.00-ге дейін спорт алаңы жұмыс жасады.
Жазғы уақытта компьютер залының жұмыс жоспары құрылған. Оған 80-ге жуық оқушы тартылды.
Жаз бойы барлық іс–шараларға 730 оқушы қамтылып, оқушылардың жалпы санынан 93 % құрады.
Дәстүр бойынша мектебіміз «Павлодар дарыны» БШДО жобасына белсенді қатысты. Қорытындысы бойынша оқушыларымыз жүлделі орындарға ие болды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында жазғы уақытта «Ертіс ағымында», «Ескерткіш жанындағы кездесу», «Әр көшенің өз тарихы бар» сияқты қалалық жобалары іске асырылды. Жазғы уақытта мектебіміздің агитбригадасы мектеп жанындағы лагерінде бірнеше шаралар өткізді. Оқушылар Багаев атындағы мұражай үйінің экскурсиясына барды. Мұражайда жас фотографтың, мектебіміздің 10 сынып оқушысы Елизавета Жалецкаяныңфотокөрмесі ұйымдастырылды. Қаланың танымал фотографы, режиссер К.Е.Кублак шеберлік сағатын өткізіп, суретке түсіру техникасымен бөлісті. Кездесу кеші қызықты өтті. Оқушылардың басым бөлігі болашақта суретке түсіру техникасын игеруге ниеттерін білдірді.
Қорытынды бойынша фото және видео материалдар дайындап «Ирбис» телеарнасына (27.06.18) және білім беру бөліміне жіберілді. Жазғы демалысын қызықты өткізілгені туралы ақпараттар «Сенің әлемің» (14.06.2018) газетіне жарияланды. ("Лето с пользой", "На посту!" атты мақалалар).
Өткен оқу жылының аса маңызды оқиғалары:
- «Сәлем, мектебім!» атты халықаралық бейне байқауы – 1 орын портал «Азбука», жетекшісі Мусс О.С.
- «2017 жылдың жас тілшісі» халықаралық байқауы – 1 орын ("ГЕНОФОНД ЕВРАЗИИ" ғылыми білім беру орталығы), жетекшісі Терейковская Л.С.
- Астананың 20 жылдығына арналған «Аstanaforever» атты облыстық фото байқауы – 2 орын, жетекшісі Литвинчук М.Н.
- «Алтын микрофон – 2018» облыстық байқауы – 3 орын, жетекшісі Абылхаирова Г.Т.
- П.Васильевке арналған облыстық оқулар байқауы – 3 орын, жетекшілері Резник А.В., Садуахасова Р.Б.
- «Балауса – 2018» байқауы (екі жанр) «вокал» лауреаттар, жетекшісі Шорохов А.В., хореограф Никуличева О.С.
- Кеңес әскерлерін Ауғанстаннан шығарылуына 29 жылдығына арналған әскери - патриоттық әндер фестивалінің лауреаты
- «Ақ шағала» облыстық хореография байқауының лауреаты, жетекшісі Мусс О.С.
- «Үш қоныр» қалалық АРТ-фестивалі – 1 орын, жетекшілері Шорохов А.В., Мусс О.С., Стремцова Н.А.
- «Туған өлке дарындары» қалалық байқауының «көркем сөз» аталымы бойынша 1 орын, жетекшілері Резник А.В., Садуахасова Р.Б.
-«Туған өлке дарындары» (хореография) қалалық байқауы– 1 орын, жетекшісі Мусс О.С.
- «Аккорды радуги» (вокал) қалалық байқауы, жетекшісі Шорохов А.В.
- «Иртышский перезвон» атты қалалық бард әндерінің фестивалі (вокал) – 1 орын, жетекшісі Шорохов А.В.
- «Мы не забудем вас, герои!» атты қалалық әскери – патриоттық әндер байқауы, «Родники» вокал тобы, жетекшісі Воронина Е.Ю.
- «Туған өлке дарындары» қалалық байқауы (вокал) – 2 орын, жетекшісі Воронина Е.Ю.
- «Танцы Х» қалалық байқауы – 2 орын, жетекшісі Мусс О.С.
- «Абай оқулары» қалалық байқауы (вокал), - 3 орын жетекшісі Шорохов А.В.
- қалалық шыңға өрмелеу бойынша ашық чемпионаты – 14 жүлделі орын, жетекшілері Иванникова М.Ф., Литвинов А.И.
- жобалардың сәтті аяқталуы
- кәмілет жасқа толмағандар арасында құқықбұзушылықтың жоқ болуы.
Жоғарыда айтылған негізінде, оқушылардың және олардың ата-аналарының қажеттіліктерін есепке ала отырып, 2018 – 2019 оқу жылында тәрбие беру жұмысының келесі міндеттерін шешу қажет: - «Рухани жаңғыру» Президенттік бағдарламасының міндеттерін іске асыру бойынша жұмыстарын жалғастыру;
- оқушыларға құқықтық тәрбие беру бойынша жұмыс жүйесін жалғастыру.
Міндеттер:
оқушылардың тәрбие деңгейін арттыру бойынша жұмыстарын жалғастыру
оқушылардың туған өлкенің және туған елінің табиғи, мәдени мұрасын бағалауға, мәдени патриоттық сезімін тәрбиелеу.
оқушылардың салауатты өмір салтына ұмтылуын және спорттық – сауықтыру іс–шараларында белсенділігін қалыптастыру
балаларды оқыту және тәрбиелеу жұмысына ата-аналарын тартуда жаңа көзқарастарын дамыту
жұмыстың әр кезеңінде оқушылардың шығармашылық белсенділігін қолдау, КТД жүйесі арқылы жалпымектептік ұжымның дамуы үшін жағдай жасау
өздігінен басқару жүйесін жетілдіру
оқушылардың әлеуметтік белсенділігін, балалар ұжымын ұйымдастыруда өз бетінше жұмыс жасауын және жауапкершілігін арттыру
сыныптық ұжымында тәрбие беру жұмысының жүйесін жетілдіру
«Мәңгілік ел» патриоттық актісі бойынша жұмыстың тиімділігін арттыру.