Дәрістердің мазмұны осы курстың оқу жұмыс бағдарламасына сәйкес болуға тиіс. Ұғуға не жаттаға күрделі сұрақтар тепе-тең жалпы курс бойынша бөлінеді. Жақсы сәйкес әдебиет болса оқытушыға сол ретінде тақырыптарды түсындіруге лайық, себебі талапкерлерге ыңғайлы сол әдебиеттердең қосымша білім алуға, сабақта айтылған тақырып бойынша.
Оқу нәтижесінде студенттің алдына қойылған талптарды ең бірінші сабақта бірден белгілеп алуға тиіс, ағымдағы үлгерімді бақылау шараларының календарлық графигімен, бақылау, межелік нысандарымен, өту балдарымен.
Бір тақырыптың материалын бір сабақта беруге тырмысуға қажет. Егер тақырып бір неше сабаққа бөлінген болса, сонда дәрістің алдында студенттерге өткен сабақты қысқаша естеріне салу керек. Шет ел ғалымдарының аты-жөндерін және жаңа терминдерді тақтаға жазып отыру керек.
Студенттің назар аударып отырғанын тексеріп білу үшін материалді түсіндіру үстінде жеңіл не бұрыннан білетін сұрақтардың жауабын сабақ бойынша сұрап отыру керек. Сол кезде студент тақтаға көп назар аударады және тақырыпты жақсы ұғады.
Өткен пәндерді оқу барысындағы алынатын анықтамалардың , терминдардың ұғунуын тексеріп отырған жөн.
Белгілі бір түсініктерді оқу процессінде тәжірибе сабақтарын өткізу кезінде кездесетін лабораториялық және курстық жұмыстар менен студенттердің басқа курстарда оқылатын түсініктемелерімен ара байланыс проблемаларын желілеп отырған жөн.
2 Жалпы гидравлика пәні бойынша дәрістердің тезистері
Теоретикалық дәріс курсының басты мақсаты сол берілген дәріс сабақтарының жиынтығы студенттерде оқылып жатқан пән жайлы жүйелі түсінік; теоретикалық білім; болашақ мамандарға гидравликалық есептердің тәсілдерін, дәрежелерін, есеп нормаларын ұғыну және қабылдау түсініктерін калыптастыру.
Пәннің бар мазмұны логикалық аяқталған матераилды қамтитын жеке тақырыптар мен бөлімдерге бөлінген.
Дәріс сабақтарына дайындалу кезінде қолданалынған оқулықтар дәріс сабақтарының соңыңдағы тізімде көрсетілген.
1 Тақырып Кіріспе. Жалпы гидравлика» курсының мазмұны және оның мұнай-газ ісінің салалық пәндерімен байланысты. Гидравликаның ғылыми пән ретінде даму тарихы.
2 Тақырып Тұтас ортаның негізгі сипаттамалары. Нақты ортаның құрылысы мен тұтас ортаның моделі. Тұтас орта бөлшектерінің үдеуі. Тұтас орта бөлшектеріне әрекет ететің күштер: массалық және беттік күштер. Тұтас ортаның негізгі сипаттамасы. Идеалды және реалды сұйықтар. Бейньютондық сұйықтар. Тұтас ортаның моделі нақты ортаның құрамы. Тұтас ортаның бірқалыпты қозғалысы.
Осы тақырыпқа арнайы Чугаев Р.Р. оқулығындағы 26–32 беттерін Алғысөзді және Кіріспені оқып шығу ұсынылад
3 Тақырып Гидростатика негіздері. Сұйықтық анықтамасы. Абсолют қысым, артық қысым және ваккум. Тынышталған сұйық тепе-теңдігінің теңдеуі. Қысымның тынышталған сығылмайтың біркелкі сұйықта таралуы. Паскаль заңы. Қатынас ыдыстар. Гидравликалық пресс жұмысының принципі. Сұйықтық жазық бетке түсіретін қысымы. Сұйықтық қисық сызықты қабырғаға түсіретін қысымы. Архимед заңы. Денелердің қалқуы.
Осында ерекше назар аударуы керек:
– абсолюттік пен атмосфералық қысымдарының артық және жеткіліксіз қысымдармен байланысын: , ;
– қысымның өлшемдерінің байланыстарын:
1 ат = 1 кгс/см2 = 0,981105 Па = 735,6 мм сын. бағ. = 10 м су бағ.; 1 ат 0,1 МПа;
1 мм су бағ. = 9,81 Па; 1 мм рт. ст = 133,322 Па.
4 Тақырып Сұйық кинематикасы мен динамикасының жалпы түсініктері. Жылдамдық пен үдеу өрістері. Ағын сызығы және сұйық бөлшектерінің траекториясы. Ағын түтікшесі. Көлемдік, массалық және салмақтық шығындар. Мінсіз және тұтқыр сұйық. Тұтқыр сұйық үшін Нютонның ішкі үйкеліс заңы. Бейнютондық сұйықтар. Бейнютондық сұйық үшін Бингам моделі. Тұтқыр сұйық ағысының ламинарлық және турбуленттік режимдері. Ламинарлық режимнен турбуленттік режиге өту. Рейнольдстің сындарлық саны.
Сұйықтың шығынына ерекше назар аударуы керек:
– көлемді , м3/с; және массалы , кг/с;
– кинематикалық тұтқырлығы мен динамикалық тұтқырлығының байланысына , м2/с, , Па.с:
;
– осы шамалар арқылы рейнольдс саның жазылғанын .
Достарыңызбен бөлісу: |