5.1.2 Полярлық координатттар жүйесі
Жазықтықтың белгіленіп алынған О нүктесін полюс деп, осы нүктеден шыққан ОА сәулесін полярлық өс деп атайды. Сызықты бірлігі берілген полярлық өсті полярлық координаталар жүйесі деп атайды (2-сурет)
М
О Х
2-сурет
Полярлық координатттар жүйесі анықталған жазықтықтың О полюсінен осы жазықтықтың кез келген М нүктесіне дейінгі қашықтығы полярлық радиус деп аталады.
Полярлық өстен ОМ сәулесіне дейінгі бұрышы полярлық бұрыш делінеді. Полярлық өстен ОМ сәулесіне дейінгі полюсті айналу бағыты сағат тілінің қозғалу бағытына қарсы болса, онда полярлық бұрыш оң таңбамен, ал керісінше жағдайда теріс таңбамен алынады. Бұл бұрыш қосылғышына дейінгі дәлдікпен анықталады. сандары М нүктесінің полярлық координаттары деп аталады да деп белгіленеді.
М
О Х
3-сурет
нүктесінің полярлық координаттары белгілі болса, онда осы нүктенің декарт жүйесіндегі және координаттары
формулалары арқылы анықталады (3-сурет). Және керісінше, нүктенің декарттық жүйедегі координаттары белгілі болса, оның полярлық координаттары
формулалары арқылы табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |