6.3 Екінші ретті сызықтардың оптикалық қасиеттері:
1) Эллипстің М нүктесіне жүргізілген жанама оның фокустың радиустары және -мен тең бұрыш жасайды және бұрышының сыртында жатады (7-сурет).
а) Демек, эллипстің бір фокустағы жарық көзінен шыққан сәулелер, эллипстің айнадан шағылысып оның екінші фокусына жиналады.
7-сурет
2) Параболаның М нүктесіне жүргізілген жанама оның FM фокалдық радиусы және М нүктесінен парабола өсіне параллель және бағыттас сәулемен тең бұрыш жасайды. Демек, параболаның фокусындағы жарық көзінен шыққан сәулелер, параболалық айнадан шағылылысып, оның өсіне параллель тарайды(7-сурет,б);
3) Гиперболаның М нүктесіне жүргізілген жанама оның фокустық радиустары және -мен тең бұрыш жасайды және бұрышқа іштей өтеді.
4)Демек, гиперболаның бір фокусындағы жарық көзінен шыққан сәулелер, гиперболаның айнадан шағылысып, оның екінші фокусынан шыққандай әсер қалдырады.
Достарыңызбен бөлісу: |