6.4 Екінші ретті қисық сызықтардың конустық қима болатыны: Дөңгелек конусты, оның төбесі арқылы өтпейтін, жазықтық қиып өтсін. Егер осы жазықтық конустың тек қана бір қуысін қиып өтсе және қиылысу сызығы тұйық болса, онда бұл сызық эллипс. Ал тұйық болмаса парабола болады; егер жазықтық конустың екі қуысын да қиып өтсе, онда қиылысу сызығы гипербола болады (8-сурет).
8-сурет
6.5 Екінші ретті қисық сызықтың жалпы теңдеуі және оны канондық түрге келтіру
Екінші ретті қисық сызықтың жалпы теңдеуі деп
(9)
теңдеуін айтады.
Мұндағы A,B,C,D,E,F (9) теңдеуінің коэффициенттері. Осы теңдеудің алғашқы үш мүшесі жалпы теңдеудің бас мүшелері деп аталады.
Негізгі мақсат-координаттар жүйесін турлендіру арқылы жалпы теңдеуді канондық түрге келтіру. Осы мақсатпен жалпы теңдеуді түрлендіру реті:
(10)
теңдеулер жүйесі құрылады. Егер осы жүйенің анықтауышы
нөлге тең болмаса, онда (10) жүйесінің тек қана бір шешімі болады. Осы шешім арқылы анықталған нүктесі сызықтық центірі деп аталады да
Достарыңызбен бөлісу: |