Айналу цилиндр ℓ түзуін өзіне параллель осьтің төңірегінде айналдырғанда пайда болады. Цилиндр анықтауышы мына элементтерінің проекциясымен және очеркілерімен берілген:
Айналу цилиндр беті – проекциялаушы. Оның проекциясы 2 жазықтығында 2 шеңберіне айналады. Сондықтан М нүктесі оның бетінде салу жеңілдейді, өйткені М2 2.
Бірқуысты айналу гиперболоиды жасауышысының өзімен айқас ось маңында айналғанда пайда болады.
айналу гиперболоиды:
өзінің аңықтауышының проециясымен;
очерктерімен, 1 жазықтығында d1 гиперболосымен, 2 жазықтығында с2 мойымен берілген.
Түзусызықтықты емес айналу беттері
Сфера ℓ шеңберін өзінің і диаметрі төңірегінде айналдырғанда пайда болады. Сызбада сфера мына түрде берілуі мүмкін:
анықтауышының элементтерінің проекцияларымен;
очерктерімен: 1 және 2 жазықтықтарында диаметрлері бірдей шеңберлермен:
Сфера беіндегі экватор g және бас меридиан ℓ ерекше сызықтар болып саналады. М нүктесін сфера бетінде салу үшін h параллелін қолданады.
Тор ℓ шеңберінің өзінің і хордасының (жабық тор) немесе шеңбер жазықтығында жататын, бірақ одан тыс орналасқан і түзуінің төңірегінде айналдырғанда пайда болады. Екінші жағдайда тор ашық тор деп аталады.
Айналу беттері басқа да екінші реттік қисықтардың айналуынан пайда болуы мүмкін:
эллипсті осьтерінің бірінің төңірегінде айналдырғанда айналу эллипсоиды пайда болады;
гиперболаны жорамал осінің төңірегінде айналдырғанда бірқуысты айналу гиперболоиды, ал гиперболаны нақты осінің төңірегінде айналдырғанда екіқуысты айналу гиперболоиды пайда болады;
параболаны өзінің осінің төңірегінде айналдырғанда айналу параболоиды құрылады.
Достарыңызбен бөлісу: |