Қазақ тілі пәні бойынша 9-сыныпқа арналған І тоқсандық диктант
Мақсаты: Мемлекеттік білім стандартының орындалу барысын тексеру
Үлкенді сыйлау
Үлкенді сыйлау - қазақ халқының ата салты. Үлкенді сыйлау, ең алдымен, әке мен шешені сыйлаудан басталады. Өз отбасын, өз ата-анасын сыйламайтын ұл мен қыз басқа адамдарды да сыйлай алмайды. Ата-ана баланы дүниеге келтіріп, өмір береді, тәрбиелеп өсіреді, білім береді. Есейген бала ата-анаға қамқоршы болуға жараса – жігіт болғаны. Ата мен ананың қартайғанда бойынан күші қайтады. Бірақ олардың ақылы, көпті көрген тәжірибесі отбасына үлкен көмегін тигізеді. Ол үшін ата-анамен ақылдасып, олардың пікірін тыңдап отыру керек. Ата-ананы сыйлаған жастардың өз балалары да кейін соны қайталайды. Ата-ананың тәжірибесін бойға сіңіре білу – әр баланың парызы.
(9с. Қазақ тілі оқулығы.95 сөз)
Қазақ тілі пәні бойынша 9-сыныпқа арналған І тоқсандық
бақылау жұмысы
Мақсаты: Оқушылардың лексикадан, грамматикадан алған білімдерін тексеру.
Лексикалық тапсырмалар:
1. Берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.
1) Сен үшін ата-анаңның орны қандай?
2) Неге бақыт тек қиындық арқылы келеді?
3) Достық не үшін керек?
2. «Отбасы» тақырыбына 8 мақал-мәтел жазыңыздар.
3. «Қазақ салт-дәстүрі» тақырыбына диалог құрастырыңыз.
4. «Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің, ағайынның қадірін жалалы болғанда білерсің» деген халық мақалын қалай түсінесіңдер, өз ойларыңды жазыңыздар.
5. «Дастарқанды қадірлей білейік!» тақырыбына шағын шығарма жазу.
Грамматикалық тапсырмалар:
1. Сызбаны толтырыңыздар.
Дыбыс үндестігі
2. Неге? сұрағына жауап беретін сөйлемдер құраңыздар.
........
........
Ата-анам ........ үйретеді
........
........
3. Мына кестені толтырып жазыңыздар
Ілгерінді ықпал
|
Кейінді ықпал
|
Тоғыспалы ықпал
|
|
|
|
4. Сөйлемді мағынасына қарай толықтырыңыздар.
Мен __________ айтқанын тыңдаймын. жақсыдан үйрен
Отбасында __________ бірінші орында тұруы керек. сөздің
Сәлем - ____________ анасы. сыйластық
Әкем маған ылғи ________ дейді. анамның
5. Тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын түсініп, сөйлем құраңыздар.
Ашуға бой алдырды, салқын қарай бастады, түн ұйқысын төрт бөлді.
Қазақ тілі пәні бойынша 9-сыныпқа арналған ІІ тоқсандық диктант
Мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, тыңдай білу және сауатты жазуларын қадағалау.
Қазақтың тұңғыш суретшісі
Әбілхан Қастеев қазақтың тұңғыш кәсіби суретшісі, кескіндемешісі, қоғам қайраткері, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушысы. Ол 1904 жылы Талдықорған облысында туған. 1929 жылы Алматыға келіп, Хлудовтың студиясына қатысады, бейнелеу өнерінің негізін үйренеді. Әбілханның суретшілік мұрасы өте бай. Оның мыңнан астам туындылары бар. Қастеевтің суреттері табиғат, ескі және жаңа тұрмыс, халықтың өмірі, дәстүрі туралы.
Әбілханның Абайдың, Жамбылдың, Шоқанның кескіндерін жасады. Дарынды суретшінің қазақ халқының тұрмысын бейнелеген туындылары «Колхоз тойы»,, «Жайлаудағы радио», «Соңғы хабарлар», «Сүт фермасы», т.б. Көптеген суреттерінің бас кейіпкерлері – еңбек адамдары.
Әбілхан Қастеев 1973 жылы қайтыс болды. Алматыда оның атында көркемсурет училищесі және мемлекеттік көркем галереясы бар.
(Парасат журналы, 19-бет, 2012 жыл №9,96 сөз)
Қазақ тілі пәні бойынша 9-сыныпқа арналған ІІ тоқсандық мазмұндама
Мақсаты: Білімдерін тексеріп, сөйлеу тілі мен жазбаша тілін, есте сақтау, түсіну қабілеттерін дамыту, сауаттылығын тексеру.
Потанин атындағы мұражай
Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі 1942 жылы құрылды. 1958 жылы оған Орта Азияны зерттеуші, саяхатшы Г. Н. Потаниннің аты берілді. Өлкенің тарихы мен мәдениетін ашатын экзпозициялар 8 залда орналасқан.
Музей ашық аспан астында жұмыс істейді. Музейдің негізгі экспозициясы Ленин көшесінде орналасқан архитектура ескерткіші ғимаратында орналасқан. 1890 жылы салынған. Онда бірінші гильдия көпесі А.Деровтың сауда үйі болған. Әкімшілік, ішкі бөлімдер ғимараттың екінші қабатында - бұрынғы пошта-телеграф конторасында орналасқан. Негізгі қор Ленин көшесі 129 үйдегі архитектура ескерткіші болып саналатын ғимаратта.
Музей қорының коллекциясы жыл сайын толықтырылуда, олардың ғылыми өңдеуі дамуда. Музейдің негізгі қорында жетпіс мың экспонаттар саналады.
(Ғаламтор желісі. Ертіс өңірінің әдеби картасы. 94 сөз.)
Қазақ тілі пәні бойынша 9-сыныпқа арналған ІІ тоқсандық
бақылау жұмысы
Мақсаты: оқушылардың лексикадан, грамматикадан алған білімдерін тексеру.
Лексикалық тапсырмалар:
Берілген адамдардың есімдері немен әйгілі болғанын жазыңыздар.
Ә.Қастеев, Айша Ғалымбаева, Әубәкір Ысмайылов, Зоя Соболева, Қанафия Тельжанов.
2. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.
1) Қазақ бейнелеу өнері деген қандай өнер түрі?
2) Қазақ бейнелеу өнерінің бастауында кім тұрды?
3) Ә.Қастеевтің қандай туындыларын білесің?
4) Павлодар қаласының қандай атақты суретшілерін білесің?
3. «Сүйікті суретші» атты тақырыпқа диалог құрастырыңыздар.
4. «Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайы» тақырыбына сұхбат құрастырыңыздар.
5. Жылда қалада болатын суретшілер көрмесінде Айша Ғалымбаеваның туындылары бар екен .... (әңгімені аяқтаңыздар).
Грамматикалық тапсырмалар:
1. Берілген мақал-мәтел сөздерін сөз құрамына талдап, мағынасын түсіндіріңіздер.
1) Ұл баланың үйкүшік болғаны жараспайды,
Қыз баланың қыдырмашы болғаны жараспайды.
2) Қыздың аңқауынан сақта,
Ұлдың жалқауынан сақта.
2. Берілген есім сөздерге жұрнақ жалғап, етістікке айналдырып жазыңыздар.
Үлгі: әшекейле, алаңдау, ...
Әшекей, алаң, ашу, әзіл, әңгіме, аяқ, сыр.
3. Мақал-мәтелдеден шартты райлы етістіктерді табыңыздар.
1. Атадан жақсы ұл туса,
Жеткізеді мұратқа.
Атадан жаман ұл туса,
Қалдырады ұятқа.
2. Еңбек етсең, еленерсің,
Еңбегіңе кенелерсің.
3. Не ексең, соны орарсың.
4. Төменде берілген тұйық етістіктерді шартты, ашық райларға қойып, жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.
Үлгі: ұйықтау –ұйықта +са (шартты рай)
Ұйықтау, ескеру, кию, санау, тігілу, жүру, қарау, сатып алу.
5. Төмендегі сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыздар.
Орталық мұражайдың жаңа ғимараты бір мың тоғыз жүз сексен бесінші жылы салынды. Менің қазақ суретшілері мен мүсіншілерінің шығармаларымен танысқым келеді.
Қазақ тілі пәні бойынша 9-сыныпқа арналған аралық бақылау жұмысы
Мақсаты: оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту, тыңдай білу және сауатты жазуларын қадағалау, грамматикадан алған білімдерін жүйелеу
Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер мұражайы
Бұқар жырау атындағы облыстық әдебиет және өнер мұражайы 1992 жылғы 22 наурызда салтанатты түрде ашылды.
Мұражай экспозициясы 7 залда орналасқан: халық ауыз әдебиеті залы, көне түркі жазбалар ескерткіші залы, Бұқар жырау залы, ХХ ғасыр басындағы әдебиет, әдебиеттер достастығы залы, қазіргі заман әдебиеті залы, өнер залы.
Қазіргі кезде мұражайда 47 мыңнан астам экспонат бар. Жыл сайын мұражайды 32 мың келуші тамашаласа, 110 астам бұқаралық іс-шара, 260 тақырыптық дәріс, 320 мұражайға шолу дәрісі мен 100 көрме өткізіледі. Мектеп оқушылары мен студенттерге Павлодар өңірінің ақын-жазушылары шығармашылығына арналған мектеп бағдарламасымен сәйкестендірілген 50 астам тақырыптық дәрістер жүргізіледі.
(Интернет желісі. 96 сөз)
Лексика-грамматикалық тапсырмалар:
ІІІ деңгей.
Мәтіндегі сан есімдерді сөзбен жазып, түрлерін анықтаңыздар
Берілген сөздерді тәуелдеп барып септеңіздер
І нұсқа- мұражай ІІ нұсқа-дәрістер
Берілген сөздерді қалау райда тәуелдеңіздер.
І нұсқа – ашу ІІ нұсқа – өткізу
ІІ деңгей.
Берілген сөйлемдегі сөздерге морфологиялық талдау жасаңыздар
І нұсқа- Қазіргі кезде мұражайда 47 мыңнан астам экспонат бар
ІІ нұсқа- Мұражай экспозициясы 7 залда орналасқан.
Берліген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыздар.
І нұсқа- Бұқар жырау атындағы облыстық әдебиет және өнер
мұражайы 1992 жылы ашылды.
ІІ нұсқа- Жыл сайын мұражайды 32 мың келуші тамашаласа, 320
мұражайға шолу дәрісі мен 100 көрме өткізіледі
І деңгей.
Мәтінге сүйене отырып диалог құрастырыңыздар.
Қазақ тілі пәні бойынша 9-сыныпқа арналған ІІІ тоқсандық диктант
Мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, тыңдай білу және сауатты жазуларын қадағалау
Абай мұражайы
Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық мұражайы–ақынның туғанына 95 жыл толуы қарсаңында 1940 жылғы 1-сәуірдегі қаулысы бойынша ұйымдастырылды. 1995 жылы Абайдың 150 жылдық мерейтойына орай Абай мұражайы мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық «Жидебай-Бөрілі» қорық-мұражайы болып қайта құрылды.
Мұражай экспозициясы келесі залдардан тұрады: «Абай және оның дәуірі», «Абай шығармашылығы», «Абай шығармашылығының қайнар бұлақтары», «Абай аудармалары мен музыкалық мұрасы», «Шығыс поэмалары», «Ескендір поэмасы», «Күмбезді зал», «Жыл мезгілдері», «Жаз өлеңіне арналған панорамалық заң», «Тақырыптық көрмелер залы», «Ақындық айналасы», «Абай халық жүрегінде», «Сыйлықтар залы».
Абай қорық-мұражайы қорында 20 мыңнан астам жәдігері, 12 950 кітабы бар ғылыми кітапхана және көшірме жасайтын ғылыми-техникалық бөлім бар.
(Ғаламтор желісі.108 сөз)
Қазақ тілі пәні бойынша 9-сыныпқа арналған ІІІ тоқсандық
бақылау жұмысы
Мақсаты: оқушылардың лексикадан, грамматикадан алған білімдерін тексеру.
Лексикалық тапсырмалар.
1. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.
Мұражайдың рөлі қандай?
Сендер тұратын қалада, ауылда қандай мұражайлар бар?
Қандай мемориалдық мұражайларды білесіңдер?
2. ҚР мұражайларын атаңыздар.
3. «Өнер» сөзін қатыстырып мақал-мәтелдер құрастырыңыздар.
4. «Мен Бұқар жырау мұражйындамын» тақырыбына диалог құрастырыңыздар.
5. «Қазақстан» телеарнасы арқылы көрсетілетін бір бағдарлама жайында баяндаңыздар.
Грамматикалық тапсырмалар.
1. Бастауыш сыныптарда оқып үйренген пәндеріңнен білетін атау мәніндегі сөздерді сала-салаға топтап жазып шығыңыздар. Олардың ішінде қайсысы жаңа сөз болса, сол сөздің астын сызыңыздар.
Үлгі: еңбек құралдары: қағаз, қалам, қарындаш, желім, ермексаз, қайшы, түйме, т.б.
2. Қос сөздерді қатыстырып сөйлем құраңыздар.
Үлгі: Балалар қатар-қатар тұрды.
Қатар-қатар, жөн-жөніне, бет-бетімен, ауызба-ауыз, түп-түгел, қайта-қайта, күннен-күнге, екеу-екеуден, жап-жасыл, жарқ-жұрқ.
3.Төмендегі сөздерді кестеге топтастырыңыздар.
Қос сөздер
|
Біріккен сөздер
|
Кіріккен сөздер
|
Тіркескен сөздер
|
|
|
|
|
Тау-тау, қара торы, жүзбе-жүз, Ақтөбе,ата-ана, Екібастұз, түйеқұс, Павлодар қаласы, жолбарыс, бала-шаға, саңырауқұлақ, кемпірқосақ, биыл, қызыл алма, сорт алаңы, жан-жануар, сөз таптары, үш жүз, бүгін, тарс-тұрс.
4. Сөздерден өздік етіс жасаңдар да, оларды қатыстырып, бірнеше сөйлем құрастырыңыздар.
Үлгі: сүрт-ін
Сүрт, жасыр, сайла, сал, жу, көр, мақта, тазала, гүлде, жасыр, сұра.
5. Хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдерді қатыстырып, диалог құрастырыңыздар.
Қазақ тілі пәні бойынша 9-сыныпқа арналған ІІІ тоқсан
тақырыптық тест
Мақсаты: оқушылардың ая бойынша алған білімдерін анықтап, олшылықтарын бақылау, қорытындылау
1. Мұражай қай тілден аударғанда «мұз сарайы» дегенді білдіреді?
А) латын тілінен
Б) грек тілінен
В) парсы тілінен
Д) орыс тілінен
Е) ағылшын тілінен
2. Мұражайлардың қалыптасуына нелер негіз болды?
А) мәдени құндылықтар
Б) қазыналық қор
В) көне замандағы коллекциялар
Д) бағалы бұйымдар
Е) археологиялық қазбалар
3. Ә.Қастеев атындағы республикалық ...
А) археология мұражайы
Б) кітап мұражайы
В) асыл металдар мұражайы
Д) өнер мұражайы
Е) көркемсурет мұражайы
4. Қос сөздер қандай тыныс белгі арқылы жазылады?
А) дефис
Б) нүктелі үтір
В) қос нүкте
Д) қиғаш сызықша
Е) нүктелі үтір
5. «Абай жайлауда» портреті әп-әдемі салынған. Сөйлемдегі қос сөз қалай жасалған?
А) бір сөздің қайталануы
Б) екі түрлі сөздің қайталануы
В) күшейткіш буындардың қосарлануы
Д) мағынасыз екі сөздің қайталануы
Е) мағыналары жақын сөздердің қайталануы
6. Мұражай ісіндегі ерекше бағыт –инфрақұрылымдар. Сөйлемдегі неологизмді табыңдар.
А) мұражай
Б) ісі
В) бағыт
Д) инфрақұрылым
Е) ерекше
7. М.О.Әуезов атындағы мұражай қай жылы құрылды?
А) 1920 жылы
Б) 1985 жылы
В) 1963 жылы
Д) 1951 жылы
Е) 1960 жылы
8. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайы қай қалада?
А) Алматы
Б) Ақтөбе
В) Астана
Д) Қарағанды
Е) Павлодар
9. Қазақстан Республикасының Президенттік мәдени орталығы қайда орналасқан?
А) Астанада
Б) Ақтөбеде
В) Алматыда
Д) Шымкентте
Е) Павлодарда
10. Қазақстан Республикасының Президентінің сыйлықтар топтамасы неден құралған?
А) жеке заттардан
Б) отбасылық жәдігерлерден
В) ата-баба мұраларынан
Д) мемлекет басшылары мен арнайы делегация басшылары ұсынған заттардан
Е) дұрыс жауабы жоқ
11. Қазақстанның тәуелсіздік алғанға дейінгі кезеңдерін қамтиды. Қарамен жазылған сөз қай септікте тұрғанын анықтаңдар.
А) барыс
Б) ілік
В) табыс
Д) шығыс
Е) көмектес
12. Алтын бұйымдардың жасалу мәнері ерте дәуірдегі бабаларымыздың эстетикалық талғамын көресетеді. Асты сызылған сөздің құрамын көрсетіңдер.
А) түбір+көптік жалғау+барыс септік жалғауы
Б) түбір+көптік жалғау+ілік септік жалғауы
В) түбір+тәуелдік жалғау+табыс септік жалғауы
Д) түбір+жіктік жалғау+көмектес септік жалғауы
Е) түбір+көптік жалғау+шығыс септік жалғауы
13. Ақпарат, информация латын тілінен аударғанда не мағына береді?
А) түсіндіру, баяндау
Б) жариялау, тексеру
В) қорытындылау, көрсету
Д) алмастыру, тыңдау
Е) түсіндіру, қорытындылау
14. Етістің неше түрі бар?
А) 5
Б) 3
В) 4
Д) 2
Е) 6
15. Өздік етістің жұрнағын белгілеңдер.
А) –ын, -ін, -н
Б) –ыс, -іс, -с
В) –ған, -ген
Д) –ыл, -іл, -л
Е) –ып, -іп, -п
16) «Құрметті ұстаздар, мерекелеріңізбен» сөйлеміне қандай тыныс белгісін қоямыз?
А) леп белгісі
Б) сұрақ белгісі
В) көп нүкте
Д) нүкте
Е) сызықша
17) Демократиялық қоғам үшін...көп жұмыс істеуі тиіс. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңдар.
А) халық
Б) нарықтық базар
В) бұқаралық ақпарат құралдары
Д) журналистика
Е) дұрыс жауап жоқ
18. «Журналистер қауымының кәсібилігін, тәуелсіздігі мен кәсібилік эстетикасын барынша дамыту қажет» деген кімнің пікірі?
А) А.Байтұрсынов
Б) Д.Әбілов
В) А.Попов
Д) Н.Назарбаев
Е) О.Сулейменов
19. Бүкіл дүниежүзілік теледидар күні қашан белгіленді?
А) 1996 жылы 17 желтоқсан
Б) 1997 жылы 7 мамыр
В) 1995 жылы 25 тамыз
Д) 1992 жылы 1 қыркүйек
Е) 1998 жылы 17 қараша
20. «Ағайындылар» фильмінің режиссері кім?
А) А.Сатаев
Б) Ш.Айманов В) А.Әшімов Д) Қ. Тастанбеков Е) Ш.Айтматов
Қазақ тілі пәні бойынша 9-сыныпқа арналған ІҮ тоқсандық диктант
Мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, тыңдай білу және сауатты жазуларын қадағалау.
Теледидар.
Теледидар - телехабар бағдарламаларындағы бейне мен дыбыстық сүйемелдеудің радиосигналдарын күшейту мен түрлендіруге арналған теле, радиоқабылдағыш теледидар, түрлі-түсті, ақ ала, кескінді, стационарлы және тасымалды болып ажыратылады. Теледидардың негізгі ерекшелігі - бейне мен сүйемелдеуші дыбыс радиосигналдарын біруақытта күшейту және түрлендіру. Теледидар- ақпараттық, қоғамдық-саяси, көркем және музыкалық хабарлар, жедел ақпарат, бұқаралық ақпарат құралы болып табылады. 20 ғасырдың соңында теледидардың ертеден қолданылып келген кинескопты түрінің орнына, сұйық кристалды, плазмалы түрлері пайда болды. Сұйық кристалды теледидарлар кескін айқындылығының, сапасының жоғарылығы бойынша қолданыстағы теледидардың ең озық түрі болып саналады.
(Парасат журналы, 10-бет, №1, 2013 жыл, 87 сөз)
Қазақ тілі пәні бойынша 9-сыныпқа арналған жылдық бақылау
Мақсаты: Оқушылардың сауаттылығын, грамматикадан жыл бойы алған білімдерін тексеру.
Үміт
Осы оқу жылы мен үшін бір белес асар жылым. Өйткені мен училищені бітіріп, бір басқыш аттаймын. Ілгері қарай оқуға мүмкіндік бола ма, жоқ па? Ол жағы әзір жұмбақ. Ал, мына училищені жақсы бітірсем, ілгері ұмтылуға жол ашық тәрізденеді. Бірақ, ілгері тарта берердей мүмкіндік алдымда аз елестейді. Өйткені, ауылда әкенің бар тапқан, таянғанын беріп, тілеп отырған ақ тілеуі бар. Осы жылға маған рұқсат бергенде, "Шырағым, жолыңды бөгемейін. Бірақ, біздің тілегімізді де ұмытпа" деген. Ол әшейін айтыла салған сөз емес, атаның, ананың ақ пейілінен, мейірбан жүрегінен айтылған сөз. Оны елемей кетер ойдан да аулақпын.
(К.Өмірбаева.Диктанттар жинағы.2008ж. 92 сөз)
Лексика-грамматикалық тапсырмалар :
ІІІ деңгей.
Мына сөздерден жұрнақтар арқылы сын есім жасап, сөз тіркестерін құрастырыңыздар.
І нұсқа. Адам, өнер, қабілет. ІІ нұсқа. Білім, бала, қанат.
Берілген сөздерге фонетикалық талдау жасаңыздар
І нұсқа- әзір. ІІ нұсқа-тілеуі.
Мәтінде кездесетін шылау сөздерді тауып жазып, оның түрін анықтаңыздар.
ІІ деңгей.
Берілген сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыздар.
І нұсқа- Өйткені мен училищені бітіріп, бір басқыш аттаймын.
ІІ нұсқа- Оны елемей кетер ойдан да аулақпын
Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыздар.
І – нұсқа. . Өйткені мен училищені бітіріп, бір басқыш аттаймын.
ІІ - нұсқа. Ал, мына училищені жақсы бітірсем, ілгері ұмтылуға жол ашық тәрізденеді.
І деңгей.
«Болашақ мамандығым» тақырыбына шағын әңгіме құрастырыңыздар.
Қазақ тілі пәні бойынша 9-сыныпқа арналған ІҮ тоқсандық бақылау жұмысы
Мақсаты: оқушылардың лексикадан, грамматикадан алған білімдерін тексеру.
Лексикалық тапсырмалар:
1. Аударма сөздіктің түрлерін атап, маңызы жайында әңгімеле.
2. Қазақстан мен шет ел білім беру жүйесінің айырмашылығы неде?
3. Оқу-білім тақырыбына 5 мақал-мәтел жазып, мағынасын түсіндіріңдер.
4. «Үш тұғырлы тіл» тақырыбына диалог құрастыр.
5. «Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға» үзіндісі кімнің өлең жолы екенін атап, шағын шығарма жаз.
Грамматикалық тапсырмалар:
1. Жұмбақтарды көшіріп жазып, зат есімнің астын сызыңыздар.
1) Асапанда бір ана бар,
Маңы толған балалар. (Ай мен жұлдыз)
2) Ұшып жүрген гүл көрдім,
Қонғанда ұстап үлгердім. (Көбелек)
3) Басып озып құсты,
Қанатын қақпай ұшты. (Ұшақ)
2. Төменде берілген зат есімдерді септе.
Қала, мереке, қалам, мектеп
3.Төмендегі туынды зат есімдердің қандай жолмен жасалып тұрғанын, мағыналарын түсіндіріңіздер. Оларды қатыстырып сөйлем құраңыздар.
Үлгі: Арман жаз бойы егін суарып, астық бастырды.
Егін, көрме, айтыс, мақтаныш, сезім, тұсау, салмақтылық, көрші.
4.Етістіктердің негізгі түбірін жазып көрсетіңіздер.
Үлгі: негізгі түбір: туынды етістік: жұрнақ:
Аял аялда -да
Аз азай -ай
Аялда, азай, жасар, соққыла, ашыл, шуылда, тыныштал, отырғыз, жатпа, кеткен, білдір, көргіз, жүгірт.
5. Зат есімдерге морфологиялық талдау жасаңыздар.
Салт атқа шана жектіріп,
Сапарға шықсаң сана ауған жаққа бет бұрып,
Сар дала жатса ақ қарға жонын бөктіріп,
Сабаса келіп үскірік-тікен бетке ұрып.
(М.Мақатаев)
Үлгі: атқа –з.е.
ат –түб.сөз, з.е.
-қа –барыс септігінің жалғауы
Қазақ тілі пәні бойынша 9-сыныпқа арналған ІҮ тоқсандық тақырыптық тест
Мақсаты: оқушылардың ая бойынша алған білімдерін анықтап, олшылықтарын бақылау, қорытындылау
1. Қазіргі кезеңде мектеп деңгейінде білім беру неше сатыдан тұрады?
А) 3
Б) 6
В) 5
Д) 7
Е) 8
2. Дипломнан кейінгі білімге жататындар:
А) академия, жетілдіру курстары
Б) училище, институт
В) магистратура, докторантура
Д) күндізгі немесе кешкі мектептер
Е) дұрыс жауап жоқ
3. Түсіндірме сөздік немен таныстырады?
А) сөз тіркестерімен
Б) дұрыс жазылуымен
В) негіз сөздермен
Д) сөз байлығымен
Е) дұрыс айтылуымен
4. «Күздің бірінші күні» ертегі-повесінің авторы кім?
А) Б.Әбілов
Б) Ы.Алтынсарин
В) А.Құнанбаев
Д) Е.Елубаев
Е) Б.Соқпақбаев
5. Шәкірттер білімін тексеру тәсілдерінің бірі не?
А) сынақ
Б) тәртіп
В) емтихан
Д) оқу орнына қабылдау
Е) сауалнама
6. Жалқы есімді белгілеңіз.
А) Тау
В) Кітап
В) «Абай жолы» романы
Д) Қала
Е) Қағаз
7. Мына сызба бойынша жасалған сөзді табыңдар: зат есім+жұрнақ =сын есім
А) айтыс
Б) сабырлы
В) ақылдырақ
Д) мақтаншақ
Е) кітапхана
8. Наданмен дос болғанша,
.... .... .... ... ... ... ... ... . Мақал-мәтелдің жалғасын табыңдар.
А) Кітаппен дос бол.
Б) Жауыңмен қас бол.
В) Адаммен дос бол.
Д) Ақылдымен дос бол.
Е) Көпті көргенмен дос бол.
9. «Өнер-білім бар жұрттар» өлеңінің авторы кім?
А) Ы.Алтынсарин
Б) А.Құнанбаев
В) М.Әлімбаев
Д) Қ.Мырзалиев
Е) Б.Соқпақбаев
10. Мақсатты келер шақтың жұрнағын көрсетіңдер.
А) –сын, -сін
Б) –са, -се
В) –мақ, -мек, -пақ, -пек, -бақ, -бек
Д) –ыл, -іл, -л
Е) –ын, -ін, -н
11. А.Байтұрсыновтың айтуы бойынша білімді болуға не керек?
А) ақша
Б) ақыл
В) оқу
Д) мектеп
Е) денсаулық
12. Болашақта мен мектебімнің атын шығармақпын. Сөйлемдегі етістік қай шақта тұр?
А) мақсатты келер шақ
Б) өткен шақ
В) ауыспалы осы шақ
Д) жедел өткен шақ
Е) дұрыс жауап жоқ
13. Өз білмегеніңді кісіден сұра, ... . Мақалдың жалғасын табыңдар.
А) кісі болмаса сұрама
Б) кісі болмаса, кішіден сұра
В) үлкен болмаса, кішіден сұра
Д) кітаптан оқып ал
Е) кіші болмаса, үлкеннен сұра
14. Білім беру деңгейлерінің бірін көрсетіңдер.
А) отбасы тәрбиесі
Б) негізгі орта білім беру
В) мектептегі үйірмелер
Д) күндізгі, сырттай бөлім
Е) іс-шаралар
15. Оқу, үйренумен санаға қонатын ақиқат жайлы түсінікті не деп атаймыз?
А) ақыл
Б) сана
В) білім
Д) ұғымдар жиынтығы
Е) ой
16. Мен бос уақытымда мектептегі спорт үйірмесіне қатыс+^+□. Сөйлемдегі шартты белгілерге келетін дұрыс қосымшаны белгілеңдер.
А) –пақ+пын
Б) –пақ+пыз
В) –пақ+сың
Д) –пақ+сыз
Е) –пақ+тар
17. Дерексіз зат есімі бар сөйлемді белгілеңдер.
А) Емтиханнан бес алдым.
Б) Қызықты кітап екен.
В) Емтиханда қорқыныш болған жоқ.
Д) Менің сабырлы болуым керек.
Е) Мен кітап сатып алдым.
18. Адам көркі киім емес – ... .
А) білім
Б) ақша
В) шаш
Д) сөз
Е) машина
19. Зат есімнен сын есім тудыратын жұрнақтарды көрсетіңіз.
А) –шақ, -шек
Б) –лы, -лі, -ты, -ті
В) –дай, -дей
Д) –рақ, -рек, -ырақ- ірек
Е) –дар, -дер, -тар, -тер
20. Мақсатты келер шақ дегеніміз не?
А) Іс-қимылдың болу мақсатын білдіретін етістіктің шағы
Б) Негізгі сөздермен тіркесіп, олардың кеңістікке, уақытқа қатысын толықтырып, нақтылап тұратын сөздер
В) Заттың сынын білдіретін шақ
Д) Заттың санын білдіретін шақ
Е) Заттың көлемін білдіретін шақ
Тест кілті
|
ІІІ тоқсан
|
ІҮ тоқсан
|
1
|
Б
|
А
|
2
|
А
|
В
|
3
|
Е
|
Д
|
4
|
А
|
А
|
5
|
В
|
В
|
6
|
Д
|
В
|
7
|
В
|
Б
|
8
|
В
|
А
|
9
|
А
|
А
|
10
|
Д
|
В
|
11
|
Б
|
В
|
12
|
Б
|
А
|
13
|
А
|
Б
|
14
|
В
|
Б
|
15
|
А
|
В
|
16
|
А
|
А
|
17
|
В
|
В
|
18
|
Д
|
А
|
19
|
А
|
Б
|
20
|
А
|
А
|
Достарыңызбен бөлісу: |